
- •Инвеститциялық жобалардың тиімділігі
- •1. Инвеститциялық жобалаудың негізі
- •1.1. Инвеститциялық жобалардың түрлері
- •1.2. Инвеститциялық жобаның циклдері
- •1.3. Инвеститциялық жобалардың критерийлері
- •2. Инвестициялық жобалардың тиімділігі
- •2.1. Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау қағидалары және талдау
- •2.2. Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
Инвеститциялық жобалардың тиімділігі
ЖОСПАР
Кіріспе
Инвеститциялық жобалаудың негізі
Инвеститциялық жобалардың түрлері
Инвеститциялық жобаның циклдері
Инвеститциялық жобалардың критерийлері
Инвеститциялық жобалардың тиімділігі
Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау қағидалары және талдау
Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Экономика дамуындағы инвестиция жайында шешім қабылдау басқар-маның стратегиялық қиын міндеті болып табылады. Инвестициялау кәсіп-орынның қаржылық жағдайын жақсартудағы тиімді шараның бірі. Әрекеттің бағытына қарай инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді: бастапқы инвести-циялар немесе кәсіпорындарды сатып алуда жүзеге асырылады; өндірістік потенциалды ұлғайтуға бағытталған, кеңейту инвестициялары; қайта инвес-тициялау, яғни кәсіпорынынң негізгі қорының құрамын қолдау мақсатында жаңа өндіріс құралдарын жасауға немесе сатып алуға бағытталған бос инвес-тициялық қаражаттармен байланысты инвестициялар.
Инвестициялар белгілі бір тәуекелмен байланысты. Бұл тәуекел салым-дардың қайтарылу мерзімі көп болған жағдайда артады, бұл мезгілде нарық конъюктурасы, шикізат бағасы және жұмыс күші және т.б. басқалары да өзгеруі мүмкін. Сондықтан салынған қаражаттар тез қайтарылуды қамта-масыз ететін жобаларға жұмсалады. Жоба – бұл белгілі-бір бастапқы мәлі-меттері бар және нәтиженің болуын талап ететін және оны шешу тәсілдеріне негізделетін міндеттерді білдіреді. Жобалардың келесідей түрлері болады: тұрғын үй салу, инвестициялау портфелін қалыптастыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламаларын, кәсіпорынды қайта құру, жаңа техника және технологиялар жасау, кинофильмдер шығару, аймақты дамыту және т.б. Жалпы түсінігі бойынша жоба – бұл белгілі бір мақсатқа жетелейтін кәсіпорынның іскерлігін өзгерту жайлы арнайы ұсыныс.
Инвестициялық жоба кәсіпорынды немесе тағы басқа қызметтік ұйым-дардың ашылуына, қайта жандануына және пайдасын арттыруына мүмкіндік береді. Инвестицияларды отандық және шетелдік инвесторлар бөліп, бос жатқан қаражаттан пайда алады. Инвестициялық жобаларды дұрыс таңдау кәсіпорынның ары қарай дамуын тиімді етеді.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді: пайда болу орнына байланысты – ішкі және сыртқы; нәтижесінің маңыздылығына байланысты – негізгі және негізгі емес; құбылыс бойынша – қарапайым және күрделі; әрекет ету уақыты бойынша – тұрақты және уақытша және инвестициялық жобаларды тиімді пайдалану.
1. Инвеститциялық жобалаудың негізі
Инвестициялық жоба - халықаралық тәжірибеде кәсіпорынның даму жоспары бизнес-жоспар ретінде көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның даму жоспарының құрамдастырылған сипаты болып табылады. Егер жоба инвестицияны тартумен байланысты болса, онда ол «инвестициялық жоба» деп аталады. Әдетте кәсіпорынның кез келген жобасы, қалай болса да, инвестицияның тартуымен байланысты болады. Жалпы түсінігі бойынша жоба – бұл белгілі бір мақсатқа жетелейтін кәсіпорынның іскерлігін өзгерту жайлы арнайы ұсыныс.
Жобаларды әдет бойынша тактикалық және стратегиялық деп ажыратады. Соңғысының қатарына меншік түрінің өзгерісін (арендалық кәсіпорынды, акционерлік қоғамды, жеке кәсіпорынды, біріккен кәсіпорындарды құру) немесе өндіріс сипатының түбегейлі (жаңа өнім өндірісі, толық автомат-тандырылған өндіріске көшу) өзгерісін қарастыратын жобаларды жатқызады. Тактикалық жобалар, әдетте, шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен, өнім сапасын жоғарлатуымен және қонырғыларды жаңартуымен байланысты болады.
Отандық тәжірибеде жоба түсінігі жаңа түсінік емес. Бұрынғы уақытта оның айырмашылығы кәсіпорынның дамуының негізгі бағыттарын заң бойынша осы кәсіпорыннан жоғары деңгейде тұрған экономикалық саланың анықтайтыны болып табылатын. Жаңа экономикалық жағдайларда кәсіп-орын, яғни оның иелері және жоғары басқару құрамы өз келешектерін, бар-лық стратегиялық және тактикалық мәселелерін өз бетінше шешеді. Мұндай іскерлік инвестициялық жобалау тұрғысынан ерекше ұйымдастырылуы тиіс.