
- •1. Гендік терапия
- •1.3. Гендік терапияның принциптері
- •1.4. Онкологиялық аурулардың гендік терапиясы
- •1.5. Тұқымқуалаған аурулардың диагностикасы мен гендік терапиясы
- •1.6. Тұқым қуаламаған аурулардың гендік терапиясы
- •1.7. «Адам геномы» бағдарламасы
- •2. Клеткалық терапия
- •2.1. Клеткалық терапияның тарихы
- •Алмастыратын ағазатерапияның белгілі хирургиялық тәсілдердің бірі ағзалар, тіндер, клеткалар, клеткаішілік құрылымдар және олардың компартменттердің трансплантациясы (сур. 8).
- •2.2. Дін клеткалары, алу технологиялары және қолдануы
- •3. Биосенсорлар мен биочиптер
- •3.1. Биосенсорлар, құрылысы және қолдануы
- •3.2. Гельді биочиптер
- •3.3. Днқ биочиптері
- •4. Наномедицина
- •4.1. Нанобөлшектер
- •4.2. Медициналық диагностикадағы нанобөлшектер
- •4.3. Дәрілерді қажетті орнына жеткізу
- •4.4. Нанодәрілер
- •4.5. Жаңа нанобиотехнологиялар
- •5. Адамның рекомбинантты
- •5.1. Рекомбинантты нәруыздар
- •5.2. Инсулин, бөліп алу технологиясы
- •5.3. Адамның өсу гормоны, бөліп алу технологиясы
- •5.4. Интерферондар
- •5.5. Интерлейкиндер. Эритропоэтин
- •5.6. Өсімдіктерде экспрессияланатын рекомбинантты нәруыздар
- •5.7. Сүтқоректілер клеткаларында экспрессиялайтын рекомбинантты ақуыздары
- •6. Диагностика және терапиядағы моноклонды антиденелер
- •6.1. Антиденелердің сипаттамасы
- •6.2. Антиденелерді бөліп алу технологиялары
- •6.3. Терапиялық антиденелер
- •6.4. Диагностикалық антиденелер
- •7. Ферменттер
- •7.1. Ферменттердің сипаттамасы
- •7.2. Ферменттерді алу технологиясы
- •7.3. Медицинада ферменттердің қолданылуы
- •8. Антибиотиктер
- •8.1. Антибиотиктер сипаттамасы
- •8.2. Микроорганизмдер түзетін антибиотиктер биосинтезінің метаболизм жолдары
- •8.3. Микроорганизмдер - антибиотиктердің өндірушілері
- •8.4. Антибиотиктер өндірушілердің селекциясы
- •8.5. Антибиотиктердің микробиологиялық синтезі
- •8.6. Пенициллиндер
- •8.9. Саңырауқұлақтарға қарсы антибиотиктер
- •9. Вакциналар
- •9.1. Вакциналардың сипаттамасы
- •9.2. Вакциналар алу технологиясы
2. Клеткалық терапия
2.1. Клеткалық терапияның тарихы
Клеткалық терапия адамның қандай да болмасын ағзалары мен тіндердің құрылымы мен функциясын орынбасушылықпен қалпына келтіру; адамның клеткалары мен тіндерін емдік мақсатта қолдану технологиясы. Медицина ғылымының қазіргі таңдағы даму кезеңінде осындай технологиялар науқастың ауру ағзасы мен тіндердің қызметін қалпына келтірудің нәтижелі және табиғи тәсілдеріне жатады.
Медициналық практикада ағзалар мен тіндердің (жүрек, өкпе, бауыр, бүйрек, көкбауыр, ішек) ауыстырып салу технологиясы, яғни классикалық трансплантология (ауто-, алло- және ксенотрансплантация) талап етіледі және кеңінен қолданылады. Қан құю, негізінен бір организмнен келесіне қан клеткаларын және оның ерітінді компоненттерін тасымалдау (аллотрансплантация) кеңінен таралған технология болып келеді.
Сөз жоқ, осының бәрі молекулалы-биологиялық, гендік зерттеулер нәтижесінен, биомедициналық практикаға жаңа инженерлік технологиялар қорытындылары ретінде лабораториялық жануарларға in vitro және in vivo-да эксперименттік жұмыстардың жетістіктері деп есептеуге болады.
1931 жылы швейцарияда Р.Niechans қателіктен қалқанша маңы безі алынып тасталған құрысып тырысулы статус жағдайында жатқан науқас әйелді өлімнен сақтап қалған. Оған әлемде алғаш болып осы безді бұзаудың клетка суспензиясымен алмастырды. Клеткалық технологияның қазіргі таңғы сатысы 1968 жылдан басталады, осы кезде бір топ ғалымдар Р.Гудтың басшылығымен ауыр тума иммунодефицитімен туылған нәрестеге дін клеткалар трансплантациясын жасаған. Ал 1969 жылы Thomas E.D. алғаш болып лейкемиямен ауыратын науқасқа сүйек кемігін алмастырған. Сүйек кемігінің трансплантациясы бұл әдістің клиникалық нәтижелігін айқындады. Бұл онкогематологиялық ауруларды емдеу әдісінің альтернативасы жоқ тәсіл және адам клеткаларын бөліп алу және қолдану технологияларын әрі қарай жетілдірді.
Трансплантанттар – бұл ағзалар мен тіндерді бір организмнен келесіне ендіруі немесе тінді организмнің бір бөлігінен келесі аймағына тінді ауыстыруы. Мысалы, пациенттің аяғының теріасты веналарынан дайындалған коронарлы шунттар немесе мықын тарақтары сүйегін қолданып омыртқалардың артродезі бір организмнің ішінде ауыстырылатын трансплантаттар; донордан реципиентке бүйректі ауыстырып салуы – организмдер арасындағы трансплантаттың ауыстырылуы.
Органотерапия – жануар текті ағзалар, тіндер, олардың фрагменттері, клеткалары немесе препараттарын емдік мақсатта қолдану тәсілдері (Лубяко А.А.,2004, сур.7). Қазіргі белгілі принциптер және жетістіктермен органотерапия бұрынғыдан жоғары заманауи медициналық технологияларға жатқызылады. Медициналық-биологиялық және жаратылыс ғылымдардың дербес бағыт ретінде трансплантологияға ағзалар, тіндер мен клеткаларды ауыстырып салуды жатқызады. Клеткаішілік түзілістер мен олардың компартменттердің трансплантациясы – бұл жаратылыс танудың ерекше және жеке бөлігі, оның өнделуімен гендік биоинженерия және молекулалық биология жұмыс атқарады. Органотерапия тәсілдеріне жатады:
1. Энтеральды тәсілдері, емшілер мен диетологтар ежелгі кезеңнен қолданып келеді, «пісірмей жеу» мағынасында.
2. Парентеральді енгізу – адамның немесе жануарлардың перфузатынан, гомогенаттан немесе тіндер дақылдарынан алынған биологиялық активті заттарды (тері ішіне, тері астына, бұлшықетке, тамырішіне), донордың неонатальды, натальды немесе постнатальды материалын (клеткаларды, тіндерді, ағзаларды және/немесе олардың фрагменттерін, бөлек немесе комбинацияда); донор материалының жеке дара экстрокорпоральді перфузиясында алынған перфузатты вена қантамырларына енгізу (клеткаларды, тіндерді, ағзаларды және/немесе олардың фрагменттерін, бөлек немесе комбинацияда, соның ішінде аутогемотрансфузияда);
3. Имплантациялық тәсілдер (трансплантация), яғни ортотопиялық немесе гетеротопиялық жағдайда реципиентке донор материалын ендіру (имплантация).
Ағзатерапиясы
---------------------------------------------------------------------------------------------------
алмастырмалы бәсендетуші белсендетуші
---------------------------------------------------------------------------------------------------
Қандай да болмасын ағзалар, зақымданған ағзалар, тіндер Қандай да болмасын ағзалар, тіндер
тіндер және олардың жүйелер және олардың жүйелер және олардың жүйелер қызметін
қызметін толтыру немесе қызметін бәсендетуге белсендіру үшін қолданылады
алмастыруға қолданылады қолданылады
донорлардан алынған кан және оның компоненттері; |
бұйрек устіндегі ағзаның препараттары: кортизон, кортизол, преднизолон |
аутогемотерапия және аутогемотрансфузия ушін пациенттен алынған қан және оның компоненттері |
донорлардан алынған қызыл жілік майы және оның компоненттері |
Адам және жануарлартіндерінен алынған препараттармен иммуносупрессивті терапия жүргізу |
Гипофиздің алғы бөлігінің препараттары: кортикотропин, лактин, АКТГ, гонадотропин |
Ұйқы безі тіндерінен алынған инсулин |
Тікелей әсер ететін антикоагулянттар: гепарин |
Гипофиздің ортанғы бөлігінің препараттары: интермедин |
Пациент тіндер биоптаттарынан алынған дін клеткаларының имплантациясы |
әйел жыныс гормондары препараттары: эстрон, эстрадиол |
Гипофиздің артқы бөлігінің препараттары: вазопресин |
Бүйрекүсті безінің мийлы зат тінінен алынған адреналин мен адреномиметиктер |
Контрацептивтер: инфекундин, эновид, норэтин және т.б. |
Қалқанша без препараттары: тиреоидин, трийодтиронин |
Жануарлар атабезі тіндерінен алынған тестостерон |
Жануар текті простогландиндер: ПГ-Е, ПГ-F, ПГ-А, ПГ-В және т.б. |
Қалқанша маны безінің препараттары: паратиреоидин, кальцитонин |
Ағзалар мен тіндердің трансплантациясы |
|
Көкбауыр препараттары: спленопид |
Сурет 7. Ағзатерапиясы әдістерінің жіктелуі (Лубяко А.А., 2004)