Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
отбасы кешен.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
449.02 Кб
Скачать

2. Махаббат адамгершіліктің қастерлі сезімі

Адамзаттың өткен ұзақ өміріне көз салсақ, оның өнері мен поэзиясында махаббаттан, ғашықтықтан асқан тақырып болмайды. Сонау тас дәуірінде әр алуан таңбалардан біздің заманымызға дейін осы тақырыпқа байланысты туған шығармалардың саны жоқ.

Махаббатты көне заманда әр халық өздерінің ұғымына, дініне, дәуіріне сәйкес әртүрлі түсінген. Мәселен, ертедегі грек, рим, қолжазбаларында махаббат құдайлар кейпінде көрсетіліп, дүниенің бар кілті солардың қолында деп дәлелдерді. Соның нәтижесінде құдайдың өзі махаббат мағынасында ұғынылған. Осыған сүйеніп, Фома Аквинский «Нағыз махаббат-құдайды сүю» деген.

«Махаббат өмірдің кереметтей көркі, - деп жазды А.В. Луначарский, - ол табиғатты гүлдендіріп, неше түрлі бояулармен құбылтады.»

Махаббат сезімі екі адамда бірдей пайда болса, оның келешекте дами түсуі, өмір бойы үзілмеуі, сарқылмауы табиғи нәрсе. Махаббат алғашқы сыйластықтан басталады. Ал біріне-бірі сай келмейтін сезім, бара-бара өзінен өзі сарқылып жоқ болады. Демек, махаббат екі адамға ортақ, екеуінен бірдей туатын сезім. Сонда ғана ол өмітшең өскелең, сонда ғана ол нағыз бақыт.

Махаббат сезімінің қайда туатынын, оның психологиялық, физиологиялық және анатомиялық негізі не екенін ғылыми тұрғыдан түсіндіру қиын. Кейде көз тоқтарлық ештеңесі жоқ дейтін адамның өзі басқа біреу үшін «ай мен күннен де артық» болып көрінеді. Бұл адам жарының ғылым әлі білмейтін қалтарыстары есепсіз көп екенін көрсетеді.

Махаббатты тек сексологиялық қарым-қатынас деп түсінетіндерде жоқ емес. Бұл пайымдаудың мүлде теріс екені айқын. Бар ой-арманды, сана-сезімді қамтитын, өмірдің арқауы есепті шынайы сезімді тек жыныстық қатынасқа ғана саю-хайуандық соқыр сезімнен аса алмағандық. әрине махаббаттың алғашқы желі қыздың немесе жігіттің сөйлеген сөзіне, жүріс-тұрысына, киіміне, түр-түсіне т.б.қызығудан тууы мүмкін. Ал осы қызығуды шынайы махаббатқа жеткізетін нәрсе –адамның сырт көркі мен ішкі дүниесінің үйлесімі. Сондықтан махаббат пен жыныстық қатынас арасында теңдік белгісін мүлдем қоюға болмайды [8. 28-31 б.б.].

3. Ғашықтық некедегі адамгершілік тірек

Ертеректе ғашықтықты сексуалдық жігер, сексуалдық құмарлық деп түсінгендіктен, құдай деген ұғым «сексуалдық құштарлық», «махаббат» деген сөздермен астасып кеткен кездерде болған. Қазірге дейін көп адам ғашықтық пен сексуалдық қатынасты бір-бірінен ажыратпай айтады. Гегель: «Махаббаттың шын мәні өз басының қамын ойлаудан бас тартауда, бірі үшін бірі өзін ұмытуда, сол арқылы өзір-өзі билеуде,»-дейді.

Әрине ғашықтық екі адамның бір-біріне деген қатынасы болғанымен, әркім оны өзінің өскен ортасына, алған тәлім-тәрбиесіне, таным-талғамына қарай әрқилы түсінеді. Кейбіреулерше, ғашықтық деген өмір бойы өзгермейтін бақыт, рақат, оның ойлы-қырлы белестері болмайды. Енді біреулер ғашықтық өмірдің көктемі, тек жастық шақта ғана болатын сезім деп түсінеді. Ал біздіңше ғашықтық жасқа қарамайды, ол-әйел мен еркек арасындағы ар-ұяттың, сана мен сезімнің, намыстың жүректен бұрқырап шыққан шынайы тұтастығы. Оның мың сан иірім, туу, жалындау жолдарын ешкімде қолмен қойғандай етіп түсіндіріп берген емес. «Ғашықтық тілі-тілсіз тіл»деген Абай. Ал бұрынғылар айтады екен: адамның ақылы жетпейтін төрт нәрсе бар: олар- аспандағы қыранның жолы, жартастағы жыланның жолы, судағы кеменің жолы, ер-азаматтың әйел жүрегіне салатын жолы дейді екен.

Әрине, ғашықтық текқана рақат, бақыт деп түсіну үстірт пікір. Орыстың ұлы жазушысы А.П.Чехов: «Ғашықтық жолында бақыттылықтан гөрі, бақытсыздық неге көп? » Ғашықтық дегеніміз жайылып бара жатқан сезім бе? Алде жаңадан туа бастаған сезім бе? –деп жазған еді.

Ғашықтықты терең түсініп, ардақтай, құрметтей білу, оны көздің қарашығындай сақтай білу, осыны түсінген адам ғана Отанына абыройлы, еліне қадірлі, бақытты адам болады дегіміз келеді.

Бақылау сұрақтары:

  1. Жастарды отбасын құруға даярлаудың маңызы қандай?

  2. Неке гигиенасы деген ұғымды қалай түсінесіз?

  3. Ғашықтық жолында бақыттылықтан гөрі бақытсыздық неге көп?

  4. Махаббат асыл сезім бе?

  5. Некенің мызғымас берік болуының басты себептері қандай?

Әдебиеттер тізімі:

  1. Ж. Қоянбаев. «Семья және балалар мен жеткіншектер тәрбиесі», Алматы 1990ж. 94-99 б.б.

  2. Педагогикалық институттарының программасы «Семья өміріндегі әдеп және психология» Алматы, 1990ж. 107-109-110б.б.

  3. // Л. Сайдахметова. «Ұлттық тәлім үрдісіндегі қазақ әйелдерінің орны » Қазақстан мектебі, 9. 2004 ж. 66-68 б.б.//

  4. Қ. Иманбаев. «Жарасымды тұрмыс үшін» Алматы, 1983 ж. 69-79 б.б.

  5. // Г.Айқынбаева. «Әдеп бастауы-отбасы» Қазақстан мектебі, 6. 2002ж. 25-26-27б.б. //

  6. // А.Жұмадуллаева. «Неке бақыты, тәрбиеден басталады» Қазақстан мектебі, 7. 2005ж. 60-62 б.б. //

  7. Қ. Жарықбаев, Ә. Табылдиева «Әдеп және жантану» Алматы, 1994ж. 110-111б.б.

  8. И.Қарақұлов. «Сырласу» Алматы, 1994ж. 28-29-31-34 б.б.

10-лекция Некелесудің түрі және жас отбасының құрылуы

Жоспары:

  1. Жас жұбайлардың бастапқы өмірі.

  2. Жас жұбайлардың көз-қарастарының мақсат мүдделері.

Отбасы мен неке туралы заңға сәйкес байланысты қазіргі жоспар арасындағы неке құру үшін қажетті жағдайлар екі жыныстыңда кәмелетке келуі,яғни 18 жасқа толуы болып есептеледі. Қазақ жұртшылығы да негізінен осы жас мөлшерін дұрыс көреді,бұған дейін қызын ұзатуға,ұлын үйлендіруге асықпайды.Өйткені әр бір ата-ана балалрының оқу бітіріп ,өз бетінше өмір сүруге дайын болған кезінде ғана жеке отбасы болуын қалайды.

Қазіргі неке құратын жастар негізінен бірге оқу,бірге жұмыс істеу,ауылдас болу арқылы ұзақ уақыт бірін-бірі біліп өзара сынасып ұнату,ұғынысудың нәтижесінде болашақ тағдырларын бір отбасын құру арқылы ұштастыруға келіседі.Жастар арасындағы мұндай ұзаққа созылған достықты әдетте екі жастың да ата-аналары білетін болады.

Некелеудің бір түрі-құда түсу.Мұнда жігіттің ата-анасы туған-туыстары алдын-ала дайындалып,3-4 кісіні құдалық сөйлесуге аттандырады. Жастар өз-ара бір-бірімен келіісіп, ата-аналары ризашылықтарын білдіреді.

Неке қиюдың тағы бір жолы - өз еркімен алып қашу арқылы үйлену.Қыздың күйеуге қашып келуі немесе оны алып қашудың негізгі себебі екі жақтанда жұмсалатын толып жатқан шығынды қыруар еңбектің азайту мақсатына байланысты.Жоғарғы оқу орындарында оқып жүрген жастардың үйленуі тіпті басқа.Олар бірнеше жыл бір институтта оқып жүріп танысады да, қалада жүріп неке құрады.Ата-аналарына ескертеді,келісімін алады, сөйтіп жігіт той қамына кіріседі.Қазақстан көп ұлтты мемлекет болғандықтан аралас отбасын құруда кездесіп жатады.Өйткені кәзіргі таңда жастар арасында неке құру үшін олардың ұлты, нәсілі,діні бөгет бола алмайды.

Неке сақинасы –аса берік өмірдегі ең жақын серігінің ескерткіш тартуы есебінде ерлі зайыптылардың екеуінің де көңіліне медеу боларлық із қалдырады.Айырылысудың негізгі себебі-бала болмауына күйеуінің араққа әуестігінен келіспеушілікке кейде ата-анағада байланысты.

Отбасы-мықты тірек,тіршіліктің ұясы.Сол отбасын құратын екі жас .Сол жастар өз шаңырақтарын шайқалтпай тату тәтті өмір сүргенде ғана семья толығымен сақталады.

Пайдаланылған әдебиеттер.

  1. Х.А Арғынбаев. «Қазақ отбасылық дәстүрлері». –Алматы, «Қайнар» 2005ж.

  2. Отбасы және әдептілік. Алматы 2002 ж.

  3. Ұлағат. Алматы 1999 ж .

  4. Жантану және әдеп. Алматы 1997 ж.

10-лекция Жұбайлардың арасындағы психологиялық,физиологиялық қатнастарының сипаты.

Жоспары:

  1. Жұбайлардың арасындағы психологиялық,физиологиялық қатнастарының сипаты.

  2. Отбасының өркен жаюы.

Қазіргі қазақ отбасын этнографиялық тұрғыда зерттеуді тақырыптың міндет мақсатына байланысты ауылдық жерлерде жүргіздік.Республика жерін мекендейтін қазақ жұртшылығы үш жүзге бөлінеді.Әр жүз заманында қазақ халқынығңңі құрамына енген көне тайпалардан рулардан тұрады.Бұлардың әр-қайсысы ежелден бері түрлі халықтармен шекаралас болған аралас-құраластың табиғи экономикалық жағдайларына байланысты.Қазақ жұртшылығының әр тобының өмірінді өзіне тін ерекшеліктер қалыптасты.Қазақ әйелдері тек тағдырының ғана қожасы болуымен шектелмей қоғамдық өмірге саясатқамемлекет ісіне ғылым мен мәдениет майданына белсене араласып еркектермен бірдей қоғамның тек құқылы азаматына айналды. Кәзірігі ауылдық жерлердегі қазақ отбасының діні екі ұрпақтан, яғни әке-шеше ,үйленбеген балалардан тұрады.Үйленген кенже баламын бөлек шығармай бірге тұратын отбасыларда бар.От басы құрамы турала құнды деректердің бірі-ондағы бала санына байланысты мағлұматтар.Ереймен тау кеңшарында бір балалы отбасы саны ең жоғары көрсеткішке ие болғанда бала саны көбейген сайын отбасы саны да төмендей береді.

Қазақ қауымында ежелден бері қалыптасып келген жақсы дәстүр үлкенді сыйлау.Бұл дәстүр қазірде де қажеттілігін жойған жоқ.Ешкім оны уағыздамайды,ендеше қоғамда адамгершілік қасиеттеріне сай әдептілік болу керек.Қазіргі мектептерде жұмыс істейтін мұғалімдер ұжымыда орта не жоғары дәрежелі білімі бар мамандардан тұрады.Орта білімді мұғалімнің көпшілігі жоғарғы оқу орныныда сырттан оқып ұстаздық мамандығын арттыруда. өйткені мұғалімнің білімділігі мен тәрбиелік қабілеті қанша жоғары болса, мектептегі оқу тәрбие жұмысының да сапасы сонша жоғары болмақ.Бала тәрбиесіне мектепте көңіл бөледі.Мектептен тыс уақыттада балалар мұғалімнің назарынан тыс қалмайды.Сөйтіп қазіргі күнде ауылдық жердегі қазақ отбасындағв бала тәрбиесінде балалар бақшаның мектептің әр-түрлі қоғамдық ұйымдармен үйірмелердің қоғамдық еңбектің орта және жорғары оқу орындарының алатын орны ерекше.Бұл арада айта кететін жағдайдың бірі –қазіргі кезде жас нәрестеге ат қою мәселесі.Мұның да өзіндік тарихы даму жолы бар.

Сөйтіп кәзіргі күнде де қазақ арасында нәрестеге ат қоюдың әлеуметтік эстетикалық және тәрбиелік мәні бар көңіл аударарлық үлкен мәселе екені даусыз.Бала тәрбиесінде отбасындағы ересек туыстар мен ата-ананың жеке басының әдептілігі олардың өнеге боларлық ұнамды қасиеттердің бірі.

Пайдаланылған әдебиеттер.

  1. Х.А Арғынбаев. «Қазақ отбасылық дәстүрлері». –Алматы, «Қайнар» 2005ж.

  2. Отбасы және әдептілік. Алматы 2002 ж.

  3. Ұлағат. Алматы 1999 ж .

  4. Жантану және әдеп. Алматы 1997 ж

12-лекция Жастарды отбасылық өмірге даярлаудың негізгі бағыт-бағдары.

Жоспары:

  1. Мектепте оқушыларды отбасылық өмірге тәрбиелеу.

  2. Отбасылық өмірге ата-аналарының тәрбиелеуі.

  3. Мектептің ата-аналармен бірігіп жүргізетін жұмыстары.

Отбасы-адамның өте маңызды, өте жауапты жанұясы, себебі отбасы адамға бақыт толық мәнді тұрмыс-тіршілік әкеледі. Отбасы қоғамдық құрылымның кіші тобы алғашқы ұясы.

Қоғамның негізгі мақсаты-адамдарды бақытты ету. Отбасы ең алғаш жастарды тәрбиелеу ұясы. Оның негізгі мақсаты – балалар тәрбиесі. Отбасындағы ең басты тұлға ана мен әке, ата мен әже. Әрбір отбасында балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу, денесін шынықтыру үлкендерді құрметтеу, туысқандық кең байланыс, көршілермен және ұлты басқа халықтармен достық, ізгілік, қатынастар жасау осының бәрі қазақ халқының салт-дәстүріне байланысты болған.

Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап осы жанұяның есігін айқара ашып енеді және ер жетіп, жанұясының тәрбиесін алады.

Соныдықтанда жанұя – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алатын мектебі.

Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы әсер күшін өмірдегі басқа ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын ешнәрсе толтыра алар емес.

«Ел болам десең, бесігіңді түзе» - деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып-ақ тұр емес пе?

Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін шеше бұл жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші басты талап - тілектері баланың «Әдепті бала» болып өсуі.

Қазіргі отбасы өзімен-өзі қайнап жатқан әлем екендігіне көніп алдық. Отбасы – кіші әдеуметтік топ. Ал оның мүшелері неке мен немесе қаны бір туыстығымен, тұрмыстық ортақтығымен және өзара адамгершілік жауапкершілікпен байланысты. Жастарды отбасы тәрбиесіне тәрбиелеуде ең басты ролді ата-ана және мектеп ортасының маңызы зор.

Жастарды семиялық өмірге даярлау жалпы мемлекеттік маңызы бар әлеуметтік мәселе болып отыр. Өскелең буынның семья басы болып тәрбиеленуі қалыптасуына семьяны және оның маңындағы адамдардың ықпалы өте зор.

Осы мәселеге орай бұқаралық хабар-ошар хабарларының пәрменді әсер етеді. Семья басын тәрбиелеу істердің барынша ықпалды түрде жүргізіп отыру қажет. В. А Сухомолинскийдің жеткіншек жастардың барлық даму кезеңдерінде семьялық өмірге даярлап отыру жайында пікірлер айтып өткен. Семья басын тәрбиелеу адамның жеке басын тәрбиелеп, қалыптастыру бағытында жүргізілетін әр алуан істермен тығыз ұштастырылуы және семьялық некелік-жұбайлық өмірге баулу міндеттері мен өзара байланысты түрде бірізділікпен іске асырылады.

Мұндай мақсатты орындауда мектептің, семьяның және жұртшылықтың бірлесе отырып бір бағытта жоспарлы түрде атқаратын істері. Отағасын тәрбиелеу істерінің оқу процесінде жаңа сабақтан тыс жүргізілетін тәрбие істерімен ұштастыру қажет.

Мектеп және ата-аналар семьяның және оны рухани мұраларын игеріп, қастерлей білуге баулиды. Мұнда мынадай бірнеше бағыт-бағдар немесе мақсаттар орын алады. Олар:

  • біріншіден жеке адам, қоғам және семья деп айтамыз, мұнда жеке адамның мәні мен қалыптасу жолдары сөз болып, оның колективтік бағыт-бағдары, қоғамда адамдардың өзара қатынасы семьяның әлеуметтік ортадағы өмірі, сондай-ақ жеке адамның семьяда, қоғамда алатын орны мен қызметі, қоғам алдындағы жауапкершілігін қарастырады.

  • Екіншіден жастарды семьялық өмірге даярлаудың психологиялық мәселелерін талдап, онда жігіттер мен қыздар арасындағы қарым-қатынастардың адамгершілік негіздері, олардың арасындағы жолдастық, достық қатынастары және сүйіспеншілік сезімдерінің оянуына орай мінез-құлық мәдениетінің ерекшеліктері сипатталады.

Семьялық өмірдің негізі болып саналатын-адамның идеялық және адамгершілік қасиеттері, ұжымшылдық , еңбек семьяның шаруасы мен қаржысы, тұрмыс эстетикасы және де семьялық өмірде кездесетін дау-дамайдың, талас-тартыстың себептерінің ашылуылары болып табылады.

Оқушыларды кластан тыс және мектептен тьыс жүргізетін оқу тәрбие істері арқылы семьялық өмірге даярлау жүргізіледі. Олар мектепте арнайы ұйым ретінде оқышылардың өзін-өзі басқаратын органдар арқылы шәкірттерге семьяның адамгершілік негіздері жайындағы ұғым түсініктерін қалыптастырып отыруға септігін тигізеді. Жасөспірімдер мен балғын жастарға, ұлдар мен қыздарға жолдастықпен достық, сүйіспеншілікпен махаббат жайындағы оларды қызықтырып, толқытатын мәселелердің мән-жайын жасырып бүкпей , әсірелеп көтермей әдепті түрде, салқын сезіммен түсіндіріп отыру қажет. Сонымен қатар оқушыларға өздерін өзі тәрбиелеуде, өздігінен қажетті әдебиеттерді оқып үйренуге ұйымдастырады.

Отбасы болашақ семья басын тәрбиелеу істеріне келер болсақ, отбасында балалардың өмірі мен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастырып олардың сана-сезімінің өсіп, сәулетті тұрмыс құруға, бейімделуіне қажетті шарттар, және де семья мүшелері арасындағы сыйластықпен ынтымаққа негізделген әдепті қарым-қатынастардың балалардың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуының әсері, олардың достығы , сырласып сыйласа білуі, өзара қамқорлығын ұйымдастырып өзіндік міндетке айналдыру қажет.

Ол үшін отбасы мен мектеп тығыз байланыста жұмыс жасау қжет. Олар:

Ата-аналар оқушыларды семьялық өмірге даярлаудың бағыт-бағдарымен, мән-жайымен таныс болуы, ата-аналардың оқушылармен семья жайында өткізілетін әңгімелерге қатысуы.

Және де ұлдар мен қыздар арасындағы жалпы қарым-қатынас туралы, әке шешелердің өз балаларының балғын жастық кезеңіндегі алғашқы махаббат сезімдерін сыйлап, оларды әдептілікпен түсіндірілуі, үлкен жауапкершілікпен қарауды қарастырады.

Отбасы басты қазығы, алтын тіреу діңгегі –бала.

Дүниеге келерінде де, келген соң да әке –шешесін бірден –ақ болмасыз татулыққа, сыйластыққа, ынтымаққа жар салмай –ақ шақыратын, ата –ана көңілін жақындастыра түсетін –бала.

Перзентсіз үйдің бар жұбанышы бүгінгісі ғана, оның өзі де өткінші екенін, ертеңгі қуанышы екендігін халқымыз білген, сондықтан да «бесіксіз үйде береке жоқ» деп көргендікпен ой түйіндеген.

«Баланы туада екенсің, мінезді тумайды екенсің» деп бала тәрбиесіне өте үлкен жауапкершілікпен қараған.

«Ата көрген оқ жанар ана көрген тоң пішер », деп, ата –аналарға алдымен, балаңды бетімен жіберме, бесіктен белі шықпаған бөбек кезінен жақсылыққа үйрет. Жамандықтан жүрент деген тағлымы мол қасиеттерді бойына құя біл дейді.

Қазақ этнопедагогикасын көптеген кемеңгер ойшылдарымыз зерттеп, елеулі үлестерін қосқан. Қ. Қожахметова, С. Ұзақбаева, Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, М. Әлімбаев, Ә. Табылдиев және т.б. ғалым –педагогтарымыз.

Ал, біздің тақырыбымыздың негізіне түрткі болып отырған мәселе –жастарды отбасылық өмірге даярлау, оның әдістері.

Жастарды семьялық өмірге даярлау жалпы мемлекеттік маңызы бар әлеуметтік мәселе. Өйткені, «отбасы –шағын мелекет» деген аталы сөз бар. Алдын –ала ойланып, даярлану барысында оқушылар немесе жастар отбасылық өмір, оның мәні, жауапкершілігі жайлы мағлұматтар ала отырып, бойында белгілі бір түсінік, бағыт –бағдар қалыптастырады. Отабасы іргесінің неғұрлым сыйластықпен, ынтымақтастықпен, сенімділіктермен берік болып қалануы –соғұрлым қоғамның, ал қоғам өз кезегінде –елдігінің, халықтығының іргелілігін танытады. «Отан –отбасынан басталады.» Елін, жерін, отанын, халқын сүйген азамат «отбасы» ұғымына бей –жай қарай алмас, неге? Өйткені отбасылық өмірге даярлану дегеніміздің өзі –адамның парасаттылығын, саналылығын өз өміріне үлкен жауапкершілікті сезінуі және түптеп келгенде, өзіндік тұлғасына деген құрметтілік көзқарасын көрсетеді. Өйткені қоршаған ортаға қатысты құрмет атаулының бәрі де –ең алдымен өзіне деген құрметпен бастау алатыны ақиқат. Өскелең буынның отбасы басы болып тәрбиеленуі мен қаоыптасуына отбасының және оның маңындағы адамдардың ықпалы зор. Отбасының жетекшілік маңызы онда тәрбиеленіп жатқан адамның тән-дене және рухани дамуына әсер етуші ықпалдар мәні мен мағынасының тереңдігіне тәуелді келеді. Бала үшін отбасы бір жағынан –тіршілік қорғауы болса, екінші тараптан –тәрбиелік орта. Баланың алғашқы өмірі жағдайындағы отбасы ықпалы басқа жағдайлар мен кейінгі жас кезеңдерінде болатын ықпалдардан басымдау келеді. Зерттеу деректеріне сүйенсек, отбасы –бұл мектепте, ақпарат көзі де, қоғамдық ұйымдар да, еңбек ұжымы да, дос –жарандары да, отбасы –бұл әдеп пен өнер кілті де. Осыдан, педагогтар нақты да дәл тұжырымға келіп отыр: тұлғаның қалыптасу нәтижелілігі ең алдымен отбасыға тәуелді. Неғұрлым отбасы жақсы болып, оның тәрбиелік ықпалы ұнамды келсе, тұлғаның тән –дене, рухани –адамгершілік, еңбектік тәрбиесінің өнімі де жоғары. Аса бір кездейсоқтық болмаса, әр уақыт тұлғаның кемелденуі келесі заңдылыққа тәуелді: жанұя қандай болса онда өсіп, ер жеткен адам да сондай. Яғни «ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі». Айналасындағы адамдардың ой –пікір, көзқарастарының адамға белгілі бір дәрежеде ықпал жасауы заңды құбылыс, өйткені адам өзін қоршаған ортаға ерте ме, кеш пе бейімделе бастайды. Отбасы басын тәрбиелеу адамның жеке басын тәрбиелеп, қалыптастыру бағытында жүргізілетін әр алуан істермен тығыз ұштастырылуы және отбасылық некелік –жұбайлық өмірге баулу міндеттерімен өзара байланысты түрде бірізділікпен іске асырылып отырылуы керек. Мұндай мақсатта орындауда мектептің, отбасының бірлесе отырып, бір бағытта жоспарлы түрде атқаратын істері жүзеге асырылады. Яғни мектеп пен отбасы бірге отырып, жастарды өз ата –аналарын құрметтеуге, отбасының және оның рухани мұраларын игеріп, қастерлей білуге баулиды.

Жалпы жастарды отбасылық өмірге даярлаудың негізгі әдістерін: әңгіме, түсіндіру, лекция, әңгімелесіп, пікір алысу, рөлдік бағыттағы ойындарды орындау арқылы өткізілетін сабақтар, көрнек әдістерді қолдану түрінде жүзеге асыруға болады. Және бұлардың қай –қайсысында да тақырыптың, мәселенің тартымдылығы мен еріктілігі, этика лық қағидаларды сақтай отырып, оқушыларға сенім арту, сабақ мазмұнының бүкпесіз шынайы баяндалуы; және оның шәкірттерге әсерлілігі мен ашық жеткізілуі; шындықты оқушылар коллективтің қаысуымен ашып көрсету; т.б. тақрыптың өзіндік ерекшеліктерін ескеріп отыру қажет. Сонымен қатар әдістерді барынша түрлендіріп отырғанда дұрыс: дара оқушымен жасалатын жұмыс, сыныптың жалпы түрде орындайтын тапсырмалары, оқушыларға тікелей және жанама түрде әсер ету.

Әңгіме әдісі мынадай талаптарға сәйкес жүргізіледі: әңгіменің шәкіртердің сезіміне әсер етіп, санасына қонымды болуы, қажетті материалдарды көркем әдебиетпен өмір тәжірибесімен іріктеп алып, оларды сыпайы түрде баяндап беру, нақтылы материалдарды жинақтап алып, оларды белгілі жүйемен айтып беру, тақырыптарға сәйкес көрнекі құралдарды пайдаланып әңгіме жүргізу.

Түсіндіру әдісі оқушылардың отбасылық өмірден көріп –білген мәліметтерін, өмір тәжірибесінен көрген жұбайлық өмірге тән ерекшеліктерді қорыта отырып тақырыпқа қатысты мәселелердің мән жайын түсіндіру. Және оқушылардың өздері келтірген мысалдарды талдай отырып, оларды белгілі бір жүйемен тиянақтау, дәлелдер арқылы негізгі мәселелердің мән –мағынасын ашып көрсетумен сипатталады.

Лекция – баяндалған мәселенің ғылыми құндылығы, теория мен практикаың байланысы, материалдардың қолжетерлік шегі талаптарының орындалуы мен жүзеге асады. Лекцияда өзекті мәселелердің талдап –түсіндірудің, талас –тартыс тудыруы, пікір алысу мүмкіншіліктері туындауының да маңызы ауқымды рөлге ие. Отбасы өміріне қатысты өзгеде мәселелерді кинофильмдерден, спектакльдерден өздері тікелей бақылап көріп, оларды бағалай білуі, т.б.

Әңгімелесіп, пікір алысу. Оқушыларды отбасы өміріне қатысты мәселелерді шешуге баулып отыру, олармен әңгімелесіп, әр бір мәселенің мән –жайын түсінуге белсенді түрде қатыстыру. Әңгімелесіп пікір алысуда мұғалімнің ұстамдылығы мен әдептілігінің маңызын есте ұстаған жөн. Сабақ барысында өзара сенімділік білдіру шарт. Оқушылардың өткізілетін сабаққа өздерінше дайындалып қажетті әдебиттер мен газет –журналдардан тақырыпқа қатысты, материалдарды жинақтауы сабақ мақсаты мен міндеті нәтижелілігін арттыра түсуге бірден –бір жол.

Рольдік бағыттағы ойындарды орындау арқылы өткізілетін сабақ. Отбасна қатысты өзекті мәселелерді ескере отырып, ойын сценариін құрып, оқушыларды ойынға даярлап, өткізу-ойын мазмұны, құрылымы, барысында байланысты жастарға ой салатын әдістердің бірі. Өйткені, ойын екенін біле тұра, сол сценарийдің күнделікті өмірден алынғандығы (ақиқат жайларға жанасатындығын немесе өмір көріністерінен алынғандығын) көрерменге, сонымен қатысушыларды да бей –жай қалдырмайды. Әрине рольдік ойын әсіреленіп көрсетілітіндіктен де қандай іс -әрекет, бағыт алу барысында, сценарий жағдайынан сақтануға немесе керісінше (сценарий мазмұндарына байланысты) сондайлық «үлгілі отбасы» болуға талпынуға мүмкіндік беретін жол іздейтін болады.

Көрнекі әдістерді қолдану. Қажетті материалды гелюстрациямен демонстрациялау, немесе сабақта көркем сурет туындыларын пайдалану. Дыбысты экранды құралдарды қолдану, кинофильмдер көрсету. Мұндай әдістер қызықты, тартымды, сондықтан да оқушылардың талпынысы мен белсенділігін барынша арттыра түседі. Бұл әдіс оқушылардың отабсылық өмір жайлы мағлұматтарын толықтырып отырады, және жақсы отағасы мен отанасы қандай болу керек және қандай болуға ұмтылса одан да жақсырақ болатындығы туралы нақты түсініктер қалыптастыра алады. Өйткені, көру арқылы қабылдап, оны түйсініп, өзінше таразылап, санада бейнелік үлгі жасаудың оқушыға ерекше ықпал етуі түсіікті нәрсе.

Практикалық сабақтар –оқушының өз ой, жұмыстарын ортаға салу. Мәселен, достық, махаббат, отбасы жайлы үйлерінде жазып орындап келген рефераттары мен баяндамаларын талқылау. Оқушылармен жүргізілген тәжірибелерінің нәтижелерін талқылау, оқушылардың өздеріне мәнездеме құрастыруы, болашақ отбасының бір айлық қаржысы мен оның жаратылуына табель жасау, отбасылық бір жетілік тамақтануын менюін жасау. Жас қыз бен жігіттің үй шаруасында істейтін жұмысы деп аталатын тақырып бойыша сұрақ –жауап арқылы жинақталған матералды талдау. Оқушыларды жаңа туған нәрестеге қажетті заттармен материалдардың тізімімен таныстыру. (киім –кешегі, жөргектері мен төсек орны, медикаменттер т.б.) және оларды қалай пайдалану қажеттілігінің ережелерімен таныстыру. Баланы күтудің қарапайым әдет –дағдыларын үйрету. Оқушыларды әр кімнің өздігінен тіршілік етуі үшін қажетті іс –ірекет түрлерімен таныстыру (тамақ даярлай білу, өзін -өзі күтуі, киімдерін жуып тазалауы, оқушылардың өзі тұратын бөлмені жуып, таза ұстауы, өзінің қаржысы мен уақытын жоспарлап, дұрыс пайдалана білуі т.б.) Яғни, оқушылардың осындай шығармашылық жұмыстарының мұғалімнің мақсатты басшылығымен жүйеленіп отырылуы керек.

Конференция. Конференция тақырыптары мысалға келтіретін болсақ «махаббаттың отбасылық өмірде және көркем әдебиеттегі шындық көрінісі мен бейнесі», «әке мен ананың көркем әдебиетте бейнеленуі» сияқты мәселелерге арналады. Мұндай оқушылар еркін пікірлесіп, сайысқа түсіп, өздерінше ой түйіндеп отырады.

Диспут. Жоғары класс оқушыларын отбасылық өмірге даярлауда диспуттардың маңызы зор. Диспут өткізуге: неке, отбасы туралы жаңа кітаптар кинофильдермен спектаклдер, журналда жарияланған мақалалар мен өмір тіршілігінен алынған фактілерге сүйенетін материалдар қажет. Диспуттарға арналған тақырыптар үлгісі: «болашақ жұбай қандай болу керек?» «отбасы бақытының сыры неде?» т.б. Диспут соңы қорытылып, оқушылардың сөйлеген сөздері мен пікірлері талданады, тиісті қорытындылар шығарылып сөйлеушілредің сөздері бағаланады.

Жаттығу әдісі –отбасылық өмір тіршілігіне қажетті практикалық біліктілік пен әдеп –дағдылары қалыптастырумен сипатталады. Мұнда оқушалар белгілі тапсырмаларды орындай отырып, өздерінің іскерлігі мен біліктілігін арттырудың қажеттілігін түсініп, пайдалы нәтижелерге жетеді.

Проблемды мәселелерді шешу әдістері. Түйінді істі таңдап алып, оның шенуін табу әдісі. Мұндай мәселелерді шешуді мынадай тақырыптар үлгі ретінде ұстанылады: «отбасның күтпеген қонағы», «орынсыз реніш » т.б. осындай кері –тартыс мәселелерді талдап көріп, оларды реттеуге үйренеді.

Адам қоғамы –үйден, әулеттен басталады. Үй тірегі, екі босағасы –ерлі –зайыптылар, сондықтан да «баланы жастан» демекші, жоғарыда айтылған әдіс –тәсілдерді қолдана отырып, жастарды отбасылық өмірге даярлау –үлкен жауапты іс. Отбасындан –қоғамын, қоғамынан –елдігін таниды. Қазақ халқы ұл тәрбиесіне де, қыз тәрбиесіне де ерекше көңіл бөлген. «Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын» десе «қызға қырық үйден тыйу» деп шектер белгілеп отырған.

Н. Қожахметова «Мектептің ұлттық тәрбие жүйесі» атты оқу құралдарында ұлдар ережесін көрсетеді, олар:

  • Қазақша амандасу, көшеде, мектепте, үйде, т.б. орындарда үлкендерге қатар құрбыларға сәлемдесу;

  • Білеуге қиянат жасауданаулақ болу;

  • Аталар дәстүрін берік ұстау, азғындатпау;

  • Ата –аналарға көмектесіп, аталар ақылын, әкенің парасатты үлгісін ұстау.

  • Арақтың азғындық жолға бастайтынын түсініп, одан бюойын аулақ салу;

  • Ананы құрметтеп, қыздарды сыйлау, көмектесу;

  • Ұлттық намысты адамгершілікпен қорғау;

  • Үлкеннің жолын кеспеу;

  • Шақырған жерге кешікпей бару, шақырмаған жерге бармау;

  • Біреуді кемсітіп, келемеждемеу;

  • Ысқырмау, айқайлап сөйлемеу, балағаттамау;

  • Үлкенге үнемі «Сіз» деп сөйлеу.

Қыздар ережесінде:

  • Шашын, көзін, ернін, бетін боямау;

  • Қазақша амандасу рәсімін орындау;

  • Орынсыз еліктеп, әлем –жәлем киініп ерсіленбеу;

  • Әдепсіздік пен азғындық жолға баспау;

  • Ойлы, ұстамдылық жолмен лайықты жар таңдау, алданбау;

  • Спиртті ішімдіктер ішпеу, темекі тартудан аулақ болу;

  • Әбел адамға тән өнер түрлерінің барлығын, үй шаруасын меңгеруді үйрену;

  • Ұлдар мен ер азаматтар тәртібіне қыздар әдептілігінің зор ықпалы бар екенін дұрыс түсіну;

  • Үлкендердің жолын кеспеу, алдық орағытып өтпеу;

  • Өтірік -өсек айтпау.

Халқымыз «Үйлену оңай, үй болу қиын»

Деп бекер айтпаған. Оның да өзіндік қызығы мен қиындығы бар.

Адам өмірі өз шаңырағын құрғанда қызықты болады. Сондықтан отбасы құру -әрбір адам үшін қуанышты оқиға. Дегенмен, жанұя болуды әркім ойлағанмен, кейбіреулер ол үйден шыға алмай жатады. Оның себебі: уайымқайғысыз өмірді артқа тастай алмай, ауыр да жауапты отбасылық міндеттен тартыншақтасуылары.

Демек, жанұя құрып, үй болу ауыртпалығы үлкен, маңызды іс. Отбасының бақытты өмір сүруі –күйеу мен әйелдің өз қолдарында. Ал бұл үлкен ерлікті, жауапкершілікті керек етеді.

Үй болғанға дейін бәрі оңай көрінетіні хақ. Арадағы ғашықтықтың оты бәріне де төтеп бере алатындай көрінері даусыз. Не тауқымет көрсе, оны тек махаббатпен ғана жеңетіндей болады.

Алайда, күйбең тіршілік жаңа отбасына оңайға соқпайды. Махаббат пен ғашықтық сезімдерінің тұрмыста жеткіліксіз болып қалатынына көздері жетеді.

Демек, бұл сезімдермен қоса түсінісу, ұғынысу, сыйласу, ақылдылық, салмақтылық, сабырлылық сынды қасиеттердің де болу керектігі белгілі болады. Үйлену оңай, үй болу қиын екені түсінікті болады.

Олай болса, жанұяда күйеумен әйел өз махаббаттарына адал бола отырып, өмірдегі кездескен барлық қиыншылықтарды ақыл –парасатпен, шыдамдылық –төзімділікпен жеңе білулері қажет.

Сонда ғана жанұяда береке орнап, босағасы мықты болмақ. Ол үшін ерлізайыптылыр өздерінің отбасылық міндеттерін үлкен жауапкершілікпен атқарып, елмен жарасымды болуға тиіс.

Иә, жар құшып, бала сүюді және шаңырақ көтеріп, отбасы болуды аңсап, армандаған адам осыларға қолы жеткеннен кейін неге ғана асқақ арманды баянды етуге талпынбасқа? Шаңырағын шайқалтып, бала –шағасының мазасын кетіргендер, ажырасып кете баратындар неге бір сәт ойланбасқа? Олар отбасылық міндеттерін орындай алғанда, мұндай кереңсіз жайттар болмас еді ғой.

Табандылық пен ізденімпаздылық арқылы беймәлім нәрсенің сырын ашуға, ауырды жеңілдетуге, сөйтіп, жеңіске жетуге болады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

Шакузадаұлы Н., Ерғалиева Ж. «Әдептілік қағидалары».

Алматы, 2000 (195 -225)

13-лекция Отағасын тәрбиелеу әдістеріне қойылатын талаптар

Жоспары:

  1. Отбасы тәрбиенің бастауы

  2. Ер жігітке қойылатын талаптар

  3. Сендіру, әңгіме, диспут, конференция, жаттығу әдістері