
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА |
ИНФОРМАТИКА МОДУЛІ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ |
№9 тақырып. Желілік технология. Интернет-технологияларымен жұмыс істеу.
Мақсаты: Компьютерлік жүйенің негізін, компьютерлік желіні құру қағидалары мен концепцияларының негізін студенттерге түсіндіру, ақпараттарды іздеуді үйрету.
Web-парақта мәтінді пішімдеу, мәтінге тізімдер қолдану, HTML-құжатында суреттерді бейнелеу және кестелер жасауды үйрету, сондай-ақ Web-парақты өңдеп жасау бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыру.
Оқытудың міндеті: Желі, компьютерлік желінің қажеттілігі мен сілтемелері, аппараттық және программалық жабдықтамалар, ауқымды және жергілікті желілер, желі топологиясы, деректерді беру тәсілін шолу, жергілікті желінің базалық технологиялары, хаттамалары және стандарттары туралы жалпы мағлұматтарды қалыптастыру.
HTML-құжатын құру, HTML-құжатына графикалық объектілер қою біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру.
Ұйымдастыру кезеңі: -5 мин
Студенттердің сабаққа қатысуын тексеріп, келмеген және дайындалмаған себептерін айқындап, жаңа сабаққа назар аударуын ұйымдастыру.
Құзыреттілікті қалыптастыру саны: практикалық дағды, коммуникативті дағды.
Тақырыптың негізгі сұрақтары: -45 мин
Компьютерлік желінің қажеттілігі мен сілтемелері туралы жалпы мағлұмат.
Аппараттық және программалық жабдықтама.
Аумақты және жергілікті желі. Желілер топологиясы
Деректерді беру тәсілін шолу.
Жергілікті желінің базалық технологиялары, хаттамалары және стандарттары
Интернет-ауқымды желі. Интернетте жұмыс істеу.
Электронды поштамен жұмыс істеу.
HTML-құжатының негіздері.
Мәтінді пішімдеу.
HTML-тізімін қолдану. Тізімдер анықтамасы.
HTML-құжатының түстік гаммасы.
HTML-құжатында суреттерді бейнелеу.
Кестелер.
Қ Ы С Қ А Ш А Т Е О Р И Я С Ы
Комьютерлік желілер
Екі немесе бірнеше компьютерлерді физикалық қосқанда компьютерлік желі құрылады.
Адамдардың ақпарат пен жабдықтарды бірігіп қолдануын қамтамасыз ететін қандай да бір әдіспен біріктірілген компьютерлердің тобы компьютерлік желі деп аталады. Бір бөлмедегі, бір ғимараттағы, қаланың немесе әлемнің әр түрлі бөліктеріндегі компьютерлер біріктірілуі мүмкін.
Жалпы жағдайда компьютерлік желілердің құрылуына арнайы аппараттық қамтыма (желілік жабдықтау) және арнайы программалық қамтыма (желілік программалық құралы) қажет. Ақпарат алмасу үшін екі компьютердің қарапайым қосылуы тікелей қосылу деп аталады. Windows XP операциялық жүйесінде жұмыс істейтін компьютерлерді тікелей қосу үшін арнайы аппараттық та, арнайы программалық қамтыма да талап етілмейді. Бұл жағдайда енгізу/шығару стандартты порттары (тізбекті немесе параллельді) аппараттық құралдар болып табылады, ал программалық қамтыма ретінде операциялық жүйе құрамында болатын стандартты құралдар қолданылады.
Жергілікті және ауқымды желілер
Қолданатын протоколдарына сәйкес компьютерлік желілерді жергілікті (LAN -Iocal Area Network) және ауқымды (WAN-Wide Area Network) деп бөлу қабылданған. Жергілікті желі компьютерлері барлық қатысушылар үшін протоколдардың бірыңғай жинағын қолданады. Территориялық белгісі бойынша жергілікті желі тұтастығымен ерекшеленеді. Олар бір қабаттағы, ғимараттағы немесе тұтас орналасқан ғимараттар тобындағы компьютерлерді біріктіре алады. Ауқымды желінің географиялық мөлшері үлкен болады. Олар жеке компьютерлерді, сол сияқты әртүрлі протоколдарды қолданатын жеке жергілікті желілерді біріктіре алады. Әр түрлі протоколдармен жұмыс істейтін бірнеше жергілікті желілерді өзара байланыстыру үшін шлюздар деп аталатын арнайы құралдар болады. Шлюздар аппараттық та, программалық та бола алады. Мысалы, ол арнайы компьютер (шлюзды сервер) немесе компьютерлік программа да болуы мүмкін. Жергілікті және ауқымды желілер арасында желілік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін брандмауэрлер қолданылады. Брандмауэр арнайы компьютер немесе желілер арасында ақпараттардың рұқсатсыз алмасуына кедергі болатын компьютерлік программа.
Желілердің типтері
Компьютерлерді біріктірудің көптеген түрлі әдістеріне қармастан, компьютерлік желілердің екі түрін ажыратады: бір рангілі желі (Peer-to-Peer Network) және клиент-сервер желісі (Client/Server Network).
Бір рангілі желі деген не? Бір рангілі желі (Peer-to-Peer Network) – бұл тең мүмкіндікті компьютерлердің бірігуі.
Әдетте бір рангілі желі 10-нан көп емес компьютерлерді біріктіреді және ол үйде немесе кішігірім офистерде ұйымдастырылады. Microsoft Word сияқты мәтіндік редакторларды қолдану үшін компьютерлік бағдарламаны өз компьютеріңізге орнатқандай, ата-анаңыздың компьютеріне орнату қажет болады.
Ал клиент-сервер деген не? Клиент-сервер желісі үй жағдайында емес, мектеп, кәсіпорындар немесе кітапханалар сияқты ұйымдарда жиі кездеседі. Желілердің мұндай типінде сервер деп аталатын компьютер желінің жүрегі болып табылады. Ол ақпарат пен ресурсарды сақтап, оларды осы желінің басқа компьютерлерге қол жеткізетіндей етеді. Осы ақпаратты алу үшін желіні қолданатын қалған компьютерлер клиенттер деп аталады. Егер кітапханаға кітап тауып алу үшін барсаңыз сіз компьютер-клиентке отырасыз, ал ақпаратты серверден аласыз. Егер сіз MSN сайтынан ақпарат алғыңыз келсе, сіз клиент рөлін атқаратын өз компьютеріңізге отырып, оны Интернет деп аталатын желіден MSN серверінен аласыз. Сіз дәрігерге барған кезде тіркеу орнында желі арқылы сервермен байланысу үшін сіз жөнінде онда сақтаулы ақпаратты алу мақсатында компьютер-клиент пайдаланылады. Мұның бәрі – клиент-сервер желісін қолдану мысалдары.
К
лиент-сервер
желісі желіге оннан астам компьютерлерді
біріктіру үшін ең жақсы амалы болып
табылады Олар бір рангілі желілерден
әлдеқайда қымбат, алайда үлкен компаниялар
үшін ақпараттың көлемді ауқымын сақтау
қажет болғанда бұл ең жақсы таңдау.
Компьютерлердің бір-бірімен өзара әсерлесуі
Желі жұмысы құрылғының барлық элементтері бір-бірімен қандай да бір әдіспен біріккеніне негізделген. Әрбір компьютер және принтер, сканер, портативті компьютерлер сияқты құрылғылар түрлі өлшемді кабельдер, спутниктік байланыс немесе телефон жолдары көмегімен біріктіріледі. Бүгінгі күні компьютерлерді радиотолқындар көмегімен біріктіретін өткізгішсіз желілер де бар.
Желілер үшін құрамына кабельдер кіретін, мәселен, желілік адаптерлер сияқты ажыратқыштардың бірнеше типтері бар (network interface cards). Желілік адаптер, немесе NIC, - бұл сізге компьютеріңізді желіге қосуға мүмкіндік беретін қондырылған құрылғы. Сіз кабельді желілік адаптерге қоясыз немесе ол сізде өткізгішсіз желі бар болған жағдайда белгіні тасымалдайды. Әр компьютерге оған басқа компьютерлермен байланысуға мүмкіндік беретін программалық жабдықтама қондырылған.
Компьютерлер бір-бірімен қатынаста бола алады, өйткені оларға бірін бірі түсінуге көмектесетін ережелер жиынтығы мен хаттамалары бар. Хаттамалар байланыс үрдісі қатесіз өту үшін қажет. Хаттамалар ақпараттың қалай жіберілетінін және қабылданатынын анықтауға жәрдемдеседі.
Желілік хаттамалар хаттама ретінде, не адамдарға қарым-қатынас үшін қажет. Мысалы, егер сіз отыратын затты «орындық» деп, ал көршіңіз оны «тас» деп айтатын болса, онда бір-біріңізбен түсінбеушіліктің туындауына алып келеді.Кейде бұл сөздерге ғана қолданып қана қоймай, белгіленген ережелер жиынтығыннан тұратын адамдар қарым-қатынасының әдістері де болып табылады.
Интернеттің жұмыс істеу негіздері.
Протокол TCP/IP (Transmission Control Protocol /Internet Protocol) – қазіргі кезде компьютерлік желілерде ақпарат алмасуда қолданылатын протоколдардың бірі. Шын мәнінде бұл протоколдың өзі бірнеше протоколдан тұрады. Протоколдың аты екі бөлімнен тұрады:
TCP–протоколы жіберуші жақта хабарларды пакеттер легіне түрлендіреді және қабылдаушы жақта пакеттерді қайта хабарларға жинайды.
IP – протоколы пакеттердің бағытталуын басқарады, желілер арасында оларды әр түрлі бағытқа бағыттайды және әртүрлі желілердің бірігуіне ықпал жасайды.
Интернет
Интернет – миллиондаған компьютерлерді желілердің өте үлкен желісіне біріктіретін әлемдегі ең үлкен және белгілі жел. Интернет сөзі халықаралық желі деген сөзді білдіреді (INTERnational NETwork). Интернет –бүкіл әлемнің компьютерлер серверлерінің жиынтығы. Бұл желі ақпаратты сақтайтын серверлер және басқа компьютерлерден ақпарат алуға болатындықтан клиент –сервер болып табылады. Интернет миллиондаған тұтынушылар мен серверлерден тұрады, ал ақпарат көлемін бағалауға мүмкін емес.
Интернет түрлі элементтердің жиынтығы болып табылады, ал Бүкіләлемдік тор – Интернеттің тек бір бөлігі ғана. Интернет сізге қажет ақпаратты желіге біріккен миллиондаған компьютерлерден алуға мүмкіндік беретін бірқатар құралдар ұсынады. Бұл құралдар қарапайым немесе жеткілікті күрделі бола алады, соның ішінде:
Бүкіләмдік Тор: әдетте WWW (World Wide Web атауынан).
WWW – Web сервер арқылы миллиондаған электрондық құжаттардың бір-бірімен байланыстарының бірігуі. Web- кеңістігін құрайтын жекелеген құжаттар Web-беттер деп аталады. Тақырып бойынша біріктірілген Web –беттер тобы Web – түйіндер деп аталады (басқаша атауы – Web-сайт немесе жай ғана сайт). Web – беттерді көруге арналған программа браузерлер деп аталады. Электрондық пошта: немесе e-mail, Интернеттің барлық желілерінде қол жеткізімді. Ол адамдарға файлдарды бүкіләлем бойынша тез жіберуге мүмкіндік береді. Бұл қарапайым мәтіндік белгілеу немесе ішіне графика мен басқа да мазмұнды алып жатуы мүмкін.
Файлдарды жіберу: файлдарды бір компьютерден екінші компьютерге көшіреді. Интернет арқылы файлдарды тасымалдау хаттамасы (File Transfer Protocol, FTP) сияқты мәліметтерді тасымалдайтын арнайы басқарушы қағидалар немесе хаттамалар бар: белгілі бір тақырып бойынша мақалалармен алмасатын, программалық өнімдерді қолдауды қамтамасыз ететін немесе сұрақтардың түрлі категорияларына жауаптар ұсынатын компьютерлер желісі.
Жаңалықтық топтар (newsgroups): USENET-тегі желілік конференция, ол дискуссиялар мен жаңалықтар алмасуды жүргізу үшін ұйымдастырылған. Мәлімдемелерді оқу мен жіберу тұтынушы компьютерінде жүктеліп, жаңалықтар серверімен байланысатын программа арқылы жүзеге асады.
WEB браузер
WEB сайттар HTML атты программалау тілі арқылы құрылады. (Hyper Text Markup Language). WEB парақтарды сіздер арнайы программалау арқылы көре аласыздар. Оның аты WEB браузер деп аталады(Web browser).. Ең кеңінен тараған веб-браузерлер: Internet Explorer (Microsoft.com), Netscape Navigator (Netscape.com), Opera (Opera.com), Mozilla (Mozilla.org), AOL (aol.com).
HTML тілінде құрылған браузер сіздерге ақпараттың барлық түрлерін, оның ішінде мәтіндерді, графиканы, дыбысты, анимацияны, слайд – шоуды, бейне және басқа көптеген ақпараттарды көруге болады. Сіздер WEB браузерді пайдалануды білесіздер, ақпарат алуды, оны іздегенде белгілі уақыт аралығы жеткілікті.
WEB браузер сіздерге жеке WEB сайттардың, жеке WEB парақтардан көрсетеді. WEB сайттар былай ұйымдастырылады: ақпараттардың байланысы бірге жиналады, олар WEB парақтарға топталады, яғни біздің көз алдымызға немесе журналды елестетеді, мысалы, сіздің мектебіңізде WEB сайт бар деп есептейік, олардың көптеген парақтары бар делік. Ал жергілікті кітапханалардың басқа WEB сайты болады, яғни олардың парақтары да бөлек болады немесе олардың парақтары бөлек беттерден тұрады. Әрқашанда WEB сайттардың басы болады, ол үй парағы деп аталады. (HOME PAGE). Үй парағы дегеніміз: ол журналдың сыртқы беті немесе газеттің бірінші бетімен пара-пар. Әдетте ол бетте адамдарды еліктіретін картинкалар болады, яғни ол дегеніміз сайттың мазмұнын ашатын тақырып немесе идея. Оның құрамында сайттардың картасы немесе дәлелдеуіш панель болады. Олар сайттардағы басқа беттердің қандай екенін білдіреді. Браузер беттен –бетке секіруге мүмкіндік береді. Бұны желінің ішін аралау деп айтады.
Сіз браузерді ашқанда және берілген беттегі хабарды зерттегенде, сіз басқа да беттерді көріп шыға аласыз.Сіз беттер арасында әртүрлі тәсілдермен орналаса аласыз. Жаңа бетке көшудің ең жылдам тәсілі, нәтижелі әрі ыңғайлы, не өрмекті жасайтын, жаңа бетке көшудің ең жылдам тәсілі – гипермәтін (hypertext) деп аталады. Гипермәтін – ақпаратты әр түрлі беттерде, тіпті сайттарда байланыстыру. Гипермәтіндік сілтемелер вев-беттерде көп жағдайда, асты сызылған сөздер, сөйлемдер тіпті графиктер арқылы көрсетіледі. Сіз веб-бетті тышқан көрсеткішімен жылжытсаңыз да, асты сызылған болмаса да, сіз гиперсілтемені жеңіл айыра аласыз. Сіз тышқан көрсеткішін гиперсілтемеге нұсқағанда, ол нұсқаушы алақан нұсқаушысына ауысады. Егер гипермәтіндік сілтемені шертсеңіз, сіз келесі, яғни тақырып мәтіндегі бетке ауысасыз.
Дүниежүзілік өрмектің көмегі арқылы басқа бетке немесе басқа сайтқа көшудің жаңа тәсілі – веб-мекен жайларды қолдана аласыз. Мекен – жайы болмағандықтан, үйді табу қиын, сондықтанда кез-келген веб-сайттың өзіне тән мекен –жайы болады. Ол мекен-жай әмбебап локатор қоры (Uniform Resource Locator) немесе URL деп аталады.
Сонымен URL деген не? URL –сөзбе-сөз айтқанда, берілген беттің интернетте орналасқан орны. URL –дің жазылуында «/» (слэш) таңбасы қолданылады және оны қолдануда ашық жер қалдыруға болмайды. Әр бір URL-де негізі ұқсас ақпараттар бар.
http://www. zdorovie.ru/gigiena/news.html
zdorovie.ru: Бұл барлық мәліметтерді сақтайтын сервердің атауы. Ол домендік атпен аталады және аты қосылады, нүкте және жұрнақ немесе жоғары дәрежедегі домен(top-level domain, TLD). Бірінші бөлім – көп жағдайда мекеме аты, ал соңғы бөлім жоғары дәрежелі доменнің бірі болуы мүмкін (TLD)
.com: мекемелер және жалпы қысқартулардың үлкен бөлімі;
.edu: білім беру институттары және АКШ университеттері;
.gov: АҚШ үкімет агенттіктері;
.mil: АҚШ-ң әскери сайттары;
.net: желілер, көп жағдайда интернет-провайдерлар сайтын білдіреді;
.org: коммерциялық емес ұйымдар.
Осы жоғары дәрежелі домендермен қатар басқа да соңғы бірнеше жылда пайда болғандары, олар:.info, .biz, и .pro,сонымен қатар елдердің екі мағыналы домендары қолданылады, мысалы: .mx Мексика, .pt Португалия, .de Германия, .fr Франция, .ca Канада, .uk Великобритания, .ru Россия, .kz Қазақстан үшін.
Іздеу жүйелері
Іздеу жүйесі дегеніміз- кілттік сөздерді пайдалану арқылы өзіңізге қызықты, қажетті ақпараттарды табу, іздеу WEBсайтын айтады. Іздеу жүйесінің көптеген түрлері бар, оны көбінесе 4 компонент арқылы ақпаратты іздеу және ұйымдастыру кеңінен қолданылады.
Олар:
«Паук»- автоматтандырылған программа. Интернет жүйесінде іздеу арқылы WEB- сайттарды табады. Сонымен қатар WEB парақтарды да анықтайды. Сол арқылы оларды бағалық тізімге енгізеді. Бот және Веб-Краулер программаларын пайдалану арқылы тұтынушыға жасырын түрде іздестіруді ұйымдастырады.
Индекстеуші программа. Ақпараттарды құрылымдайтын және ұйымдастыратын программа. Ол WEB-сайтқа сіздің табуыңызды ұйымдастыратын программа. Индекстеуші программа тұтынушыға көрінбейді.
Іздеу жүйесінің деректер қоры. Барлық ақпараттардың жиынтығы. Ол сіздің іздеуіңізге жол ашады. Ол да тұтынушыға көрінбейді.
Интерфейс. Интернет жүйесінде не керектігін кілттік сөз арқылы іздестіруді ұйымдастыратын терезе.
Іздеу жүйесін пайдалану арқылы бүкіләлемдік тордан көптеген іздеу жүйесінің тізімін таңдай аламыз. Ал қай жүйенің сізге ыңғайлы екенін білу үшін, олардың бір- бірінен айырмашылығын білуіңіз керек.
Іздеу жүйесінің негізгі 3 түрі бар:
Метамәліметтер арқылы. Бұл көптеген іздеу жүйесін зерттейтін және нәтижесін жинақтайтын жүйе. Оған мысал ретінде мыналарды алуға болады:
Yahoo!: http://ru.yahoo.com
MSN Search: http://search.msn.com
Alta Vista: http://www.altavista.com
Универсалды іздеу жүйесі. Ақпаратты әдеттен тыс іздеу арқылы ақпараттардың кең көлемде қамтитын іздеу жүйесін айтады. Оған мысал ретінде:
Google: http://www.google.ru
Yandex: http://www.yandex.ru
Rambler: http://www.rambler.ru
Іздеу агенті. Күрделі іздеуге арналған программалық құралдар.
Мысалы: Bot Spot: http://bots.internet.com
Copernic: http://www.copernic.com
Көптеген сайттың іздеу жүйесі негізгі парақтан құралады. Оған жолына кілттік сөздерді теру арқылы материалдарды пайдалану арқылы іздестіруге болады. Сіз бір немесе бірнеше сөздерді ендіріп, оны кілт есебінде пайдалануға болады. Мысалы, географиялық ашылымдардың тарихы туралы негізгі мәтіндік жолға ендіріп, пайдалануға болады. Іздеу жүйесі сізге осы сөзден тұратын барлық сайттардың тізімін береді. Географиялық ашылулар тарихын іздеуде Google сайты сізге 11800 сайттан аса тізім береді. Іздеу жүйесінде нәтижеге жету үшін қандай сөзді ендірудің ерекше маңызы зор. Мысалы, сіз географиялық ашылымдар тарихын іздеген кезде, altaBista жүйесінен 23 мың сайттан кем нәтиже аласыз. Көптеген іздеу жүйелері сізге көмек файлын ұсынады. Ол сізге бұл іздестіру жүйесінде біраз жеңілдіктер береді. Көмек файлдарын пайдаланудан қорықпаңыз. Олар сізге бүкіләлемдік тордан сізге қолайлы іздеу мүмкіндіктерін көрсетеді.