Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 курс СТОМ 2011 каз яз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.57 Mб
Скачать

Пәннің балдық-рейтингтік жүйе бойынша бағалау

Әріп жүйесі бойынша баға

Сандық

эквивалент

Проценттік бағалау

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

А

4,0

95-100

ҮЗДІК

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

ЖАҚСЫ

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

ҚАНАҒАТТАНҒЫСЫЗ

МАМАНДЫҚ: СТОМАТОЛОГИЯ

КАФЕДРА: ФАРМАКОЛОГИЯ

1.3.ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ

КУРС: 3

ПӘН:Фармакология

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Кафедраның ПОҚ

2013 ж.

Кафедра мәжілісінде бекітілген

№ _________хаттама “____” ____________2013 ж.

Бекітілген

каф. мең., профессор Г.М.Пичхадзе

1 дәріс

1. Тақырыбы: «Фармакология пәніне кіріспе. Жалпы фармакология»

2. Мақсаты: Стоматолог дәрігерлерді дайындауда фармакологияның алатын орнын және маңызын, сонымен қатар оның даму тарихын, жетістіктерін және алдына қойылған мақсатын анықтау.

3. Дәрістің тезисі:

Фармакология - (pharmacon- дәрі, белсенді бастама және logos – сөз, оқып үйрену) – дәрілік зат ретінде қолданылатын химиялық қосылыстардың тірі ағзамен өзара әсерлесуі, және де жаңа тиімді дәрілік заттарды іздестіру жолындағы ғылым.

Фармакологияның дамуының екі кезеңі:

1. Эмпириялық - ежелгі заманнан XVIII-ші ғасырдың соңына дейін;

2. Ғылыми-эксперименталдық – XVIII-ші ғасырдың соңынан қазіргі уақытқа дейін.

Дәрілік заттарды іздеудің негізгі бағыттары: 1. Препараттарды химиялық синтездеу: А. Эмпериялық жол: 1) Кездейсоқ табылу, 2) «Іріктеу»;

Б. Бағыттап синтездеу: 1. биогенді заттарды алу; 2. антиметаболиттерді алу.

3. биологиялық белсенділігі белгілі қосылыстардың молекуласын модификациялау;

4. ағзада заттардың химиялық өзгеріске ұшырауын зерттеуге негізделген синтез.

В. Кванттық механикалық есептеу көмегімен жаңа дәрілік заттарды компьютермен моделдеу жолы.

2. Дәрілік шикі заттардың препараттарды алу және жеке заттарды бөліп алу: 1) Жануар тектес, 2) Өсімдік тектес, 3) Минералдардан.

3. Саңырауқұлақтар мен микроорганизмдердің тіршілік қызметі өнімдерінен дәрілік заттардың бөлініп алынуы.

4. Дәрілік заттарды биотехнология көмегімен алу (жасушалық және гендік инженерия).

4. Иллюстрациялық материал: дәрістің мультимедиялық электрондық нұсқасы (студент кафедрадан алады)