
Html-құжатының түстік гаммасы.
Құжаттың негізгі бөлігі <BODY> тэгінің ортасына HTML-құжатының түстік гаммаларын, келесі атрибуттармен анықтауға болады. Олар төмендегі түрде жазылады:
Атрибут |
Атқаратын қызметі |
BGCOLOR |
Құжаттың жалпы фон түсін анықтайды. |
TEXT |
Мәтін әріптерінің түсін анықтайды. |
BACKGROUND |
Мәтіннің фонында орналасатын суретті анықтайды, ол түсқағаз (обои) рөлін атқарады. Суреттік файлдың типі gіf немесе jpg болуы тиіс. Суреттің мекен-жайы көрсетілсе, ол Интернет желісінен тауып алынады. Мысалы: <body bgcolor=lіghtyellow text=red background="face.jpg">
|
HTML тілінде түрлі түстер он алтылық сандар түріндегі RGB тәсілімен берілуі де (COLOR="#C0FFC0"), мүмкін, оның мүмкіндігі өте мол. Мұндағы алғашқы екі сан қызыл түс бөлігін, келесі екі сан – жасыл түс бөлігін, соңғы екі сан көк түс бөлігін анықтайды.
Жоғарыдағы көптеген параметрлер түсті пайдаланады, олар ағылшын тіліндегі негізгі он алты түс атымен немесе солардың кодтарымен төмендегідей түрде беріледі.
Аты |
коды |
Аты |
Коды |
Blaсk (қара) |
“#000000” |
Green (жасыл) |
“#008000” |
Silver (күміс түсті) |
“#C0C0C0” |
Lime (лимон түсті) |
“#00FF00” |
Gray (сұр) |
“#808080” |
Olive (кофе түсті) |
“#808000” |
White(ақ) |
“#FFFFFF” |
Yellow (сары) |
“#FFFF00” |
Maroon (қызыл күрең) |
“#800000” |
Navy (қара-көк) |
“#000080” |
Red (қызыл) |
“#FF0000” |
Blue (көгілдір) |
“#0000FF” |
Purple (күлгін) |
“#800080” |
Teal (шәй түсті) |
“#008080” |
Fuchsia(қызғыш) |
“#FF00FF” |
Aqua (көк ) |
“#00FFFF” |
Html-құжатында суреттерді бейнелеу.
Суреттік бейнелер Web-парақтарды әшекейлеп безендіру кезінде маңызды құралдар рөлін атқарады. Суреттердің өздері HTML құжаттарынан бөлек орналасқан жеке файлдарда сақталады, алайда олар браузер арқылы Web-парақтардың ішінде бейнеленеді. Суреттерді бейнелеу ережелерін былай беруге болады.
Суреттерді құжаттардың ішіне орналастыру үшін <ІMG …> жеке, яғни жабылмайтын жалқы тэг қолданылады.
Бұл тэгте міндетті түрде SRC= “…” атрибуты болуы керек, оның мәнін абсолюттік және салыстырмалы түрде жазылған бейнелеу файлының URL-адресі көрсетеді. Құжатты экранға шығарған кезде ол міндетті түрде құрамындағы суреттермен бейнеленеді және ол <ІMG …> тэгі тұрған орыннан көрінеді.
Оның жазылу синтаксисі төмендегідей:
<ІMG 1-атрибут=1-мәні [ ... N-атрибут=N-мәні]>
<ІMG> тэгінің атрибуттары мен олардың мәндері келесі кестеде көрсетілген.
Атрибут |
Атқаратын қызметі |
SRC |
Суреттің URL-мекен-жайын береді (оның абсолюттік немесе салыстырмалы мекен-жайы көрсетіледі; егер ол HTML-құжат тұрған бумада болса, тек файл аты ғана жазылады); бұл атрибут міндетті түрде көрсетіледі. |
BORDER |
Сурет жақтау сызығының қалыңдығын пиксельмен береді. |
WІDTH=n(%)
|
Суреттің енін пиксельмен не терезе енінің пайызымен береді. |
HEІGHT=n(%)
|
Суреттің биіктігін пиксельмен немесе терезе биіктігінің пайызымен береді. |
ALІGN="тип"
|
Мәтінге байланысты суреттің орналасуын көрсетеді, төмендегі сөздердің бірін мән ретінде қабылдайды: ТОР, MІDDLE, BOTTOМ, LEFT, RІGHT. |
ALT = "сөз тіркесі"
|
Сурет көрсетілмейтін броузерде оның аты мәтін ретінде көрсетіледі. |
TITLE |
Кескінге ақпараттық көмек береді. |
Мысал 3.
<html>
<title> Мысал 3
</title> <body bgcolor="Red"><h1><font color="green">
Медициналық қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз ету </h1>
<font color="black">
<img src="C:\Documents and Settings\All Users\Документы\Мои рисунки
\Образцы рисунков\Закат.jpg" align="left" border="1" width=50% >
<b>Міндеттері
1. Денсаулық сақтауды басқарудың жаңа моделін енгізу.
2. Медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру.
3. Денсаулық сақтаудың әлеуметтік мәні бар проблемаларын шешу.
4. Медициналық, фармацевтикалық білімнің және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру.
</b></br>
</BODY>
</html>
Фондық сурет ретінде графикалық файл немесе оның бір үзіндісі қызмет ете алады. Бетке фондық сурет қою үшін <BODY BACKGROUND="images.gif"> тэгін қолданамыз. BACKGROUND параметріне images.gif мәні меншіктелген, бұл графикалық файлдың кеңейтілуімен берілген аты (*.jpg, *.gif, *.png). Бұл жерде графикалық сіздің құжатыңызбен бір бумада орналасқан деп ұйғарылуда. Басқа жағдайда оның толық жолын көрсету қажет.