
- •Пайдаланған әдебиеттер:
- •Психологиялық ахуал.
- •1. Әлеуметтік дамуда отбасының идеялық және адамгершілік негіздері.
- •2. Отбасы мәдениетінің дәрежесі.
- •3.Отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынастың мәні.
- •4.Отбасындағы психологиялық ахуал.
- •5.Отбасының ынтымағы.
- •1. Отбасылық құқық
- •1. Қамқорлыққа алу, асырап алу жағдайлары
- •2. Эстетикалық талғам.
- •3. Үй ішінің мәдениеті.
- •4. Бос уақытты дұрыс пайдалану мәдениеті
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Махаббат - адамгершіліктегі қастерлі сезім
- •1. Некеге дейінгі өзара қарым-қатынас.
- •2. Ер жүректік, нәзіктік, адамгершілік қастерлі сезімдер
- •2. Неке гигиенасы
- •2. Махаббат адамгершіліктің қастерлі сезімі
- •3. Ғашықтық некедегі адамгершілік тірек
- •1. Отбасы тәрбиенің бастауы
- •2. Ер жігітке қойылатын талаптар
- •3. Сендіру, әңгіме, диспут, конференция, жаттығу әдістері.
- •Оқу пәндердің өзара байланысы.
- •Мектеп пен басқа ұйымдардың бірігіп атқаратын жұмыстары.
- •Болашақ ата-ананы тәрбиелеуде пән аралық байланыстың ерекшелігі.
- •4. Сынып жетекшісінің жүргізетін жұмыстары.
- •Қойылатын талаптар.
1. Отбасы тәрбиенің бастауы
Отбасы – адам баласы тарихы дамуының барысында қалыптасқан және үздіксіз дамып келген. Ол алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырау кезінде пайда болған әлеуметтік топ және шаруашылық негіздерінің бірі. Әрқашан қоғаммен, оның көп салалы қатынастарымен, рухани байлығымен тығыз байланыста өмір сүрген. Қоғамнан, өзін қоршаған табиғи жағрапиялық орталықтан тыс отбасы жасалмаған.
Отбасы тәрбие процесінде жеке бастың адамгершілік белгілері – қайырымдылық, сезімталдық, парасаттылық, ұқыптылық, жауаптылық, тәртіптілік, кішіпейілділік, әдептілік, еңбек сүйгіштік, мейірімділік т.б. қасиет – сапалар қалыптасады.
Отбасының ұйытқысы адамгершілікке негізделген – неке. Еркек пен әйел арасындағы жарасымды шынайы сүйіспеншілікке негізделген некелік парызды шынайы сезіммен, ішкі жансарай байлығымен бағалау бала тәрбиесінде зор орын алады. Сондықтан отбасы некенің табиғи түрлі жалғасы ретінде ұрпақтар қатынастарында қамтиды.
Ата – ананың жылы жүрегі, мейірімді жүзі, аялы алақаны, ыстық құшағынан балаға дүние есігі ашылады, оның дүниетанымы, өмірді білуден басталады. Отбасының берік нығаюы үшін мынадай басты белгілерін айқындауға болады: шынайы махаббат, теңдік, татулық, қамқорлық, өзара түсінушілік, бірін-бірі сыйлаушылық, ынтымақтық, тұрмыстық тәрбие, мәдени ағарту мәселелерін өзіндік ерекшеліктеріне сай ұйымдастыру, үй тіршілік мәселелерін бірігіп, ынтымақтастықпен шешу жатады [ 3. 37–38 б.].
2. Ер жігітке қойылатын талаптар
Ер бала ертеден бері отбасы тұтқасы болып саналады. Ата – бабаның қазақ халқының тұрмыс тіршілігінде «Менің үйім » деген ұғымның орнына «Менің отбасым» сондай – ақ бір үйдің орнына «Бір түтін» деп үй иесін «Отағасы » деп атаған. [3. 40б. ]
Қазақ ұл балаларының тәрбиесіне ерекше мән берген. «Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын » дей отырып, ұлға да, жігітке де айтылар сын аз болмаған. Азаматқа жүктелер міндет тұрғысынан алғанда ен жігіттің, болашақ отау, шаңырақ иесіне халықтың талғамға сай мынадай талаптар қойылған:
А) Кескін келбет: «Еңсегей бойлы, терең ойлы, өткір көзді, қара қасты, кең маңдайлы, торсық шекелі, қыр мұрынды, қияқ мұртты, кең иықты, апай төсті, өткір тісті, жуан білекті, қынай белді, қапсағай денелі, шешен тілді, темірдей саусақты, жау жүректі, т.б.»
Ә)Қадір - қасиеті: «Қырандай алғыр, сұңқардай ер, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қасқырдай өжет, нардай төзімді, құландай сүйекті, жылқыдай мінезді, бұландай алып, сауысқандай сақ, т.с.с. »
Б) Қабілет икемі: «Көсем жігіт» - ел басқаратын, «шешен жігіт» - дау шешетін тұлға, «Батыр жігіт» - еліне қамқор жігіт, «Сері жігіт » - аттың жүйрігін мініп, иттің алғырын ертіп, қыранның қырағысын баптап, мың құбылтып ән салып, жомарт жігіт күнде ойнар, «Үй жігіті» - тек үй шаруасымен айналысатын шаруакеш жігіт, «Түз жігіті» - түз жұмысына мінсіз, үй шаруасына қырсыз.
Міне, осымен қатар, сыншыл бабаларымыз ер жігіттің басынан «Алты асыл қасиет», «Үш асыл мінез» және «Ажырамас үш серік» табылуын талап еткен.
«Алты асыл қасиет» дегені - өнер өрісі болсын, тапқырлық, ерлігі болсын, қайрат – қуаты болсын – қиындықта саналатын, білімді болсын – биікке бастап шыға алатын деген талаптар.
Сонан соң туған ел мен дос-жарандарыңа адал болу, қылды қақ жарған әділетті болу, қаймықпастан турасын айтар сыншыл болу талап етілген. Бұлар ер жігіттің «Үш асыл» мінезі деп аталады.
Ақырында «Астыңда мінген тұлпарың болсын, шыңдалған ақыл-ойың болсын, айнымас адал жарың болсын» делінген. Жігіт нағыз жігіт болу үшін, ажырамас үш серігі деген осы [ 1. 47-49 б.]
Жігіттің жаны мен жаны, арманы мен арманы, табысқан өмірлік жар тауып, шаңырақ көтеруі, оның өміріндегі ең қуанышты, елеулі, ең жауапты, сонымен қатар ата-ана, туыс – тумасы үшін аса мәнді, айтулы оқиға болып табылады. Демек, үйлену де, өмірге келгендей, қуанышты, үміт – тілекті кешекпен жалғастыратын мәнді нәрсе деп қаралады.
Жігіт ең бірінші - өз көңілінен шығатын, отасып тұра алатын, өмірдің ащы-тұщысына, ыстық –суығын тең бөлісе алатын жар іздеп, таңдап таба білуі керек. Оған жеңіл – желпі қарап, бір лап еткен сезімнің жетегінде кету, сайып келгенде, үйленгісі келген қалыңдығының тағдырына, өзінің келешегіне немқұрайлы қарағандық болып шығар еді. Соңы зардапты болуы мүмкін мұндай жағдайға душар болмау үшін болашақ жарының мінез – құлқы, талғамы, нені ұнатып, нені ұнатпайтыны, шыққан әулеті, отбасы, денсаулығы, білім - парасаты, артықшылықтары мен кемшіліктері жайында хабары болуы керек. Үйлену сияқты ұлы нәрсеге «арғы жағын көре жатармыз, тәуекел» дейтін жеңілтектік пен емес, аса жауаптылықпен қарау парасаты адамшылық, шынайы инабаттылық болып табылады.
Жас отаудың іргесі мықты болып, түтіні түзу шығу үшін қалыңдықтың жақсы болуы ғана жеткіліксіз, әрине. Күйеу жігіттің өзі жақсы қалыңдыққа лайық, отағасылық міндетті ойдағыдай атқаруға жан-жақты әзірленген, білім – білігі бар, шаруашылыққа икемді, епті болуға тиіс. Тиісті әзірліксіз үйлену және соңғы жылдары едәуір етек алған – үй болуға жеңіл – желпі, жауапсыздықпен қарау салдарынан жас жұбайлардың ажырасып кету фактілері қоғамда алаң етерлік жәрежеге жетті.
Үйленгеннен кейін де азаматтың бар ауыртпалықты ата-ананың мойнына артып қойып, өмір тауқыметін бірге көтеріспеуі – қай жағынан да жарамсыз қылық. Сондықтан отбасына иелік етуге үйрену, оны асырауға ынта қойып, күш-жігерін аямай еңбектеру ләзім.
Күйеуінің келіншегіне жете көңіл аударып, қас –қабағына қарап отыруы, аса маңызды әрі адамгершілік парыз болып табылады. Әсіресе, ата – анасының арқасында қиындық көрмей өскен қыздың бейтаныс ортаға тап болуы алғашқы кездері қиын соғары анық. Бұған қыз баланың жан нәзіктігі, келіндік әдеп талаптары қосылғанда. Оған едәуір психологиялық салмақ түсіретіні анық. Осындайда жас келіншектің сүйеніш көретін бірден – бір жақыны – күйеуі. Күйеуі бұл мәселеде ілтипатты, сезімтал, сенімді дос бола білуі қажет. Әйел – еркектің өмір серігі, терезесі тең досы, ондай жанның басқан ізін, сөйлеген сөзін, әр қылығын қалт жібермей, аңдып, тергеп отыру – жар –жолдастың ісі емес, қайта инабатсыз адамның қылығы. Ондай отбасында сүйіспеншілікке, береке-бірлікке, шынайы қуанышқа, орын қалмайды. Сондықтан жас жарыңмен қарым-қатынаста әдептен аттамай, оған қамқорлықпен қарап, ұсақ-түйек кемшіліктеріне кешірімді, кедір-бұдыр әдет, мінезі болса, одан біртіндеп арылуына жәрдемші, қолдаушы болуы керек.
Жігіттің үш жұрты: өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты бар екені белгілі. Қайын жұртында күйеу қалыңдығынан жасы үлкендердің бәріне, әсіресе, ата-ене, ауыл қарттарына, ағалары мен аналарына өте құрметпен, биязы әдептілікпен, сергек сезімталдықпен қарауы, кішілеріне ақжарқын аға, қамқор дос бола білуі – ел салтының ежелгі талабы. Күйеу ата-енесінің, сол ауылдың үлкендерінің алдынан қия өтпейді, сөз қайтарып, салғыласу деген атымен болмайды. Ал кішілеріне ағалық көрсетіп, ақыл-кеңес беріп, белгілі бір шеңберде әзіл-оспаққа барғанымен, өзінің іні қарындастарымен арада бола беретіндей, оларға ұрсу, қатаң талап қою - әдетте жоқ нәрселер. [ 4. 216-219 б.]