Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Патан ДС.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
94.21 Кб
Скачать

«Астана медицина университеті» ақ патологиялық анатомия кафедрасы

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Тақырыбы: Жедел бронхит. Жедел пневмония: бронхопневмония, крупозды, аралық.

Сағат саны 3 сағат

Курс 3

051301 Мамандығы «Жалпы медицина»

Құрастырған: Сулейменова А.Ю.

Астана, 2009ж.

Кафедра кеңесінде талқыланған және бекітілген

« 28 » тамыз 2009 ж., хаттама№ 1

Каф. меңг.________________ Манекенова К.Б.

Кафедра кеңесінде талқыланған және бекітілген

«____» ______________ 200 ж., хаттама№ ___

Каф. меңг.________________ Манекенова К.Б.

Кафедра кеңесінде талқыланған және бекітілген

«____» ______________ 200 ж., хаттама№ ___

Каф. меңг.________________ Манекенова К.Б.

Кафедра кеңесінде талқыланған және бекітілген

«____» ______________ 200 ж., хаттама№ ___

Каф. меңг.________________ Манекенова К.Б.

Кафедра кеңесінде талқыланған және бекітілген

«____» ______________ 200 ж., хаттама№ ___

Каф. меңг.________________ Манекенова К.Б.

1. Тақырыбы: Жедел бронхит. Жедел пневмония: бронхопневмония, крупозды, аралық.

2. Мақсаты : Тәжірибе сабағында тыныс алу органдарының жедел дамитын ауруларының морфологиялық белгілері мен асқынуларын танысып бекіту.

3. Оқыту мақсаты:

Студентті үйрету:

  • Макро және микроскопиялық көрінісі бойынша крупозды пневмонияның кезеңдерін диагностикалау;

  • Морфологиялық көрінісі бойынша жедел пневмониялардың түрлерін ажырата білу;

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Жедел пневмониялардың морфологиялық жіктелуі;

  2. Крупозды пневмониялардың кезеңдерінің морфологиялық көрінісі, асқынулары және салдары;

  3. Бронхопневмониялардың морфологиялық сипаттамасы;

  4. Аралық пневмониялардың морфологиялық сипаттамасы;

5. Оқу және оқыту әдістері:

1.Кіші топтарда жұмыс жасау.

2. Макропрепараттарды талдау:

а) Крупозды пневмония сұрлану сатысындағы: Сипаттау керек: висцералды плевраның күйі, өкпенің зақымдану аумағы, кескінде өкпе түсінің біркелкілігі, бауырға ұқсас тығыз консистенциясы. Аурудың кезеңін анықтап, себебін, мүмкін болатын асқынуларын атау керек.

б) Крупозды пневмония қызғылттану сатысындағы: Сипаттау керек: висцералды плевраның күйі, өкпенің зақымдану аумағы, кескінде өкпе түсінің біркелкілігі, бауырға ұқсас тығыз консистенциясы. Аурудың кезеңін анықтап, себебін, мүмкін болатын асқынуларын атау керек.

3. Микропрепараттарды қарап суретін салу:

а) Крупозды пневмония (г-э бояуы.). Анықтау керек: өкпе тінінің ауаға толуының төмендеуі, альвеолаларда экссудаттың болуы, экссудаттың жасушалық құрамын атау, аурудың кезеңін анықтау.

б) Іріңді бронхит (г-э бояуы.). Анықтау керек: бронх жағдайы мен бронх қабырғаларының қабыну сипатын белгілеу, перибронхиалық тіндердің жағдайын белгілеу.

в) Карнифицацияланған пневмония (г-э бояуы.). Анықтау керек: өкпе тінідегі ауаның төмендеуі, экссудаттың организациялануынан.

г) Аралық пневмония (г-э бояуы.). Анықтау керек: қабыну инфилтрациясы салдарынан альвеолааралық заттардың қалыңдауы, жасушалық құрамын суретте.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]