Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 курс СТОМ 2011 каз яз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.57 Mб
Скачать

3. Дәріс тезисі

Антисептиктер – жұқпалы үрдістің дамуын алдын алу мақсатында теріні, шырышты қабықты, жара бетін және дене қуыстарын (әдетте, сыртқы ортамен жанасатын) зазалсыздандыру үшін қолданылатын заттар. Яғни, адамның жабындыларын микробтардан деконтаминациялау үшін қолданылатын заттар.

Дезинфекциялаушы заттар – жұқпалы үрдістің дамуын алдын алу мақсатында адамды қоршаған ортадағы (бөлмедегі, киім-кешектегі, науқастың күтетін заттардағы, жұқпалы аурумен ауырған науқастың бөлінділерін т.с.с) микроорганизмдерді жою үшін қолданылатын заттар. Яғни, сыртқы ортаның нысандарын таңдамалы түрде деконтаминациялау үшін (инфекция көзінен қабылдағыш ағзаға қоздырғыштың берілуі жолын үзу мақсатында) қолданылатын дәрілік заттар.

Антисептиктерді әдетте жабын тіндерге (теріге, шарышты қабаттарға) сыртқа жағуға пайдаланылады. Кейбір антисептиктерді асқазан-ішек жолында ж/е зәр шығару жолдарында орналасқан микроорганизмдерге әсер ету үшін қолданылады. Олар концентрациясына байланысты бактериостатикалық немесе бактерицидтік әсер етеді. Дезинфекциялаушы заттар медициналық құрал-жабдықтарды, аппараттарды, бөлмелерді, науқастың бөлінділерін ж/е пайдаланған ыдыстарын залалсыздандыруға қажет. Олар бактерицидтік концентрацияда инфекция таралуының алдын алуға қолданылады. ЖІКТЕЛУІ (алу жолы, химиялық құрылысы, әсер ету механизмі бойынша

Құрамында галогендер бар қосылыстар: хлор препараттары (хлорлы әк, хлорамин Б), йод препараттары (йодтың спиртті ерітіндісі, Люголь ерітіндісі, йодинол, йодоформ)

Тотықтырғыштар: сутегінің асқын тотығы, калий перманганаты

Қышқылдар мен сілтілер: бор қышқылы, аммиак ерітіндісі

Металл қосылыстары: сынап препараттары - сынап дихлориді, сынап оксицианиді, сынаптың сары тотығы; мыс препараттары – мыс сульфаты; күміс препараттары – күміс нитраты, колларгол, протаргол; мырыш препараттары – мырыш тотығы, мырыш сульфаты; висмут препараттары - дерматол, ксероформ

Фенол және оның туындылары: таза фенол, лизол, резорцин, қайыңның қара майы

Альдегид тер және спирттер: формальдегид ерітіндісі, этил спирті

Бояғыштар: бриллиант жасылы, этакридин лактаты

Нитрофуран туындылары: фурацилин

Детергенттер: церигель, роккал, этоний

Бигуанидтер: хлоргексидин

Табиғи тектес әртүрлі антибактериялық заттар: лизоцим, календула тұнбасы, натрий уснинаты, новоиманин

4. Иллюстрациялық материал: дәрістің мультимедиялық электрондық нұсқасы (студент кафедрада алады)

5. Әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Харкевич Д.А. Фармакология оқулығының мемлекеттік тілдегі аудармасы. Алматы, 2004. -608 б.

  2. Харкевич Д.А. Фармакология. Издание десятое – М.: Медицина ГЭОТАР, 2008. – 750 с.

  3. Харкевич Д.А. Фармакология. Издание восьмое – М.: Медицина ГЭОТАР, 2005. – 735 с.

Қосымша:

  1. Машковский М.Д. Лекарственные средства. – М., 2007. -1206 с.

  2. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров/ Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и дополненное: учебное пособие – М.:ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – С.208 – 239.

  3. Базисная и клиническая фармакология /под ред. Бертрама Г. Катцунга. – С.-П., 1998,т.1.

  4. Красильников А.П. Справочник по антисептике. Минск, 1995.

  5. Гудькова Е.И., Красильников А.П. Контроль за микробной контаминацией антисептиков дезинфектантов. Лаб. дело, 1991, № 1.

  6. Красильников А.П. и др. Современные проблемы антисептики. Здравоохр. Белоруссии, 1990, № 11.

  7. Лужников Е.А., Костомарова Л.Г. Острые отравления: Руководство для врачей. 2-е изд., переработанное и дополненное. –М.: Медицина, 2000. – 434 с.

  8. Деримедведь Л.В., Перцев И.М., Шуванова Е.В., Зупанец И.А., Хоменко В.Н. «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии»-Издательство «Мегаполис» Харьков 2002. -782с.