Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әлеуметтік педагогика-КЕШЕН.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
701.95 Кб
Скачать

1 Кесте -Парсонстың әлеуметтік жүйесінің үлгісі

Функция Жүйе салалары Әлеуметтік

институттар

Норма-рольдерді

орындаушылар

1. Бейімделу Экономика Зауыттар,банктер,

дүкендер

Кәсіпкер - жұмысшы

2.Мақсат бағдары Саясат Партиялар,

қозғалыстар

Функционер

қатардағы мүше

3. Интеграция

бақылау

Әлеуметтік аппарат

институттары

Мемлекеттік Шенеунік азамат

4. Мінез-құлық

үлгісіне қолдау

көрсету

Әлеуметтену Отбасы, мектеп, дін Оқытушы-оқушы

1. Тиімді ұйымдастыру және материалдық, адами, мәдени ресурстарды бөлу мәселесі. Бұл функциялды талаптар бейімделу мәселесі ретінде белгілі: өмір сүруі үшін жүйе ішкі жағдайларға да, сондай – ақ сыртқы өзгерістерге де бейімделуі керек. Бұл функцияға экономика сәйкес келеді: қоғам мүшелері өмір сүре алатындай белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға қажетті материалдық өнімдерді жеткізеді және бөледі. Көрсетілген жүйе салаларына бейімделу процестерін реттейтін зауыттар, банктер, дүкендер және т.б. сияқты әлеуметтік институттар сәйкес келеді. Соңында қатынастар шеңберінде орындалатын норма – рольдер, кәсіпкер жұмысшы, тұтынушы және т.б.

2. Негізгі мақсаттарды анықтау және оған жетуге қолдау көрсету процесі мәселесі. Бұл функцияға саясат және саяси ұйымдар – партиялар, қозғалыстар және т.б. сәйкес келеді. Олар мақсат қояды және функционерлер арқылы қоғам мүшелерін осы мақсатқа жұмыс істеуге ынталандырып саяси әрекеттермен айналысады.

3. Интеграция мәселесі – тұрақтылықты, бірлік, ынтымақтастықты сақтау. Бұл функцияны жалпы нормалармен құндылықтарды, белгілер жиынтығы мен жалпы мәдениетті құру және оған қолдау көрсету жолымен әлеуметтік бақылау институттары жасайды. Адамдардың мінез – құлқына қоғамның әдейі әсер етуі арнайы ұйымдар – мемлекеттік аппарат пен заңды институционалды құралдар арқылы жүзеге асырылады, олар теңдіктің бұзылуы мен жүйені қайта өндіруді талаптану және мәжбүрлеу формалары арқылы табысты жүргізуге мүмкіндік береді.

4. Мінез – құлық үлгісіне қолдау көрсету, қайраткерлердің өздерінен талап етілетін әлеуметтік рольдерін орындау кезіндегі дәлелдемелері мен жүйесіндегі жасырын шиеліністерді жою мәселелері. Берілген тәртіпті сақтау үшін әлеуметтік жүйе адамдардың өз дербестігін алуына сонымен бірге белілген қоғамдағы норма – рольдерді игеруіне, бұл нормаға бағыну қажеттілігін дамыту үшін әлеуметтендіру процесі мен механизмін жасауы керек. Отбасы мектеп, армия, шіркеу, мешіт және т.б. – әлеуметтендіруші институттар индивидтердің дәлелдемелерін, олардың мінез – құлық үлгілерін, мәдени принцптерін сақтайды, жетілдіреді және жаңартады. Олар сондай – ақ рольдердің құзырлы иелерін дайындай отырып, жеке дәлелдемелер құрылымын берілген қоғам мақсаттарымен құндылықтарымен үйлестіреді. Әлеуметтендіру процесінде орындаушылар «оқытушы – оқушы» элита – кім оқытады және көпшілік – кімді оқытады қатынасына түседі. Әрі әмбебап, әрі жалпыға ортақ болып саналатын берілген жүйелі – функционалды торшаны Парсонс барлық әлеуметтік құбылыстарға калька ретінде қолданды. Парсонстың «бәрін қамтитын» және «әмбебап» теориясы адамдардың өзара байланысы әлемін түсіріндіріп бере алмады. Айналада, барлық жерде аймақтық соғыстар, экологиялық апаттар, көпшілік мәдениетіне қысымшылық көрсету сияқты катаклизмалар өршіді. Парсонс теориясына шағымдар жасалып, ол көрсеткен фунциялар бойынша бәрін түсіндіру мүмкін емес, әлеуметтік әрекеттердің барлық түрін «әлеуметтік жүйелер» логикалық құрылымына жатқызуға болмады. Ғылыми мінез құлыққа жатқызуға болмайтын кейбір әрекет түрлері де бар. Айналада, барлық жерде аймақтық соғыстар, экологиялық апаттар, көпшілік мәдениетіне қысымшылық көрсету сияқты катаклизмалар өршіді. Ғылымның жұмысында кейбір қажетті процедуралардан басқа интуиция мен қиял қолданылады. Бұл шығармашлық жұмыс «Х» факторы» бар қоғамның өзі сияқты оқиғаның барысын күні бұрын болжай

алмайды. Сондықтан күрделі әлеуметтік әрекеттерді басқаруды қатал бағдарлама негізінде жүргізуге болмайды.