Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 курс СТОМ 2011 каз яз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.57 Mб
Скачать

5. Әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Харкевич Д.А. Фармакология оқулығының мемлекеттік тілдегі аудармасы. Алматы, 2004. -608 б.

  2. Харкевич Д.А. Фармакология. 10 басылым. – М.: Медицина ГЭОТАР, 2008. – 750 б.

  3. Харкевич Д.А. Фармакология. 8 басылым – М.: Медицина ГЭОТАР, 2005. – 735 б.

Қосымша:

  1. Оксфордский справочник по клинической фармакологии и фармакотерапии. – М., 2000.

  2. Машковский М.Д. Лекарственные средства. 15 басылым. - М.: Новая волна, 2005. – 601 б. (т.1).

  3. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров/ Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и дополненное: учебное пособие – М.:ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – 704 б.

  4. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.- Б. 26 – 80.

  5. Справочник врача общей практики. – М., 2002, т. 1-2.

  6. Шалов К.С. Новое в законодательстве РК в сфере оборота наркотических средств, психотропных веществ и прекрусоров. Фармация Казахстана. 2002, № 8.

  7. Виноградов В.М., Каткова Е.Б., Мухин Е.А.. Фармакология с рецептурой. Учебник для медицинских и фармацевтических училищ и колледжей. С.- П., 2002. – С.415-437

  8. Азизова С.С. Фармакология. Учебник. – Ташкент, 2002.

  9. Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001. – Б. 7-31.

6.Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

1. Типтік нейролептиктерді атаңыз.

2. Күндізгі транквилизаторлардың ерекшелігі қандай?

3. Нейролептиктердің негізгі жанама әсерлері қандай?

4. Тыныштандырғыш заттардың әсер механизмі.

11 дәріс

Тақырыбы: "Ынталандырғыш әсер көрсететін психотропты заттар"

2.Мақсаты: әр түрлі патологиялық жағдайларда, соның ішінде стоматологиялық практикада препаратты тиімді таңдай білу үшін студенттерде ОЖЖ ынталандыратын заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының жалпы заңдылықтары бойынша білімді қалыптастыру

3. Дәріс тезистері:

ОЖЖ ынталандыратын заттар әртүрлі химиялық құрылысты болып келеді, синтетикалық және өсімдік тектес болуы мүмкін. Негізінен топ препараттары ОЖЖ функционалдық белсенділігін жоғарылатады және оның тежелуін төмендетеді. Психикалық ауруларды емдеудің қазіргі кездегі жетістіктері практикаға көптеген депрессияға қарсы заттарды, психостимуляторларды, нейрометаболикалық әсері бар заттарды енгізуге байланысты.

Психостимуляторлар ОЖЖ-нің жоғарғы бөлігінің тонусын күшейтеді, ұзақ және күрделі жұмыстан соң дамитын әлсіздіктің алдын алу және азайту, ұйқыға, тағамға, демалуға деген қажеттілікті уақытша тежеу үшін қолданылады.

Антидепрессанттар – уақытша қайғыны, себепсіз депрессияны басу үшін қолданылатын, тимолептикалық әсер көрсететін заттар (көңіл күйді жақсартады).

Ноотроптар – мидың жоғарғы интегративтік қызметін белсендіретін, ұзақ уақыт қолданғанда оқу, зейін қою, есте сақтауды жақсартатын, мидың зат алмасу (энергитикалық) үрдісін жақсартатын, реологиялық әсер көрсете отырып мидық қан айналымын жақсартатын, дегенеративтік үрдістердің, мидың жарақаттарының, уланудың нәтижесінде ми қызметінің бұзылыстарында, сонымен қатар, балалар практикасында ми қызметінің жетіспеушілігінде, маскүнемдік бұзылыстарда, Альцгеймер ауруында және т.б. қолданылады. Ноотропты заттардың нгізгі қасиеттерінің біріне гипоксияға қарсы және тырысуға қарсы әсерлер жатады.

ОЖЖ ынталандыратын заттардың ішнде маңыздыларына аналептиктер, ОЖЖ қызметін қалыпты жағдайға келтіретін заттар жатды.

Аналептиктер – тыныс алу және тамыр тарылтқыш орталықты ынталандыратын заттар. Ағзаның өмірге қажетті қызметтерін – тыныс алу және қан айналу қалыпқа келтіреді, жедел жәрдемге арналған препарат болып табылады. Олар орталық жүйке жүйесінің басқа да бөлімдерін ынталандыру мүмкін.

4. Иллюстрациялықі материал: мультимедиялық дәрістің электрондық нұсқасы (студент кафедрадан алады)