
- •1.2 Қазақстан Республикасында туристік саланың қонақ үй қызметі аясында дамуы
- •1.3 Тұтынушыларға қызмет көрсету аясының экономикалық өсуге ықпалы
- •Қонақүй-туристік кешеннің (қтк) ұйымдастыру тиімділігі
- •2.1 Қонақ үй туристік кешенінің басқару құрылымы мен сипаттама
- •2.2 Қонақ үй туристік кешенінің әлеуметтік-экономикалық алғы шарттары
- •2.3 Қонақ үй туристік кешенінің жүйелілігі мен негізгі қозғаушы факторлары
- •3 Қазақстан Республикасының туризм инфрақұрылымын дамытудың болашақтағы бағыттары
- •3.1 Қазақстандағы халықаралық туризмдi дамытуға бағытталған мемлекеттiк саясат
- •3.3 Туризм инфрақұрылымын дамытудың болашақтағы бағыттары
- •3.3 Қонақ үй индустриясындағы басты түсініктер мен анықтамалар
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- •Альпийская роза
- •Амбассадор
- •Тұйық – Су қақпасы
- •Хаятт Ридженси
- •Шымбұлақ
3 Қазақстан Республикасының туризм инфрақұрылымын дамытудың болашақтағы бағыттары
3.1 Қазақстандағы халықаралық туризмдi дамытуға бағытталған мемлекеттiк саясат
Туризмдегi мемлекеттiк реттеу жұйесiн жетiлдiру туристiк қызметтi жұзеге асырудың өзгерген әлеуметтiк-экономикалық жағдайларға толық жауап беретiн мақсаттарына, қағидаттарына және мiндеттерiне сай жаңа көзқарастарды талап етедi. Бұгiнгi таңда атқарушы билiк органдары мен туризм саласында әрекет ететiн ұйымдардың арасындағы озара iс-қимылды реттеудегi мемлекеттiң рөлiн арттыру қажет. Саланы орталықтандырып басқару Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiне жұктеледi. Туризмдi кешендi дамытудың табысты iске асырылуын қамтамасыз ету саланы мемлекеттiк басқару әдiстерiн дұрыс таңдауға тiкелей байланысты. Қазiргi уақытта, саланы мемлекеттiк реттеу мынадай шараларды жұзеге асыруға бағытталуға тиiс:
- Республикалық және аймақтық деңгейлерде туризмдi дамыту саясаты мен жоспарлауды ұйлестiру;
- туристiк индустрия саласындағы қарым-қатынасты ретке келтiру мен жетiлдiруге бағытталған заңнамалық және нормативтiк құқықтық базаны қамтамасыз ету;
- сапалы туристiк өнiмнiң ажырамас бөлiгi ретiнде туристердi қорғауды және олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
- статистиканы және зерттеу қызметiн жетiлдiру;
- бiлiм және оқу стандарттарын қоса алғанда, туризмге арналған кадрларды кәсiптiк даярлау;
- туризм саласында мұдделi министрлiктер мен ведомстволар, сондай-ақ мемлекеттiк және жеке секторлар арасында жоғары деңгейдегi ұйлестiрудi қамтамасыз ету;
- халықаралық туризмдi дамытудың нақты аудандарында жердi пайдалануды және құрылыс салу нормаларын қолдануды бақылау;
- тарифтердi, туристiк ұйымдардың, тасымалдаушылардың қызметiн лицензиялауды, туристiк объектiлердiң сапасын және қызмет көрсетудiң стандарттарын бақылау;
- ел беделiн қалыптастыру - Қазақстандық туристiк өнiмнiң маркетингi және жылжытылуы жөнiндегi басым шараларды белгiлеу, оның iшiнде туристiк көрмелердi және басқа iс-шараларды ұйымдастыру;
- халық арасында туризм құндылықтарын және қоршаған ортаны корғауды насихаттау;
- халықтың тұрлi әлеуметтiк-демографиялық санаттары мен топтары арасында әлеуметтiк туризмдi дамыту үшін қолайлы жағдай жасау;
- визалық және кедендiк рәсiмдердi барынша оңайлату;
- мемлекеттiң туристiк көрнектi орындарын құру және қорғау;
- туризм инфрақұрылымының аса маңызды базалық компоненттерiн жасау.
- Туризмдi дамытудың мақсаты:
- сапасы, халықаралық туристiк рынок жағдайында өндiруге, сатуға және бәсекелестiкке төтеп беретiн өнiм өндiруге және сатуға кабiлеттi, рентабельдi туризм индустриясын құру жолымен туризмдi экономиканың табысы жоғары салаға айналдыру;
- Республиканың туристiк әлеуетiн арттыру;
- тарихи-мәдени және табиғи-рекреациялық ресурстарды сақтау және ұтымды пайдалану;
- халықтың барлық жiктерiнiң туристiк ресурстарға қол жеткiзуiн қамтамасыз ету, туристiк қызмет көрсетуге деген сұранысты барынша қанағаттандыру;
- тұрғындардың жұмыспен қамтылуын ынталандыру;
- мемлекеттiк және жеке құрылымдардың туризм саласындағы өзара бiрлескен iс-қимылының тиiмдiлiгiн арттыру;
- шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту болып табылады.
- Республикада халықаралық туризм саласын дамыту мынадай қағидаттардың негiзiнде жұзеге асырылады:
- әрбiр адамның демалу және бос уақытын өткiзуге деген құқығын iске асыруы;
- халықтар мен мемлекеттер арасындағы өзара түсінiстiк пен ынтымақтастықтың iзгiлiк сипатын, бейбiтшiлiк пен сыйластық, нәсiлiне, жынысына, тiлi мен дiнiне карамастан, адам құқықтары мен негiзгi бостандықтарын сақтау;
- әдiлеттiк пен егемендiк, саяси, экономикалық және әлеуметтiк жұйесiне қарамастан, мемлекеттердiң iшкi iсiне кол сұқпау;
- қоршаған ортаға және мәдени игiлiктерге ұқыпты қарау;
- әлеуметтiк тепе-теңдiк пен даму, жеке адам мен қоғамның игiлiгiн арттыру;
- туризмдi тұрақты дамыту.
- Алға қойылған мақсаттарды iске асыру үшін мынадай мiндеттердi шешу қажет:
- туризм саласындағы мемлекеттiк саясатты жандандыру;
- туристiк қызметтi реттеу жұйесiн жетiлдiру;
- туризм индустриясының құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негiздерiн одан әрi дамыту;
- туристiк рынокты демпингке қарсы және мемлекеттiк қолдаудың басқа да шараларын қабылдау арқылы қорғау;
- туристердiң кауiпiздiгiн қамтамасыз ету;
- тартымды туристiк объект ретiнде Қазақстанның беделiн қалыптастыру;
- ақпараттық қамтамасыз ету жұйесiн жетiлдiру;
- туризм саласындағы ғылыми зерттеулердi терендету;
- туризм саласындағы қызмет көрсетудiң статистикалық есебiнiң әдiснамасын халықаралық стандартқа сәй№ кестендiру;
- туристiк объектiлердi қайта жаңғырту мен салу үшін отандық және шетелдiк инвестицияларды тарту жолымен туризм инфрақұрылымын дамытуды ынталандыру;
- туристiк кызметтi стандарттау, сертификаттау мен лицензиялау негiзiнде туристерге қызмет көрсетудiң сапасын арттыру;
- туризм саласындағы кадрлар даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыру жұйесiн дамыту;
- туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
- қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi шараларды қамтамасыз ету, терiс әлеуметтiк әсерлердi бәсеңдету және мәдени мұраны сақтау;
- туризм саласындағы келеңсiз ұрдiстерден арылу.
Халықаралық туризмнiң даму процесi туристiк қызмет ұсынысы мен оған деген сұранымның өсуi және бұл қызметтермен айналысатын кәсiпорындардың материалды-техникалық базасының даму қарқынының жеделдетуiмен анықталады. Бұл өз кезегiнде салалық-экономикалық ғылымның мәселесiн методологиялық негiзде нақты экономика тұрғысында жетiлдiрулерiн қажет етедi.
Ғылым мен техниканың дамуы адам тұрмысының барлық негiзгi жақтарын қамтиды: өмiр сүру деңгейi, адам мен табиғат арасындағы қатынас және т.б.
Өндiрiс күшiнiң дамуының белгiлi бiр сатысында қоғамдағы адамдардың қажеттiлiгi мен мүмкiндiгiн салалы түрде қарастыруға мүмкiндiк бередi. Бос уақыт құрылымының маңызды элементтерiнiң бiрi адам мен қоғам қажеттiлiктерi көзқарасы бойынша туризм болып есептеледi, себебi ол адамның психикалық және күш қайратының қалпына келтiруге мүмкiндiк бередi. Осыған байланысты туристiк қызмет халыққа мәдени қызметтi көрсететiн сала ретiнде кең дамуда. Қызмет шеңберiнде ғылыми –техниканың дамуы әсер етедi. Сондықтан қызмет саласының матариалдық өндiрiсi мен қоғамның рухани қажеттiлiгiн қарама-қайшы қоюдың қажеттiлiгi жоқ.
Қазiргi кезде қызметке деген қажеттiлiк пен қызметтiк тұтынудың өсуi қоғамдық өндiрiстiң тиiмдiлiгiн жоғарылатуға әсер ететiн маңызды факторға айналуда. Бiрақ туристiк қызметтiң әсерi жанама және қайта өндiру, сондай-ақ еңбек ресурстарын жетiлдiру есебiнен байқалады. Осылайша сала ретiнде халықаралық туризмнiң дамуы қоғамның негiзгi экономикалық заңдылықты қалыптастырудың формасы болып табылады. Туристiк экономикалық қызметтiң динамикалық саласы бiр жағынан тiкелей туристiк қызмет өндiрiсiне басқа туристiк кешендердi салуды қондырғы, транспорт байланыс өндiрiсiн, тамақ өнеркәсiбiн, ескерткiш бұйымдар, сыйлықтар, сувенирлер жасауда және т.с.с. қамтитын ңтуризм индустриясың ретiнде қарастырылады.
Басқа жағынан туризмдi арнайы тауар түрi туристiк қызмет өндiрiсi ретiнде қарастыруға болады. Мұндай көзқарас бойынша туризм өндiрiстiк емес экономика саласы ретiнде қарастырылады.
Өндiрiстiк емес экономика саласын зерттеу затын өндiрiстiк қатынастар құрайды. Бiрiншiден бұл жүйе құрамына өндiрiстiк күштер мен шектi байланыстық негiзде өндiрiстiң жеке және заттай факторлар бiрiктiру жолымен өндiрiс процестерiн жүзеге асыратын қатынастар жатады. Екiншiден, өндiрiстiк емес саладағы өндiрiстiк қатынастан материалдық өндiрiс жүйесiмен байланысты болады.
Осылайша өндiрiстiк емес саланы өндiрiстiк қатынастары жеке тұтыну қатынасына тиiстi және материалды өндiрiспен тұтас байланыста болып келедi.
Туризм – индустриясы бiр-бiрiне тығыз байланысты кәсiпкерлер мен кәсiпорындар арасындағы жүйе, туристке туристтiк процесс кезiнде барлық тұтынылатын туристтiк қызметтердi, тауарларды ұсынушы.
Әлемдегi туризмнiң жаппай дамуы туризм индустриясымен қосалқы шаруашылықтарды ғылым мен мәдениеттi бiлiм беру жүйесiн тез қарқынмен дамытуда. Осыларды қорыта айтқанда туристiк индустрия қонақ-үй мен орналастыру орындарының транспорт құралдарының қоғамдық тасымалдау, қоғамдық тамақтандыру объектiлерiмен танымдық, емдiк, спорттық, сауықтыру, дiни-мәдени, iсерлiк және т.с.с. ұйымдастырудың, туроператорлық және турагенттiк қызмет, сонымен қатар туристiк-экскурсиялық қызмет пен гидаудармашы қызметiн ұсынушы ұйымдарды да қамтиды.
Халықаралық туризмдi ұйымдастыруға екi түрлi туризм сферасындағы кәсiпорындар мен кәсiпкерлер қатыса алады. Олар: туроператорлар және турагенттiк. Былайша айтқанда олар туристiк қызметтi өндiрушi арасындағы соңғы функцияны орындайды. Бұл қызметтер олардың көрсететiн қызметi болып саналады.
Туроператор заңды немесе жеке тұлға туристiк өнiмдi негiздеу жұмысын, оның рыноктағы қозғалысын және реализациясын қадағалайды. Туроператордың алдыңғы екi функциясы түсiнiктi ендi осыларды кеңiрек тарқатсақ. Туристiк өнiмдi негiздеу түсiнiгiнде ұсынатын қызметiн сапасына, құнына, жұмысы мен қызмет қарқынына және оларды ұсыну жайында келiсiмшартты түзу, брондау, т.с.с. қызметтер кiредi. Ал қозғалыс түсiнiгiнде қызмет пен тауарды турды жарнамалау, потенциалды тұтынушының тұтыну қабiлетiн қанағаттандыру т.с.с. бiрқатар қызметтер кiредi.
Соңғы функциясы тереңiрек түсiнудi қажет етедi. ңреализацияң терминi екi түрлi қасиетке ие.
Сату.
Пайдалану.
Классикалық жүйеге туроператорлық қызмет, туристiк өнiмдi тек қана көтерме саудамен турагентке сатушы. Өз кезегiнде турагент көтермемен сатып алушы. Одан кейiн ол бұл өнiмдердi аудандар мен аймақтарға жергiлiктi турагенттер арқылы сатушы.
Тұтынушы туристке жеке турды әрине турагент сатады. Туризм сферасы кәсiпорындарының арасында тәжiрибе жүзiнде туроператор 5 ал турагенттер 95 пайыз болады. Сонымен қатар туроператорлар туристiк өнiмдi тұтынушының толық пайдалануына жауапты, себебi тұтынушы қызмет көрсету пакетiн туроператор алады, ал пакетте көптеген әртүрлi кәсiпорындардың қызметтерi кiредi. Жауапкершiлiк туроператорға кепiлдiк берудi қарастырады. Дамыған елдерде жауапкершiлiктiң әртүрлi деңгейiне байланысты құн төленедi.
Тасымалдау жүйесi туристердiң жаяу қозғалысымен дамыған технологиялық прогрестiң деңгейiмен және қозғалыс құралдарын пайдалану арқылы байланысты:
жануарлар;
пiлдер, түйе, жылқы, есек, ит;
жерде жүретiн қозғалыс құралы;
әуе қозғалыс құралдары;
судағы қозғалыс құралдар.
Тасымалдау негiзгi және қосымша туристiк өнiмдегi қозғалыс құрамына қарай бөлiнедi, жұмыс этапына бойынша бөлуге болады:
трансфер, автобустар, кететiн жерге туристердi жеткiзiп салу, аэропорт арсеналынан, вокзалдан отельге жеткiзiп салу, қайтып отанына оралуы т.с.с;
туристердi ұзақ белгiленген жерге жеткiзiп салу;
автобустық немесе темiр жол турларымен бағыт бойынша жеткiзiп салу, яғни бұл жерде круиздық бағыттарды да жатқызуға болады;
экскурсиялық бағыттар бойынша қалаларда, саябақтарда т.б. жерлерде тасымалдау.
Орналастыру туризмнiң ең қажеттi элементi. Орналастыру болмаса халықаралық туризм де болмайды. Кез-келген туристiк аймақтың қатаң экономикалық талабы туристердi қабылдаудан түсетiн үлкен сенiмдi пайда. Қонақ-үй индустриясы қонақ жайлылықтың бiр көрiнiсi, ерте кезден келе жатқан салт-дәстүр, қонақты күту, сыйлау, қызмет көрсету т.с.с. кiредi. Орналастырудың жүйесi мен құрылымы мекеменiң ең негiгi құралы. Ол жерде уақытша келушiлерге арнайы қызмет, сервис жасалынады. Қонақ-үй сферасында номерлердiң саны ең басты көрсеткiшi, яғни осыған қарап туристiк аймақтың деңгейiн бағалауға болады.
Қонақ-үй индустриясы экономикалық қызмет түрiнде қонақ-үй қызметiн ұсынушысын қонақ-үйде, кемпингте, мотельде, мектеп және студенттер жатақханасында келушiлерге арналған үйлерде қысқа уақытқа тұруды ұйымдастырды, бұл қызметке ресторандық қызметтiң де қатысы бар.
Халықаралық тәжiрибеде қабылданған туристердi орналастыру тәсiлдерiнiң стандарттық классификациясын Дүниежүзiлiк Туристiк ұйым (Дтұ) эксперттерi әзiрлеген. Онда барлық орналастыру құралдары екi категорияға бөлiнедi.
1. Ұжымдық
2. Индивидуалдық
Қонақ-үй мекемелерi сиымдылығына, олардағы номерлердiң санына және тұруға арналған орындардың санына қарай ерекшеленедi. Дтұ- ң анықтауы бойынша қонақ үй бұл ұжымдық орналастыру құралдары белгiлi бiр мөлшердегi бөлмелерден тұратын жеке басшылығы бар, қызметтердiң көптеген түрiн ұсынушы және кластарға топталып, категорияға сәйкес қызмет ұсынушы мекеме немесе кәсiпорын. Әлемдiк тәжiрибеге негiздей отырып қонақ-үйлердiң бiрнеше түрлерiн ұсынады: жоғары класс, орта класс, экономдық кластағы аппарт-отель қонақ үй.
Ең кең тараған классификациялар мыналар:
Жұлдыз жүйесiң Францияда, Австрияда, Венгрияда, Египетте, Қытайда, ресейде және бiрқатар басқа елдерде халықаралық туризмдi алмасуға қатысушыларды қолданады;
ңәрiптiк жүйең Грецияда қолданылады;
ңключей немесе купон жүйесiн ұлыбританияға қатысты сипатталған;
ңразряд жүйесiнің және т.с.с.
Халықаралық туризмдегi әуе транспортымен тасымалдау, чартерлiк және рейстiк самолетпен жүзеге асырылады. Туризм мақсатында кең ауқымда тiк ұшақтармен әртүрлi ұшу аппараттары қолданылады: әуе шары, парафлан, дельтафлан т.б. Қызметi мен коьфортiне, тамақтануына және де самолеттерi әртүрлi факторлердiң орындалуына байланысты келесiдей класстарға бөлiнедi:
1 класс- (Ғ)
бизнес класс- (С)
экономдық класс- (У)
әртүрлiлiк.
ұлттық тасымалдау шеңберiнде немесе жекелеген авиакомпанияларда халықаралық туризмге келесiдей жеңiлдiктердi қарастырып бекiткен:
маусымдық;
коорпоративтiк;
балалы жолаушыларға арналған;
топтық;
жас-жұбайларға арналған.
Туристтерге ерекше қарқынмен пайдаланылатын жеңiлдiк карта ҚАрА (авиакомпания пассажирлерiнiң халықаралық ассоцациясы), ЕТА (туризмнiң европалық жүйесi) т.с.с.Мұндай картаны иемденгендерге кейбiр авиакомпанияларда ( ДЕLТА, SAS ) мынадай жеңiлдiктер қарастырылған, қонақ-үйге төлейтiн кездегi жеңiлдiк ( 10-40 пайызға дейiн ). Ол ең жақсы деген әлемнiң 40-мыңнан астам отельдерiнде, әрi автомашинаны алғандағы жеңiлдiк ( 30 пайызға дейiн ) сақтандыруда т.с.с. жерлерде қарастырылған.
Халықаралық қарым-қатынаста жолаушыларды ұшақпен тасымалдау Варшава конвенциясына байланысты ескерiлiп отырады. Алғашқы 1929ж. кейiн 1955-1975жж. ң халықаралық әуе тасымалдау ережесi ң халықаралық деңгейде жасалған. Бұл шартты конвенция барлық елдерде туристердi және олардың жүктерiн тасымалдау ескерулерi. Бұған қосымша әр мемлекетте өзiнiң әуеде тасымалдау кодексiне қосымшалар енгiзедi. Чартерлiк рейстегi әуе қатынасы халықаралық конвенцияға және сол елдiң заңына нұқсан келтiрмей, чартердiң келiсiмшарт бойынша жүзеге асырылады. Iшкi әуе қатынасы дегенiмiз ұшақтың ұшу, қону және жолшылай қонуы Қр-қ аумақтарда жүзеге асырылады. Халықаралық әуе тасымалдауы дегенiмiз – ұшу және қону алаңдары әртүрлi мемлекеттерде болады. Халықаралық ережеде әуе тасымалы дегенiмiз туристердiң әуежайда алғашқы тексеруден өткен кезеңнен бастап, келесi әуежайда құзырлы адамдардың тексеруден өткенге дейiнгi аралық.
Халықаралық азаматтық авиацияда көптеген ережелер, ұсыныстар, әдiскерлiк құжаттар ҚАТО ICАТО ұйымдары басшылыққа алынады. Халықаралық әуежай ұйымы. IАТО – транспорттық тасымалдау ассосациясы. Әуе жайларда ғимарат, ұшу алаңдары, жолаушылар демалатын орын т.б. осы ұйымдардың талаптарына сай болуы керек. Дүниежүзi бойынша әуе тасымалдауы осы ұйымдар арқылы ( ООН, Дтұ) жүйеге келтiрiп отырады. Мысалы, бiр жылғы ұшу км. Алсақ орташа есеппен Iшкi ұшу мысалы 4,5 % болса,ал 7% халықаралық. Жыл сайын халықаралық ұшу көлемдер өсiп келедi. Кейбiр елдерде ұшатын жолаушылар санын арттыру мақсатында билет құнын арзандату, жиi ұшатын жолаушыларға арнайы сервистiк қызмет көрсету т.с.с. қарастырылады.
Ұшақтағы сервис пен комфорт мыналарға байланысты:
Авиакомпанияға.
ұшу бағыты.
Тариф.
Тасымалдау дәстүрi.
ұшу ұзақтығы.
Халықаралық әуе қатынастарында жолаушы тасымалдау бойынша дүние жүзiнде 4р-ден аса әуе компаниялары бар.
Қазақстанда 10-нан аса әуе компаниялары бар, бiрақ халықаралық деңгейде ңAir Astanaң компаниясы бар.
Қазақстандағы әуе компаниялардағы ұшақтар типi мынадай:
1). ТУ- 154 ұз. 47-9. 147,9м. Сиымдылығы 180 адам. Жылдамдығы 850/км.сағ. ұшу қашықтығы 4 мың км. ұшу биiктiгi 11р0м.
2). ИЛ 86, 62. ұз. 59-54. С-350. Ж-90км/сағ. ұшу ұзақтығы 5р0 км. ұшу биiктiгi 11р м.
3). Боинг 767. ұз.- 54-94. С-232. Ж-850. ұшу қашықтығы - 108р км. ұшу биiктiгi – 11р м.
4). А – 310-3р. ұз.- 46-6. С- 183. ұшу ұзақтығы – 98р. ұшу биiктiгi 11р0 м.
Әлемде жолаушылар тасымалдайтын ұшақтың қолданылу мерзiмi 23 – жыл. Европада - 27 жыл. Оңтүстiк Африка мен Оңтүстiк Америкада 28-29 жыл.
Қазiргi авиакомпанияның мақсаты, ұшақтың сиымдылығын арттыру, ұшу ұзақтығын, жылдамдығын, сервистiк қызмет пен комфорттылығын арттыру.
Дүниежүзiндегi ең белгiлi халықаралық әуе жайлар мына елдерде: Сингапур, Чанги, Манчестерде, Мельбурн, Амстердам, Цюрих.
Iшкi су жүйесiнде туристердi тасымалдау арқылы жабдықталған теплоходтарда ( жолаушылар сиымдылығы 250-3р және 4р орындық ) жүргiзiледi. Каюталар 1- орындық, 2- орындық, 4- орындық және отбасылық болып бөлiнедi. Мұндай класстағы теплоходта барлық барлық жағдайлар мен комфорттар демалуға қарастырылған: каютадағы жұмсақ ыңғайлы жиһаз, желдеткiш, тоңазытқыш пен кiшi бар. Жолаушыларға қызмет ұсынуда: ресторандар, бар, сауна, музыкалық салон, ойын залдары қарастырылған.
Халықаралық теңiздiк линияда көп палубалы, жоғары комфортты, круиздiк судналар ( жолаушылар сиымдылығы 1р- ден 8р- ге дейiн ) жұмыс iстейдi. Жоғарыда айтылып кеткен комфорттарға мыналарды да қосуға болады: барлық жағдайы қарастырылған бизнес класстар, семинар мен симфозиндер өткiзуге арналған орындар, онда бассейн, лифт, спорттық комплекстер және бортқа туристердi жеке автомашиналармен қабылдау, спутник, интернет т.с.с. қарастырылған.
Судағы туристiк экскурсиялар мен саяхаттар басқа да тасымалдау түрi: яхта, сүнгуiр қайықтарында, катамаранда, байдаркаларда, қайықта және де сол сияқтыларда жүргiзуге болады. Туристердi тасымалдаудың келесi бiр түрi темiр жол қызметi. Ол арнайы жабдықталған туристiк составтарда жүргiзiледi.