
- •Терминологиялық сөздік
- •Жоба жұмысы
- •5В020726 - мамандығы бойынша Практикалық қазақ тілі
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Жоба мақсаты
- •Қорытынды
- •Қашықтан білім берудің білім саласындағы рөлі.
- •Қашықтықтан білім берудегі мәліметті игеру деңгейі Қашықтықтықтан білім беру технологиясын ұйымдастырудың теориялық негіздемесі
- •Қашықтықтықтан білім беруді ұйымдастыру технологиялары
- •Білім беру мекемелері қызметкерлерінің білімін қашықтықтықтан арттырудың аймақтық моделі
Қорытынды
Қашықтықтан білім беру жүйесі Сіз үшін қашықтықтан білім алу мүмкіншілігі туды. Жаңа технологиялардың көмегімен қашықтықтан білім беру (ғаламтор-білім) іске асырылуда. Электрондық портал арқылы өзіңізге қажетті кез келген оқу құралдарын ыңғайлы уақытта ала аласыз. Қашықтықтан білім беру - жеке режимде жұмыс пен оқуды ұштастыра отырып білім алу. Бұл үшін сізден компьютер арқылы ғаламтор желісіне кіру ғана талап етіледі. Кәзіргі таңда ғаламтор-білім үйде отырып қашықтықтан жоғарғы білім алудың немесе біліктілікті жоғарылатудың қолайлы әдісі. Сапасы жағынынан жоғарғы оқу орнындағы қашықтықтан оқыту білім алудың басқа түрлерінен кем түспейді. Ғаламтор арқылы оқыту күнтізбелік оқу жоспары бойынша тапсырмаларды орындау арқылы, ерекше жағдайларда жеке кестемен іске асырылады. Қашықтықтан оқыту үрдісі ҚР Ғылым және Білім министрлігінің мемлекеттік стандартына негізделген. Қашықтықтан оқыту бекітілген оқу кестесінің мерзіміне сай өткізіледі. Қашықтықтан оқыту түрін таңдай отырып, әр курс бойынша оқу-әдістемелік құралдары, емтихан тапсырмалары орналастырылған өзіңіздің ғаламтор парағыңызға кіру мүмкіншілігіне ие боласыз. Сессия, оқытудың бұл түрінде жылына екі рет 20-25 күннен өтеді. Қашықтықтан білім беру бойынша білім алу қорытынды мемлекеттік емтихан тапсырумен немесе дипломдық жұмысты (жобаны) қорғаумен аяқталады.
Президентіміздің ықпал етуі тарапынан Қазақстан Республикасы орта білім беру жүйесін ақпараттандыру туралы мемлекеттік бағдарламасында «Қазақстан Республикасы дүние жүзінің дамыған елдері сияқты орта білім беру жүйесінен ақпараттандырудың нақты жолына түсуі тиіс, яғни, бірыңғай ақпараттық білім беретін желіге негізделіп оқыту жүйесін жасау қажет» - делінген.
Қорыта келе айтарымыз, қашықтықтан білім беру жүйесінің рөлі білім саласы үшін өте жоғары, себебі бұл жүйе арқылы мұғалімдеріміз бен оқушыларымыз әлемдік ақпараттармен байланысуға, ғылыми және шығармашылық жұмыстарын жетілдіруге, әлемдік ақпарат кеңістігінде өздерінің білімдерін шындауға зор мүмкіндік алады.
Қашықтықтан білім беру ақпараттық мәдениет деңгейі дидактикалык бағдарламалар білім саласында оқытуды басқару мен бақылауды автоматтандыру, студентке өз бетінше қайталанбайтын көпнұсқалы, ерекше ақпараттық материалдарды мультимедиалық формада беру, виртуалды өмірге енгізу т.с.с. жаңа мүмкіндіктер ұсынылады. Сонымен қатар, мүндай бағдарламалар қашықтықтан оқытудын материалды өз бетінше игеру жетілдірілген психологиялық педагогикалык әдістерді пайдалану, қашықтықтан оқытуды студенттің жеке психофизиологиялық ерекшеліктеріне қарай таңдауға мүмкіндік береді.
Соңғы кезде көбейіп бара жатқан сапасыз электрондық оқулықтар шығаруды азайтып, өз ұсыныстары арқылы оқу орындарындағы істеліп жатқан жұмыстарды дұрыс жолға қоюға мұрындық болар еді. Жақсы электрондық оқулық - информациялық технологиялар аймағындағы білікті мамандар мен педагогтар жұмысының нәтижесі, мұндай жұмысты техникалық жағынан жүзеге асыру біраз қаржы жұмсауды керек етеді.
Кіріспе
Бүгінде, информация өңдеу мен халықаралық деңгейде еңбек түрлерін бөлу әлемдік экономиканың ең негізгі ерекшеліктері болып отырған кезде, білім алу кез келген маманның жеке және кәсіби табысының негізгі көзі болып қала береді. Білімнің адамның жұмысқа тұру мен өмір сүру деңгейіне тигізетін әсері бұрынғыға қарағанда анағұрлым күшейе бастады. Әрине, білімге қойылатын талаптар да өзгеріске ұшырады: әрбір жанның негізгі білімі мен оның тұрақты жаңарып отыруымен қатар қазіргі маман информациялық қорларды табысты пайдаланып, заң және экономика негіздерін де игеруі тиіс. Қазіргі мамандардан шығармашылық тұрғыдан ойлай білуі, соның негізінде шешім қабылдауы және өмір бойы оқып үйренуі талап етіледі.
Бүгінде еліміздің білім беру жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі күннен-күнге артып келеді. Осы орайда әлемдік тәжірибеде қашықтықтан білім берудің орны ерекшеленіп тұр.
АҚШ-та 1 миллионнан астам адам қашықтықтан білім беру арқылы білім алса, Францияның ұлттық қашықтықтан оқыту орталығы жыл сайын әлемнің 120 мемлекетінен 35 мыңнан астам қолданушыларды қамтамасыз етеді. Ал Түркияда алыс аймақтағы тұрғындарға мамандық алуға көмектесу мақсатында 1974 жылдан ашық университет жұмыс істейді екен. Қосымша сабақ ретіне теле-радио арқылы курстар өткізеді. Осылай 12 000-нан астам қолданушыларды игереді. Қазір дәстүрлі қашықтықтан білім беру, аудиториялық сабаққа түрлі электронды құралдарды пайдалану сияқты қашықтықтан білім беру үлгісінің 2000-ға жуық түрі бар екен. Соның ішінде еліміздің жоғары оқу орындарында кейс, желілі және телевидение сынды ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарының көмегімен қашықтықтан оқыту түрі таңдалған-ды.
Бүгінгі таңда шетелдік компаниялар өздерінің электронды оқыту платформаларын ұсынып және оларды отандық оқу орындарына сатып та үлгергендері бар. Мәселен, қазіргі таңда Алматы техникалық университеті Tamos University Suite деген қазақстандық өнімді пайдаланса, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті – Сlіх, Германиялық ІМС фирмасының жасап шығарған өнімін ендіруде. Сондай-ақ Platonus Прометей сынды Ресейдің қашықтықтан оқытуға арналған оқу бағдарламасын қолданып жатқан жоғары оқу орындары да кездесуде. Қолдарынан келген университеттердің басшылықтары өз өнімдерін жасап, қашықтан оқыту, электронды оқыту жүйесін оңтайлы жүргізуге тырысуда. Шетелдің өнімдерін сатып алған университет сол елдің жоғары оқу орындарымен байланыс жасап, әлемдік білім беру, ақпарат кеңістігіне жол ашуды көздейді. Бұл орынды да. Десек те, қыруар қаржыға сатып алған шетелдің өнімін ертеңгі күні тілін тауып дұрыс қолдана аламыз ба? Ол шын мәнінде, бізге қажет пе, жоғарыдағы талаптарға сай ма? Оны игеру үшін алдымен оның тілін білетін мамандар қажет. Оған университеттің электронды материалдық оқыту базасы қаншалықты дайын? Жоғары оқу орындарының өздері өндірген өнімдерінің соңғы үлгідегі әлемдік стандартты білім жүйесіне сәйкестіктері қанша? Профессорларды дайындау қалай жүргізілуде? Осы сынды шешімін таппай жататын сан алуан сұрақтар қашықтықтан оқытуды оңтайлы жүргізілуін тежеуде. Сонымен, еліміздің жоғары оқу орындары арасында бірізді қашықтықтан білім беру жүйесінің қалыптаспағанын аңғарамыз.