
Кестелер
Web –құжатының негізгі бөліктерінің бірі кесте. Ол тікбұрышты бағаналар мен көлденең орналасқан жолдардан тұратын торлар жиыны түрінде қарастырылады. Жолдар мен бағананың қиылысы ұяшық деп аталады. Бір ұяшықта мәтін, сурет немесе басқа бір шағын кесте орналаса алады. Кестелерді қолдана отырып, бірнеше бағана құруға және суреттің фон мен үйлесуін сәндірек етуіге болады т.с.с. Кесте <TABLE> ашылатын тэгімен басталып </TABLE> тэгімен аяқталады. Кестенің жолдары <TR> тэгімен басталады және (</TR> Table Row), тэгімен жабылады, ал әрбір ұяшық <TD> тэгімен басталып(</TD> Table Data) тэгімен аяқталады. <TD> тэгі кестедегі мәліметтерді көрсетуге арналған, ал ұяшықтар тақырыбын енгізу үшін <TH>…</TH> (Table Header) (кесте тақырыбы)тэгі қолданылады, бірақ бұл жағдайда мәтін қалың шрифтті ірі ұяшық ортасына жазылады.
<TABLE> тэгінде мынадай атрибуттары болуы мүкін:
Атрибут |
Атқаратын қызметі |
ALIGN |
Кестенің құжаттағы орналасуын анықтайды. Жазылмаған жағдайда кесте документтің сол жағына жабысып тұрады. Оның мынадай атрибуттары бар: LEFT (сол жаққа), CENTER (ортаға) және RIGHT (оң жаққа). |
WIDTH
|
Кестенің енін пиксельмен немесе пайызбен анықтайды. (мысалы, WIDTH= “400”) немесе кесте енін пайыз бойынша (мысалы, WIDTH= “80%” ). |
BORDER |
Кесте қабырғасының қалыңдығын пиксельмен береді (мысалы BORDER= “4”), жазбаған жағдайда n=0 болып, кесте қабырғалары көрінбей тұрады. |
CELLSPACING |
Ұяшықтардың ара қашықтықтарын пиксельдермен береді. (мысалы, CELLSPACING= “2”). |
CELLPADDING |
Мәтін мен кесте қабырғасының ара қашықтығын пиксельдермен береді. |
Кесетде тақырып орналасуы мүмкін, ол (<CAPTION> ... </CAPTION>) тэгтерінің ортасында орналасады. Тақырыпқа ALIGN атрибутын қолдануға болады, ол кестеде орналасуын анықтайды: <CAPTION ALIGN=TOP> тақырып кестенің жоғарғы жағының ортасына жазылады. <CAPTION ALIGN=BOTTOM> тақырып кестенің төменгі жағының ортасына жазылады.Кестенің жолдары <TR> тэгімен басталады және </TR> тэгімен жабылады. Берілген тэгтің мынадай атрибуттары болуы мүмкін:
Атрибут |
Атқаратын қызметі |
ALIGN |
Ұяшықтағы мәтінді көлденең түзету. LEFT (солға), СENTER (ортаға) және RIGHT (оңға) белгілерін пайдалануға болады. |
VALIGN |
Ұяшықтағы мәтінді тігінен түзету. Берілетін белгілер: VALIGN=TOP (жоғарғы шетпен түзету), VALIGN=CENTER (ортаға түзету, еш нәрсе жазбаған жағдайда қолданылады), VALIGN=BOTTOM (төменгі шетпен түзету). |
Кестенің әрбір ұяшығы <TD> тэгімен басталып</TD> тэгімен жабылады. Берілген тэгтің мынадай атрибуттары болуы мүмкін:
Атрибут |
Атқаратын қызметі |
NOWRAP |
Бұл атрибут ұяшықтағы мәтінді бір жолға сидырады. |
COLSPAN |
Кестені көлденең түрде созу. Мысалы, <TD COLSPAN="2"> ұяшық екі бағанаға созылатынын білдіреді. |
ROWSPAN |
Ұяшықты жол бойымен созу. Мысалы, <TD ROWSPAN="2"> ұяшық кесетенің екі жолына созылатынын білдіреді. |
WIDTH |
Ұяшықтың енін пиксельдермен береді. (мысалы, WIDTH= “200”). |
HEIGHT |
Ұяшықтың биіктігін пиксельдермен береді. (мысалы, HEIGHT= “40”). |
BORDERCOLOR="#FFFFFF" |
Қабырғаның түсін анықтайды, #FFFFFF - ақ түс. |
BACKGROUND="image.gif" |
Кестенің фонына сурет толтырады. |
Мысалы 5.
<HTML>
<HEAD>
<TITLE>Мысалы
</TITLE>
</HEAD>
<body bgcolor="#FFFFFF" Text="black" Link="#00FF00" Alink="#00FF00" Vlink="blue" Lftmargin="40" Rightmargin="40" Marginwidth="40">
<table align="center" border="3" cellspacing="0" cellpadding="5" width="80%" Height="150">
<tr Align="center" bgcolor="#CECECE">
<th Colspan="2"> <i><b><h1> С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті </h1></i></b></th>
</tr><tr>
<td align="center" rowspan="5"><i><b><h1>Факультеттер </h1></i></b></td>
<td align="center">Жалпы медицина </td>
</tr><tr>
<td align="center">Қоғамдық денсаулық сақтау</td>
</tr><tr>
<td align="center"> Фармация</td>
</tr><tr>
<td align="center">Cтоматология</td>
</tr><tr>
<td align="center">Менеджмент</td>
</tr></table></ body></html>
Үзіліс -10 мин
Оқыту және сабақ беру әдістері: ақпараттық технологияларды оқыту.
Құзыреттілікті қалыптастыру әдістері:
Компьютерде сауалнама тапсыру (студент берілген тақырып бойынша минималды білімді және дағдыны тексеруге арналған теориялық сұрақтардан, негізгі анықтамалардан тұратын сауалнамаға жауап беруі тиіс).
Коммуникативті дағды бағалау парағының көмегімен бағаланады.
Студенттің өз бетімен жұмысы: -50 мин
Біліктілік, практикалық дағдыны қалыптастыру: ситуациялық есептерді шешу.
Әдебиеттер:
Шарф Ш. Д. HTML 3.2. Справочник-С.-ПБ.,1998.
Морис Б. HTML в действии-С.-ПБ., 1997
Гончаров М.В. Введение в Internet. Часть 7. Интернет для бизнесменов, предпринимателей и банкиров.-М.,2001.
Под редакцией С.В.Симоновича. Информатика. Базовый курс. Учебник для ВУЗов 2001, 640 с.
Үзіліс -10 мин
Студенттердің оқытушымен бірігіп істейтін жұмысы: - 25 мин
Жұмыстың практикалық бөлігі аяқталғаннан соң оқытушы студенттердің практикалық жұмыстан алған нәтижелерін дұрыстығын тексереді. Содан кейін оқытушы тақырыпты студенттермен бірге талқылайды және оның практикалық қолданылуын сұрайды.
Соңғы білім деңгейлерін бақылау -20 мин
Оқытушы студенттердің практикалық жұмыс нәтижелерінің қорытындысын тексереді. Тақырыпты сараптай отырып бақылау сұрақтарын жүргізеді. Компьютерде сауалнама тапсырады.
Бақылау
Сұрақтар:
World Wide Web қызметі қандай мүмкіндіктерге ие?
Web-құжаттың пішімі қандай? Олардың дәстүрлі мәтіндік құжаттардан айырмашылығы неде?
Браузер деп нені айтады? Ол қандай қызмет атқарады?
Internet.-тегі парақ қалай орналасқан?
Гипермәтіндік тіл деген не?
MS Internet Explorer-де Web-парағын қалай құрылады?
Internet Explorer-де құжатты қалай сақтауға болады?
HTML-құжаттың құрылымы.
HTML-құжаттың атын безендіруде қандай тэгтер қосылады?
Мәтіндік ақпаратты безендірудің ережелерін атаңыз.
Тізімдерді безендіру ережелерін атаңыз.
Суреттерді безендіру ережелерін атаңыз.
Кестелерді безендіру ережелерін атаңыз.
Сауалнамалар: «HTML тілінің негіздері» тақырыбын «Информатика» сауалнамалар жинағынан қараңыз.
Бағалау: -5 мин
Оқытушы біліктілік және коммуникативті дағды құзыреттілігін сараптайды.
Оқытушы студенттің практикалық жұмысын, қатесін тексереді. Кейін оқытушы әрбір студенттің жетістігі мен кемшілігін атап өтіп студенттің үш құзыретілігі (практикалық дағды, өзін-өзі оқыту, біліктілік) бойынша журналға баға қойылады.
20 беттің
Құрастырған: Жусипбекова Ш.Е. Рахимбаева Г.С.