
- •1.2 Қазақстан Республикасында туристік саланың қонақ үй қызметі аясында дамуы
- •1.3 Тұтынушыларға қызмет көрсету аясының экономикалық өсуге ықпалы
- •Қонақүй-туристік кешеннің (қтк) ұйымдастыру тиімділігі
- •2.1 Қонақ үй туристік кешенінің басқару құрылымы мен сипаттама
- •2.2 Қонақ үй туристік кешенінің әлеуметтік-экономикалық алғы шарттары
- •2.3 Қонақ үй туристік кешенінің жүйелілігі мен негізгі қозғаушы факторлары
- •3 Қазақстан Республикасының туризм инфрақұрылымын дамытудың болашақтағы бағыттары
- •3.1 Қазақстандағы халықаралық туризмдi дамытуға бағытталған мемлекеттiк саясат
- •3.3 Туризм инфрақұрылымын дамытудың болашақтағы бағыттары
- •3.3 Қонақ үй индустриясындағы басты түсініктер мен анықтамалар
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- •Альпийская роза
- •Амбассадор
- •Тұйық – Су қақпасы
- •Хаятт Ридженси
- •Шымбұлақ
3.3 Қонақ үй индустриясындағы басты түсініктер мен анықтамалар
Қонақ үй индустриясы экономикалық қызмет түрі секілді өзіне қонақ үйде, мотельде, кемпингте, пансионаттарда және сыйақыға басқада орналастыру орындарында қысқа уақытта тұруды ұйымдастыруды және қызмет көрсетуді қосады.
Орналастыру түсінігінің астында адамдардың уақытша тұруға арналған кез – келген объектті жатқызуға болады.
ГОСТ КР 50645 – 94 «Туристік экскурсиялық қызмет көрсету. Қонақ үйлер класификациясы» жарлығына сәйкес қонақ үй дегеніміз уақытша тұруға арналған кәсіп орын. Қонақ үйде рұхсат етілетін минималды бөлмелер саны 10 болуы тиіс.
Басқа да нормативті құжаттарда – «ҚР – дағы қонақ үй қызметін көрсету ережелері» ҚР – ның қаулысында бекітілген қонақ үйге келесідей анықтамалар береді: «қызмет көрсетуге арналған мүліктің комплекс (ғимарат, ғимарат бөлігі, басқа да мүлік немесе құрал - жабдық)».
Қонақ үйлер келесідей белгілермен сипатталады:
берілген нақты саннан асатын номірлерден тұрады, біртұтас басшылыққа ие;
түрлі қонақ үй қызметтерін ұсынады;
елдің стандарттарына ие, көрсетілетін қызмет түріне байланысты класқа және категорияларға топтастырылған;
Қонақ үй кәсіп орындарын сыйымдылығына, тұру орнының санына және номірлердің санына байланысты ажыратады.
Нөмір – қонақ үй категориясына сәйкес, талаптарға сай, бір немесе бірнеше орыннан тұратын бөлме.
Жатын орын – бір адам тұтынуға арналған, жатақ орналасқан алаң.
Халықаралық іс – тәжірибеде Бүкіл Әлемдік Туристік ұйым эксперттерімен талқыланған, орналастыру құралдарының стандартты классификациясы қабылданған.
Осыған сәйкес барлық орналастыру құралдары ұжымдық және жеке болып бөлінеді.
Ұжымдық орналастыру құралдары қонақ үй типтес және мамандандырылған болып екіге бөлінеді.
ГОСТ ҚР 51185 – 98 «Туристік қызметтер. Орналастыру құралдары. Жалпы талаптар.» жарлығына сәйкес қонақ үй типінің ұжымдық орналастыру құралдарына келесілер жатады:
қонақ үйлер;
мотельдер;
тұруға арналған клубтар;
пансионаттар;
жиһаздалған бөлмелер;
жатақханалар;
Мамандандырылған орналастыру құралдарына – орналастыру қызметін ғана емес, сонымен қатар арнайы бір мақсаттағы қызметті орындауға арналған объекттер жатады. Мұндай орналастыру құралдарына келесілер жатады:
санаториялар;
профилакториялар;
демалыс үйлері;
туристік тұрақтар;
туристік, спорттық базалар, демалыс базалары;
аңшылар үйі;
конгресс - орталықтар;
кемпингтер;
ботельдер;
флотелдер;
ротельдер;
Жеке орналастыру құралдарына келесілер жатады: пәтерлерден бөлмелер; үйлер; котедждер; жалға берілетін үйлер.
Сонымен орналастыру құралдарының кейбір атауларына анықтамалар бере кетсек:
Мотель – автотуристерге қызмет көрсетуге арналған қонақ үй түрі.
Ботель – судағы кішігірім қонақ үй.
Флотель – «судағы курорт» деп аталатын ірі қонақ үй. Туристерге жоғары комфартабельді нөмірлер ұсынылады. Сонғы уақытта мұндай қонақ үйлер бизнес – турлар, конгресс – круиздер үшін жиі қолданылуда.
Ротель – қозғалмалы вагон – қонақ үй.
Кемпинг – демалыс немесе қала сыртында орналасқан, автотуристерге арналған қонақ үй типі.(жаздық үйлер, палаткалар.т.б.)
Санаторий – табиғи ландшафтты аймақта орналасқан, емдік – сауықтыру орталығы.
Флайтель – Аэроқонақ үй немесе «ұшатын қонақ үй». Әдетте өте қымбат және қонақ үйдің мұндай түрі көп кездесе бермейді. Қону алаңымен және метео қызметтермен байланыста тұрады.
Пансионат – қарапайым стандартарға және шектеулі қызмет спекторына жауап беретін кәсіпорын. Кәдімгі қонақ үйлерден айырмашылығы, мұнда таңғы ас, кешкі және түскі ас ұсынылады (яғни – «full board»). Дегенмен бұл қызмет тек тұрғындарға ғана көрсетіледі.
Отель – гарни – клиенттерге тек қана шектеулі қызмет: орналастыру және таңғы ас ұсынатын кәсіпорын.
Сонымен қатар қонақ үйде қолданылатын қонақ үй нөмірлеріне байланысты қосымша түсініктерді атап көрсетуге болады:
double twin – бұл екі жатағы бар нөмір.
king size – жанұялық жұптарға арналған үлкен жатағы бар бөлме.
extra bed – екі орынды нөмірде қосымша жатақ.
triple – екі жатағы және диваны бар бөлме.
single – бір орындық нөмір. Кейде жалғыз келген туристерді екі орынды бөлмеге орналастырады. Бұл нұсқа "double for single use" деп аталады.
junior suite – екі орынды жақсартылып жасалынған нөмір.
de luxe – дәл осындай бөлме, бірақ аса қымбат жасақталған.
suite – жоғары сапалы жиһазбен жабдықталған жатын және қонақ бөлмесі бар нөмір.
business – жұмысқа арналған факспен және компьтермен жабдықталған үлкен нөмір.
family studio – үлкен жанұяға арналған екі бөлмелі нөмір.
president – қонақ үйдегі ең қымбат нөмірлердің бірі, бірнеше жатын бөлме, кабинет, екі – үш әжетхана орналасады.
penthouse – онақ үйдегі ең жоғарғы қабатта орналасқан нөмір, әдетте жоғары ыңғайлылығымен ерекшеленеді.
фронтдеск – туристер тіркеуден өтетін орын.
all inclusive – орналастыру және тамақтануға берілетін тариф.
Қорытынды
Дипломдық жұмысты қорытындылай келе қонақ үй бизнесі әлемдегі ең бір құлдырауды білмейтін экономикалық сала екендігіне көз жеткізуге болады. Қонақ үй бизнесі туризммен тікелей тығыз байланыста болады. Себебі қонақ үйдің қызметін тұтынушылардың басым бөлігі туристер. Туристер ең алғаш қонақ үйге келгеннен бастап оларға қызмет түрлері көрсетіле бастайды. Ең алдымен оларды қонақ үй әкімшілігі қарсы алып құжаттарын тексеруден өткізіп, тіркеу жұмыстары басталады, турист тіркеу бланкасын толтырғаннан кейін оған осы қонақ үйдің тұрғыны екендігін дәлелдеу үшін карточка немесе белгілер беріледі.
Қонақ үй әкімшілігінде кем дегенде екі шет тілін білетін, туристермен араласу мәнерін білетін қызметкерлер алынады. Әкімшілік қызметкекрлері тіркеу жұмыстарын бітірген соң жүк тасушы швейцар туристтерді болмесіне дейін шығарып салып , бөлме ішін танытады. Сонымен қатар қонақ үйде туристерге айтып кеткендей ақылы және ақысыз қызметтер көрсетіледі.
Қонақ үйдің тіркеу бөліміне қойылатын негізгі талаптар, шет тілдерін кем дегенде екі тілді жақсы меңгерген болуы қажет, сонымен қатар келген қонақтармен сыпайы болғаны дұрыс. Мұндай талаптар арнайы ережелерде көрсетілген.
Қонақ үй бизнесі даму үшін қонақ үй шаруашылығы саласын жақсарту қажеттілігі туындайды. Осы дипломдық жұмыста жүргізілген зерттеу нәтижелері көрсеткендей келесідей ұсыныстар жасауға мүмкіндік берді:
қызмет көрсетудің жаңа түрлерінің пайда болуы, білікті кадрларды баулу, қазіргі заманғы технологияларды енгізу және басқа да жаңашылдықтар қызмет индустриясын дамытуда өз бейнесін алуда, оның үйымдастырылуы қызметер аясында дәстүрлі басты рөлде. Жаңа қажеттіліктер мен қылықтар стериотипін бейнелейтін, қызметтер секторының өсуінің жалпы оңды бағыты, отандық экономиканың өркениет серпініне трансформациялануының жағдайы, шынайы факторы болғандығы жайлы тұжырым жасауға мүмкіндік берді.
қонақ үйдегі қызметтерге қанағаттандырылмаған сұранымның айтарлықтай үлесін сақтай, еңбек және материалды ресурстардың қомақты бөлігін біріктіре отырып, қаражаттандырудың түрлі көздерін қалыптастыра, қызметтер аясы реформалау барысында қайшылықты және түрлі бағытты процестермен сипатталады.
туристік қызметтердің өзіндік ерекшеліктерімен түсіндірілетін туристік қызметтер индустриясында тұтыну бастамасының болуы, сонымен қатар, табиғи, әлеуметтік-экономикалық, адам және ақпараттық ресурстарының шешуші орындаушы, аталмыш ресурстардың туристік қызметте тікелей пайдалану мумкіндігі мен туристік саланы дамыту мақсатында трансформациялануы көрсетті.
қызмет көрсету саласындағы менеджмент мәселелері қарастырылып, талдаулар жасалды.
Ғылыми жұмысты қорытындылай келе, қонақ үй шаруашылығының маңызына және туристерді орналастыру ерекшеліктеріне нақты мәліметтерді қолдана отырып, ғылыми зерттеу тұрғысынан талдау жасалынды.
Әлемдік нарықта, яғни туризм саласының дамуына, туристерді қабылдау бағытында қонақ үй шаруашылығын дамыту басты мәселелердің бірі болып табылады. Оның ішінде кез – келген мемлекеттік экономикалық - әлеуметтік жағынан сипат алуына өз әрекетін тигізетіні сөзсіз. Сонымен қатар қонақ үй шаруашылығының қызмет деңгейін халықаралық деңгейге көтеру, әрбір елдің өзіндік тарихи орналасу ерекшеліктеріне тікелей байланысты екендігі сөзсіз.
Қонақ үйлердің қызмет көрсету жағдайына, материалдық – техникалық базасына, ғимараттың салыну үлгісіне, ондағы жиһаздар мен тұтынатын жиһаздың өзіндік сәулетіне, туристерді қаблдау көлеміне байланысты «5» жұлдызды, 4 және үш жұлдызды деп категорияларға бөлінеді де, қонақ үй шаруашылығының маңыздылығын сипаттайды. Мұндағы басты назар аударатын мәселе, тек қана ғимараттың жоғарғы категориясы емес, сонымен қатар ондағы қызмет көрсету де ең алғашқы шарттардың бірі болып табылады.
Ғылыми зерттеу жұмысында қонақ үй шаруашылығында қолданылатын терминдер мен сөздіктерге де назар аудара отырып, ғылыми тұрғыда берілген.
Қонақ үйдегі басты назар аудартатын мәселе, бұл қызмет көрсету ұйымдары. Әрине қызмет көрсету ұйымдары әкімшілік тарапынан, немесе басқарушының қадағалануында болуы қажет.
Кез – келген халықаралық деңгейдегі қонақ үйде персонал өз деңгейінде қонақтарды қабылдауда немесе қызмет көрсетуде басты рөль атқаратын тұлға. Қазіргі техника саласының жаңа үрдісте даму кезінде, қонақ үй қызметкерлеріне қойылатын талаптар да өте жоғары болады. Оған қойылатын негізгі талаптар, кәсіби шеберлігі жоғары, түр тұлғасы мен сыпайылығы, қызмет этикасы,шет тілін меңгерген т.б деңгейде жоғарғы санаттан көрінуі қажет.
Қазіргі таңда қонақ үй шаруашылығының жоғарғы деңгейге жетуі, әрине халықаралық талапқа сай дамуы, яғни қонақ үй бизнесі үлкен ықпал жасайды.
Дипломдық жұмыстың негізгі зерттеу объектісі осы бағытта өрбиді. Сондай – ақ қонақ үй шаруашылығының Еуропада және т.б басқа елдерде категорияға бөлу жүйесіне салыстырмалы түрде, ғылыми тұрғыдан баға берілген. Әсіресе олардың сапасына және қызмет көрсету этикасын сай бөлінуіне нақты баға беріліп отырады.
Қонақ үй кәсіпорындары қазіргі таңда бәсекелестік бағытында дамуда. Әрине жоғары категориялы қонақ үйлердің қызмет көрсету дәрежесі, кез – келген мемлекеттік экономикалық деңгейін әбден көрсетуі мүмкін.
Қонақ үй шаруашылығының қызмет көрсету сапасы, солғұрлым туристерді қабылдауда немесе туристердің санын арттыруда тиімді үлес қосатындығы басты мәселе. Қазіргі кезеңде қонақ үй шаруашылығының дамуы немесе қызмет көрсетуі олардың категорияларға бөлінуі, бұл әлемдікғ яғни халықаралық туристік қызмет сапасының артуынан туындайтын жағдай.
Сонымен қатар мемлекеттердің әлеуметтік – экономикалық, саяси тұрғыдан, тарихи ынтымақтастық құру көзқарастары, әлемдегі туризмнің дамуына,соның ішінде қонақ үй шаруашылығының дамуына орасан зор ықпал ететіндігі сөзсіз.