Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 курс СТОМ 2011 каз яз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.57 Mб
Скачать

5. Оқыту және сабақ беру әдістері:

- әртүрлі дәрілік қалыптарға рецепт жазу, тесттік тапсырманы орындау;

-тақырыптың сұрақтарын ауызша сұрау.

6. Әдебиет:

Негізгі:

  1. Харкевич Д.А. Фармакология: Мемлекеттік тілдегі оқулық, толықтырылған, қайта өңделген Алматы, 2009 – 608 б.

  2. Фармакология (Харкевич Д.А.) оқулығының мемлекеттік тілдегі аудармасы. Алматы, 2004. – 607 б.

  3. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 10-е изд., перераб., доп. и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008 - 752 б.

  4. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.- Б. 26 -77

  5. Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001. – Б. 7 -31

  6. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии. /Под ред. Д.А.Харкевича. Медицина, 2005. – Б. 20-40 (задачи 35 -38, задания II - 1 -5)

Қосымша:

  1. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров/ Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и дополненное: учебное пособие – М.:ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – 704 б.

  2. Пичхадзе Г.М. Пичхадзе Л.Г. Энциклопедический словарь основных терминов, используемых в фармакологии –Алматы «Ғылым» 2000.

  3. Бертрам Г. Катцунг. Базисная и клиническая фармакология (перевод д.м.н., проф. Э.Э. Звартау.) - Санкт-Петербург, 1998.- 1043 б.

  4. Клиническая фармакология. /под ред. В.Г. Кукеса.-ГЭОТАР.: Медицина, 1999. – 517 б.

  5. Кафедрада оқылатын дәрістер, фармакология кафедрасында басылымға шыққан әдістемелік көрсетулер.

7. Бақылау Бағаланатын компетенциялар: білім, операционалды компетенция, коммуникативті компетенция

  1. «Жалпы рецептура. Жалпы фармакология» тараулары бойынша ауызша сұрау;

  2. Әртүрлі дәрілік қалыптарға рецепт жазу;

  3. Тесттік тапсырманы орындау;

Өзіндік бақылауға араналған тесттік тапсырмалар

Рецептте жазу:

  1. Құрамында 30 мг кофеин (Coffeinum) және 20 мг фенобарбитал (Phenobarbitalum) бар 20 таблетканы. 1 таблеткадан күніне 2 рет.

  2. Құрамында 5 % этазолы (Aethazolum) бар 5,0 жағылманы. Көз жағылмасы. Рецептті толық түрде жазыңыз.

  3. 2,5 % гризеофульвиннің (Griseofulvinum) 30,0 линиментін. Зақымдалған тері аймақтарына жағу үшін.

  4. 10 мл 0,125% эргокальциферолдың (Ergocalciferolum) майлы ерітіндісін. Ішке 2 тамшыдан күніне 2 рет тағайындау. Бір реттік мөлшерін есептеңіз.

  5. 25 мл жусанның (Absinthium) тұнбасын. 25 тамшыдан тамақ алдында тағайындау.

  6. Құрамында 0,01 димедрол (Dimedrolum), 0,1 эфед­рин гидрохлориді (Ephedrini hydrochloridum) және 3 тамшы бұрыш жалбыз майы (Oleum Menthae piperitae) бар шабдалы майында (Oleum Persicorum) жасалған 10 мл құлаққа арналған тамшыларды. Құлаққа 3 тамшыдан күніне 3 рет тағайындау.

  7. 0,25 аминоакрихині (Aminoacrichinum) бар 12 қынаптық суппозитоияны. 1 суппозиториядан 2 күнде 1 рет тағайындау.

  8. 50 мг теңіз жуасы (bulbum Scillae) бар 25 ұнтақты. 1 ұнтақтан күніне 4 рет.

  9. 1 мл (10 ЕД) питуитрині (Pituitrinum) бар 12 ампуланы. Тері астына 1 мл-ден күніне бір рет.

10. 4 күнге тағайындалған 0,45 ипекакуана түбірінің тұндырмасы (radix Ipecacuanhae). Созылмалы бронхитте 1 ас қасықтан күніне 3 рет тағайындау.

Тест № 1(3)

Дәрілік заттарды ішке енгізуге тән:

1. Бауырға бармай жалпы қан айналымға түсуі.

2. Сіңудің АІЖ құрамының сипаттамасына тәуелділігі.

3. Сіңудің АІЖ моторикасы белсенділігіне тәуелділігі.

4. Әлсіз электролиттер сіңуінің рН орталыққа тәуелділігі.

5. Таралудың АІЖ құрамының сипаттамасына тәуелділігі.

Тест №2 (2)

Дәрілік заттың жасуша мембранасы арқылы пассивті диффузиясының қарқындылығы анықталады:

1. заттардың липофильдік дәрежесімен

2. мембрана саңылауларының диаметрімен

3. белгілі қосылыстарға талғамдылығымен

4. заттардың концентрация градиентімен

5. энергия шығынымен

Тест №3

Дәрілік заттардың асқорыту жолдарында сіңу механизмдері:

1. сүзілу

2. пиноцитоз

3. белсенді тасымалдану

4. пассивті диффузия

5. жеңілдетілген диффузия

Тест №4 (2)

Асқазаннан фильтрация жолымен дәрілік заттардың сіңірілуі:

  1. осмостық қысымға тәуелділігі.

  2. дәрілік заттардың молекула көлеміне байланысты.

  3. дәрілік заттардың молекула көлеміне байланысты емес.

  4. ұсақ гидрофильді молекулаларға тән.

  5. липофильды дәрілік заттарға тән.

Тест №5 (2)

Дәрілік заттарды ингаляциялық жолмен енгізгенде:

1. бауыр тосқауылынан өтіп, жалпы қан айналымға түседі.

2. бауыр тосқауылынан өтпей, жалпы қан айналымға түседі.

3. әсерді тез шақырады.

4. пиноцитоз жолымен сіңеді.

5. әсерді баяу шақырады.

Тест №6 (3)

Аффинитет-бұл:

  1. Арнайы әсерді шақыратын дәрілік заттың мөлшері

  2. Дәрілік заттың рецептормен байланысқанда әсерді шақыру қабілеттілігі

  3. Дәрілік заттың арнайы рецептормен байланысу қабілеттілігі

  4. Дәрілік затты қайта енгізгенде әсердің төмендеуі

  5. Рецепторға сезімталдылықтың төмендеуі

Тест №7

Дәрілік заттың емдік индексі –

  1. емдік мөлшердің улы мөлшерге қатынасы

  2. летальді мөлшердің эффективті мөлшерге қатынасы

  3. соққы мөлшердің ұстап тұрушы мөлшерге қатынасы

  4. эффективті мөлшердің летальді мөлшерге қатынасы

  5. латентті периодтың препараттың әсер ету ұзақтығына қатынасы

Тест №8 (4)

Дәрілік заттардың әсеріне қажет негізгі «нысаналар»:

1. Арнайы ре­цепторлар

2. Иондық каналдар.

3. Құрылымдық белоктар.

4. Ферменттер.

5. Тасымалдаушы жүйелер.

Тест №9

Генетикалық негізделген энзимопатиямен байланысты және затты бірінші рет енгізген кезде дәрілік затқа туындайтын реакция, ереже бойынша, қандай терминмен белгіленеді? 1. Сенсибилизация.

2. Тахифилаксия

3. Бейімделу

4. Абсти­ненция.

5. Идиосинкразия

Тест №10 (2)

Кумуляция түрлері:

1. Материальді.

2. Физио­логиялық

3. Психикалық.

4. Функциональді.

5. Физикалық.

Тест №11 (2)

Дәрілік затты қайталап енгізген кезде бейімделуге тән

1. Дәрілік заттың әсерінің әлсіреуі.

2. Дәрілік заттың әсерінің күшеюі.

3. Дәрілік затты қайталап енгізуге деген құштарлық.

4. бұрынғы әсерін алу үшін дәрілік заттың мөлшерін көбейту қажеттілігі.

5. Дәрілік затты тоқтатқаннан кейінгі абстиненция (психосоматикалық бұзылыстар)

Тест №12 (2)

Дәрілік заттарды жұптастырып енгізгенде туатын көріністер

1. Кумуляция

2. Антагонизм.

3. Потенцирлену.

4. Сенсибилизация.

5. Бейімделу.

Тест №13

Дәрілік заттың мутагенді әсері:

1. Туа пайда болған ақауларға алып келетін эмбрионға жағымсыз әсері.

2. Ұрпақ генотипінің өзгерістеріне алып келетін генетикалық аппараттың бұзылуы.

3. Туа пайда болған ақауларға алып келмейтін эмбрионға жағымсыз әсері.

4. Ұрықтың дамуын тежейтін жағымсыз әсер.

5. Ұрықта ісіктердің дамуына алып келетін әсер.

Тест №14

Емдік әсердің кеңдігі:

  1. жоғары бір реттік және жоғары тәуліктік мөлшер аралығындағы интервал

  2. орташа емдік және орташа өлім мөлшер аралығындағы интервал

  3. минимальды емдік және минимальды улы мөлшер аралығындағы интервал

  4. дәрілік заттардың өзара байланысу көрсеткіші

  5. минимальды бір реттік және минимальды улы мөлшер аралығындағы интервал

Тест №15

Препараттың қандағы мөлшері екі есе төмендеуіне қажетті уақыт:

  1. жартылай таралу уақыты

  2. әсер ету ұзақтығы

  3. жартылай шығарылу уақыты

  4. латентті период

  5. метаболизм ұзақтығы

Тест №16

Резорбтивті әсер –бұл:

  1. дәрілік заттың енгізген жеріндегі әсері

  2. дәрілік заттың тікелей талғамды әсері

  3. дәрілік заттың қанға сіңгеннен соң дамитын әсері

  4. дәрілік заттың тікелей емес талғамды әсері

  5. рецептордың ынталануымен байланысты әсері

Тест №17

Екі дәрілік заттарды бірге енгізгендегі байқалатын әсер жеке қолданған дәрілік заттың әсеріне тең болса, онда бұл:

  1. аддитивті синергизм

  2. күшейтілген синергизм

  3. синергоантагонизм

  4. функционалды синергизм

  5. абстиненция

Тест №18

Циклодол «типті» антипсихотикалық заттармен шақырылған дәрілік паркинсонизм көріністерін төмендетеді. Осы препараттардың өзара байланысуының түрі:

1. Фармакокинетикалық

2. Синергоантагонизм

3. Физикохимиялық (ағза ішінде)

4. Фармацевтикалық

5. Фармакодинамикалық

Тест №19

Заттарды қайталап қолданған кезде әсерінің төмендеуі:

1. дәріге тәуелділік

2. сенсибилизация

3. синергизм

4. кумуляция

5. бейімделу

Тест №20

Затты анықтау: адам ағзасында түрлі тосқауылдардан: ішек, тамыр қабырғасынан, жасушаның мембранасынан, субклеткалық құрылыстардың мембранасынан оңай өтеді. Негізгі сіңірілу механизмі- пассивті диффузия арқылы. Бүйрек өзекшелерінде қайта реабсорцияланады. Ағзадан метаболит түрінде шығарылады:

1. иондалған

2. гидрофильді

3. липофильді

4. төртіншілік

5. майда ерімейтін

Тесттік тапсырмалардың жауаптары

1

2,3,4

2

1,4

3

4

4

2,4

5

2,3

6

3

7

2

8

1,2,4,5

9

5

10

1,4

11

1,4

12

2,3

13

2

14

3

15

3

16

3

17

1

18

5

19

5

20

3