
- •Инвеститциялық жобалардың тиімділігі
- •1. Инвеститциялық жобалаудың негізі
- •1.1. Инвеститциялық жобалардың түрлері
- •1.2. Инвеститциялық жобаның циклдері
- •1.3. Инвеститциялық жобалардың критерийлері
- •2. Инвестициялық жобалардың тиімділігі
- •2.1. Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау қағидалары және талдау
- •2.2. Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
2.1. Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау қағидалары және талдау
Инвестициялық жобаны қаржылық талдау қаржылық пайда, не зиян әке-летін жобаны қабылдау не қабылдамау жөнінде шешім қабалдау үшін қажет-ті мәліметтер алуға арналған.
Инвестициялардың тиімділігін анықтау жөніндегі мәселе әрбір компания мен әрбір инвесторлардың алдында тұрған үлкен мәселе. Капитал алу немесе өз кәсіпорынына басқа капитал енгізу жөнінде шешім қабылдамас бұрын, инвестицияны жоспарлау және талдау әдісін білу қажет. Дамыған елдердің тәжірибесіне сүйенсек олар ақша ағымын талдау әдісіне негізделген. Жалпы іс жүзінде қаржылық жоспарды құраушы және инвестициялық жобаны жос-парлауға, талдау мен бақылауға мүмкіндік беретін 3 негізгі құжат бар: бух-галтерлік баланс, қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп.
Кәсіпорын қызметінің тиімділігн арттырудың тек екі жолы бар: қымбат-тырақ және көбірек сату немесе арзанырақ өндіру.
Инвестициялық жобаның тиімділік көрсеткіштерін 2 негізгі топқа бөлуге болады.
Біріншісі - өндірістік қызметтің тиімділігінің және жобаны жүзеге асы-рып отырған кәсіпорынның ағымдық және болашақтағы қаржылық жағдай-ының көрсеткіштері;
Екіншісі – инвестиция тиімділігнің көрсеткіштері немесе Кэш-Флоу дисконтталған белгілері.
Өндірістік қызмет тиімділгінің көрсеткіштеріне барлық активтер мен олардың құрамдас бөліктерінің табыстылғының салыстырмалы көрсеткіш-тері, іскерлік белсенділік көрсеткіштері, төлем қабілеттілгі және өтімділік көрсеткіштері жатады.
Нарықтық қатынастары дамыған елдерде инвестициялық жобалардың тиімділгін бағалауда шығынсыздық әдісін қолданады, өйткені бұл әдіс қар-жылық ақпараттың аса маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Кәсіп-керге сату көлемін өзгертткеннен, оның кәсіпорыны қанша пайда табатын-дығын есептегенннен гөрі , сату көлемі қандай болған жағдайда оның кәсіп-орыны зиян шекпейтіндігін есептеген маңыздырақ. Басқаша айтсақ зиянсыз-дық нүктесін табу қажет.
Зиянсыздық нүктесі – кәсіпкердің өз шығындарын жабатын белгілі бір уақыт аралығындағы сауда көлемінің деңгейі. Зиянсыздықты талдау келе-сілерді анықтауға мүмкіндік береді:
шығындарды жауып, қажет мөлшерде табыс алуға мүмкіндік беретін сату көлемі;
кәсіпорын табысының өнім бірлігінің бағасының, тұрақты және айнымалы шығындардың өзгерісіне байланыстылығы;
жалпы шығындарды жабу үлесіндегі әрбір өнімнің маңызы.
Сонымен қатар салынған қаражаттардың тез өтелуін қамтамасыз ететін жобаларға ерекше артықшылық беріледі. Жобаның өтелу мерзімі дегеніміз – кәсіпорынның өндірістік қызметінен түскен түсімдердің инвестицияға жұмсалған шығынды өтеу уақыты. Ол жылмен немесе аймен өлшенеді. Формуласы келесі:
to = ИП / Д Г
t - жобаның өтелу мерзімі
ИП – бастапқы инвестициялар
ДГ - жыл сайынғы табыс