Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
отбасы кешен.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
449.02 Кб
Скачать

3.Отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынастың мәні.

Қатынас - таным процесі, ал таным және қатынас өзара байланысты. Олар адамдардың таным іс-әрекеттерінде байқалады. Коммуникация құралдарының көмегімен болатын адамдар арасындағы өзара байланысты, түсінушілікті қатынас деп атайды. Осы қатынас арқылы отбасы мүшелері, олардың жақын туған- туысқандары өмір тәжірибесіне үйренеді, мінез-құлық нормасын игереді, өздерінің қуаныштарын, еңбектегі табыстарын, сәтсіздік істерін, кейде өзара өкпелерін ортаға салып, пікір алысады, бір-біріне қамқоршы болып, көмек көрсетеді. Олар өздерінің рухани күш- қуатын қалпына келтіріп, өмірі мен тіршілік іс-әрекетінің жақсаруына жағдай жасайды. Осындай таным және қатынас процесі нәтижесінде отбасы мен жақын туысқан отбасылар арасында өзара қарым-қатынас бірте-бірте дәстүрге айналады [N2. 15бет].

Отбасы мүшелерінің бір-біріне сенімділігі, ата-аналар мен балалар арасындағы жылы қарым-қатынас, жұбайлардың сүйіспеншілігі мен өзара түсінушілігі жайлы жоғарыда айтып өттік.

Алайда, кейбір отбасы өмірінде адалдық, қақтығысу, керітартпалық сияқты жағымсыз әдеттер де кездеседі. Осындай әдеттердің түп тамыры неде?

Белгілі психолог А.В.Петровский отбасындағы қатынастарды үстемдік, қамқоршылық, қақтығысулық, араласпаушылық, ынтымақтастық сияқты бес типке бөледі.

Үстемдік жағдайында балалардың өз бетімен іс-әрекет жасауына жол берілмейді, өзінің өміріне немесе отбасына байланысты бірде-бір мәселені шешуде үй іші кеңесіне қатыспайды.

Қамқоршылық жағдайы – ол балаларды желге-күнге тигізбей, мәпелеп өсіру. Бұндай өскен бала, түрлі қиыншылықтармен кездескенде, дұрыс шешім таба алмай, өмірдің шынжыр торына түстім деп үрейленіп, қайғыра бастайды.

Қақтығысулық отбасы мүшелерінің арасындағы қайшылықтан туады. Отбасында бір-біріне наразылық білдіру, бірін-бірі табалаушылық немесе қиянат жасау, ал кейде ашу үстінде тіпті орынсыз тиісу, сөгу, беделіне нұқсан келтіру, отбасы мүшелерін шиеленістіруге ықпал жасайды, олардың ауыз бірлігі бұзылады.

Араласпаушылық жағдайда үлкендермен балалар әрқайсысы өз беттерінше, бір- бірімен ақылдаспай томаға тұйық өмір сүреді. Отбасы мүшелерінің бірі кездейсоқ қайғылы уақиғаға ұшыраса,оған қалғандарының қайғысына ортақ болуы өз дәрежесінде бола бермейді. Өйткені мұндай отбасында қатыгездік, селқостық немесе мейірімсіздік сезімдері байқалады.

Ынтымақтастық үлкендермен балалар арасындағы сыйлаушылық принципіне сүйенеді. Мұндай отбасында балалардың пікірлері де тыңдалынып, барлық мәселе бірігіп үй кеңесінде шешіледі. Ынтымақтастық отбасының айырмашылық белгілері - әдептілік, сыпайылық, төзімділік, дау-жанжалдан ебін тауып абыроймен құтылу. Ал, кейде түсініспеушілік немесе кикілжің сөздер бола қалған жағдайда отбасы мүшелерінің бір-біріне ізгілік сезімін сақтағаны жөн. Сонда ғана отбасы мүшелерінің арасында қарым-қатынас нығая түседі. Сонымен қатынастар типтерін терең зерттеудің маңызы өте зор. Өйткені, тәрбие жұмысын ата-аналармен дұрыс және тиімді етіп жүргізу үшін психологиялық және педагогикалық құбылыстардың ерекшеліктерін мұғалімнің немесе тәрбиешінің жете білгені жөн.

Отбасы - өмір университеті, онда бала ең алғашқы рет ізгілік сабағын алады, оның бойында мейірбандық, еңбек сүйгіш, әділеттік қасиеттері қалыптасады, жақынына, туған-туысқандарына қайырымдылығы, махаббат сезімі артады, яғни оның келешегінің адамгершілік, азаматтық позициясының негізін салады [N2. 31,32бет.].