Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
отбасы кешен.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
449.02 Кб
Скачать

Қойылатын талаптар.

Жоспары:

  1. Мұғалімнің «Отбасылық некелік өмірге дайындық» пәннің оқытуға даярлығы.

  2. Мұғалімнің жеке басына қойылатын талаптар.

  3. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі.

  4. Пән мұғалімнің ата – анамен бірігіп атқаратын жұмысы.

Отбасы, мектеп пен мектепке дейінгі тәрбие мекемелері, балалар және жасөепірімдер бірлестіктері, көше, бұқаралық ақпарат құралдары - бұлардың бәрі де тұлға дамуындағы қалыптастырушы ықпал жасайтын ерекше «тәрбиешілер» тобын құрайды. Отбасы айтқанына көндіріп тәрбиелейді; мектеп оңтайлы қылық, дұрыс көзқарас қалып-тастыруға ұмтылады; балалар мен жеткіншектер ұйымдары қарым-қатынас жүйелеріне ендіреді; ал көше болса, отбасы, мектеп, әрқилы бірлестік топтар бере алмағандардың орнын толтырады. Бала осы аталған ұйымдардың өз өмірінде қайсысы басым болса, сонысын таңдайды, соның ықпал тәуелділігінде болады.

Осыдан тәрбие тұлғаға ықпал жасаушы құрылымдардың өзара қатынастарымен бірлікте қарастырылады.

Бала үшін отбасы - ең алғашқы да аса белсенді тұлғалық қалыпта-су көзі. Осыдан отбасывда қабылданған көзқарастар, салт-дәстүрлер, ұстанымдар, әрекет-қылық үлгілері түлға микроэлементіне бастау беріп, оның барша өмірінің негізгі сипатын қалайды.

Отбасы белгілі қызметтерді атқарады;

- қайта өндіру (репродуктивті) -ұрпақ келтіру (тек жалғастыру тума әрекеті, перзентті болу, оларды өсіру жэне тәрбиелеу қажеттігі);

- шаруашылық- экономикалық, (ортақ шаруашылық және қаржы пайдалану, еңбекке жарамсыздарға қамқорлык және оларды материалды қамсыздандыру);

- тәрбиелеу (отбасы, оның әрбір мүшесінің тұлғалық қалыптасуына жағдайлар жасау; отбасы ұжымының өз мүшелеріне жеке-дара ықпал жасап баруы; өмірлік тәжірибе, инабаттылық тәртіптері мен адамгершілік құндылықтарға баулу);

- қарым-қатынас құру (коммуникативті - отбасы ішіндегі қатынас түзу, отбасының басқа адамдармен, жанұялармен, әлеуметтік топтармен байланысын ұйымдастыру);

- қайта қалыпқа келу (рекреативтік - бос уақыттарындағы демалыс іс-әрекеттерін ұйымдастыру; отбасы мүшелерінің күшқуатының денсаулығын қайта тіктеу шараларын қамтамаеыз ету).

Отбасы тәрбиелік қызметтерінің іске асуы оның ұлттық ерекшеліктеріне, әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлеріне жэне ол енген қауымдастыққа тән талап-тәртіп ұстанымдарына байланысты.

Түлғаның әлеуметтенуінде жетекшілік маңызға ие жалпыға бірдей жағдаяггар болады. Олар: туған күнінен бастап, балаға болатын үздіксіз де тұрақты ықпал; отбасыдағы қарым-қатынастың туысқандық, сүйіспеншілік, сенім, өзара жауапкершілік сезімдеріне негізделуі; ұрпақтан-ұрпаққа тәжірибе өткізуге бағытталған әрқилы деңгейдегі отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы және ықпалы. Өз балала-рының ерекшеліктерін, қызығулары мен қажеггерін ескеруде ата-ана-лар мүмкіндіктері орасан.

Отбасылардың өздеріне тән ерекшеліктеріне орай топтасуы төмен-дегідей:

Қүрылымы бопынша (мүшелер саны, жас деңгейлері): үш әулетті отбасылар - ата-аналар, балалар? немерелер; екі әулетті отбасы-ата-аналар және балалар; бір балалы; көп балалы (үш одан да көп балалы) отбасылар; толық болмаған, яғни ата-анасының біреуі жоқ; перзентсгз және т.б. отбасылар; отбасы түрмысы және даму жаг-дайларына байланысты (жарасымды жэне қисыны кеткен жанұялар); отбасылық тәрбие стиліне орай (әкімшіл, адамгершілікті? либерал-ды).

Әкімшіл (авторитарлы) отбасы - бала қарсылығын не күйзелісі мен селқостығын туындататын қаталдығы шектен тыс талаптарымен сипатталады. Сырттай бұл дөрекі қылық пен түрпайы, жалған сөзден, екіжүзділіктен көрініп, балада қорқыныш пен қорғансыздық сезімін пайда етеді.

Адамгершілікті қатыпнас түрі (стиль) ата-аналардың бала тұлғасына болған сыйластық, құрметімен, оның көзқарас, ой-пікірлерін қабылдауымен, өзіндік дербестігін шектемейтіндігімен еленеді. Мұндай отбасылар балалар датына құлақ түре алады, өз шешімдерімен баланы тұсауламайды, оның шығармашыл ынтасының дамуына көмектеседі. Бұл отбасы жағдайында бала өзін жайлы сезінеді, әрдайым табысты әрекет қуанышына бөленіп, оны ата-анасымен бөліседі,олардан корықпайды, керісінше, ішкі нәзік сырларын ортаға салып, проблемаларымен беліседі, кеңестерін тывдауға асығады, өз қадір мәртебесін сезінеді.

Либералды стшьдік қатынас отбасы баласының не істесе де бетін қайтармауға, оның жауапкерсіздігі мен өзімшілдігіне бастау береді. Балалар ата-аналарының әсіре сүйіспеншілігін «қорғаныс» етеді не-месе олардың түгелдей елемеу, немқұрайлылығына тап болады. Бұл баланы екіжүзділікке, менмендікке, тәртіпсіздікке, моральдық жұтаң-дыққа душар етеді.

Өз перзентіне шынайы қамқорлық пен сүйіспеншілік шуағын арнаған ата-ана, негізінен адамгершілікті (демократтық) стильді қолдана отырып, орынды жерінде әкімшіл не либералды тәрбие элементтерін қолдануды да ұмытпайды.

Отбасында тиімді тәрбиелеудің белгілі ережелері қалыптасқан:

- баланы бар қалпында сүю, құрметтеу қажет;

- балаға әсер ететіні күрғақ сөз емес, оның қалай айтылғаны, шын көңілден шыққандығы мәнді;

- баламен қатынас оның жас ерекшелігіне сәйкес болуы шарт, сонда ғана үлкендер мен кішілер арасьшдағы дау-дамай туындамайды да ең қонымды тәрбие әдісін таңдап, қолдануға болады;

- баланың не айтқысы келетінін түсініп алған жөн, асығыс қорытынды жасаудан сақтанған дұрыс;

- жазаны істеген келеңсіз әрекеті үшін қоддануға үйренген жөн, баланы намысына тиіп, қорламаңыз (ешуақытта бала жаман емес, оныңң қылығы жаман);

- бала жөнінде басқалар (мұғалімдер, көршілер) тарапынан айтылған сын пікірлерден қорытынды жасаудан бұрын оның өзімен әңгімелесіп, әрекетінің себебін анықгап, кейін шешім қабылдаған жөн. Жұрт алдында өз беделіқті жоғалтамын деп шошынудың қажеті шамалы, өз балаңның сенімінен айырылып қалмаған дұрыстау;

- балаға үйрететініңді алдымен өзің үйреніп, біліп ал;

- өз балаңызға қанша рет «жоқ» деп, бетін қайтаратыныңызға мән беріп көріңіз, содан қорытынды шығарыңыз. Бала ата-анасына түгелдей тәуелді;

- бала жасына қарамай, басыбайлы қадағалауды жек көреді. Ата-анасының өз өміріне шын ықыласпен араласқанын ғана үнатады. Бала табиғатынан ата-анасын сүйеді;

- баламен өмір, тұрмыс жөнінде жиі сұхбаттасып тұрған жөн, себебі қателіктен ешбір адам қашып құтыла алмайды;

- баланы қиындықгар құрсауында жападан жалғыз қалдыруға болмайды.

Отбасы тәрбиесінде қолданылатын басты әдістер - бұл өнеге-үлгі, бірлікті еңбек, іс-әрекет, әңгіме-сұхбат, қолдап-қуаттау, баланы қорғау «Мендей бол!», «Мендей істе!» ұранымен тәрбиелей отырып, ата-аналар өз өнеғесімен қалай жасау, еңбектену қажеттігін үйретіп, сыйластық - сүйіспеншілік сезімін білдіреді. Отбасында ешкім «мен енді сені тәрбиелемеймін» - деп айтпағаны жөн, себебі төңіректегінің бәрі баланы қалыптастыруда өз үлесін қосып барады. Балаға болған қатынас, ата-аналар арасындағы байланыс, басқа адамдармен араласу, отбасы ішіндегі тұрмыс процесі, барша отбасылық істер. Сондықтан да тәрбие үшін арнайы шарт, жағдайлар жасаудың тіпті де қажеті жоқ тек қана дұрыс, инабатты, адамгершілік әдеп сақтап, өмір сүруді басты ұстаным етіп алу керек.

Көп авторлардың пікірінше, тұлғаның дамуы мен қалыптасуы тек ұжымдық тәрбие жүйесінде іске асуы мүмкін. Осы жағдайда ғана ұжым дұрыс әрекеттегі өзіндік басқарым органына, тұлғалық арақатынастағы рақымшылдыққа және өзара жауапкершілікке ие болады. Бұл өз кезегінде жан-жақты дамуға, еркіндікке, қорғанысты болуға, сонымен бірге әр тұлғаның мәртебесін көтеруге жол ашады,

Педагогикалық әдебиеттерде келесідей белгілерге ие болған әрқандай тәрбиеленушілер бірлестігі - ұжым деп аталады:

- ортақ әлеуметтік мәнді мақсатқа ие. Қалаған топтың мақсаты бар: дүкен кезегінде тұрған не автобус күтіп тұрған адамдардың да, қылмыскерлердің де. Әңгіме, ол мақсаттың мағынасында, неге бағдарлануында. Ал ұжым мақсаты әлеуметтік мақсаттармен ұштасады, оны қоғамда, мемлекетте қолдап, қуаттайды.

- іс-әрекет - ортақ мақсатты іске асыруға бағытталады: ол бірлікті ұйымдастырылып, ұжым мүшелерінің іс-әрекет нәтижесінде болған ерекше жауапкершілігін танытады.

- жауапты тәуелді қатынасында болуын ¥жым мүшелері арасында мақсат не іс-әрекет бірлігі ғана емес, сонымен бірге оларға байланысты ерекше бірін-бірі қажетсіну қатынастары жүйесі қалыптасады.

- Сайлаумен тағайындалатын ортақ басшы орган. Ұжым-

Кез келген профессиограмма компоненті болып мәдениет табылады. Өндіріс күштері, ғылым мен экономика қажеттілігі, бүгінгі күні нақтылы жұмыс орнында қандай маман керек екендігін, оның ертеңгі күнгі деңгейінің қандай болуы туралы болжамдар жасауды қажет етеді. [1]

Бүгінгі маман, қазіргі заманғы экономикалық ойлау, басқару және ұйымдастыру жұмыетары, іс-әрекетке байланысты ақпараттық техникаларды пайдалану, жоғары мәдениет, шет тілін білуі қажет.

«Сонымен қатар ол инициативалы және жауапкершілікті сезінетін, ұдайы өз білімін жетілдіру, молайтуға ұмытылатын, жаңа шешімдерді білу, еңгізу оны өмірге ендіру ептілігі бар болуы керек.

Бұл айтылғандардың барлығы педагог-мамандары үшін оны тек белгілі бір пән мүғалімі ғана ретінде танып білмей, ол қоғамдық іс-шараларды үйымдастырушы, үлкенді-кішілі ұжым басқарушысы оқу-тәрбие ісін ұйымдастырушы оны жетілдіруші, қоғамдағы әлеуметтік маңызы бар тұлға деп қараған жөн.

Осы тұрғыдан қарағанда педагог тек "бала жетектеуші" ғана емес, педагогика-гуманистік сапа кешенін түзетін өнерде. Ал ондай сапаның болмауы кәсіби іс-әрекеттің тиімді орындалуын болдыра алмайды. Мұндай сапаларға педагогтің позитивті адамгершілік тұрпаты, жоғары теориялық және әлеуметтік ойлау қабілеті, өмірге оптимистік көзқарасы, адамдардың гуманистік потенциалына сенімі жатады. Мұндай мағынада педагог рухани азамат болуы тиіс. Ал бұл жаппай бола беруі мүмкін болмайды және көп нәрсеге міндеттейді. [1]

Өкінішке орай, бүгінде педагог мамандығын көпшілік кәсіпке айналдыруда. Сондықтанда болар біздің қазіргі кездегі оку-тәрбие мәселесінде бір қатар олқылықтарға жол беріп отырғанымыз.

Педагогика – тәрбие жөніндегі ғылым. Педагогика тұлғаның жан-жақты дамуы жөніндегі мәселелерді қамтығанымен негізінен аталған мәселе, әлеуметтік-экономикалық мәселе болып табылады. Өйткені, жеке адамның дамуы оның материалдық және рухани қажеттілігі арқылы шешіледі. , Сондықтанда, келешек педагог мамандарды дайындауда, педагогиканың дамуында тұлғалық-бағдарлық парадигманы алға тарту қажет. Ол тұлғаның педагогикалық қызығушылығына, өзінің шығармашылық потенциалын максимальді жүзеге асыруға қажетті білім және біліктіліктермен қамтамасыз етуді қажет етеді.

Педагогикада педагогикалық шеберлік шеберлік ұғымына аса көп мән береді. Десекте, әлі күнге оның мазмұны мен құрлымы жайлы ортақ пікір қалыптасты деу қиын.

Педагогикалық шеберліктің негізгі ерекшеліктері бағдарлық қабыегптілігі, педагогтік өдептыік, айңын сөйлеу екпіні, педагогтік гпехника, педагогтік тәуекелдік, бедел болып табылады.

Бағдарлық қабілет адамды қалыптастыру қоғамдық қатынастар жүйесінде, мақсатты тәрбие жолымен жүргізіледі. Мұны дәлелдейтін қағида оқыту мен тәрбие берудің ғьшыми теориясының бірден-бір негізгі болып табылады. Барлық түйін адамның көрегендік негізінде деп есептейтін биологизаторлық қөзқарасқд қарама-қарсы педагогика ғьыыми тұқым куалаушылық факторлардың белгісі бар, рөлі барлығын жоқкд шығармайды, жеке бастың қабілеттері мен қасиеттерін адамның өмірі мен қызметі процесінде қалыптасып, дамиды деп дәлелдейді.

Табиғат адамға ішкі мүмкіншіліктер негізін салып береді, олар белгілі бір әлеуметтік жағдайларда болмаса, көзге көрінбей қалуы да мүмкін. Бұл оптимистік педагогиканың концепциясы, тәрбие мен оқыту, ісінің барлық теориясы осыған негізделеді. Олай болса қазіргі кезде интеллектуалдық ереюыеленетін, дарындьыық, қабілеттілік бейімділік, байқататын оқушыларды анықгау, оларға қамқорлық, бағыт бағдар беруде педагогтің бағдарлық қабілеттілігі маңызды қдсиет болып табылады.

Сухомлинский оқушылардың ата – аналармен жұмыс істеудің маңызына ерекше назар аударып «Тек ата – аналармен брге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақыт беруі мүмкін» дейді сондықтанда педагогикалық әрекетите мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің тым кемдігіне қарамастан ата – аналармен жұмыстың маңызы ерекше Бүгінде мектептің ата – аналармен жұмыстың кейбір дәстүрлі түрлері өзінің маңызын жоюда: ата-ана жиналысы ата – ананлар лекториясы мен университеттері, ата – аналардың ашық күні, ата –аналардың жэұмыс орындары мен байланыс. Баланың отбасынан бару т.б. дегенменде тәжірибелі мұғалімдердің көз қарастарында ол олай болуы тиіс емес еді. Ата – аналармен жүргізілетін жұмыстағы сынып жетекшінің негізгі міндеттері:

1. Ата – аналармен тұрақты байланыс орнату ондағы мақсат: отбасына оның мүшелерінің өзара қарым – қатынасы жанұяның жеке басқа ықпалын ата –аналардың педагогикалық білім дәрежесінің жан – күйін анықтап кеңес беріп оларды бала тәрбиесіне ортақтастыруды көздейді.

2. Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету. Ондағы мақсат, өмір сүріп отырған қоғамға сай, белдгілі бір мінез – құлық нормаларын балаға үйрету тұрақтылығын қамтамасыз ету, сол сыныптағы дәріс беретін мұғалімдерді ата – аналармен ортақ іске ұйымдастыру. [3]

3. Ата – аналар ұжымын құру. Бұл күрделі әрі жауапкершілігі мол маңызды міндет. Бұл бағытта ата – аналар комитетін құру, оның жұмыс жоспарын жасау, оларды мектептегі қоғамдық жұмысқа қатыстыру, атқарылатын істерге талдау жасап отыру т.б. жұмыстарды міндеттейді.

4. Ата – аналардың педагогикалық білім дәрежесімен мәдениетін үнемі арттырып отыру. Ол үшін жаппай педагогикалық білім алуларын ұйымдастыру. Бұл бағытта баспасөз беттерінде, радио, көгілдір экран арқылы педагогикалық білімдерді жетілдіру. Университеттерінде семинарларда ата – аналар жиналыстарында педагогикалық білімдерді насихаттау. Сынып жетекшіңсі жоғарыда аталған міндеттеріне сай 5 қызыметті атқаруы тиіс.

1) Ата – аналар сыныптағы оқу тәрбие процесінің мазмұнымен және әдістемесімен таныстыру. Сынып жетекшісі ата – аналар жыйналысының 1 – ші отырысында осы мәселеге қатысты өзінің ұстанымы мен педагогикалық көз – қарасын баяндайды. Оның мақсаты мен міндеттері мен соған сай өзінің әрекет ету бағдарламасы тәсілі мен тәрбие жоспары мен таныстырады.Ата – аналар бірлесіп оны жүзеге асыру жолдарын қарастырады.

2) Ата–аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру.

3) Ата – аналар балалармен бірге әрекетке қатыстыру .

4) Отбасы тәрбиесіне қатысты ата – аналарға педагогикалық психологиялық кеңес беру.

5) Ата – аналардың белсенділерімен жұмыс және ата – аналардың әртүрлі қоғамдық бұйымдарымен жұртшылықпен өзара әрекеттесуі.

Сынып жетекшісінің формалары мен әдістері.Ата –аналармен жеке кездесу, ата – аналар жыйналысын ұйымдастыру, ата – аналар комитетін құру.Ата – аналар белсенділерімен жұмыс істеу, ата – аналар үшін әңгімелер мен дәрістер ұйымдастыру маслихат өткізу.Ата – аналар жыйналысы мектеп бойынша 2 рет жылына өткізіледі,сыныптар бойынша 4-5 рет өткізіледі.Жыйналысты дұрыс ұйымдастырып өткізуге ата – аналар комитеті мен белсенділері мектеп басшылары сынып жетекшілерімен бірдей жауап береді. Ата – аналар жыйналысының хаттамасы (1) Күні уақыты, жылы айы; 2)Кімдер қатысты; 3)Тақырыбы; 4) Күн тәртібі; 5) Жарыс, сөзге қатысқандар; 6) Ұйымдастыру және басқа да сұрақтар; 7) Ата–аналадың сұрақтары, ескертпелері, ұсыныстары; 8) Қабылданған шешім; 9) Төраға хатшысы;

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Пошаев Д.Қ. Мамандыққа кіріспе. Шымкен – 2004ж

  2. Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика. Алматы, 2005 ж.

  3. Пошаев Д.Қ. Ғылыми - педагогикалық зерттеу негіздері. Алматы, ғылым 2003 ж. 113 - бет

  4. Пошаев Д.Қ., Пошаев М.Д. Түркістан топырағының Ұлы дидактигі және онда қалыптасқан педагогикалық ой –пікірлер//

  5. Түркістан және Қазақстан мен Орта Азиядағы ғылым мен білімнің қалыптасу кезеңдері. Халықаралық конференцияның материалы. Алматы, РБК, 200-151-153 беттер.

  6. Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Москва. «Логос». 2005 ж.

36