
- •1.2 Қазақстан Республикасында туристік саланың қонақ үй қызметі аясында дамуы
- •1.3 Тұтынушыларға қызмет көрсету аясының экономикалық өсуге ықпалы
- •Қонақүй-туристік кешеннің (қтк) ұйымдастыру тиімділігі
- •2.1 Қонақ үй туристік кешенінің басқару құрылымы мен сипаттама
- •2.2 Қонақ үй туристік кешенінің әлеуметтік-экономикалық алғы шарттары
- •2.3 Қонақ үй туристік кешенінің жүйелілігі мен негізгі қозғаушы факторлары
- •3 Қазақстан Республикасының туризм инфрақұрылымын дамытудың болашақтағы бағыттары
- •3.1 Қазақстандағы халықаралық туризмдi дамытуға бағытталған мемлекеттiк саясат
- •3.3 Туризм инфрақұрылымын дамытудың болашақтағы бағыттары
- •3.3 Қонақ үй индустриясындағы басты түсініктер мен анықтамалар
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- •Альпийская роза
- •Амбассадор
- •Тұйық – Су қақпасы
- •Хаятт Ридженси
- •Шымбұлақ
3.3 Туризм инфрақұрылымын дамытудың болашақтағы бағыттары
Соңғы кездерi отандық туризм саласының тиiмдiлiгiн талқыға сала отырып, мемлекет шет елдiк инвестициялардың туризм саласына тартылуын экономикалық тұрғыдан ынталандыруға бар күш-жiгерiн жұмсауда, өйткенi олар өздерiнiң кейiнге қалдырмас қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету мақсатында қазынаға тез арада табыс түсiруге мүдделi. Бiздiң елiмiздегi туризм жүйесi мен экономикалық өзгерiстердiң стратегиялық бағытын меншiк қатынастары саласында өтiп жатқан жәйттер айқындайды. Мұндағы туристiк қызмет көрсетуден болатын, әлеуметтiк-экономикалық жүйенiң қаржылай және материалдық тiрегi болып табылатын ұлттық табыстың бiр бөлiгiнiң мемлекеттенуiнiң негiзгi құралы болып табылады. Бұл сонымен бiрге, кеңес үкiметi дәуiрiнде туризм индустриясы қызметiнiң тәжiрибесiне қанықпаған тәуелсiз елiмiздiң туризм саласын дамытудың меншiктi моделiн (қалыбын) жасау қажеттiгiнiң туындап отырғандығымен де түсiндiрiледi. Одақ кезiндегi туризм саласының кәсiподақ тарапынан демалыс орындарына жолдама берудiң аз ғана тәжiрибесiн есептемегенде бiздiң елiмiзде тiлге тиек етiп отырған халықаралық дәрежеде туризм саласын қалыптастыру мен дамытудың белгiлi бiр механизмi қалыптаспаған деп тұжырым жасауға болады. Әрине, бұл жағдай қарастырылып отырған проблеманың шешiмiн табуды қиындатады. Сондықтан, шет елдердiң, әсiресе нарықтық экономикасы дамыған өркениеттi елдердiң әдiстемелерiн қарастыру мол тәжiрибе бередi. Осы орайда өзiмiздегi туристiк қызмет көрсетудiң байырғы тәжiрибесiн зерттеу және сараптау қажеттiгi туындап отыр, бұл нарықтық қатынастың тәжiрибесiне қанықпаған елге қиынның қиыны екенi рас, алайда бүгiнгi күндегi алғашқы кезектегi қажеттiлiк болып табылады. Оның дұрыс шешiмiн табуынан елiмiздiң шаруашылық жүйесi жанданып, халықтың әл-ауқаты мен тұрмыстық жағдайы жақсара түсетiнi айқын.
Елдегi нарықтық қатынастардың дамуы барысында ақылы негiзде туризм саласын дамыту қағидалары кеңiнен iс жүзiнде қолданылып, барлық негiзгi заң құжаттарында және заң актiлерiнде қолдау тапты. Алайда, қр-ның осындай заңдарының туризм саласын дамыту мәселелерiне арналған көптеген жағдайлары әзiрге нақты бiр экономикалық механизмнiң қалыптаспауына байланысты толық күшiне енген жоқ.
Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық дамуының деңгейi жалпы сипаттағы туризмдi дамытуға мұмкiндiк бермейдi.
Қазақстанда туризм саласын дамыту мемлекеттiң экономикалық саясатына негiзделiп жұзеге асырылуда, ол шаралардың ауқымды кешенiн, оны дәйектi жүзеге асыру кезеңдерiн қамтиды.
Мемлекеттiң экономикалық саясаты мына бағыттарда жұзеге асырылуда:
- экономикалық заңдардың әрекетi, экономиканың жай күйi, қоғамның әлеуметтiк-экономикалық дамуының болашақтағы бағыттары негiзiнде елдегi экономикалық дамудың ғылыми негiзделген тұжырымдамасын әзiрлеу;
экономикалық саясаттың тиiстi мақсаттары мен мiндеттерi негiздей отырып, стратегиялық және тактикалық шараларды тұжырымдау;
белгiленген iс-әрекеттердi экономиканың қалыптасқан жағдайына қарай iс жүзiнде пайдалану.
Осы негiзгi үш буынның бiрлiгi экономикалық саясаттың мазмұнын анықтайды, соның iшiнде туризм саласын дамыту саясаты қалыптасады. Демек экономикалық заңдардың iс-әрекетiн есепке ала отырып, қоғамды дамытудың мiндеттерiне байланысты туризм саласын дамытуды ұйымдастыру мемлекеттiң экономикалық саясатының мазмұны болып табылады. Қазiргi кезеңде экономикалық саясаттың көмегiмен туризм саласында шешiлетiн басты мiндеттердiң қатарына мыналарды жатқызуға болады:
а) елдiң дамуының әрбiр нақты кезеңiнiң ерекшелiктерi негiзiнде туризм саласын дамытуға бөлiнетiн қаржы ресурстарының неғұрлым мүмкiн болатын көлемiн жасаудың жағдайларын қамтамасыз ету;
ә) қаржы ресурстарын туризм саласы кәсiпорындары арасында, ұтымды бөлу және пайдалану, ресурстарды туризм саласын дамытуға бағыттау;
б) туризм саласын дамытудың белгiленген бағыттарын орындау үшiн тиiстi қаржы механизмiн жасап, оны үнемi жетiлдiрiп отыру.
Елдегi жүргiзiлiп жатқан реформаларға сәйкес мемлекеттiң экономикалық саясаты мен туризм саласының қызметi нарық жағдайында туристiк бизнестен тұсетiн қаржы ресурстарын жұмылдыруға, оларды бюджетке толық және дер кезiнде түсiрiп отыруға, туризм саласын дамытудың мемлекеттiк бағдарламаларында қаралған шараларын үздiксiз қаржыландыруға және материал және еңбек ресурстарын мақсатты әрi ұтымды пайдалануға бақылауды күшейтуге бағытталған. Бұл мақсаттар Қазақстан Республикасының әлеуметтiк және экономикалық дамуының, туризм саласы қызметiнiң қайта жандануының стратегиясын қаржымен қамтамасыз ету қажеттiгiнен туындайды.
Осы мақсаттарға қол жеткiзу мақсатында Қазақстандағы туристiк өнiм қызметi саласындағы басты бағыт тұрғын халықтың материалдық қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға бағытталуы тиiс. Туризм саласы қызметiн дамыту мақсатында, оның дамуына кедергi келтiретiн негiзгi факторлар анықталып, сараланған болатын. Оның негiзгiлерi төмендегi сызбада келтiрiлген (кесте 4).
Қазақстанда туризмнiң дамуына кедергi келтiретiн негiзгi факторлар
- Туризм инфрақұрылымын дамыту.
- Республикада жұзеге асырылып жатқан әлеуметтiк-экономикалық өмiрдi реформалау туризмдi және оның инфрақұрылымын толық қамти қойған жоқ. Туризмнiң материалдық базасының машарлығынан Қазақстан жыл сайын миллиондаған долларды жоғалтуда, бұл туристiк салаға кұрделi қаржыны, сондай-ақ отандық және шетелдiк инвесторлар қаражатын тартуды қажет етедi.
- ұлттық туристiк өнiм ерекшелiгiн ескерiп, тұрақты туристер ағынын қамтамасыз етуге қабiлеттi елдiң туризм инфрақұрылымын дамыту үшін:
- жалпы пайдалану және туристiк мұқтажды қанағаттандыру үшін жол-көлiк инфрақұрылымын дамыту;
- iлеспе инфрақұрылымды: қолданыстағы және ықтимал туристiк аймақтардағы сумен, электрмен жабдықтау, кәрiздер және қатты қалдықтарды жою жұйесiн, телекоммуникацияларды дамыту;
- туристiк кешендердi, этнографиялық мұражайларды және демалыс аймақтарын құру;
- тарихи-мәдени және этнографиялық ескерткiштердi қалпына келтiру және мұражайға айналдыру;
- жыл бойы пайдаланылуын ескере отырып, туристiк объектiлер жобаларын, оның iшiнде орташа және шағын орналастыру құралдарын жасау және оларды салу қажет.
- Маркетинг стратегиясын әзiрлеу.
- ұлттық туристiк өнiм және оны дамытудың әлеуметiне сәйкес маркетинг стратегиясын әзiрлеу қажеттiлiгi бар.
- Маркетинг стратегиясын iске асыру мақсатында мемлекет мынадай мiндеттер белгiлеп отыр:
- сапалы туристiк қызмет көрсетудi ұсынатын туристiк орталық ретiнде Қазақстан туралы туристер жiберiлетiн негiзгi елдерде жағымды пiкiр қалыптастыру;
- Қазақстанды ерекшелейтiн сипаттамаларға және артықшылықтарға негiзделген маркетингтiк iс-шараларды әзiрлеу және жұзеге асыру;
- қосымша мұмкiндiктер бере отырып, төлем қабiлетi жоғары деңгейдегi туристердi тарту;
- жеке сектордың маркетингтiк жұмысына қолдау көрсету;
- Германия, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, ресей, Қытай, Жапония және т.б. туристер ағынының дәстұрлi рыноктарына ұлттық туристiк өнiмнiң енгiзiлуiн кұшейту;
- рыноктың жаңа сегменттерiн айқындауға бағытталған зерттеулер жұргiзу;
- ел аумағында орналасқан көрнектi туристiк орындар мен объектiлердiң бұкiл ауқымын әлемдiк рынокқа жылжыту;
- ғылыми негiзделген өткiзу әлеуетiн ескере отырып, Республика аумақтарына туристiк ағынның тендестiре бөлiнуiн қамтамасыз ету;
- жыл iшiнде туристiк инфрақұрылымның бiрқалыпты жұктемесiн қамтамасыз етуге бағытталған маркетингтiк және бағалық тәсiлдердi қолдану арқылы туризмнiң маусымдық жылжытылуын кұшейту;
- ұлттық туристiк өнiмдi жылжытудың жаңа ақпараттық технологияларын пайдалану;
- туризмдi дамытудың тұрақты сипатын насихаттау қажет.
Қазақстанның туристiк бейнесiн қалыптастыру жерлерi ұлы Жiбек жолының учаскесiнде сан алуан тарихи оқиғалардың ғасырлар бойғы куәгерi ретiнде Қытай мен Еуропаны жалғастырып жатқандығына қарамастан, Қазақстан әлi де болса, туристiк бағыт ретiнде әлемге танымал бола қойған жоқ.
Қазақстанның тартымды туристiк беделiн құру тиiстi кең ауқымды шаралар кешенiн әзiрлеудi талап етедi.
Беделдi көтерудiң негiзгi iс-шаралары Қазақстанның туристiк фирмалары мен агенттiктерiнiң халықаралық туристiк көрмелерге, жәрмеңкелер мен конференцияларға, оның iшiнде ДТҰ тарапынан өткiзiлетiндерiне қатысуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында осыған ұқсас iс-шаралар ұйымдастыру болуға тиiс. Қазақстанды Еуразияның қоғамдық және мәдени құбылыстар орталығына айналдыруға ықпал ететiн конгрестiк туризмдi дамытудың маңызы бар.
Туризмдегi халықаралық ынтымақтастық ЮНЕСКО және Дтұ-ның ұлы Жiбек жолына байланысты жобаларын әзiрлеу мен iске асыруға қатысу, шет мемлекеттермен екiжақты және көпжақты келiсiмдер жасасу арқылы жұзеге асырылады.
Елдiң туристiк беделiн қалыптастыруда Республика аймақтарында және шет елдерде туристiк ақпараттық орталықтарды ұйымдастыру да маңызды рөл атқарады. Туристiк ұйымдар мен Қазақстан Республикасының шетелдердегi дипломатиялық өкiлдiктерiнiң өзара бiрлескен iс-қимыл жасау тәжiрибесiн пайдалануға лайықты назар аудару керек. Елдiң туристiк әлеуетiн жарнамалауда ұлттык авиатасымалдаушы мен басқа да көлiк кәсiпорындары пәрмендi көмек көрсете алады.
Шетелде Қазақстан туралы сапасы жоғары полиграфиялық және аудиобейне жарнама материалдарын шығару және белсендi тұрде тарату қажет. Қазақстанға туристердi тартуға өлкетану жарияланымдары, жарнама-баспа қызмет, оның iшiнде туристiк фирмалар мен қонақ ұйлердiң жарнама-баспа қызметi өз ықпалын тигiзедi. Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға, оның iшiнде Интернет жұйесiнде Қазақстанның туристiк фирмаларының WЕВ-сайттарын құруға айрықша мән беру қажет.
Туристiк ағынды жөнелтушi елдердiң туристiк агенттiктерi мен бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiне арнап Қазақстан бойынша танысу саяхаттарын ұйымдастырудың тиiмдiлiгi мол болады.
Қолайлы туристiк беделдi құруға Қазақстанда халықаралық дәрежеде әртұрлi мәдени, спорттық және туристiк iс-шаралар өткiзу ықпал етедi.
Қазақстанның туристiк беделiн қалыптастыруда есепке алудың компьютерлендiрген бiрыңғай жұйесiн iске қоса отырып, Республика аумағына шетелдiк азаматтардың кiруi, шығуы мен болуы тәртiбiн, визалық және кедендiк рәсiмдердi оңайлатудың зор мәнi бар.
Сондай-ақ, қонақжай Республика беделiн жасауға туристер жиi болатын орындарда қазақша, орысша мәтiндерiне латын транскрипциясымен қоса берiлген ақпараттық таблолар мен жазбалардың жасалуы мен орнатылуы өз септiгiн тигiзедi.
Елде халықаралық туризмдi одан әрi дамытуды ынталандыру, мемлекеттiң туристiк әлеуетiнiң әлемдiк туристiк рыноктағы тұсаукесерiн өткiзу жөнiндегi жұмысты кұшейту Қазақстан Республикасы ұкiметiнiң 2р0 жылғы 26 қазандағы N 1604 қаулысымен бекiтiлген Қазақстанның туристiк беделiн қалыптастыру жөнiндегi 2р0-2003 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын iске асыруды қамтиды. Оған Қазақстанға туристер тарту жөнiндегi көпжақты қызмет және халықаралық туристiк рынок жұйесiндегi елдi интеграциялау кiредi.
Туристердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
Қауiпсiздiк туризмдi дамытуға, ең алдымен келушiлер ағынын көбейтуге немесе азайтуға әсер ететiн басты фактор.
Туристiң қауiпсiздiгi мемлекет саясатына, турфирмалар қабылдайтын шараларға, соңдай-ақ туристiң жеке басының iс-әрекетiне тiкелей байланысты.
тұтынушыға туристiк сапар барысында қорғау мен қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiнде ақпарат беру оған қауiпсiздiктi басқа да тауарлар мен қызмет көрсетулермен бiрге қауiпсiздiк пен сапа баға турғысынан алып қарағанда, маңызды элемент болып саналатын және салыстыруға тұрарлық туристiк өнiмнiң ажырамас бөлiгi ретiнде ұғынуға көмектеседi.
Мемлекеттiк органдар, туристiк ұйымдар мен халықаралық ұйымдар саяхатшылардың денсаулығы үшін қауiп тудыратын табиғи апаттар, әлеуметтiк тәртiпсiздiктер, террорлық әрекеттер, көлiк жұмысындағы елеулi iркiлiстер, iндет және басқа факторлар сияқты туризмге ықтимал қауiптер туралы ақпарат бередi.
Кадрларды даярлау мен ғылыми қамтамасыз ету.
Қызмет көрсетумен байланысты және табыстылығы едәуiр дәрежеде осы салада жұмыс iстейтiн кадрлардың сапасына байланысты болатын қызмет - туризмде адамдар ресурсын жоспарлау айрықша мәнге ие.
Қазақстандағы тиiмдi туристiк салаға сәйкес кадрлар әлеуетiн қалыптастыру үшін:
жаңа буындағы «Туризм» мамандығы бойынша жоғары кәсiптiк бiлiмнiң мемлекеттiк стандартын әзiрлеу;
туристiк кадрларды даярлауды жұзеге асыратын жоғары оқу орындарында туристiк қызметтiң әртұрлi қажеттiлiгi мен даму деңгейiн ескере отырып, мамандануын анықтау;
мамандарды оқытуда олардың отандық туристiк ресурстарды игеруiне, оларды пайдалану әдiстерiне, жаңа ақпараттық технологияларды бiлуiне, тiлдiк дайындауға негiзiнен иек арту;
орта арнаулы оқу орындарында бiрiншi деңгейдегi туристiк қызметшiлердi даярлауды ұйымдастыру;
жалпы бiлiм беретiн оқу орындарында туристiк сыныптар, секциялар мен ұйiрмелер құруға көмектесу;
бұдан бұрын таратылған балалар мен жасөспiрiмдер туризмiнiң Республикалық және аймақтық станцияларын кайта қалпына келтiру;
ұлы Жiбек жолының (17р км) Қазақстандык учаскесiндегi туристiк-рекреациялық қорларды қайта жаңғыртуға және тұгендеуге, зерттеу жұмыстарына ерекше назар аудару қажет.
Қазiргiзаманғы туризм индустриясын құру саланы дамыту проблемаларын, туризм рыногы дамуының құрылымын, тетiгi мен заңдылықтарын ғылыми тұрғыда зерделемейiнше, сондай-ақ саланы дамытудың ғылыми қамтамасыз ету жұйесiн құрмайынша мұмкiн болмайды. Дегенмен, Қазақстанда бұл мәселелер туризм экономикасын зерттеушiлер үшін әлi кұнге игерiлмеген ңтыңң кұйiнде қалып отыр.
Әлi кұнге дейiн ұлттық экономика теориясына туризм халық шаруашылығының толыққанды саласы және ғылыми жағынан талданатын пән ретiнде қарастырылмайды. Сол себептi Республикада аталған тақырып бойынша ғылыми әдебиет аз шығарылады. Бұған қоса, Қазақстанда Кеңес кезеңiнен берi ңтуризмң деген ұғым елеулi табыс түсіретiн экономика саласынан гөрi спортпен және денсаулықты нығайтумен жиi байланыстырылады.
Ең алдымен, Қазақстан Республикасының рекреациялық ресурстарын тұгендеу және олардың мониторингi жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру қажет. Экономиканың саласы ретiнде халықаралық туризмдi ғылыми қамтамасыз ету үшін оны болжауда және дамытуда тиiстi ғылыми құрылымдар қажет. Проблеманы шешудiң ықтимал шешiмi ретiнде туризмнiң ғылыми-зерттеу институтын құру ұсынылады.
Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Жоғары аттестациялық комитетiнiң (ЖАК) ғылыми мамандықтары тiзбесiне «Туризм географиясы», «Туризмнiң педагогикасы мен психологиясы», «Туризмнiң құқықтық негiздерiн жаңа ғылыми бағыттарды енгiзудiң қажеттiгi пiсiп-жетiлдi. Бұл Республикада ғалымдар контингентiн құруға және туризмдi дамытудың ұйымдастыру мен басқарудың, дамытудың мәселелерi мен проблемаларының бұкiл кешенiн ғылыми зерттеумен қамтуға мұмкiндiк бередi.
ЖАК-тың номенклатурасындағы және Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң жiктемесiндегi мамандықтар атауын бiрiздендiру қажет, бұл ғылыми зерттеулер жұргiзу және осындай зерттеулер үшін кадрлар даярлаудағы бiрiздiлiктi кұшейтуге ықпал ететiн болады. Сондай-ақ, туристiк мамандық пен мамандандыруды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк Қорғау министрлiгiнiң тарифтендiру анықтамалықтарымен сәй№ кестеңдiру қажет.
Қазақстан Республикасында халықаралық туризмдi дамытудың негiзгi мақсаттарын, мiндеттерiн және басымдықты бағыттарын айқындайды. Алға қойылған мiндеттердi iске асыру және көрсетiлген мақсатқа қол жеткiзу үшін Қазақстан Республикасында халықаралық туризмдi дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын әзiрлеу қажет.