Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
отбасы кешен.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
449.02 Кб
Скачать

1. Отбасылық құқық

Отбасы-некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзгеде нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы. Отбасылық құқықтық қатынастар-құқық нормасымен реттелген отбасы мүшелері арасындағы қатынастар.

Ата-аналар мен балалардың өзара құқықтары мен міндеттері баланың заңда белгіленген тәртіп бойынша куәландырылған тегіне негізделеді.

Куәландыру жолдары:

- баланың анасы екендігін шешесінің медициналық мекемеде бала туғанын растайтын құжаттар негізінде, ал бала медициналық мекемеден тыс жерде туған жағдайда медициналық құжаттардың, куәлардың көрсетулерінің немесе өзге де айғақтардың негізінде АХАЖ белгілейді. Бір-бірімен некеде тұратын адамдардан туған баланың туу тегі, ата-анасының неке туралы жазбасымен куәландырылады.

Өзара некеден тұрмаған әке-шешеден туған баланың тегң әкесі мен шешесінің азаматтық хал актілерін жазатын мемлекеттік органға бірлесіп берген арызымен анықталады.Мұндай мойындау болмаған күнде,баланың әкесі,сот арқылы анықталады.

Өзара некеде тұрған әке мен шеше қай-қайсысының болсада арызы бойынша туу арқылы кітапқа баланың ата-анасы болып жазылады. Некеде тұрмаған анадан бала туған кезде,егер ата-анасының бірлесіп берген арызы немесе соттың шешімі болмаса шешесінің фамилиясы және ұлты баланың шешесінің айтуы бойынша жазылады.

Әке мен шешенің, өз балалары жөніндегі құқықтары мен міндеттері бірдей болады. Сондықтанегер ата-аналардың ортақ тегі болса, онда балалар сол текпен жүруі тиіс, егер олар ортақ текпен жүрмесе, балалардың тегі ата-ананың келісуі бойынша белгіленеді.

Отбасы құқығының қайнар көздері:

Қазақыстан Республикасы отбасы құқығының қайнар көзі - Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы «неке және отбасы туралы» заңы болып табылды. Осы аталған Заң актісі 1969 жылғы 6 тамызда Республиканың Жоғарғы Кеңесі бекіткен неке және отбасы туралы кодекісті алмастырды.

«Неке және отбасы туралы» Заң 7 бөлімнен 29 тараудан 213-баптан тұрады.

Бірінші бөлімдегі «жалпы ережелерде «неке отбасы заңдарының негізі жасалып, осы заңмен реттелетін қатынастар неке отбасы қатынастарын реттеудің негізгі принціптері белгіленеді.

«Неке» деп аталатын екінші бөлімінде некеге тұру, оны тіркеу, некені тоқтату, ерлі-зайыптылар арасындағы өзіндік және мүліктік қатынастарды құқықтық реттеу туралы нормалар топтастырылған.

«Отбасы» деп аталатын үшінші бөлім ата-аналармен балаларының құқықтары мен міндеттерінің негізгі турасы ата-аналарды туу туралы жазбалар кітабына жазу жайындағы, ата-аналардың балаларға байланысты құқықтары мен міндеттері туралы ата-аналарды ата-аналық құқығынан айыру және шектеу жайында, сондай-ақ бала асырап алудың тәртібін айқындайтын ережелер, оны болдырмау және жарамсыз деп тану жөніндегі баптардан тұрады.

«Қорғаншылық және қамқоршылық» деген төртінші бөлімінде қорған болу мен қамқоршылықтың міндеттері белгіленеді, сол бойынша қорғаншылық пен қамқоршылықтың жасалуы, қорғаншылар мен қамқоршылықтың құқықтары мен міндеттері.

«Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары» деген бесінші бөлімінде ата-аналардың балаларды асырау және кәмілетке толғандардың ата-аналардың бағып-күтуі жөніндегі міндетті сөз болады , отбасының басқа да мүшелерінің алименттік міндеттері көрсетіледі сондай-ақ алимент тағайындау және оны төлеу тәртібі берілген.

«Азаматтық хал актілері» деп аталатын алтыншы бөлімінде азаматтық хал актілерін тіркну, азаматтық хал актілеріндегі жазбаларға байланысты дауларды шешу тәртібін анықтау акті кітаптарын жүргізу ережесі.

Жетінші бөлімінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға неке отбас заңдарының нормаларын қолдану мәселелері шешілген.

«Неке және отбасы туралы» Заңның 3-бабы Қазақстан Республикасының неке отбасы заңдары мынадай принциптерге негізделетінін белгілейді:

  1. Еркек пен әйелдің некелік одағының еріктігі;

  2. Ерлі-зайыптылардың отбасындағы құқықтық теңдігі;

  3. Отбасының ісіне кімнің болса да өз бетінше араласуына жол берілмеушілік;

  4. Отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісіммен шешу;

  5. Балаларды отбасында тәрбиелеуге басымдық беру;

  6. Отбасының кәмілетке толмаған және еңбекке қабілетсіз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға басымдық беру;

  7. Отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыру мен қамтамасыз ету, бұл құқықтарды сот қорғауының мүмкіндіктері;

2. Ерлі зайыптылардың және ата-ананың құқұғы мен міндеті. Тіркелген неке ерлі-зайыптылардың арасындағы жеке және мүліктік құқықтармен міндеттерді тудырады .

«Неке және отбасы туралы» заңның 29-бабына сәйкес ерлі-зайыптылардың жеке құқықтарына мыналар жатады: тегін таңдау құқығы, қызмет түрі, мамандықты, тұрғылықты жерді таңдау құқықтары, отбасы өмірінің мәселелерін бірлесіп шешу құқығы .

Заңға сәйкес ерлі-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және тең міндеттерді атқарады. Ерлі-зайыптылардың жеке құқығының теңдігі отбасы өмірінің барлық жалпы мәселелерін ана-әке болу балаларға тәрбие мен білім берку мәселелері және отбасы өмірінің басқа да мәселелері олардың бірлесіп және өзара келісе отырып шешуінен көрінеді . Алайда ерлі-зайыптылардың ешқайсысыда жеке құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру кезінде артықшылықты пайдалануға тиіс емес.

Заң ерлі–зайыптылардың бірге тұруына жағдайлар жасайды және оны бірінің басқа бір тұрақты мекенге көшуі жайында екіншісінің де сонда баруына мүмкіндік туғызады .

Отбасының өмірлік мәселелерін бірлесіп шешу құқығы отбасының бюджетін бөлісу, балалар тәрбиесі, үй шаруашылығын жүргізу, туған–туысқандармен бірге немесе бөлек тұру міндеттері ерлі-зайыптылардың бір-бірімен келісімі бойынща шешілетінін белгілейді. Ерлі-зайыптылардың ешқайсысы өзінің еркін екіншісіне тануға құқылы емес. Егер ерлі-зайыптылар кейбір мәселеде келісімге келе алмаса онда олар өз дауларын шешу үшін заңда көрсетілген органдарға шағымдануға құқылы. Мәселен ерлі-зайыптылар арасында балалар тәрбиесі мен таңдауда кеісім болмаса, бұл мәселені қорғаншы және қамқоршы органдар арқылы шеше алады.

Ерлі-зайыптылардың әр қайсысы некені тоқтатқан сәтте де сондай-ақ некеде тұрған кезінде де жалпы орта мүлікті бөлісуді талап етуге құқылы. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөліске салғанлда олардың үлестері тең болуы тиіс. Ерлі-зайыптылардың талап етуінен басқа ортақ мүлікті бөлу несие беруші ерлі-зайыптылардың біреуінің үлесуінен өндіріп алу үшін ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы кредит берушінің талабын мәлімдеуі жағдайында да жүргізіледі.

Балалардың тууы олар мен ата-аналарының арасында әр түрлі құқықтармен міндеттерінің туындауына мүмкіндік алып келеді. Бұл құқықтар мен міндеттер мынадай жағдайларды қамтиды:

а) баланың атын, тегін, әкесінің атын және оның ұлты мен азаматтығын анықтау кезінде;

б) балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау кезінде ата-аналарының олардың атынан өкілеттік алуды жүзеге асырғанда;

в) ата-аналар балаларын тәрбиелеу міндеттерін жүзеге асырғанда .

Жаңа заң баланың мәселесін мына сияқты құқықтарын реттейді: баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығын, баланың ата-анасы мен және басқа да туыстарымен қарым-қатынас жасау құқығын баланың өз пікірін білдіру құқығы болып табылады. Балаға ат ата-анасының немесе олардың орнындағы адамдардың келісімі бойынша қойылады. Баланың аты-жөні, әкесінің аты бойынша немесе ұлттық дәстүрлер ескеріле отырып беріледі. Некеге отырмаған шешеден туған баланың аты-жөні егер ата-аналарының бірлескен арызы немесе әкелікті белгілеу жөніндегі сот шешімі болмаған жағдайда анасының көрсетуі бойынша анықталады.

Баланың тегі ата-анасының тегімен анықталады егер ата-аналарының тегі ортақ болса, онда сол тек балаға да беріледі. Ал ата-анасының тегі әр түрлі болған жағдайда балаға ата-анасының келісімі бойынша әкесінің немесе анасының тегі беріледі. Егер ата-анасының екеуіде белгісіз болса баланың тегін, атын, аты-жөнін қорғаншы және қамқоршы орган қояды. Ата-анасының балалр тәрбиесіне байланысты құқықтары мен міндеттері. Бала тәрбиесіне байланысты құқық ата-аналарының ең маңызды жеке құлықтары болып табылады. Сонымен бірге бала тәрбиесі олардың міндеттеріне де жатады. «Неке және отбасы туралы» заңның 62-бабы ата-аналар өз балаларын тәрбиелеуге құқылы және міндетті де олардың денсаулығына қамқорлық жасауға орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті .

Бала тәрбиелеуді ата-аналар бірлесіп жүзеге асырады «Неке және отбасы туралы» заңның 60-бабы ата-аналарының өз балаларына қатысты міндеттері мен тең құқықтары принциптерін жария етіп отыр. Бұрынғы заңдарға қарағанда жаңа заңда ата–аналар құқығының тең болу принципі неке бұзылған кезде де сақталғандығы тікелей қарастырылмайды. Сонымен бірге басқаша болуы да сөз болмайды. Ата-аналар құқығын баладан бөлек тұратын ата-аналардың жүзеге асыруы белгілі бір ерекшеліәк ретінде қабылданып отыр. Ата-аналар заң немесе сот шешімі негізсіз баланың өз қолында ұстап отырған кез-келген адамның оны қайтаруды талап етуге құқылы. Ата-аналар құқығы баланың мүддесіне келмейтіндей жағдайда жүзеге асырылуы керек. Ата-аналар немесе олардың бірі бала тәрбиелеу жөніндегі өз міндеттерінен жалтаратын болса, баланы перзентханадан немесе өзге де балаларды тәрбиелеу емдеу және басқа да мекемелерден алудан дәлелді себептерсіз бас тартса өздерінің ата-ана құқықтарын пайдаланып қиянат жасаса балаларға қатігездік көрсетсе, сондай-ақ ата-ана заңды белгіленген тәртіппен, маскүнемдікпен, нашақорлықпен және уыт құмарлықпен ауырады деп танылған болса, онда ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін. Ата-ана құқығынан айыру сот тәртібімен жүргізіледі . Ата-ана құқығынан айыру ата-аналарды өз баласын асырау міндетінен босатпайтынын есте ұстау керек.

3.Ажырасу алимент төлеу мәселері.

Неке ерлі-зайыптылардың тірі кезінде олардың біреуінің және екеуінің де өтініші бойынша, сондай-ақ сот әрекетке қабілетсіз деп таныған жұбайдың қорғаншысының өтініші бойынша оны бұзу жолы мен тоқтатылуы мүмкін. Ерлі зайыптары қарым қатнастарында олар әрі қарай біргі түра алмайтындай жағдайлар кездеседі. Мүндай жағдайда ажырасуға қоғам тарапынан тіпті оң қөз қарас болмағанның өзіндеде бұл ерлі зайыптылар олардың балалары үшін дұрыс шешім болуы мүмкін. Осыны ескере отырып неке және отбасы түралы заң ажырасу теріс қубылыс ретінде қарамайды. Некені бұзуды реттейтін нормалар екі жақты міндет атқарады. Біріншіден ол өзіне жіктелген барлық әлеуметтік функциаларды орындауға қабілетті, отбасы шырқы бұзылмауын сонымен бірге ажырасуға болмайтын жағдайларда оның заңды жолдарына бөгет жасамауды көздейді .

Ажырасу құқығын жасау жүзеге асыру үшін жалпы ереже бойынша некеге турған сәттен бері белгілі бір мерзімі өтуі не болмаса міндетті түрде бір–бірін келісімі талап етілмейді. Бірақ осы ережеде туындайтын мынандай бір жағдай бар. Ана–баланың денсаулылығын қорғау мақсатында неке және отбасы туралы заңның 15 бабы 2 тармағында жұбайының жүкті кезі бала туғаннан кейінгі бірінші жылда оның келісімінсіз некені бұзуға болмайтындығын көзделінген.

Некені сот тәртібімен бүзу құқығы әсіресе кәмілетке толмаған балалардың тағдырына қатысты жағдайларда сот атынан мемлекеттің бақылауында болады. Көрсетілген тәртіп ерлі-зайыптылардың ажырасуға еріктілігін некені бұзуғаойланбаушылығын болғызбаумен түйістіру үшін де қарсы. Сонымен бірге некені сот арқылы бұзуды талап ету мүліктік талап қоюшылық бар болып отырған жағдайда істі жүргізудің тиімділігіне де қол жеткізіледі. Некені бұзу жөніндегі істі қарау кезінде ерлі-зайыптылардың бірінің келісімі болмаса, сот оларды бітістіру шараларын қабылдауға құқылы.

Бақылау сұрақтары:

1. Отбасы ұғымын түсіндіріңіз.

2. Ерлі-зайыптылардың арасындағы міндеті қандай?

3. Ажырасу мен алимент төлеу мәселесін қалай түсінесіз?

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Мемлекет және құқық негіздері» кітабы

  2. «Қазақстан Республикасының құқық негіздері» оқулық

4- лекция Қамқорлыққа алу, асырап алу жағдайлары

  1. Қамқорлыққа алу,асырап алу жағдайлары

  2. Ата-аналық құқықтан айыру