Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 курс СТОМ 2011 каз яз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.57 Mб
Скачать

6. Әдебиет:

Негізгі:

  1. Харкевич Д.А. Фармакология: Мемлекеттік тілдегі оқулық, толықтырылған, қайта өңделген Алматы, 2009 – 608 б.

  2. Фармакология (Харкевич Д.А.) оқулығының мемлекеттік тілдегі аудармасы. Алматы, 2004. – 607 б.

  3. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 10-е изд., перераб., доп. и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008 - 752 б.

  4. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.- С.559-572

  5. 3.Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии. /Под ред. Д.А.Харкевича. Медицина, 2005. – С.12-19

Қосымша:

  1. ҚР ДСМ 2009 жылдың 16 қарашасындағы № 711 бұйрығы

  2. ҚР ДСМ 2009 жылдың 07 сәуіріндегі № 173 бұйрығы

  3. ҚР Фармакопеясы 2007 ж.

  4. Кафедрада басылымға шыққан оқу құралдары

7. Бақылау:

Келесі компетенциялар бағаланады: операционалды компетенция

а) тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау

б) рецепт жазу

Рецептте жазу:

  1. Құрамында 5% анестезині (Anaesthesinum) бар, ланолинде жасалған 100,0 пастаны жазу. Зақымдалған тері аймақтарына жағу.

  2. Әр граммда 100 000 ӘБ нистатині /Nystatinum/ бар 30,0 жағылманы жазу. Зақымдалған тері аймақтарына жағу.

  3. 50 драже «Гексавит» (Hexavitum) жазу. 1 драже күніне 1 рет.

  4. Глицерофосфаттың (Glycerophosphas) 100,0 грануласын жазу. Алдын ала суға ерітіп, 1 шай қасықтан күніне 2-3 рет.

  5. 0,2 левомецитиннің (Laevomycetinum) 10 ұнтағын жазу. 1 ұнтақтан күніне 3 рет.

2 Сабақ

Тақырыбы: «Жалпы рецептура. Сұйық дәрілік қалыптар. Инъекцияға арналған дәрілік қалыптар. Әртүрлі дәрілік қалыптар»

1. Мақсаты: Сұйық және иньекцияға арналған дәрілік қалыптарға рецепт құрастыру және безендірудің жалпы принциптерін игеруге және бір реттік дозасын есептеп үйрену бойынша білімін қалыптастыру.

2. Оқытудың міндеттері:

Когнитивті компетенция

  1. Әртүрлі дәрілік қалыптарға рецепт жазу және дәрілік заттың дозасы мен концентрациясын есептеуге үйрету.

  2. Дәрілік қалыпты және дәрілік затты қолдану тәсілін таңдауға үйрету.

Операционалды компетенция

  1. Сұйық және иньекцияға арналған дәрілік қалыптарға рецепт жазу дағдыларын қалыптастыру.

  2. Препараттардың бір реттік мөлшерін білуді қалыптастыру.

Коммуникативті компетенция:

  1. Шешендік сөйлеу мәнерін игеру.

  2. Даулы жағдайдың дамуын алдын алу және шеше білу.

  3. Ұжым мүшелері арасында мотивация, сенімділік, достық райды қалыптастыру мәселелерін пайдалана білу.

  4. Мәселеге өзінің көзқарасын білдіре білу.

  5. Фармакологияның мәселелері бойынша логикалық ойлау, пікірталас, жарыс сөз өткізу.

Құқықтық компетенция

    1. ҚР актілерінің негізгі заңдылықтарының қолданылуын, дәрілік заттардың дұрыс жазылуын, босатылуын, сақталуын, медициналық мақсаттағы өнімдер және медициналық техникаларды.

Өзіндік даму (үздіксіз оқу және білім алу):

  1. Өз бетінше ақпараттар іздену, өңдеу және оны қазіргі заманғы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологияны пайдаланып талдау.

  2. СӨЖ әртүрлі формасын орындау (эссе, тесттік тапсырмалар, презентация, реферат және т.с.с құрастыру.)