Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 курс СТОМ 2011 каз яз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.57 Mб
Скачать

2.4 Оқытудың соңғы нәтижелері:

Студент білуі қажет:

  • фармакология пәнінің фармакологиялық терминологиясын және міндеттерін;

  • дәрілік қалыптар, дәрілік препарат, дәрілік зат жөнінде түсінік;

  • халықаралық, патенттелмеген негізгі өмірге маңызды, жедел-жәрдем көмегі кезінде қолданатын дәрілік заттар атауларын,

  • дәрілік заттардың жіктелуін;

  • дәрілік заттардың фармакокинетикасының және фармакодинамикасының жалпы заңдылықтарын;

  • медицинада, оның ішінде дәрігер-стоматолог тәжірибесінде негізгі қолданылуын;

  • ағзаның жеке күйінің ерекшеліктеріне, аурудың жағдайына және препараттың қасиетіне байланысты медицина тәжірибесінде, соның ішінде стоматологияда мөлшерлеу тәртібін және принципін;

  • рецепт, рецепттің қүрылымы және әртүрлі дәрілік қалыптарға рецепт жазудың жалпы принциптерін меңгеруді және рецепт құрастыруды, соның ішінде стоматологияда қолданылуын;

  • дәрілік заттармен шақырылатын жағымсыз және жанама әсерлер, олардың алдын-алу және пайда болған кезде жою жолдары;

Студент жасай білуі тиіс:

  • болашақ мамандығына сай алған білімдерін қолдану;

  • дәрілік қалыптарға рецепт жазу;

  • дәрілік қалыптарды, қолдану тәсілдерін, енгізу жолдарын таңдау, соның ішінде стоматологияда ;

  • дәрілік заттардың фармакологиялық қасиеттерінің жиынтығы және олардың әсер ету, әсер орны бойынша сараптау;

  • дәрілік заттардың жұптастыруды, жағымсыз жанама әсерлерін анықтауды және мүмкіндігінше оларды жоюды;

Дағдыларды игеру:

  • рецепттерді құрастыру, әр түрлі дәрілік қалыптарды рецептте жаза білу;

  • Кейбір өмірге қажетті дәрілік заттарды рецепте жазу

  • Дәрілік заттардың дозалары мен концентрациясын анықтау;

  • Енгізу жолдарын анықтау;

  • Клиникалық және аптека қызметкерлеріне және тұрғындарға дәрілік заттар туралы ақпараттармен қамтамасыз ету;

2.5 Пәннің реквизитке дейінгі және пәннің реквизиттен кейінгі.

Реквизитке дейінгі: молекулалық биология және медициналық генетика, биологиялық химия, физиология, патологиялық физиология, патологиялық анатомия

Реквизиттен кейінгі: ішкі аурулар, жалпы хирургия, жұқпалы аурулар,терапевтік стоматология, хирургиялық стоматология.

2.6 Пәннің қысқаша мазмұны.

Фармакология пәнінің мазмұны оқытылады. Фармакология пәнінің басқа пендермен байланысы. Негізгі фармакокинетика және фармакодинамика түсініктері. Дәрілік заттардың жіктелуін, жалпы сипаттамасын, әсер ету механизмдерін, қолдануға және қарсы көрсеткіштерін, оқытылатын препаратттар тобының жанама әсерлерін, алдын-алу шараларын, кейбір препаратттарды шамадан тыс қолданғанда көмек көрсете білу. Стоматология тәжірибесінде қолданылуындағы ерекшеліктері.

2.7 Дәрістердің, практикалық сабақтардың, сөж тақырыптың жоспары.

2.7.1 Стоматология факультетінің 3 курс «Стоматология» мамандығының студенттеріне арналған дәрістердің тақырыптың жоспары

(академикалық сағат ұзақтығы 50 минут)

Дәріс тақырыбының аты

Өткізу түрлері

Сағат көлемі (сағ.)

1.

Фармакология пәніне кіріспе.. Жалпы фармакология

Мәселелі дәріс

1

2.

Афференттік иннервацияға әсер ететін заттар

Шолу дәрісі

1

3.

Холинергиялық заттар

Мәселелі дәріс

1

4.

Адренергиялық заттар

Мәселелі дәріс

1

5

Анальгетиктер.

Мәселелі дәріс

1

6..

Микробтарға қарсы заттар. Антисептикалық және дезинфекциялық заттар.

Мәселелі дәріс

1

7

Химиотерапиялық заттар. Антибиотиктер.

Мәселелі дәріс

1

8.

Ауыз шырышты қабатына және тіс ұлпасына әсер ететін заттар

Мәселелі дәріс

1

9

Дәрілік заттармен улануды емдеудің енгізгі принциптері

Мәселелі дәріс

Барлығы