Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
отбасы кешен.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
449.02 Кб
Скачать

2. Неке гигиенасы

Кәмелетке толған жігіт пен қыз неке гигиенасының, тазалығының негізін білуі тиіс. Неке гигиенасы деген ұғымның аясы кең. Атап айтқанда неке гигиенасы дегеніміз-ерлі-зайыптылардың денсаулығын, олардың жыныстық және өмірге ұрпақ келтіруге қабілеттілігін сақтауға, шыр етіп жарық дүниеге келетін нәрестенің аман болуын қамтамасыз етуге бағытталған ғылыми негізі бар, профилактикалық шаралардың жиынтығы. Солардың ішінде әсіресе некелесуге тілек білдірген болашақ ерлі-зайыптылардың жастары аса маңызды роль атқарады. Біздің елімізде 18 жасқа толғандардың бәріне некелесуге рұқсат етіледі. Өйткені осы жасқа келгенде ғана қыздар жыныстық жағынан жетіледі.

Кәмелетке толмай жатып жыныстық қатынасты ерте бастау, әсіресе бала көтеру ананыңда, дүниеге келетін перзенттің де денсаулығына үлкен зиян келеді. Оның үстіне өзі балалық дәуінден шықпай жатып, бала тапқан адамның оны дұрыс тәрбиелей қоюы да екі талай нәрсе. Жыныстық жағынан жетілмей тұрып бастаған жыныстық қарым-қатынас жас организмнің психиканың, даму, қалыптасу процесіне зиянын тигізетіні, оның функциялық қабілеттерін жас кезде ғана емес, есейген кездеде әлсірететіні қазіргі кезде дәлеледеуді қажет етпейтін ақиқат деп білуі керек. Әлі 18 ге толмағандардың жүкті болу және босану ерекшеліктерін зерттеген кезде, толысқан әйелдер мен салыстырғанда олардың түсіктің жиі тастап, баланы шала туатыны, жүктілік токсикозы мен толғақтың әлсіздігі жиі байқалатыны анықталды.

Инфантилизм салдарынан алғашқы бедеулік деп аталатынға шадыққан әйелдерді зарттегенде олардың 3-4 жыныстық қатынасты өте ерте бастағаны анықталды. Басқа жағдайда да алғашқы бедеулік күйеуге ерте шыққан әйелдер арасында тұрмысқа мезгілінде шыққандарға қарағанда 2-есе жиі кездеседі. Гигиеналық тұрғыдан алып қарағанда өте кеш некелесуді де құптауға болмайды. 28-30 жасқа келіп алғаш бала көтерген әйелдің толғағы ауыр өтеді. Оның үстіне жұмсақ тканьдар қатайып кеткендіктен, некелесушілердің жас айынмашылықтарының да маңызы бар. Еркек жыныстық жағынан да, рухани жағынан да кештеу жетілетін болғандықтан, әйелінен бірнеше жас үлкен болуы тиіс. Кейбір ғалымдар күйеуінің әйелінен 5-10жас үлкен болғанын дұрыс деп есептейді.

Некелесу алдында жұбайлар дәрігенге қаралуы тиіс. Олардың тұқым қуалайтын аурулары жоғын дәлелдеу. Ерлі-зайыптылар бір-бірінің денсаулығына, гигиенасына сақ болуы тиіс.[4. 69-79 б.б.]

Әдебиеттер тізімі:

  1. Ж. Қоянбаев. «Семья және балалар мен жеткіншектер тәрбиесі», Алматы 1990ж. 94-99 б.б.

  2. Педагогикалық институттарының программасы «Семья өміріндегі әдеп және психология» Алматы, 1990ж. 107-109-110б.б.

  3. // Л. Сайдахметова. «Ұлттық тәлім үрдісіндегі қазақ әйелдерінің орны » Қазақстан мектебі, 9. 2004 ж. 66-68 б.б.//

  4. Қ. Иманбаев. «Жарасымды тұрмыс үшін» Алматы, 1983 ж. 69-79 б.б.

  5. // Г.Айқынбаева. «Әдеп бастауы-отбасы» Қазақстан мектебі, 6. 2002ж. 25-26-27б.б. //

  6. // А.Жұмадуллаева. «Неке бақыты, тәрбиеден басталады» Қазақстан мектебі, 7. 2005ж. 60-62 б.б. //

  7. Қ. Жарықбаев, Ә. Табылдиева «Әдеп және жантану» Алматы, 1994ж. 110-111б.б.

  8. И.Қарақұлов. «Сырласу» Алматы, 1994ж. 28-29-31-34 б.б.

9-лекция Қазіргі заман қыздары мен жігіттері

Жоспары:

  1. Достық, жолдастық қарым-қатынастың жоғарғы сатысы

  2. Махаббат адамгершілігінің қастерлі сезімі

  3. Ғашықтық-некедегі адамгершілік тірек

1. Достық, жолдастық қарым-қатынастың жоғарғы сатысы.

Жастық шақтың қызығы «бозбала» мен «бойжеткен» кезең, бұл кезде олардың ақыл-ойы қауырт өсіп, қажырлы іс-әрекетке, қимыл-қозғалысқа құштар, албырт, романтикалық кезі екенін баса айту. Жалпы «бойжеткен» деп кімді айтамыз? Олардың мінез-құлық ерекшеліктері жөнінде айналамыздағы өмірден нақты фактілер келтіре отырып түсіндіру. Бозбаланың психологиясына қандай ерекшеліктер тән? Осы жастағылардың тыныс-тіршілігі, жеке адамның жыныстық жағынан жетіліп, өзінің ішкі жан дүниесіне ерекше үңіле түсуі, құрбы-құрдас, жора-жолдастары мен қарым-қатынас жасауға ынталы болуы, бойымен қатар ақыл-ойыныңда біршама толысуы – осы жастағыларға тән негізгі психологиялық ерекшеліктер. Қазіргі заман жігіттері өзін еңбек пен оқу үстінде жасөспірісдерден гөрі айқынырақ танытады. Оның дәстүрлі іс-әрекеті мен жеке басының бағыт-бағдары, белсенділігі мен іскерлігі, ерік-жігері, қажыр-қайратының қалайша қалыптасып келе жатқанын байқауға болады. [5. 25б.]

Қазіргі заман қыздары мен жігіттерінің әлеуметтегі тең құқылы болуы, құқықтық, моральдық нормаларды дұрыс сақтауы. Жастардың толық азаматтық құқыққа ие болуы мен соның нәтижесінде қоғам өміріндегі еркек пен әйелдің тең құқылы негізінде жалпы адамгершілік қасиеттерді, жеке басының қасиеттерін өрістетіп отыруында. Қыздардың бойындағы нәзіктік мінез қасиеттері, олардың ар-намысы мен абыройы. Қыздардың білім алып жалпы мәдени дәредесінің өсуі, еңбек пен қоғамдық саяси белсенділігін арттырулары, олардың әйелге тән ұнамды қасиеттерді әр тарапты, жарасымды дамытып отыруындағы қажетті шарттар.

Қазіргі заман қыз-жігіттерінің бойында қалыптастыратын адамгершілік адал қасиеттер, ар-ұятты сақтаудың, символы болып табылады. Қыздар мен жігіттердің өзара қарым-қатынасындағы сыйласу сезімі, игі тілек білдіру ниеттеріне негізделген әдепті қатынастар және әсемдік нормалар мен қағидалар. Қазіргі жастар арасындағы белең алған нашақорлық т.б. организмді уландырушы заттарды қолданумен және жезөкшелікпен күресу керек [2. 109 б.].

Достық қатынаста адамдардың мүддесі, сенімі, мақсаты мен мұратының бірлігі,оларды өзара жақындастырады. Достардың өзара құрметтеуі, біріне-бірінің қиын-қыстау жағдайда көмектесуі, сәтсіз істерімен қайғы-қасіреттерінің бөлісуі, достардың мақсат-мүддесін жүзеге асыруда, өз ісіндей етіп еңбектенуі, өзара түсінісіп, рухани жағынан жақын болуы, ашық-жарқын мінезімен өзінде, досын да тани алуы. [2.110 б.] Достық адамдарды асқақтатады, ол жан мен тәттің гүлдене түсуіне жәрдемдеседі. Оның маңызды белгісі берік, әрі терең эмоциялық жақындық, ол адамдардың бір-біріне сөз жүйесінде де, іс-жүзінде де адал болуы. өзара тең мүдделік, бір-біріне терең сенім, қайғы мен қиындықта өзара қол ұшын беру, өзара жауапкершілік пен қамқорлық туралы, мағлұмат. Нағыз достық адамға шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға жәрдемдеседі.[5. 27 б.]. Достық бұл ортақ көзқарас пен мүдде, мақсат бірлігі негізінде пайда болып, уақыт сынынан өткен үлкен адамгершілікке тән жоғарғы сезім. Достық адамды асқақтатады, ол жан мен тәннің гүлдеге түсуіне жәрдемдеседі. Оның маңызды белгісі-берік әрі терең эмоциялық жарқындық. Ол адамның бір-біріне сөз жүйесіндеде, іс жүзіндеде адал және шынайы болуы, өзара терең мүдделілік, бір-біріне терең сенім, қайғы мен қиыншылықта өзара қол ұшын беру, өзара жауапкершілік пен қамқорлық. Мәселен, олардың бірінде қызбалық не шабандық, тұйықтыұ, жігерсіздік, т.б.мінез кемшіліктері кездеседі. Бірақ достыққа олар кедергі бола алмайды, қайта нағыз дос біріндегі кемшіліктерден арылуға, көмектеседі. «Достық аспандағы жарық жұлдыз, теңіздегі гауһар тас. Жұлдыз да, асыл таста кіршіксіз таза, мөлдір. Бұл екеуін ешкімде, еш құдіретте кірлете алмайды. Нағыз достық адамға шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға жәрдемдеседі. Бір-бірінің кемшіліктерін ақтау, бір-біріне дұрыс талап қоймай, болмашы істерін дәріптеп сөйлеу-бұл жалған достық. «Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады» деп халқымыз өте тауып айтқан. Достық қарым-қатынас адамға, әсіресе балғын, балауса шақта аса қажет. Дос іздеу асқақ арман мен таудай талап, шексіз-шетсіз үмітке толы, жас дәуреннің ерекше сезімі [ 7. 110-111 б.б.].