Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әлеуметтік педагогика-КЕШЕН.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
701.95 Кб
Скачать

Әлеуметтік педагогикалық процесс және оны жетілдірудің жолдары.

  1. Әлеуметтік педагогиканың заңдары мен категориялары

  2. Әлеуметтік педагогиканың құрылымы мен қызметтері

  3. Әлеуметтік педагогиканың басқа қоғамдық ғылымдармен байланысы

Бұл ғылымның «Социология» деген атауы латын және грек сөздерінен құралған: «societas» -латын тілінде қоғам, “logos” грек тілінде ілім, білім дегенді білдіреді.

Демек социология қоғам туралы ғылым деген сөз. Қоғамды зерттейтін ғылымдар көп бірақ олардың әрқайсысыөзінің ерекше зерттеу объектісін бөліп алады. Мысалы, экономика ғылымының объектісі - өндіріс, өндірістік қатынастар, тұтыну, сұраныс мәселелелері болса, саясаттану саяси билік, саяси қатынастар, мемлекеттік құрылым мәселелерін қарастырады. Қоғамның рухани өмірін рухани байлықты өндіру, тарату ісімен адамдардың рухани қажеттерін өтеудің жолдарын, түрлері мен әдістерін зерттейтін мәдениеттану, педагогика, психология сияқты бірқатар ғылымдар бар. Міне бұдан көптеген қоғамдық ғылымдардың зерттейтін объектісі –тұтас қоғам емес, белгілі бір саласы ғана екенін көреміз.

Социология қоғамның әлеуметтік педагогикалық өмірін зерттейді. Былайша айтқанда социология адамдарды ғылыми зерттеудің бір тәсілі. Социологтар адамдар не үшін белгілі бір кейіпте өздерін ұстайды, не үшін топ құрады, соғысқа барады, бір нәрселерге сенеді, табынады, не үшін үйленеді, дауыс беруге қатысады, т.с.с. адамдар бір-бірімен қарым-қатынасқа түскенде болатын барлық құбылыстарды анықтауға тырысады. Яғни социология қоғамды және әлеуметтік педагогикалық қатынастарды ғылыми тұрғыдан зерттейді.

Социологияның зерттеу объектісі мен пәні

Социология пәніне келесідей анықтама беруге болады: Социология қоғамның құрылысы, өмір сүруі мен дамуының жалпы және ерекше заңдылықтары жайлы және сол заңдылықтардың адамдар мен әлеуметтік педагогикалық топтардың және тұтас қоғамның өмірі мен өзара қарым-қатынастарында іске асырудың жолдары, нысандары мен әдістері жайлы ғылым.

А.А. Радугин, К.А. Радугин берген анықтама бойынша социология әлеуметтік педагогикалық біртұтас жүйе деп қаралатын қоғам туралы, осы жүйенің құрамдас бөлшектері: жеке адам, бірлестіктер, институттар арқылы атқаратын қызметі мен дамуы туралы ғылым.

Әлеуметтік педагогикалық өмірдің өзегі адамдар және олардың бірлестіктерінің іс-әрекеттері өзара байланыстары. Осыған сәйкес социологя адамдардың өзара қарым қатынасын білдіретін мінез-құлық жайлы ғылым деуге болады.

Социологияның заңдары мен категориялары.

Кез-келген ғылым сияқты социологияның да өзiнiң категориялары мен заңдары бар. Категорилар әлеуметтiк болмыстың мәндi жақтарын, қасиет-белгiлерiн, құрылымдық элементтрiн бiлдiретiн негiзгi ғылыми ұғымдар. Яғни Социология ғылымында қолданылатын ұғымдар социологияның категориялары болып табылады. Ал осылардың арасындағы iшкi және қажеттi байланыстар мен қатынастарды бейнелендiретiн ұғымдар заңдар болып табылады.

Социологияның ең негiзгi, мазмұны жағынан көлемдi категориясы “әлеуметтiк” ұғымы. Бұл ұғым “әлеуметтiк жүйе”, “әлеумттiк құрылым”, “әлеуметтiк институт”, “әлеуметтiк ұйымдастыру”, “әлеуметтiк топ”, “әлеуметтiк әрекет”, “әлеуметтiк мiнез-құлық”, т.б. көлемдi ұғымдрды қмтиды. Бұлардың әрқайсысы өз алдына бiрнеше маңызды категорияларға бөлiнедi. Мәселен, “әлеумттiк топ” категориясы “топ”, “халық”, “ұлт”, “жанұя”, ұғымдарымен тiкелей байланысты.

Әлеуметтiк заңдар адамдардың және олардың топтрының мiнез-құлқын реттейдi, жеке адамдар мен олардың қоғамдастықтарының арасындағы қарым-қатынастарды анықтайды. Әлеуметтiк заңдарға, мысалы, әлеуметтiк жiктелу, бiрiгу заңы, әлеуметтiк мобильдiлiк заңы, қоғамдық өмiрдiң интернационалдануы, жеке адамның әлеуметтенуi,т.б. заңдар жатады.

Әлеуметтiк зңдарды жалпы және ереше заңдар деп бөлуге болады.

Жалпы заңдар- қоғам дамуын, бiртұтас әлеуметтiк жүйе дамуында анықтайды.

Ерекше заңдар- әлеуметтiк жүйенiң жекелеген ýлемнтерiн, қоғам бөлшектерiн сипаттайды.

Социологияның құрылымы мен қызыметтерi

Социолгия қоғамды екi денгейде зерттейдi: Макро және микро денгейде. Осыған байланысты Социологияны үшке бөлуге болады.

1. Макросоциология- бұл бiртұтас социумның өмiр сүруi мен дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейдi.

2. Орташа социология немесе орта деңгей теориясы. Әлеуметтiк жүйенiң жекелеген құрамдас бөлiмдерiнiң әрекет етуi мен өзара байланысынң заңдылықтарын зертейдi. Бұған қала социологиясы, экономикалық социология, бiлiм беру социологиясы, саясат социологиясы, т. б. жатады. Яғни бұлар социология ғылымының жеке салалары.

3. Микросоциология. Ол жекелеген адамдардң қимылы мен өзара қарым-қатынасын, мiнез-құлық, жүрiс-тұрыстарын бақылау арқылы әлеуметтiк құбылыстар мен процестердi зерттейдi.

Социологиялық зерттеулер нәтижесiнде алынатын ғылыми қорытындылардың жалпылық дәрежесiне сәйкес бұл зерттеулер теориялық және эмперикалық болып екiге бөлiнедi.

Социологиялық зерттеудiң алдына қойылған мiндет пен мақсатқа Сәйкес социология фундаментальды (iргелi) және қолднбалы (прикладная) болып екiге бөлiнедi.

Социологияның әлеуметтiк- қоғамдық қызыметi алуан түрлi. Солардың негiзгi үшеуiн атап көрсетуге болады:

Теориялық-танымдық қызыметiн iске асыру арқылы социология қоғамның мәнi, оның құрылымы, заңдылықтры мен тенденциялары, даму жолдар жөнiндегi бiлiмдi тереңдете, нақтылай түседi.

Саяси практикалық қызыметi- бұл әлеуметтiк зерттеулердiң нәтижесiне сәйкес әлеуметтiк өмiрдi жетiлдiруге бағытталған саяси және практикалық ұсыныстар бередi. Әлеумттiк болжау және жоспарлау саяси практикалық қызыметтiң формасы болып табылады.

Идялық-тәжрибелiк қызыметi- Социологиялық зерттеулердiң тәрбие жұмысында қандай нәтижелер беретiнiнен көрiнедi. Әртүрлi топтардың мақсат, мүддесiн, дiнiн мәдениетiн т.б. құндылықтарын зерттегенде бейтараптық танытады, сыңаржақ, бұрмалаушылық жасамайды. Таптар, әлеуметтiк топтар өздерiнiң таптық, топтық мүддесi мен мақсатын белгiлеу және қорғау үшiн, өздерiнiң саясаты мен практикалық iс-әрекеттерiн ақтау, негiздеу үшiн Социологиялық зерттеулер нәтижелерiн кеңiнен пайдаланады.

Социологияның басқа қоғамдық ғылымдармен байланысы.

Социология өз алдына жеке-дара дамымайды, басқа қоғамдық ғылымдамен үздiксiз тығыз байланыста дамып отырады. Социологияны басқа ғылымдармен байланыстыратын негiзгi нәрсе-сл қоғам туралы жалпы ғылым бола отырып, оның жалпы даму заңдарын ашып, тұжырымдайды. Ал, қоғамның жалпы даму заңдарына әрбiр нақтылы қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар сүйенедi. Әлеуметтік педагогикалық педагогиканың басқа ғылымдармен байланыстарының екiншi түрi, ол адам туралы, оның iс-әрекетiн, қызметiн оқып үйренудiң, оны жан-жақты талдаудың, өлшеудiң әдiстерi мен техникасын тұжырымдап қалыптастырады. Олар нақтылы қоғамдық және гуманистiк ғылымдарда кеңiнен қолданылады. Әлеуметтік педагогикалық педагогиканың басқа ғылымдармен байланысының үшiншi негiзгi түрi- ол нақтылы ғылымдармен тығыз жақындасып, байланысу арқылы, ғылыми арнайы тұжырымдық база қалыптастырады. Мысалы, экономика ғылымымен тығыз байланыста болып экономикалық құбылыс пен процестердi әлеуметтiк тұрғыдан зерттейтiн экономикалық социология бар. Құқық ғылымымен бiрiгiп зерттеу жүргiзудiң нәтижесiнде құқық социологиясы; саяси теориямен бiрiге отырып саяси социология; тәрбие социологиясы; т.б. социологияның арнаулы теориялары пайда болды. Бұлар әлеуметтiк теориялар немесе орта деңгейдегi теориялар деп аталады. Яғни социология қоғамдық ғылым болғандықтан қоғамдық ғылымдармен тығыз байланыста дамып бiр- бiрiн толықтырады. Екiншiден, әртүрлi құбылыстарды зерттеуде ортақ әдiс-тәсiлдердi қолданады және бiр-бiрiнен алған фактiлерге сүйенедi. Үшiншiден, қоғамның әртүрлi салаларын зертегенде сол сала теорияларымен тығыз байлнықа түседi.