Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 курс СТОМ 2011 каз яз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.57 Mб
Скачать

3. Хронометраж

Сабақтың ұзақтығы 3 сағат (150 мин.)

  • Ұйымдастыру бөлімі – 3 мин.

  • Студенттің өзіндік жұмысы (рецепт жазу, тесттік тапсырманы шешу) – 72 мин.

  • Студенттің оқытушымен бірге орындайтын жұмысы – 45 мин.

  • Білімнің соңғы деңгейін бақылау - 25 мин.

  • Жалпы білімді бағалау – 3 мин.

  • Өзіндік дайындыққа тапсырма – 2 мин.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары

1. Ерітінділер, жалпы сипаттамасы. Еріткіштер. Ішке және сыртқа қабылдайтын ерітінділер. Ерітінділердің жазылу ережелері: толық және қысқартылған түрде жазу. Ерітінділерді әртүрлі белгілеу әдістері. концентрацияда жазу. Ішке қабылдайтын ерітінділерді мөлшерлеуі, мөлшерді есептеуі. Официналды ерітінділер. Рецептте жазу ережелері.

2. Тұндырмалар, қайнатпалар, сипаттамасы, дайындау ерекшеліктері. Рецептте жазылу ережелері.

3. Өсімдіктер жинақтары, олар жөніндегі түсінік.

4.Тұнба, сипаттамасы, дайындау айырмашылығы, тұндырмалардан айырмашылығы, мөлшерлеуі, рецептте жазылу ережелері.

5. Сығындылар, түрлері, сипаттамалары, жазылу ережелері.

6. Жаңа гален препараттары, жалпы сипаттамасы, гален препараттарынан айырмашылығы, рецепте жазу ережелері.

7. Эмульсиялар, жалпы сипаттамасы, жазу үлгілері толық және қысқартылған, официналды эмульсиялар.

8. Суспензиялар, жалпы сипаттамасы, қысқартылған түрінде жазу үлгілері.

9. Микстуралар, жалпы сипаттамасы, жазу үлгілері.

10. Шырыштар, жалпы сипаттамасы, көрсетілуі.

11. Линименттер, жағылмалардан айырмашылығы, жазу үлгілері.

12. Аэрозольдар жөнінде түсінік, жазу үлгілері.

13. Көз пленкалар жөнінде түсінік.

14. Инъекцияға арналған дәрілік қалыптардың алдына қоятын негізгі талаптар

5. Оқыту және сабақ беру әдістері: ауызша сұрау, рецепт жазу.

6. Әдебиет:

Негізгі:

  1. Харкевич Д.А. Фармакология: Мемлекеттік тілдегі оқулық, толықтырылған, қайта өңделген Алматы, 2009 – 608 б.

  2. Фармакология (Харкевич Д.А.) оқулығының мемлекеттік тілдегі аудармасы. Алматы, 2004. – 607 б.

  3. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 10-е изд., перераб., доп. и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008 - 752 б.

  4. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.- С.559-572

  5. 3.Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии. /Под ред. Д.А.Харкевича. Медицина, 2005. – С.12-19

Қосымша:

  1. ҚР ДСМ 2009 жылдың 16 қарашасындағы № 711 бұйрығы

  2. ҚР ДСМ 2009 жылдың 07 сәуіріндегі № 173 бұйрығы

  3. ҚР Фармакопеясы 2007 ж.

  4. Кафедрада басылымға шыққан оқу құралдары

7. Бақылау:

Келесі компетенциялар бағаланады: операционалды компетенция

а) тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау

б) рецепт жазу

Рецептте жазу:

1.1:30 қатынасында валериана түбірі мен негізгі тамырсабағының /rhizoma cum radicibus Valerianaе/ тұндырмасы мен 20 мл сасықшөп тұнбасы /Leonuris/ және әр қабылдауға 0,5 натрий барбиталынан /Barbitalum-natrim/ тұратын 180 мл микстураны. 1 асқасықтан тәулігіне 3 рет.

2.1,0 бор қышқылы /Acidum boricum/, 10,0 мырыш тотығы /Zinci oxydum/ және 40 мл күнбағыс майы /Oleum Helianthum/ бар линиментті. Сыртқа қолдану үшін.

    1. мл Цититон /Cytitonum/ бар 10 ампуланы жазу. 1 мл-ден көк тамырға.

4.10% 200 мл кальций хлориді /Calcii chloridum/ ертіндісі. 1 ас қасықтан күніне 3 рет. Бір реттік мөлшерін есептеу.

5.0,1 гексеналдың /Hexenalum/ құрғақ ұнтағын 6 флаконда жазу. Флакон құрамын 20 мл инъекцияға арналған суға ерітіп, көк тамырға баяу енгізу.

3 Сабақ