Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЫСАРТЫЛАН СЗДЕР.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
263.73 Кб
Скачать

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР:

  1. ЖҰӨ - Жалпы ұлттық өнімі

  2. ТҰ – Туристік ұйым

  3. ҚР – Қазақстан Республикасы

  4. ДТҰ – Дүниежүзілік туристік ұйым

  5. БҰДТҰ – Біріккен ұлттар дүниежүзілік туристік ұйым

  6. БҰҰ – Біріккен ұлттар ұйымы

  7. ТМД – Тәуелсіз мемлекеттер достастығы

  8. ХЕҰ – Халықаралық еңбек ұйымы

  9. КАХА – Көлік авияциясының халықаралық ассоциациясы

  10. ТААҚ – Туристік агенттердің Американдық қоғамы

  11.  ТАДА – Туристік агенттердің дүниежүзілік ассоциациясы

  12.  КОКП – Кеңес Одағының Комунистік партиясы

  13. ОК – Орталық комитет

  14.  БКҰОҚ – Бүкілодақтық кәсіподақ ұйымдарының орталық кеңесі

  15.  

  16.  КСРО – Кеңестік социалистік республикалар одағы

  17.  ҚТҰБ – Қазақстан туристік ұйымдарының бірлестігі

  18.  АҚШ – Америка Құрама Штаттары

 

1 Қонақ үй және туристік кешендердегі қызмет көрсету нарығының қалыптасуының негіздері

1.1 Қонақ үй индустриясының даму тарихы

     Ең алғаш рет қонақ үй өнеркәсібі түсінігі антика заманында қолданыла бастаған. Антика заманы тарихи ғасыр ретінде белгілі. Бұл  мәдениет әлемі және қайталанбас тағдырымен және жекелігімен тарихи ортада өмір сүрген адамдар әлемі. Адамдар осыған дейін түрлі антикалық заманда өмір сүріп келген  және шығуы, әлеуметтік жағдайы, білімі, ерекшеліктері жөнінен теңдей  болған емес. Антиканың «алтын шынжыр» мұрасы ғасырлар мен халықты бір жерде тоғыстырады.

       Еуропалық даму антикалық негізде құрылған. Жерорта  теңізі аймағы, Таяу Шығыстағы, Атлант мұхитынан Қара теңізге дейінгі еуропа жерлері, Британиядан Италияға дейінгі кең алқаптар антикалық стилде көптеген ғасырлар бойы дамып келеді. Антикалық дәуір әлемге және адам қауымына саяси және әлеуметтік формалар  енгізді. Демократия да Ежелгі Грекияда пайда болған. Рим республикалық қатардың тәсілін берді, сонымен қатар көптеген халықтың, тілдердің, діндердің және жерлердің дамуына ықпал етті. Антика  дәуірде көптеген ғылымдардың негізі жатыр.

      Антика  дәуіріне маңызды естеліктерді гректер мен римдіктер қалдырып кетті.

     Ең алғаш рет қонақ үй өнеркәсібі туралы ескі манускриптерде – Вавилонның патшасы Хаммурапидің кодексінде таверналардың иелеріне билік жөнінде әңгімелерді жеткізіп отыруын жүктеген. Келушілердің құрамы әртүрлі болған.

      Кейбіреулері «қонақжайлық» сөзі ескі француз сөзі «ospis» - біртүрлі қабылдау деп жобаласа, енді біреулері латын сөзі «hospitalis» дегенді яғни – қонақжайлық дегенді білдіреді деген. Қонақжайлар – дәл осылай антика дәуірінде өз үйінде жанұясымен қоса күтетін адамдарды атаған. Қонақжайлармен шетелдік мемлекеттер қарсылықты көмек, достық және   қорғаныс жөнінде келісім құрған.

    «Қонақжайлық» түсінігі адамзат өркениеті  сияқты ескі түсінік. Қонақ үйдің ең алғаш шығуы, адамдарға қызмет көрсету кәсібімен, түнгі жатар орнына тоқтау себебтерімен тікелей байланысты.

     Қонақ үйлер әдетте бір елмен басқа елдерге баратын басты жолдардың бойында орналасады. Сонымен бірге жолаушыларды күтумен қатар, қонақ үйлерде үкімет қызметкерлерімен өкілдер жұмыс жүргізеді. Қонақ үйлерде адамдарға түнеу, баспана, сол жерде тамқтандырады, аттарын ауыстырады.

      Орта ғасырларда Еуропада тұрақты аулалар монастырлар кезінде соғыла бастады. Шіркеу жолаушылары діни қызметкерлерге, әулие жерлерге саяхаттаушыларға арнап қонақ жайлар ұйымдастыруды міндеттеді.

      Уақыт өте келе тегін қонақжайлылықтан кіріс табуға есептелінген мекемелерге айналды. Алғашқы қонақ үйлер бастамасы Таяу шығыста, Орталық Азияда және Кавказияда орын ала бастады. Шөл далалар мен таулы үстірттерде саудагерлер тауар керуендерімен жолаушылайды. Олар әдетте  шатырларда, кеу кездері керуен сарайларда, әр түрлі қонақжай кешендерінде, адамдардың арнайы түнеу орындарында жайғасты. Сауда  байланысының дамуына байланысты Еуропада қонақжай шаруашылығының біршама өсуіне әкеп соқтырды. Мысалы XIV – ғасырда Миланда 150 қонақ үйі орын алды. Дегенмен ол кезеңдегі қонақжай шаруашылығы ең төменгі сатыда еді. Қонақ үйлерде ешқандай жағдай болмады, санитарлық  деңгейі өте төменгі жағдайда болды. XVIII–XIX ғасырлардағы мемлекетаралық экономикалық және саяси байланыстардың өсуі, Еуропа қалаларындағы қонақ үй шаруашылығының тез дамуына ықпал етеді.

      Қонақ үй жұмысы үлкен табыс әкелетін маңызды салаға айнала бастады.

      XIX ғасырдағы өндірістердің дамуы  қонақжайлығы, туризмнің дамуымен байланысты.

      Теңіз жағалауларында, минералды су көздері маңында табиғаты керемет орындарда ірі және ұсақ қонақ үйлер құрылыстары бой көтере бастады. Олардың уақыт өте келе техникалық жабдықталуы, қонақтарға арналып өте ыңғайлы жағдай жасалынып қызмет көрсетудің әдістері және түрлері өзгерді.

     Экономиканың бұл облысында компаниялар, акционерлік қоғамдар, корпорациялар және синдикаттар пайда бола бастады.Осындай біріккен ірі мекемелер өз еліндегі қонақ үй  шаруашылықтарын басқара отырып, сондай – ақ басқа мемлекеттерде қонақ үй тұрғызумен айналысты.

      Лондонда қонақ үй синдикаты, Францияда «Қонақ үй қожайын одағы» құрылды. Бұл мекемелердің  жеке иегерлері нөмірлерге бағаларын белгілеп, қонақ үй қызметкерлері мен мамандар даярлап туризмнің дамуына жағдай жасады.

      1906 жылы «Халықаралық қонақ үй иелерінің одағы» құрылып, әр түрлі әлем елдерінің 1700 қонақ үй иегерлерін біріктірді.

     Еуропаның  ең ірі қалаларында  қонақ үйлерді басқа бағытта пайдалану басталды. Ол жерлерде казино ойындарын өткізу, прессконфепенция өткізу қарастырылған.

      Қонақ үй шаруашылығының тез қарқынмен дамуы XX ғасырда басталды. Бұған себеп автомашиналардың сапалы және сандық бағытта тез өсуі, әуе және темір жол транспорты, мемлекет аралық сауданың, мәдениеттің, ғылыми – техникалық және спорттық байланыстардың өріс алуы болып табылады.

      Қазіргі «Қонақжай индустриясы» дегеніміз отельдер, мейрамханалар, барлар, курорттар, ойын – сауық үйлері, казино, сауықтыру кешендерін құрайды.

     XVIII – XIX ғасырда өнеркәсіп орындары мен сауда байланыстарының өсуімен, қалалар  саны артып, қонақ үйлер ашылды. 1818 жылы Мәскеуде жеті қонақ үй жүйесі жұмыс жасады. 1900  жылы Петербургте 325 қонақ үй ашылды. Ал 1910 жылы Ресейде 4685 қонақ үй жұмыс істей бастады. Ол қонақ үйлердің  бәрі таза коммерциялық мекемелер мен жеке адамдар меншігіне қарасты еді.

     Октябрь  ревалюциясынан кейін, Кеңес үкіметінің декретімен, барлық қонақ үйлер ұлттандырылып, қонақ үй шаруашылығы түбегейлі қайта құруға ұшырады. 1940 жылы 669 қалада қонақ үй тұрғызылды. Ал Ұлы Отан соғысы кезеңінде барлық халық  шаруашылығына, соның ішінде қонақ үй  шаруашылығына үлкен  зиян келтірілді. Соғыс жылдарынан кейін қайта қалпына келтіру жұмыстары  мен жаңа қонақ үй жұмыстарының құрылыстары, қайта жабдықтау басталды.

      1960 жылдарға таяу Кеңес Одағының  1364 қаласында, қонақтарға 1476 қонақ үйде қызмет көрсетті.

      Алдағы уақытта елдегі қонақ үй базасының материалдық және техникалық өсуін келесі факторлар анықтайды:

  • Қалалардың дамуы және жаңа қалалардың пайда болуы

  • өнеркәсіптің өсуі

  • ғылымның және мәдениеттің өсуі

  • өнердің өсуі

  • адамдардың материалдық жағдайының өсуі және т.с.с.

      Бұл факторлар ішкі туризмнің дамуына іс – сапарға және демалысқа  шығатындардың  санының артуының алғышарттары еді. 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасының қарсаңында, КСРО – да барлық сыйымдылық орны 700 мың орын алатын 7000 қонақ үй орын алды. Көптеген ірі өте жайлы қонақ үйлер салынды. Ресейдегі өте үлкен қонақ үйдің бірі, 10 мың орындық қонақ үй комплексі «Измайлово» қонақ үйі болып саналады.

      Өкінішке орай еліміздегі 1990 жылдардағы экономикалық және саяси жағдайға байланысты қонақ үй қызметіне  деген сұраныс құлдрап кетті. 1990 жылдың аяғында Ресей Федерациясы мемлекеттік комитетінің берілген статистикалық  мәліметтері бойынша, Ресей жалпы орын саны 390931 болатын 5043 қонақ үй типіндегі мекемелерді игерген.

     Барлығы ресейде қонақ үйлердің 60% - ы қалалық жерлерде,  ал 34 % - ы ауылдық жерлерде табылады. Көлемі жағынан қонақ үйдің нөмірлік қоры ең үлкендері Мәскеу мен Санкт – Петербург қалаларында орналасқан. Ресейдің астанасына арнап Мәскеу үкіметі «Мәскеудегі халықаралық туризмнің 2005 жылға дейінгі даму концепциясы» атты бағдарламада, қонақ үйлерді қайта жабдықтау және 30 мың қонақ үй орнына арналған жаңа құрылыс  жоспарлаған. Үкімет қолдауымен сыртқы және ішкі туризмді дамыту бағыттары алға қойылған.

      Мемлекеттердің экономикалық дамуы үшін туризмнің рөлі өте жоғары. Туризм XXғ. аяғымен ХХIғ. басында толығымен халықарлық деңгейде болды. Мұндай болуына 2 фактор әсер етті. Біріншіден, үлкен пайда алу мақсатында, кірісін жоғарлату үшін туристік кәсіпорындар, фирмалар саяхаттау географиясын әлем бойынша кеңейтуде. Екіншіден, рентабельді болу үшін туризм халықаралық деңгейде инвестициялану ерек. Қазіргі таңда туризмнің дамуы тұрақты. Жылына туристер саны орта есеппен 4% өсуде. Соңғы кездерде туризмнің интенсивті өсуі мына региондарда байқалады: Африка, Таяу Шығыс,Шығыс Азия, және Тынық мұхит регионы. Туризмнің бұлай даму тенденциясы халықаралық бәсекелестікке жағдай туғызып отыр, яғни жылдан жылға қызмет сапсы жоғары курорттар пайда болуда. Ал, бұрынғы туристік региондар жаңа қызмет түрлерін ұсынуда, жаңа жоспарлар құруда. Осылайша жаңа курорттар, қызмет көрсетудің жаңа түрлері пайда болуда. Туристік ағымды өзіне көптеп тарту үшін, туристік региондарда туристердің жақсы демалуына барлық жағдай жасалуда. Туристік өнімді өткізу үшін, осы өнім туралы ақпараттың клиентке оңай жетуі тиіс, яғни бұқаралық ақпарат көздері арқылы немесе демалыс орындарында болу керек.

      Көп елдерде халықтың табысы туристік қызмет саласына жұмсалады. Шығу және ішкі туризм сферасында қонақүй шаруашылығы туристерге толық комплексті қызмет түрін ұсынады. Қонақ үй шаруашылығы Қазақстанда даму преспективасын анықтайтын негізгі фактор болып табылады.

      Туристік қызмет, оның ішіндегі қонақүй қызметі әлеуметтік-мәдени қызмет түріне жатады. Туристік қызметтер қазіргі таңғы қонақжайлылық принципіне негізделіп құрылады, яғни Қазақстанда туризмді дамытуда қызмет көрсету саласының рөлі жоғарлайды. Туристік қонақүй сервисіне, кадрларды дайындау жүйесіне арнайы жаңа бағыттағы мәселелер қойылады.

      Орналастыру – туризмнің ең негізгі элементі. Қонақүй өндірісі-қонақжайлылық жүйесінің негізі болып табылады. Орналасу жүйесі немесе құралы- бұл әртүрлі сервис деңгейін ұсынатын, уақытша клиенттерді қабылдайтын, түнеуге орын беретін әр түрлі типтегі ғимараттар. Қазіргі таңда қонақжайлылық инфроқұрылымы регионның және туристік орталықтың қарқынды даму үстіндегі қуатты жуйесі және туризм экономикасында маңызды құралы. Қонақжайлылық инфроқұрылымын әртүрлі ұжымдық және жеке орналасу орындары құрайды: отелдер, қонақүй, мотель, жастарға арналған жатақханалар,апартаменттер,туристік приюттар және жеке секторлар.

      Республиканың көрікті, көрсетуге болатын маңызды объектілері мемлекеттің оңтүстігінде орналасқан. Олар Қазақстанның алғашқы қалалары: Түркістан, Отрар, Баба-ата, Испиджап (Сайрам), Тараз, Мерке; Талхиз(Талғар), Қойлық(Талдықорған).

      Алдағы уақытта қонақ үй бизнесінің  дамуы туризмнің дамуымен  тікелей байланысты.

      Ендігі кезекте Қазақстанның қонақ үйлеріне тоқтала кетсек. Оңтүстік астана қонақ үй индустриясының басты орталығы болып саналады. Бүгінгі күнде республикада 195 қонақ үй жүмыс істейді. Соның 36-сы Алматы қаласында орналасқан. 1990 жылдан бастап Қазақстанның қонақ үй рыногында инвестициялық ағын болды деуге болады. Осы жылдары 10 аса отелдер салынды. Көбісі бірлескен кәсіпорындар болып есептеледі және де әртүрлі халықаралық қонақ үйлер тізбектеріне кіреді. Кейіннен 1990 жылдардың ортасында халықаралық стандарттарға жауап беретін бір қатар отелдер пайда болды. Олардың инвесторлары болып отандық бизнесмендер шықты.

     Қонақ    үй      индустриясына    инвестицияның      келуіне    байланысты, банкротқа ұшыраған конақ үйлер саны да өсті, яғни рынок сұранысындағы дәрежеге сай қолайлы. Мысалы: оған «Премьер Медеу» отелін жатқызамыз.                   Ежелгі Медеу шатқалы демалу жүмыс орнына  қолайлы.   Осының   бәрі   Алматы   орталығынан 15 минуттьқ  жерде.   «Медеу» мүз айдынының жанында «Қазақ ауылы» мейманханасы (Отырар комплексі) орналасқан. Қазақстанда отель бағасы бойынша және қызметтері бойынша әр түрлілігімен көзге түседі. Бір тәулікке 3 доллар, бұнымен көбінесе дүние жүзінің волонтерлері қолданады.

     Ал люкс  нөмір   1400 долларға дейін жетеді.  Бұнымен  көбінесе сапарға       келген президенттер қолданады. Жергілікті жердің экзотикасына қызығушылар, халықаралық стандартқа үйреніп қалғандар қолданады. Бес жүлдызды отельдерде шетел азаматтарына барлық керек нәрсе бар. Әрине бағасына сай. Жиі келіп тұратын шетел азаматтарына шамалы жеңілдіктер болады.

    «Достық» отелі шетел азаматтарына өте қызықты. "Интерлюкс отелі, бұл қала сыртындағы Алатау санаториінде орналасқан. Мұнда советтік партияның қол басшылары, мәр-мәр залда жүргенін көресіздер. «Алия», «Уют» орташа қонақ үйлері бар. Конақтар көбінесе орташа елдерден Өзбекстаннан, Қырғызстаннан келеді. Жоғары таулы отель "Ворота", "Туюк су". Бүл керемет пансион Швейцариядағы альпілік қонақ үйге үқсас болып келеді. Отель өте ыңғайлы және қолайлы. Әр нөмірлерінің қабырғалары ағаштан ойылып салынған.

    «Анкара» - қонақ үйі. Алматы қаласының орталығы, Президент сарайына қарама-қарсы орналасқан. Бүл қонақ үйде 290 жабдықталған нөмірлер бар.Оның ішіде люкс нөмірлерінде халықаралық телефон байланысы, мини барлар, көп бағдарламалы музыкалық жүйе, спутникті ТВ, бағдарламалармен жабдықталған. Қонақ үй құрамына 5 мейманхана және барлар кіреді. Сонымен қатар бассейн, денсаулық клубы, туристік агенттік, шаштараз, казино, түнгі клубтар бар. Алматы қаласындағы ең үлкен залдардың бірі осында орналасқан. «Премьер-Медеу-Интернейшнэл» - қонақ үйі - Алматы қаласының орталығынан 15километр, ал әуежайдан 50 минуттық жерде орналасқан. Қонақ үйде 129 нөмірлер бар. Оның ішінде 126 жай нөмір, 3 люкс нөмірі кіреді. Бұл нөмірлердің барлығы халықаралық телефон жүйесімен, спутник ТВ, мини барлармен жабдықталған. Қонақ үйде жоғары мамандандырылған қызметкерлер жүмыс атқарады.

    «Медеу» қонақ үйі өзінің клиенттеріне қиындықсыз келісімге отыруына көмектеседі. Қонақ үйде 2 конференц залы, 10-80 адамға арналған, жоғары класстағы мейманхана бар, сіздерге сусындар мен шығыс және еуропа асханасын қызмет көрсетеді. Сіздерге жыл бойы демалуға мүмкіндік жасайды. Кімде-кім таза ауада демалуды ұнатса, қыс кезінде шаңғы, конькимен мұз айдынында сырғанауға болады. Бұл мезгіл қарашаның аяғынан басталып сәуірдің басында бітеді. Бұдан басқа, қонақ үйден 30метр жерде бассейн орналасқан.

    «Премъер-Алатау» қонақ үйі – Алматы қаласында 1974 жылы құрылған. Қонақ үйде 185 нөмір бар. Олардың ішінде қазіргі уақытта 83 нөмір белсенді жүмыс атқарады. 5 жартылай люкс және 73 жай нөмірлер бар. Олар халықаралық стандартпен қамтылған. Ішінде желдеткіш, телевизор, телефон, мини барлар бар.

     Барлық саяхаттар туристерді орналастырумен басталады. Өйткені қонақ үйлер туристердің демалу орны болып саналады. Сондықтан онда әдемі жақсарған және туристерге ұнау үшін барлық жағдай жасалған. Орналасуы әдемі туристік-рекреациялық жерлерге үқсас болып келеді.

     Қарағанды облысында 30-ға жуық қонақ үй бар. Ең халықаралық стандартпен жасалған «Созвездие»» отелі. "Созвездие" люкс отелі сәулеткерлік өнермен жасалған 8 қабатты ғимарат. Бүл отель экологиялық таза ауданда орналасқан және парк зонасында аквалендпен этнопаркпен қоршалған. Табалдырықтан аттай бастағанда, сізді жоғары дәрежедегі ыңғайлы қонақжайлылық күтіп түрады.

      «Люкс» отель әрбір жеке клиентке көңіл бөледі. Отельде жоғары мамандандырылған қызметкерлер жүмыс атқарады. Бүл жерде Қазақстандағы жалғыз бильярд спорт орталығы орналасқан. Сіздерді өте жоғары деңгейдегі әр түрлі асхана тағамдарымен қамтамасыз етеді. Сауна, джакузи ыңғайлы демалыс бөлмесі бар. Отельде VІР және люкс нөмірлер евро дизайнмен жасалған. Мұнда желдеткіш, мини бар, телефон, телевизор бар. Бұл отель осы уақытқа дейін 2267 қонақтарды қабылдады. Отельге әйгілі суретшілер, саясаткерлер, халықаралық бильярдтан турнирге қатысушылар, әйгілі фирмалардың басшылары келеді.

       Жезқазғанда 4 қонақ үй халықаралық класта қызмет көрсетеді. "Байқоңыр" - "5" жұлдызды қонақ үй. 1999 жылы желтоқсанда қонақ үй "Казақмыс корпорациясының" меншігіне кірді. Қайта қалпына келтіру жүмыстары жүргізіліп 2000 - шы жылы іске қосылды. Қонақ үй - Кеңгір су қоймасының жағасында орналасқан. Барлық қонақтарға ыңғайлы болып саналады. Бүл жерде 20 орын, соның ішінде VІР нөмірі; 2 люкс, 8 жартылай-люкс, 9 бір адамдық жоғары категориялы орындар бар. Қонақ үй желдеткішпен, таза сумен және әрбір нөмірде телефон, телевизор, мини барлар бар. Конференц залы аудиовизуалды техникамен жабдықталған. Зал іскерлік кеңесуге арналған. Қонақ үйде хол және қысқы оранжерея бар. Осыған қоса 150 орынға арналған мейманхана, 36 орынға арналған кіші банкет залы кіреді. Бүл жерде ұлттық жөне халықаралық асхананы көруге болады. Жазда ашық ауада терассада отыруға болады. Демалуға арналған бассейн, сауна, бильярд ойнау залы бар. Кір жуатын жерлері соңғы үлгідегі кіржуғыш машиналармен жабдықталған. "Бизнес-центр" - "3" жүлдызды қонақ үй. Швед фирмасы салған.  Ол Кеңгір су қоймасының жағасында, қалалық демалыс орнында орналасқан.Бұнда желдеткіш, таза сумен қамтылған нөмірлер бар. Қонақ үй құрамына автокөлік түрағы, 40 орындық мейманхана, 12 орындық конференц залы, емделу кешені кіреді.

     "Металлург" - қонақ үйі. Бүл қонақ үй 1969 жылы пайдалануға берілген. Жезқазған қаласының орталығында орналасқан. Қонақ үйде 10 адамға арналған 11 орын, 4 бар, жоғары категориядағы 2 нөмір бар. Қонақ үй құрамында 40 орындық кафе, 25 орындық жазғы кафе бар. Қонақ үйде іскерлік комплексінде 23 адам жұмыс атқарады. Бұл жерде ақылы қызметтер: сауна, бильярд, кір жуатын жер, мейманхана, кафе. Барлық қызметтер жоғары деңгейде   орындалады.

 

1.2 Қазақстан Республикасында туристік саланың қонақ үй қызметі аясында дамуы

Терең ғылыми зерттеуді, талдауды және жүйелендіруді қажет етіп отырған, туризм құбылысының, туристік саланың елімізде дамуының, туристік қызметтің жұмылдыра көрсетілуінің басты себеп-салдары ретінде көрінуі және адамдардың әл-ауқатын жақсартудағы әлеуметтік-экономикалық мәселелерді қозғауы, осы бөлімде оларға негізделе тоқталуымызға түрткі болды.

Отандық ғылым «туризмді», белгілі бір аймақтарды, елдерді тану мақсатымен жасалатын саяхатты білдіретін белсенді демалыс түрі ретінде сипаттайды. Түсінік берудегі келістерді қорытындыласақ, онда «туризмді» адамдардың тұрақты мекен-жайларынан тыс жерлерде уақытша тоқталуы немесе саяхат жасауы нәтижесінде пайда болатын қатынастар жүйесі ретінде анықтауға болады. Жалпылама сипат алған бұл анықтама, аталмыш құбылыстың әлеуметтік және экономикалық аспектілерін қозғамай, бейнелеумен ғана шектелген. Алдындағы тарауда қозғаған ойлар мен қарастырылған әдебиеттердің негізінде, диссертант, туризмге өзінің рухани және басқа қажеттіліктерін қанағаттандыру, дене мен мінезқұлықты саулығын нығайту, қоршаған ортаның жаңаша әсерін тану мақсатымен, туристік қызметті тұтыну негізінде туристің бос уақытты пайдалануы ретінде анықтама береді.

Қазіргі заман ғалымдарының ішінен алғашқылардың бірі болып, туризмге экономикалық құбылыс ретінде назар аударған П.Ротоу, елдер дамуындағы экономикалық кезеңдер мен олардағы туризмнің даму ерекшеліктері арасындағы корреляцияны анықтау арқылы ұсынған үлгісі бүгінгі күнге дейін экономистермен мойындалуда. Халықаралық рынокқа туристік қызметпен шығу, экономикалық әлуеті жоғары, дамыған елдер үлесіне тисе, онда туризм «орта кластың» өркендеу белгісіне және жаппай тұтыну өніміне айналған. П.Ротоудың болжамына сәйкес, рынок жолына түскен дамушы елдерде, ал бұған біз өз кезегімізбен Қазақстанды енгіземіз, қызметтер аясындағы мультипликативті табыс құралы, тұрғылықты халықты жұмыспен қамту және инфрақұрылымның даму құралы болатын, ішкі туризмнің дамуына жағымды әлеуметтік-экономикалық жағдайлар туындап отыр. Теориялық тұжырымдар мен жорамалдарға сүйенбей, статистикалық мәліметтерге жүгінетін, бүгінгі күнгі туристік қызмет аясының ел экономикасына ықпалын бейнелейтін үлгілер, экономикалық тұрғыдан ғана ұсынылып, әлеуметтік жағы назардан тыс қалған.

Қазақстанның өтпелі кезеңнен кейінгі туризм саласының, халыққа ұсынылатын туристік қызметтер жағдайының әлі де болса тұрақтанбауына қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайын реформалау процесі ауқымды үлесін қосты. Қазіргі туристік аядағы «қайшылықтар» қайдан   пайда   болғанын   анықтау   үшін,   өткен   бірнеше   жыл   ішіндегі Қазақстандағы осы саланың даму процесін қарастыру қажет.

Арнайы әдебиеттерде туристік қызметтер аясы Қазақстанда XX ғасырдың бас кезінде пайда болғандығы жайлы сөз етілген. Туристік сала, халық шаруашылығының барлық салалары секілді кешегі күнге дейін орталықпен қатаң түрде басқарылып келген. Қазақстанда халықаралық туристік қызметпен алмасудың бастамасы ретінде, ресми түрде шетелден келген 25 қонақты қабылдауымен ерекшеленген 1956 жыл белгіленеді. Тап осы жылы КСРО, сол кездегі БҰҰ-да әрекет еткен ресми туристік ұйымдардың Халықаралық Одағына мүше болып кірген болатын. Қарастырылып отырған, екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезең, туристік саланың индустриализациясы мен монополизациясы кезеңі болып табылады. Экономиканың жалпы дамуы мен соның ішіндегі туристік қызмет саласына тиісті маңызды шешімдерді орталық мемлекеттік органдар қабылдады. Халықаралық және ішкі туризмнің жоспарлы даму міндеттері әртүрлі Орталық органдарға бекітілді: жас өспірімдер және спорттық туризм мүдделері туристік-экскурсиялық, кәсіподақтық және қоғамдық органдардың құзырында болса, ішкі туризм мәселелерін - кәсіподақтар қарастырса, халықаралық - әртүрлі қалаларда өз бөлімшесі және шетелде өкілеті бар жеке ұйымдарға бекітіледі; ал жастар туризмін Орталық жастар ұйымы ұйымдастырады.

1962 жылы туристік-экскурсиялық басқару негізінде, туристік саланы жаппай дамыту міндетін алған, туризм мен экскурсиялар бойынша кеңес жүйесі құрылған болатын. Туризм мен экскурсия бойынша кеңестің қызметі Орталық Кеңеспен реттелініп отырған, ал олардың құрылуы елдегі туристік-экскурсиялық қозғалыс ауқымының кеңеюіне жол ашты. 1965 жылы Қазақстан мен барлық Одақтас республикаларда туризм бойынша Кеңестер ұйымдастырылып, туристік саланың материалдық базасы біршама кеңейтіледі. Алматы, Қарағанды, Орал, Шымкент, Шығыс Қазақстан облыстарында алғашқы кездері тек жалға алынған көлік құралдарымен жұмыс істеген, саяхат пен экскурсия бюролары пайда болған. 70-жылдардың орта кездерінде Қазтур Кеңесінде шетел туристерін қабылдау мен оларға қызмет көрсету бойынша бюролар жүмыс істей бастайды.

Алматы, Жамбыл (қазіргі Тараз), Шымкент, Қарағанды және Целиноград (қазіргі Астана) қалаларында «Интурист» атты Бүкіл Одақтық акционерлік қоғам агенттіктері ашылды. Ол КСРО-ның Министірлер Кеңесіндегі шетел туризмі бойынша бас басқармасына бағынышты болды. Сол жылдары біздің отандастарымызды Жерорта теңізінің жағалауындағы - Греция, Түркия, Тунис, Мальта, Испания, Франция, Ұлыбритания, Италия елдері арқылы өтетін, социалистік елдерге саяхат; Финляндия, Үндістан бойынша өтетін маршруттар қызықтырды. Туристік саланың дамуының жоспарлы реттелуі елімізден шетел валютасы «ағымының» мүмкіншілігін мейлінше азайтты, ал айырбастан тыс келген халықаралық топтарға туристік қызмет көрсету шетел валютасының түсімін арттыруға айтарлықтай әсерін тигізді.

Сол кездегі КСРО-дағы туристік қызметтің негізгі аймақтары болып Кавказ, Қрым, Балтық жағалауы, Ресейдің тарихи орталықтары мен Орта Азия саналды. Ал Қазақстанның бірқатар табиғи көрнекті жерлері мен мәдени ескерткіштері, архитектурасы мен археологиясы мүлдем көңілден тыс қалып қойды. Бүл кездері қазақстандық туризм идеологиялық функция атқаратын мәдени-ағартушылық жұмыс жүйесінің элементтерінің бірі ретінде көрінді. Мемлекеттің туристік саланы экономикалық сала ретінде қарастырмауы, кешенді болжаулардың жүргізілмеуі, ұзақ мерзімді жоспарлардың жасалмауы, Қазақстанда туристік қызмет индустриясының артта қалып қоюының негізгі себептерінің біріне айналды. Сондай-ақ, туристік қызметті аумақтық ұйымдастыру мен мемлекеттік емес туристік құрылымдар көңілден тыс қалды.

Постсоветтік уақыттағы халықаралық туристік қызметпен алмасуын шектеу саясаты, оның республикадағы дамуына кедергі жасап, тек ішкі туризм, не болмаса өзара туристік ағымның дамуына әкелді және де ол қалдық принципі бойынша қаржыландырылды.

80-жылдардың орталарына қарай орын алған түбегейлі реформалар, социалистік құрылысты «жылдамдатуы» бойынша дәстүрлі әкімшілік-әміршілдік шаралар шеңберінде жүргізілді. Реформаторлық ойдың негізі мынадай екі нұсқамадан тұрды:

1.   жылдамдатылған қарқынмен бір бесжьлдық ішінде өркениетті батыс елдерін негізгі технологиялық көрсеткіштер бойынша қуып жету.

2.   социализм жүйесі өз бетінше батыс елдерінің қоғамына қарағанда кіршіксіз, ал оның экономикалық артта қалуының себебін «социализмнің әлуетті мүмкіншіліктерін жеткілікті пайдаланбауында» деп сендіре түсіндіру.

«Ұлы советтік арманды», яғни Америкаға жету және одан асып түсуін жүзеге асыруды алғашқы кезде социалистік негізге реформалану арқылы болдыруға тырысты. Осыған байланысты, 1990 жылдың басына дейін советтік машина жасау саласын американдық, жапондық және германдық деңгейге дейін «жылдамдатып» дамыту, «міндеттен тыс» немесе оңтайлы бағыт болып саналды. Дегенмен, сол кездегі экономиканың машина жасау саласы үшін жабдықтар өндірісін қажетті қарқында дамытуға дайындықсыздығы, аталмыш жобаның іске аспауына әкеліп, басқа да реформалардың кідіруіне себепкер болды, Яғни, дәстүрлі социалистік негізде модернизациялау мүмкіншіліктерінің толық игеріліп болғандығы туралы қорытынды жасауға болатын еді.

Осындай белгісіздік пен үрейлену кезінде туристік сала мәселелері әлі де болса жоспарлы тәртіпте үйлестірілуін жалғастырады. Сол кездері шетелден қонақтарды күтіп алу мен азаматтарымызды шетелге жіберу ісімен «Интурист» Мемлекеттік комитеті және «Спутник» халықаралық жастар туризмінің Бюросы айналысты. Шетелден келген туристердің 60%-нан астамын бұрынғы социалистік елдердің азаматтары құрады. Сондағы шетел туристерінің ішінде жүргізілген сауалнама нәтижесіне жүгінетін болсақ, олардың отанына келуінің негізгі мақсаты, саяси және экономикалық өмірдің  өзгеруіне  байланысты  күшейе түскен елдің     тарихи-мәдени  жағдайына қызығушылықтарының артуы болғандығын байқаймыз.

1987         жылдың қаңтар айындағы КОКП ОК-нің (ЦК КПСС) пленумы реформалаудың жаңа қадамдарын қалайды. Онда әкімшілік-әміршілдік әдіс масқараланып, шетке ысырылып, оның орнына социализм мен демократияны біріктіру стратегиясы қолға алынды. Қайта құрудың демократиялық кезеңінде қалыптасқан «жалпы адамзаттық» құндылықтардың «әмбебап» тұжырымдамасын, социализм мен капитализмнің конвергенция теориясының отандық үлгісі ретінде қарастырыруға болар, яғни 1960 жылдардан бастап ол капитализм социализмнің, ал социализм капитализмнің ең жақсы жақтарын игереді және соның нәтижесінде осы екі жүйе әлемнің өркениетіне үлгі болатын - «жаңа индустриалды қоғамға» трансформацияланады дегенді алға тартқан.

1988         жылы туристік саланы бюджеттен қаржыландыру мен мемлекеттің реттеуі тоқтатылғаннан соң, туристік қызмет индустриясында рыноктық қатынастарды қалыптастыру процесінің нышаны біліне басталғанымен, кәсіпорын қызметін мемлекеттік тапсырыс пен бақылау цифрлары арқылы жоспарлы түрде «жоғарыдан» реттеу процесі өз жалғасын тапты. Қызмет көрсету мен жұмыс көлемі бойынша мемлекеттік тапсырысты орындау, алғашқыдай, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін бағалаудың негізгі белгісі болып қала берді.

Заңдылықтарға жүгіне отырып, туристік-экскурсиялық кәсіпорындар өз жоспарларын әзірлеп, келісім-шарттар жасасты. Кәсіпорындардың өндірістік, әлеуметтік қызметі, жұмысшылардың еңбекақысының төленуі еңбек ұжымымен атқарылған қаржы есебінен жүзеге асырылды.

Туристік-экскурсиялық мекемелерді көтерме сауда ретінде материалдық ресурстармен жабдықтауға, яғни 1987 жылдың шілде айынан бастап толық шаруашылық есеп пен өзін-өзі қаржыландыруға көшіруі, алдағы бірнеше жыл ішінде ғана көптеген туристік қызмет кәсіпорындарының (туристік пансионаттар, демалыс үйлерінің, турбазалардың және т.б.) толық жабылуына алып келді.

91-жылдағы түбегейлі экономикалық қайта құрулар: республикадағы мемлекеттік меншікті жекешелендіру мен мемлекетсіздендіру, баға белгілеуіндегі либерализация мен басқа да көптеген жағдайлар туристік қызметтер аясына да өз әсерлерін тигізбей қоймады. Әртүрлі меншік формаларындағы туристік қызмет кәсіпорындарының құрылуы салдарынан, туристік қызметтің жоғарғы сапасын қамтамасыз етуге қабілетсіз, көптеген шағын туристік фирмалар пайда болды. Оған қоса, республикадағы қаржылық жағдайдың нашарлауы, халықтың сатып алу қабілетінің төмендеуі, туристік саладағы дағдарыстық құбылысты тереңдетті. Туристік қызмет саласының материалдық-техникалық базасы үшін апаттық жағдайлар туды.

Экономикалық еркіндікті шектен тыс қолдау демократияға зиянын тигізуі және де керісінше болуы да мүмкін. Осындай көзқарастың нәтижесінде қоғам үшін зиянды келешек кәсіпкерлер менталитеті қалыптасты. Осы жылдары социалистік жүйені жасанды «теңестірудің» баламасы ретінде «алғашқы мүмкіншіліктерін теңестіру» идеясы ұсынылды. Мұнда мемлекеттің кез-келген араласуын индивидум жағдайын теңестіруге бағытталғандай етіп көрініс жасауға тырысты. Сонымен қатар, әркім өзінің жеке қабілетінің күшіне байланысты үлесін алуы керек болды. Осылайша, мемлекеттің әлеуметтік ара-қатынасқа қатысуын шектеткеннің нәтижесінде, туристік сала дамуының жылдар бойы жинақтаған тәжірибесі құнсызданды.

Батыс елдерінің стандартын қолдаушы реформаторлар, Қазақстан реформасының мақсатын анықтауда әлемдік ортақ өркениет туралы үкімді ұсынды және оның бір бөлігі болып Қазақстан енуі қажет еді. Бірақ та, онда Қазақстанның негізгі экономикалық көрсеткіштері бойынша артта қалып қойғаны ескерілген жоқ. «Орта топты» жылдамдатып қалыптастыру қажеттілігі мен мүмкіншілігін жария ете отырып, оны құратын материалдық негіздің болмауын ескермеген. Нәтижесінде мәселен, қазақстандықтардың тек 4-5%-ы ғана туристік индустрияның қызметтерін тұтына отырып, сапалы демалуы мүмкін еді.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, мемлекетпен реттелмейтін туристік саланың даму процесі тұрақты даму мәселесін шеше алмайды. Туристік қызмет индустриясының тиімді функциялануы туристік өнімнің өңделу дәрежесі мен туристік ресурстарды пайдалану тиімділігімен анықталады. Туристің тілектері мен тұтынуын қанағаттандыру, шектелген туристік ресурстарды рационалды пайдалану мәселелерін шешуді, туристік рыноктың әлсіз жерлері мен жағымсыз механизмін түзету процесіне мемлекетті қатыстыруын талап етеді.

1991 жылдың жазында Қазақстан Республикасының Президентімен Қазақстанның туристік ұйымдарының жалпылама жұмыстарын реттеу мақсатымен «Туризм, дене шынықтыру және спорт Министрлігін құру туралы» үкімге қол қойылған болатын. Сол кезде құрылған Министрлік Қазақстанның саяси егемендік алуымен байланысты жаңа өзгерістерге бейімделу қажеттілігіне сәйкес бірнеше рет өзгерістөрге шалдықты.

Бүгінгі күнде әлемдегі бірде-бір мемлекет туристік аяны құрайтын байланыстарсыз өмір сүре алмайды. 1993 жылы Қазақстан Бүкіләлемдік туристік ұйымға кіре отырып, әлемдік туристік қоғамдастықтың бір бөлігіне айналды, яғни халықаралық туризмді дамытудың жаңа жолдары ашылды, ендігі уақытта еліміз жалпыға бірдей қабылданған принциптер бойынша дамуға ұмтылыс жасауда. Ұлы Жібек жолын жаңғырту мәселесіне арналған Бүкіләлемдік Туристік Ұйымның Ташкенттегі мәжіліс жұмысына (1994, қазан) Қазақстан Республикасының делегациялары осы Ұйымның толық құқықты мүшесі ретінде қатысты. Қазақстан фирмаларының ішінде осы мәжілісте аккредитациядан өткен жалғыз «Жібек-Жолы» холдингтік компаниясы болатын.

Аталмыш кезеңде шетелге шығу еркіндігі берілгеннен соң, сыртқа шығу туризмі дами бастап, оған Қазақстан халқының шағын көтерме сауда саласындағы кәсіпкерлердің бір бөлігі, яғни «шоптуристер» айтарлықтай сұраныс білдіреді. Жүргізілген есептер бойынша, ТМД-ның туристі орташа есеппен осы саладағы әйгілі Дубайда күніне қонақүйден басқа шамамен 1026 доллар шығын жұмсайтын болса, оның ішінде 980 доллары «шоппинг» үлесіне тиесілі. Дубай Эмиратының бюджет табысының 15%-ын мұнай саудасы құрса, туристік саладан түсетін пайда оның 60%-ын көрсетеді.

Осы мысалдың өзінен-ақ басқа елдің экономикасын нығайтуға нақты валюта түрінде қаншама ақша сомасы шетелге кететінін шамамен болжауга болады. Бұдан басқа шоптуристермен алып келінген тауарлар ішкі рынокта отандық тауарларға бәсеке туғызып, экономикаға келтіретін зияны бір басқа.

Қазақстанда қарастырылып отырған туристік «сауданың» даму кезеңі, Кеңес кезеңі бойындағы басымдылыққа ие болған дәстүрлі ұйымдастырушылық формаларының (жаппай және әлеуметтік туризм) өз жасауын жасап, рынок құрылымына бағытталған жаңа күштердің қалыптасуын бейнелейтін шешуші кезең болды. Қазақстандық туристердің осы жылдары жиі баратын елдерінің қатарына Түркия, Польша, Қытай, БАЭ, Германия, Болгария елдері кірді. Ал Қазақстанға келетін туристердің ағымы көбіне Ұлыбритания, ҚХР, АҚШ, Германия елдерінен. Негізінен осы кезеңдегі сыртқа шығу туризмін ұйымдастыруға бағытталған отандық туристік қызмет кәсіпорындарының кәсіпкерлік пайдасымен, туризмнің қоғамға қосқан үлесінің құндылығын өлшеу мүмкін емес еді. Туристік саланың осылайынан бір жақты жұмыс істеуінен елдің туристік ресурстарының артуын байқай алмаймыз және де ол ұлттық экономиканы көтеру котализаторы бола алмайтындығы айқын. Туристік алмасу саласындағы достастық туралы халықаралық келісім қорытындысы, әлемдік туристік нарығында мемлекеттің имиджін құруды қолдау мен өзіндік туристік мүдделерді жүзеге асыру үшін қосымша ынта берді. Қазақстанды туристік әлуетке бай, перспективті партнер ретінде қарастыра отырып, шет мемлекеттер үкіметінің бірқатар келісімдер жасауға ілтипат білдіргендігін атап өту қажет. Осындай келісімдер Иран, Пәкістан, Молдова республикасы, Венгр республикасы, көршілес Қырқызстан, Өзбекстан елдерімен жасалған, сондай-ақ бұған ТМД елдерімен туризм облысында достастық туралы келісімдерін де жатқызуға болса, бүл өз кезегімен Қазақстан Республикасының әлемдік туристік рынокқа шығуы туралы куәландыруы болар.

Қазақстан Республикасының Президентімен 1997 жылдың 30 сәуіріндегі «Қазақстан Республикасында Ұлы-Жібек жолындағы туризмнің инфрақұрылымын дамыту бойынша Бүкіләлемдік Туристік Ұйым мен ЮНЕСКО жобасын, түркі тілдес мемлекет басшыларының Ташкент декларациясын жүзеге асыру туралы» және 1998 жылдың 27 ақпанында «Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау» атты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бағдарламасы туралы қабылданған Жарлықтары маңызды рөл атқарды. Аталмыш Мемлекеттік бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің бірінші   Жарлығында   көрсетілгендерді   орындау   мақсатында   жасалған болатын. Мұнда сонымен қатар, Қазақстан Республикасында туристік қызмет инфрақұрылымын дамыту мен тарихи қалаларды жаңғырту бойынша қажетті ғылыми және өндірістік әлуеттерді біріктіру, жеке тұлғалар мен ұйымдардың өзара әрекетін қамтамасыз- етуін анықтау міндеті, қызметінің негізгі бағдарына айналатын ашық акционерлік «Жібек жолы - Қазақстан» Ұлттық компаниясын құру ұйғарылған болатын.

1997 жылы БҰҰ-ның дамыту бағдарламасының қолдауымен Бүкіләлемдік Туристік Ұйымның сарапшыларының техникалық көмек ретінде жүргізген мемлекеттің туристік әлуетінің алдын-ала зерттеуі, Қазақстанда туристік саланы дамыту бойынша туристік сектордың шолуын қамтып, техникалық көмектің қажеттілігін анықтады.

Туристік қызметтің тиімді дамуына елдің немесе өңірдің географиялық ерекшеліктері, табиғи-климаттық жағдайлары, рекреациялық ресурстардың турист үшін тартымдылығы, коммуникация тарапынан ыңғайлылық дәрежесі, туристік саяхат жасауға қажетті уақыт пен қаражат мөлшері, туристік қызметтер индустриясына қажетті ресурстармен қамтамасыздық деңгейі секілді алғышарттар жүйесі септігін тигізеді. Рынок тұрғысынан туристік индустрияның өндіретін қызметтері туристік ұсынымды қалыптастырады, ал осы ұсынымға деген рекреационды сұраным, кейбір қызмет түрлеріне деген сұраным секілді бағаның өзгеруіне сезімтал және табыс бойынша жоғары икемді. Мұнда маусымдық факторының әсерін ескеру қажет, мысалы, демалысқа шығу кезеңі, сұраным өзгерісінің уақытты интервалы (қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді), тұтынушылар қалауларының сегменттелуі және олардың тұрақсыздығы, турөнімнің ассортимент пен сапасы бойьшша саралануы.

Еліміздің туристік-рекреационды әлуетіне негізделген шаруашылық, өндірістік және әлеуметтік қызметтердің сан-қырлы, күрделі жүйесін білдіретін туристік қызметтер индустриясы, адамдардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыруға және қоғамның демалу мен көңіл күйін көтеруге деген сұранымын жан-жақты қанағаттандырып, еңбек ресурстарын жұмылдыру қабілеттілігімен халықтың тұрмыс деңгейін көтереді.

Бүгінде ішкі туристік рыноктағы демалыс, туристік-экскурсионды қызметтер, халықтың ақылы қызметтерге деген тұтыну шығындары құрылымында азғантай үлес алады. Бір жылға жан басына шаққандағы орташа көрсеткіші бойынша 1997 жылғы 27 теңгеден 2001 жылы 47 теңгеге ауытқығанымен, бұл шама елеуге тұрарлықтай емес (кесте 1). Тұтыну бағасының жоғарғы қарқынмен өсуі салдарынан халықтың басым көпшілігінің әл-ауқатының жақсармауы, минималды қажеттіліктердің, яғни тек әлеуметті-қажетті қызметтердің кейбіреулерінің ғана қанағаттандыры-луына әкелді, олар өзіндік бір ұдайы өндірмелі ядро болып қалыптасқан, яғни көрсетілген барлық ақылы қызметтер көлемінде жыл сайын ¾  үлесін алып отырған. Оны 2001 жылы Қазақстан Республикасының статистика бойынша Агенттігінің 12000 үй шаруашылықтарының арасында жүргізілген таңдамалы зерттеудің нәтижесі көрсетті. Бұл өзгерістер аталған кезең арасында адам үшін осы қызметтердің маңыздылығының артуы үрдісін бейнелемейді. Негізгі себеп баға факторының әрекеті адам мен қоғамның рухани және интеллектуалды өмірімен байланысты қызмет түрлеріне (әлеуметтік-мәдени аясының, тұрмыстық қызметтері, туристік қызметтер) деген сұранымының төмендеуіне бір жақты әкелуінен көрінеді, ал тұрмыстық-коммуналды қызметтердің тұтынылуы өзгеріссіз қалған. Медицина қызметтері бағаның көтерілуінің жалпылама деңгейін статистикалық түрде бейнеледі, бұл салаларда өзіндік қызметке көшу не болмаса оны ауыстыру мейлінше төмен.

Халқының жартысынан көбі жалдамалы жұмыскерлер болып келетін ел экономикасы үшін, еңбек қызметінен түсетін табыстардың жоғарғы үлесі, негізгі жұмыспен қамтылу адамдардың өмір сүруінің қамтамасыздығының негізгі қайнар көзі болып келетіндігіне күмәндандырады. Әлеуметтік сипаттағы төлемдер бойынша қарыздың кейінгі жылдарда жойылуын көрсеткен оңды өзгерістерге қарамастан, соңғы жылдары әлеуметтік трансферттер үлесінің артуы (2000 жылдың 11%-нан 17%-ға) халықтың тұрмыс деңгейінің біршама төмендегеніне көз жеткізеді.

Еңбек қабілетті халықтың басым бөлігінің материалды қамтамасыз етілмеуі, еңбек ақыдағы сала аралық диспропорцияның орын алуының салдары болып келеді. Қаражат қызметі, өнеркәсіп салаларында, құрылыс ұйымдарында жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысы жоғары және республика бойынша олар орта деңгейден жоғары әлеуметтік төлемдерді алатын болса, ауыл шаруашылығы, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету салаларындағы жұмыскерлердің табысы төмен болып қалмақ.

 

Кесте 1 - Халықтың тұтыну шығындарының құрылымы (барлығына %-бен)

Шығындардың құрылымы

2000

2001

2002

2003

2004

 

 

Жж

басына

орташа,

жылына,

теңге

Нәти-

жеге

%бен

Жан

басына

оргаша,

жылына

теңге

Нәти-

жеге

%-бен

Жан

басына

оргаша,

жылына

теңге

Нәти-жеге %бен

Жт

басына

оргаша,

жылына

тенге

Нәти-

жеге

%-бен

Жан

басына

орташа,

жылына

теңге

Нәти-

жеге

%бен

Тұтыну шығындары:

28651

100

31237

100

34870

100

40897

100

57071

100

Ақылы қызметтер, олардың ішінде:

5551

19

6996

22

8734

25

9840

24

12127

22

Тұрғын-үй шаруашылығы

3062

55

3721

53,2

4752

54,4

4944

50,3

6407

52,8

Жолаушылар көлігі

1451

26

1770

25,3

2168

24,8

2625

26,7

2822

23,3

Білім         беру жүйесі

379

7

743

10,6

963

11,1

1130

11,5

1297

10,7

Медициналык

222

4

216

3,1

309

3,5

459

4,6

477

3,9

Демалысты ұйым. қызметі

27

0,5

28

0,4

41

0,5

46

0,5

47

0,4

Басқалары

410

7,5

518

7,4

501

5,7

636

6,4

1080

8,9

Е с к е р т у - «Қазақстандағы халықтың тұрмыс деңгейі» статистикалық. жинақ негізінде жасалынған. Алматы, 2006, 52-56 б.

 

Мұнда салыстырмалы кедейлік, дамыған елдерде орта кластың ядросын құрайтын және осы елдердегі жоғарғы дәрежелі экономикалық және саяси теңдікті қалыптастыруға мүмкіндік беретін тұрақты әлеуметтік құрылымды білдіретін кәсіби жұмыскерлер арасында орын алып отыр. Статистика бойынша ҚР Агенттігінің мәліметтері бойынша, күн көру минимумынан төмен табыс алатын халық саны 28,4 % - ды құрап отыр (2001 жылы), яғни Қазақстан халқының 1/4 бөлігінен астамын. Қалыптасқан осындай жағдайлар, әлеуметті қорғалмаған топтардың демалу, денсаулығын қалпына келтіру құқықтары мен рухани дамуға деген мүдделерін қорғауда мемлекет рөлінің артуы қажеттілігін нақтылай түседі.

Қазақстан Республикасының статистика бойынша Агенттігінің мәліметтері бойынша 2001 жылы туристік индустрия өз қызметінің 24,6%-ын сыртқа шығу туризміне көрсеткен болса, сырттан кіру туризмінің үлесі тек 1,6%-ды құраған. Егер оның алдындағы жылы аталмыш көрсеткіш сәйкесінше 45,9% және 16,2% болғандығын ескерсек, сыртқа шығу туризмі 21,3 %-ға және сырттан кіру туризмі 14,6%-ға төмендегенін байқаймыз. 2002 жылы туристердің саны өткен жылмен салыстырғанда 9,9%-ға артқан. Туристік қызметтердің көлемі 2 млрд. 430 млн. 771 мың теңгені құрды. Ішкі туризм бойынша 2001 жылы 114053 адамға қызмет көрсетіліп, ол көрсеткіш алдынғы жылмен салыстырғанда 35,9%-ға өскені белгілі. Бұдан отандастарымызда ел табиғатына, халық мұрасына деген қызығушылықтарының және демалу, жергілікті курорттар, т.б. жерлерде денсаулығын түзету мүдделерінің артуын көре аламыз.

Туристік қызмет индустрия кәсіпорындарының шаруашылық қызметтеріндегі оңды өзгерістерге қарамастан, сырттан кіру туризмінің күрт төмендеуі, шетелдіктерді қызықтыра алатындай табиғаты мен тарихи-мәдени орталықтарына бай Қазақстанда заманға сай туристік қызмет инфрақұрылымын құру және істі жоғары дәрежеде ұйымдастыруды қолға алу қажеттілігін көрсетеді.

Рынокты экономикада шағын және орта кәсіпкерліктің басты орын алуы қажет деген тұжырым, туристік қызметтер аясында жәие жалпы қызметтер аясында негізгі жайғасымды алуы шарт. Әлем тәжірибесі, инвестиция жасауға, технологияны жетілдіруге және қызмет ету сапасын жақсартуға деген мотивациялық механизмдерді қалыптастыруға септігін тигізетін бәсеке ортасы ретінде байқалатын, шағын бизнестің маңыздылығына көз жеткізіп отыр. Бүгінде Қазақстандық туристік рыноктағы ұйымдардың 98%-ынан астамын шағын кәсіпорындар құрап отырса, жұмыскерлер саны 250 адамға жететін орта кәсіпорынның үлесі 1,5%-ды және ірі кәсіпорындар 0,5%-ды көрсетеді. Туристік рынокта шетелдің қатысуымен қызмет көрсететін ұйымдардың саны 28-ге жетіп отыр.

Дегенмен де, сервис инфрақұрылымының барлық түрлерін біріктіретін туристік    қызмет    индустриясы    Қазақстан    экономикасының    салалық құрылымында өз орнын таба алмай келеді. Күрделі әлеуметтік-экономикалык мәселелерді шешуде жол көрсете алатын жеке мәртебесінің болмауы оның қазіргі даму үрдісіне накты сипаттама беруді қиындатып отыр. Туристік қызмет индустриясына енетін құрылымдық салалар қызметтерінің көрсеткіштерін бейнелейміз (кесте2). Кестеден көріп отырғанымыздай, туристік қызмет индустриясының кәсіпорындары мен ұйымдарының қызметтерінде біршама оңды өзгерістер байқалған. Оның негізгі буыны болып табылатын қонақ үй шаруашылығының табысы 2006 жылмен салыстырғанда 2007 жылы 24,5%-ға артып, 8912,9 млн. теңгені құрған. Ал туристік фирмалар мен агенттіктерінің қызметтерінен түскен табыс 2007 жылы 1504,9 млн. теңге және 1044 мың АҚШ доллары деңгейін көрсетіп, сәйкесінше алғашқы жылдың осындай кезеңімен   салыстырғанда   1,1   және   3,8   есе   артқан.   2008   жылы   бұл көрсеткіштің сомасы 1690,3 млн. теңгеге жетті.

Өзіндік өңірлік ерекшелігі бар (демографиялық, әлеуметтік, экономикалық) «адами капиталдың» сапалық сипаттамасының басым бола бастауы жағдайындағы сервисті экономиканың қалыптасуы, жұмыссыздық пен халық табысының төмендеуі мәселесін орындарда шеше алатын, шағын және орта кәсіпорындардың халықтың жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруда қатысуын білдіреді.

Қызметтер аясы, соның ішінде туристік қызметтер саласы, көзіміз жетіп отырғандай, кеңестік және қазақстандық реформалау үлгілерінің барлық

 

Кесте 2 - Туристік қызмет индустриясы салаларының негізгі көрсеткіштері

Туристік қызмет индустриясының Салалары

Жылдар

 

 

2006

2007

Қонақ үй шаруашылығы, бірлікпен

Қонақ       үйлердің      туристерге       қызмет

көрсетулерінен түскен табысы (млн. тенге)

159

7158,7

165 8912,9

Арнайы   орналастыру   орындарының   саны (демалу үйлері және т.б.), бірлікпен қызметтерін пайдаланған адамдар

106 137068

102 126520

Турфирмалар   мен  турагенттіктердің   саны,

бірлікпен

қызмет көрсетілген туристердің саны, адам

сатылған жолдама қағаздарының қүны

(мың теңге / мың АҚШ доллары)

ҚР-ның  турфирмалары  мен  агенттіктерінің

қызметтерінен түскен табыс (мың теңге / мың

АҚШ доллары)

690 146915 1945684,3

/ 623,4

1340304,6

/ 277,0

770 154502 1460843,7 /1169,4

1504864,9

/1044,0

Қоғамдық тамақтандыру орындары, бірлікпен Қоғамдық      тамақтандыру      орындарының айналымы, млрд.тенге

6681

11,5

7731 13,8

Көлік құралдарын пайдаланған туристердің

жалпы саны (адам), соның ішінде:

Ұшақ көлігін

Теміржол көлігін

Қалааралық автобустарды

Басқа жер көліктерін

Су көлігін

88390

52590

8093

21488

6185

34

36901

26120

1565

8978

238

Е с к е р т у -"Туризм в Республике Қазахстан в 2007 году" статистикалық жинақ мәліметтерінен жүйелендірілді, Алматы, 2008.

 

ықпалын сезінген рыноктық алаң болып табылады. Мұнда бастыға қол жеткізілді - туристік қызметтер аясында белгілі негіз - жеке, мемлекеттік және аралас меншік формаларын білдіретін элементтері бар рынок құрылымы қалыптасты. Қазіргі зерттеулер, туристік қызметтер және жалпы қызметтер аяларындағы мемлекеттік емес сектордың рыноктық ортаны қалыптастыру белгілеріне ие екендігін көрсетеді. Мемлекеттік емес меншік формаларының кәсіпорындары айналым қаржыларының жылдамдығы, пайдалылық, өтімділік көрсеткіші, еңбекақыны төлеу, еңбек етуге деген тұрақты мотивацияны құру бойынша өзінің артықшылықтарын алға тартады. Бұл артықшылықтар түрлі ассортиментті рекреациялық қызметтерді көрсету аясында өз бейнесін алады. Сонда да, қызметтердің рыноктық сипаттамасы айқын форманы алмайтын жағдайлар да кездеседі және оларға өзінің әлеуметтік-экономикалық өмір сүру қабілетін дәлелдеуге тура келеді.

Қазақстанда реформа жүргізу кезеңінде жеке капиталға негізделген жаңа қызметтер рыногының калыптасуының (жарнама, франчайзингтік, компьютерлік, жеке күзет, білім беру, туристік және т.б. қызметтер) нәтижесінде 2001 жылы Қазақстанда қызметтер аясының ЖІӨ-дегі үлесі 49,3%-ды және жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 48,2%-ын құрады, дегенмен де бұл көрсеткіш рынокты экономикасы дамыған елдерге қарағанда шамамен 1,5 есе төмен екендігін көрсетті (кесте 3). Қазақстан Республикасының статистика бойынша Агенттігінің мәліметтерінен ЖІӨ құрамындағы қызметтер аясының үлесі 2000 жылдан 2005 жылға дейін тұрақты өсіп отырғандығын және жоғарғы көрсеткішке (57,5 %) 2007 жылы жеткендігін байқаймыз. Бірақ, одан кейінгі жылдары аталмыш көрсеткіш төмендей келе, 2007 жылы ғана алдыңғы жылмен салыстырғанда шамамен 1%-ға өскен. Ал ЖЮ-дегі туристік саланың үлес салмағы 2001 жылы -0,03%, 2002 жылы - 0,06%, 2003ж - 0,14%, 2004ж - 0,02%, 2005жылы -0,06%, 2006 жылы - 0,08%о-ды құраған. Дегенмен, қызмет салаларының ЖІӨ-дегі үлесінің артуы қызмет түрлерінің тез қарқынмен дамуымен қатар, тауарлар бағасының өсуіне қарағанда баға деңгейінің өсуімен түсіндіріледі.

Қазақстандағы қызмет аясының қарқынды дамуы оның жұмыспен қамтылу құрылымына қарай оңды қозғалысына түрткі болды. Бірақ сала ішіндегі жұмыспен жұмылдырылған халық санында, қарастырылып отырған жылдар   ішінде,   тұрақты   беталыс байқалмайды.. Осылайша, 2000-2005 жылдары қызмет аясы салаларындағы жұмыспен қамтылу 6,3 мың адамға өсіп, біршама жандану байқалған болса, 2006-2007 жылдары алғашқылармен салыстырғанда бұл көрсеткіш шамамен 8,2-8,5%-ға ауытқыған. Мұнда ресми статистика мәліметтері экономикамыздағы қызмет аясының алатын орнының және жұмыспен қамтылу деңгейінің шынайы жағдайын бейнелей қоймайды деген ой-түйін жасауымыз орынды болар. Бұған жеке кәсіпкер тізіміне тіркелмеген, жұмыссыздар қатарында есептелінетін адамдар тобы дәлел. Қазақстанда көп капитал салымын, қызметтер түрлілігін қажет етпейтін жекелей туризмнің әлуетінің болашағы бар. Туристік және спортты жабдықтарды уақытша пайдалануға беру қызмет орындары желісі, қызықты маршруттар туризмнің осы түрін сүюші миллиондаған адамдарды баулуда.

Терең тарихи тамырлары бар, туризмнің көне түрі - діни туризмдегі қажылар үшін, туристік сала қызметкерлері діни-танымдық немесе тарихи-мәдени сипаттан ерекше, рәсім жасаудың мәнін сезітетін арнайы турларды ұсынады. Негізінен Қазақстандық туроператорлармен 904 туристік маршруттар белгіленді, соның ішінде мәдени-танымдылық 111, экологиялық -58, спортты және демалыс күнгі саяхат - 344, Жібек Жолы бойынша - 67, аң және балык аулаумен байланысты - 65, сауықтыру - 153, атпен саяхат - 27, хикаялы - 59, қажылық турлар - 20.

Кесте 3 - Қазақстандағы қызмет аясының макроэкономикалық көрсеткіштері

(%-бен)

Көрсеткіштер

2000

2002

2005

2007

ЖІӨ-дегі        қызметтердің үлесі, оның ішінде

56,72

52,44

48,31

49,26

сауда

15,15

13,58

12,44

12,09

қонақ           үй           мен мейманхана

0,65

0,58

0,57

0,58

көлік

12,26

10,54

10,01

9,68

байланыс

1,55

1,52

1,47

1,47

қаражат қызметі

1,72

2,71

зд

3,43

жылжымайтын   мүлікпен операциялар

13,08

11,97

10,77

11,97

мемлекеттік басқару

2,94

2,61

2,34

2,02

білім беру

2,50

2,28

3,7

3,64

денсаулық сақтау

2,74

2,43

2,02

2,10

басқа          коммуналдық, әлеуметтік    және    жеке қызметтер

2,13

2,22

1,89

2,02

Қызмет              аясындағы жұмыспен қамтылғандар

59,2

59,7

51,2

48,2

Ескерту- «Қазакстан 1 Агенттігінің ақпараттық-сараптамалык жинақ

1997-2007 жылдар»;

дар» ҚР-нь қ негізінде

ң статисти жасаланғс

ка бойынша ш. Алматы,

 

Ортаның көріктілігі, табиғи ландшафтың экзотикалығы, ауа-райының жағымдылығы, аң мен балық аулау мүмкіндігінің болуы және т.б. секілді аумақтың табиғи құндылығы спортты туризм үшін негіз құраса, онда Қазақстанда туризмнің бұл түрінің дамуына барлық алғышарттар жасалынған демекпіз.

Туристік қызметтің орталығы болып табылатын аумақтың әлеуметтік-инфрақұрылымдық және экономикалық өлшемдері іскерлік туризм үшін маңызды. Дамыған рыноктық процестер, интенсивті өңіраралық байланыс, дамыған инфрақұрылым, қазіргі заманға сай банктік қызмет және тағы басқалармен сипатталатын аумақтың белсенді тіршілігі, туризмнің осы түрінің дамуының алғышарты болып, іскер адамдардың рыноктық коммуникацияға ұмтылысын қанағаттандыратын қызметтер аясының әлуеті ретінде бағаланады.

Рынок жағдайында Қазақстанның ішкі туризмі тұрақсыз дамуда. Санаторлы-курорттық және туристік-экскурсиялық қызметтерге деген сұраныс болғанымен, бұл саладағы қызмет мекемелерінің орын санымен қамтамасыз етілуі соңғы бірнеше жыл ішінде күрт қысқарған. Қазіргі туристік кызмет индустриясындағы санаторлық-курорттық мекемелер, пансионаттар, демалыс үйлері мен базалары күрделі жөндеуді қажет етіп отыр, сондықтан бұл мекемелердің желісін кеңейту, жұмысын жақсарту, балалар мен ата-аналардың біріге демалуларына жағдай туғызуға бағытталған кең шаралар бағдарламасын әзірлеп, жүзеге асыру маңыздылығы артып отыр.

Әлемнің бірқатар елдеріндегі туристік қызметтер нарығындағы баға бәсекесінің артуы турөнімді ұсынушы туроператорлардың табыстылығының төмендеуіне әкелді. Еуропалық туристік қызметтер рыногындағы бағаның түсуі мүмкін минималды деңгейге жетті. Осындай жағдайларда ұлттық және халықаралық масштабта шоғырландыру процесі дамып, баға бәсекесінен өнімнің сапасы төңірегіндегі бәсекеге өту, баға мен сапа сәйкестігіне қол жеткізу орын алады. Алайда, еліміздің ішкі туризм нарығында қалыптасқан баға деңгейі шет елдерінің ұсынысымен бірдей, ал сапасы жағынан төмен болғандықтан, тұтынушылар отандық ұсынысты емес, шетел ұсынысын таңдайды.

Шетелдің көптеген туристік қызмет кәсіпорындары мен мемлекеттік органдары туристік рыноктағы жайғасымды бекіту мақсатымен, туристерге экзотикалық бағдарламалар және ұсыныстар жасай баулуға тырысады. Бремен қаласы 1997 жылы алғашқы болып ғарыш туризмі жөнінде конференция өткізсе, Сары-Арқа жеріндегі Байқоңыр ғарышжайының ондағы сөз етілген туристердің ғарышқа саяхат жасауы туралы арманын шындыққа ұластыруымен әлемге әйгілі болуы, Қазақстанның халықаралық туристік рыногындағы беделін арттырды.

Туристік объекті болатын аумақтың экологиялық параметрлері, туристік өнімнің     маңызды     құрамасы     бола,     кейінгі     уақытта     туризмні «экологияландырылуы» үрдісінің пайда болуының бірде бір себебіне айналды. Демалу мен бос уақытты өткізу үшін жағдай туғызатын қоршаған орта мен туристік-рекреациондық сипаттамалар туризмнің көптеген түрлері үшін, сәйкесінше туристік қызметті ұйымдастыру үшін негіз құрайды.

Туристік қызмет кәсіпорындары мен олардың көмекші құрылымын ауылды жерлерде орналастырып, экономиканың басқа салаларының қызмет айналымына жатқызуға болмайтын, табиғат элементерін (ландшафтың эстетикалық ерекшеліктері, таулы рельеф пен жазық дала көркін және т.с.с) пайдаланатын ауылды туризмді дамыту болашағы үлкен. Туристік қызмет нарығындағы игерілмеген демалыстың бұл түрін, жазғы уақытта мектеп жасындағы балалар мен жеткіншектер арасында ұйымдастыру тиімді, алайда ұрпақты тәрбиелеу, Жер-Анамен жақындатудағы оның әсері таза экономика-лықтың шегінен шығады.

Қазақстандағы туристік саланың денсаулық пен жұмыс істеу қабілеттілігін, күшін қалпына келтіруге және т.б. деген адамның қажеттілігін толығырақ қанағаттандырмауы, қызмет ету сервисі деңгейінің төмен болуымен сипатталуы, оның материалды-техникалық және экономикалық даму жағдайының шектелуімен түсіндіріледі. Осы тұрғыдан, туристік саланың дамуы экономикалық кешенді жандандыру және аумақтық әлуетті тиімді пайдалану мен байыту тәсілі ретінде қарастырылуы мүмкін. Қонақ үй шаруашылығы туристiк индустрияның негiзгi құрамды бөлiгi болып табылады. Қонақ үйлер туризм саласына табыстардың ең көп бөлiгiн қамтамасыз ететiн бағыттардың бiрi болып табылады. Әлемнiң барлық мемлекеттерi қонақ үй саласын дамытуға үлкен көңiл бөледi. Қонақ үй индустриясы құрамына қонақ үйлер, мотельдер, жол бойындағы және су жағалауындағы қонақ үйлер, сонымен бiрге туристердi жайғастырудың арнайы жабдықталған құралдары кiредi. Туристердi жайғастырудың арнайы жабдықталған құралдарына  жататын жайдан басқа арнайы қызмет түрлерiн көрсетуге маманданатын құралдар кiредi.  Мысалы, сауықтыру орындары немесе когресс-орталықтар.

 

 3 кесте. Қонақ үйлер көрсеткен қызметтердiң көлемi

 

2001

2002

2003

2004

2005

Қонақ үйлердiң саны, бiрлiк                                             

88

78

95

91

83

Жайғастырылатын адамдар саны, мың адам        

182,1

136,2

131,9

103,7

123,7

Барлық нөмiрлер саны, бiрлiк                                   

2339

2247

2367

2172

1974

Бiр мезгiлдегi сиымдылығы, орындар             

4125

3777

4192

3505

3498

Күндер саны,                            

313,9

242,6

313,3

209,7

278,4

Қонақ үй қорын пайдалану коэффициентi

0,21

0,18

0,20

0,16

0,22