- •Пайдаланған әдебиеттер:
- •Психологиялық ахуал.
- •1. Әлеуметтік дамуда отбасының идеялық және адамгершілік негіздері.
- •2. Отбасы мәдениетінің дәрежесі.
- •3.Отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынастың мәні.
- •4.Отбасындағы психологиялық ахуал.
- •5.Отбасының ынтымағы.
- •1. Отбасылық құқық
- •1. Қамқорлыққа алу, асырап алу жағдайлары
- •2. Эстетикалық талғам.
- •3. Үй ішінің мәдениеті.
- •4. Бос уақытты дұрыс пайдалану мәдениеті
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Махаббат - адамгершіліктегі қастерлі сезім
- •1. Некеге дейінгі өзара қарым-қатынас.
- •2. Ер жүректік, нәзіктік, адамгершілік қастерлі сезімдер
- •2. Неке гигиенасы
- •2. Махаббат адамгершіліктің қастерлі сезімі
- •3. Ғашықтық некедегі адамгершілік тірек
- •1. Отбасы тәрбиенің бастауы
- •2. Ер жігітке қойылатын талаптар
- •3. Сендіру, әңгіме, диспут, конференция, жаттығу әдістері.
- •Оқу пәндердің өзара байланысы.
- •Мектеп пен басқа ұйымдардың бірігіп атқаратын жұмыстары.
- •Болашақ ата-ананы тәрбиелеуде пән аралық байланыстың ерекшелігі.
- •4. Сынып жетекшісінің жүргізетін жұмыстары.
- •Қойылатын талаптар.
2. Ер жүректік, нәзіктік, адамгершілік қастерлі сезімдер
Біздің отанымыз - Қазақстан. Ендеше жастарымыз осы мемелекеттің мүддесін қорғайтын отан сүйгіш болуы керек. Отанымыздың ішкі-сыртқы саясатын қорғау жастарымыздың қолында. Елдің символдары: Көк байрағы, Әнұраны, Елтаңбасы, еліміздің әрбір азаматы үшін қымбат. Ержүректік сезім тұлғаның тектілігімен туындап, тәрбие арқылы өсіп-жетіліп, патриоттық сана түрінде қалыптасады. Ұллық патриотизм жеке адамның белгілі бір ұлтқа тән екендігін түсініп, сезінуі, өз ұлтының қасиеттерін бойына сіңіру және оны қастерлеп қадір тұтып, қорғап, сақтауға дайын болуы. Ержүректік, батырлық сезімдер қанмен, тектілікпен, туа біткен қасиеттердің тәрбие арқылы бекіп, нығаюы, елін, жерін, шексіз сүйіп, соған қызмет ету, ұлттың барлық қасиеттерін ардақтау деп түсіндіреді. Жарпы ержүректік, батырлық сезімнің қалыптасуы отбасы тәрбиесінен (балабақшадан) бастау алатыны белгілі. Сондықтан отбасында ержүректік, батырлыққа тәрбиелеу, ана тілін үйрену, ұлттық мінез-құлық қалыптастыру, ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау, шыққан ата-тегін білу және сезінуден басталып, халқына сүйіспеншілік, тарихи дәстүрлерді сақтау, туған жеріне, отанына деген сүйіспеншілік болып, өсе келе ары қарай дамып, қалыптасады. Отанға қызмен ету әрбір жеке тұлғаның тарихтағы орны мен еңбегінен, олардың өшпес өнерінен, ғұламаларымыздың өсиеттерінен үлгі алған, солардан рухтарған жастарымыздың ержүректік күшімен өлшенеді. Біздің азаматтарымызда бір-біріне деген жарашырлық, бірін-бірі бағалау, бір-біріне деген құрмет сезімдері мен ұғымдары барынша мықты болуы шарт. Екінің бірі тумысынан дана, ғұлама болып туылмайды, оқудан, тоқудан, үйренуден барып, адам өзін-өзі толыққанды етіп тәрбиелейді.
Халқымыз «Әйел барша тіршіліктің бастауы, көркемдік пен жылылық көзі, шуақ пен мейірім әлемі, өмірдің сәні» деп қасиетті санап, оған көңілінің төрінен орын беріп, ардақтап аялаған. «Қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» деген. Қыз баланың нәзік те, қайратты, албыртта алғыр, ширақта байсалды, сабырлы да төзімді болуына оның күрделі тәрбиесі ғана бағыт береді. «Қызға қырық үйден тыю» деген қанатты сөз бекерге айтылмаған. Халқымыз қыз бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, оның жүріс-тұрыс, іс-қимылын, әр басқан қадамын бақылап отырған. Адамзаттың бәрі де анадан туылып, соның бауырында өсіп ер жетеді. «Сүтпен кірген, сүйекпен бірге кетеді » дейді халқымыз. [3. 67-68 б.б.]
Әдебиеттер тізімі:
Ж. Қоянбаев. «Семья және балалар мен жеткіншектер тәрбиесі», Алматы 1990ж. 94-99 б.б.
Педагогикалық институттарының программасы «Семья өміріндегі әдеп және психология» Алматы, 1990ж. 107-109-110б.б.
// Л. Сайдахметова. «Ұлттық тәлім үрдісіндегі қазақ әйелдерінің орны » Қазақстан мектебі, 9. 2004 ж. 66-68 б.б.//
Қ. Иманбаев. «Жарасымды тұрмыс үшін» Алматы, 1983 ж. 69-79 б.б.
// Г.Айқынбаева. «Әдеп бастауы-отбасы» Қазақстан мектебі, 6. 2002ж. 25-26-27б.б. //
// А.Жұмадуллаева. «Неке бақыты, тәрбиеден басталады» Қазақстан мектебі, 7. 2005ж. 60-62 б.б. //
Қ. Жарықбаев, Ә. Табылдиева «Әдеп және жантану» Алматы, 1994ж. 110-111б.б.
И.Қарақұлов. «Сырласу» Алматы, 1994ж. 28-29-31-34 б.б.
8-лекция Некеге дейінгі қарым-қатынас мәдениеті
Жоспары:
Некеге дейінгі қарым-қатынас мәдениеті
Неке гигиенасы
1. Некеге дейінгі қарым-қатынас мәдениеті
Жас жеткіншек ұрпаққа неке дегеніміз не екендігі туралы қысқаша мағлұмат беру. Неке – отбасының заң жүзіндегі негізі, ер мен әйелдің өзара түсінісуінің, еріктілігінің негізінде құралатын одағы. Отбасы дегеніміз-махаббат, достық, өзара құрмет сезімін біріктірген, ортақ шаруашылық ұстап, бір-біріне материалдық және моральдық сүйеу бола білетін ер мен әйел адамның одағы. Некенің тұрақты болуы үшін, ерлі-зайыптылардың өзара түсінісушілігі маңызды роль атқарады. Некелесу үшін тек сезім жеткіліксіз. Ол алдымен некенің құқықтық негіздерін түсіну, отау құруға деген психологиялық даярлаудың болуы, үй ішінде тіршілікке қажетті тұрмыстық дағдыларды игеру, өмірге ұрпақ келтіріп, оны өсіріп, бағып-қағып тәрбиелей білу. Некеге дейінгі қатынас жастардың бірін-бірі сүюіне, махаббатына байланысты, әрбір жас некеге психологиялық әлеуметтік жағынан дайын болуы керек. [5. 26-27б.б.]
С. Ғаббасов «Халық педагогикасының негіздері » еңбегінде адамның дене мүшелерін атап өтіп, соның ішінде жыныс мүшесінің ерекше қызметіне тоқталады: «Мүшелердің ішінде тұңғыш рет жүрек пайда болады, бұдан кейін ми, одан соң бауыр, көкбауыр, сосын басқалары пайда болады. Бәрінен соң барып қимылға енетін-жыныс мүшелері. Үстем күшінің мекені-жүректе, қызмет етуші күштің мекені-жыныс мүшелерінде».
Жасөспірімнің өсіп-жетілу кезеңіндегі жыныстық ұғымдарын табиғи құбылыс деп тану қажет. Сол себепті ата-аналар, мұғалімдер оларға күдікпен қарап, ол құбылысты әдепсіз деп түсінбеуі тиіс. Керісінше бойында жыныстық құштарлық жоқ «салқын» тартып өсіп келе жатқан ұл мен қызға бойында бір кемістік жоқпа екен? деп күдіктене қарауымыз керек. Дегенмен адамда жыныстық қабілет туа біткенімен, ол адамның өзге қабілеттеріндей емес, кеш пісіп жетіледі, кеш қалыптасады. Жасөспірімдер жыныстық жағынан өсіп, пісіп жетіліп келе жатқан кезеңде оларға басшылық ету, әрине оңай емес. Қалай болған күндеде бозбалалық пен қызбалалықтың осы бір өтпелі кезеңі олардың өмірінде өшпес із қалдырады. Олардың есейіп, келешекте отбасы-некелік өмірлері саналы да бақытты болу-болмауы осы жасөспірім кезеңдерінде алған жыныстық тәрбиесіне, оның дұрыстығы мен бұрыстығына байланысты.
Қазіргі жастарға жыныстық тәрбие беру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады. Бұл өсіп келе жатқан ұрпақтардың арасында жүргізілетін жалпы идеологиялық және тәрбие жұмысының бір бөлігі. Ол эстетикалық және рухани тәрбиемен тығыз байланысты. Себебі мұның өзі болашақ қоғамның құрылысшылары ретінде болашақ жастарды бақытты отбасы мен берік неке құруға қалыптастырады. [ 6. 60-62 б.б.]
