Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КІРІСПЕ.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
77.18 Кб
Скачать

Жоба мақсаты

Қашықтықтан білім беру технологиясы бойынша оқу процесін үйлестіру қашықтықтан білім беру орталығымен (ҚБО) жүзеге асырылады. Өз қызметін жүзеге асыруда ҚБО 5.03.004 - 2009 ҚР ЖБМС-ын, Қашықтықтан білім беру орталығы туралы ережені, Қашықтықтан білім беру технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережесін, бөлінген аудиториямен сабаққа дайындалу мен жүргізу бойынша әдістемелік нұсқауларды, контенттерді құрастыру бойынша әдістеме- лік нұсқауларды, студенттердің тьюторлық кластағы жүріс-тұрыс және техникалық қауіпсіздік ережесін жетекшілікке алады.

Оқу орындарында да қашықтан білім беру жүйесі қазір қарқындап дамуда. Басқа оқыту жүйелерімен салыстырғанда, бұл өте маңызды, пайдалы оқыту жүйесі  болып табылады.  Сонымен қатар демократиялық оқыту жүйесіне жатқызуға болады, себебі кез -  келген адам осы жүйенің арқасында  салыстырмалы түрде аз ғана материалды жұмсау арқылы өзіне мамандық ала алады, біліктілігін көтере алады, өзінің білімін  жаңа білім орталықтарымен  толықтыра алады.

Қазір біз біздің елмен, шетел  мемлекеттері қашықтан білім беру жүйесін  толық қолдап отыр деп анық айта аламыз. Бұдан біз қашықтан оқытуды дидактикалық қамтамасыз етуіміз қажет: электрондық курстар құру, оқулықтар, оқу жүйесін ақпараттық қамсыздындыру, педагогикалық технологияларды өндіру, яғни педогог – координаторларды  немесе тьютор дайындау, оқыту түрлері мен әдістері.     

Қашықтықтан білім беру жүйесінің негізгі мақсаты — жеке адамды интеллектуалды дамыту, ақпаратпен жұмыс жасай білуге үйрету және оның ерекшелігі – ол өзіндік білім беру жүйесіне жатады. Себебі мұғалімнің мұнда сабаққа қатысуы міндетті емес. Яғни оқушы бейнекассеталармен, компакт дискілермен жұмыс жасайтын бағдарламалармен  өзі сабақ өтеді. Бұдан педагогикалық жүйенің ешбір мәні өзгермейді. Тек айырмашылық – оқытушымен оқушының арасындағы алшақтық. Бұл жүйеде басқа білім беру жүйесіндегі сияқты барлық компоненттер қарастырылады (мақсат, тапсырмалар, мазмұны, әдісі, оқыту құралдары), бірақ олар арнайы ғаламтор – технология құралдары арқылы жүзеге асады.

Қашықтықтан білім берудің мақсаты осы болса, «Қашықтықтан білім беру» тақырыбына орындалған жобаның мақсаты мына мәселелерді:

-  білім беру жүйесіндегі қашықтықтан білім беру технологиясының мәні мен рөлін;

- қашықтықтан білім берудің тиімділігін;

- қашықтықтан білім берудің маңыздылығын;

- қашықтықтан білім берудің артықшылығын;

-  Қазақстан Республикасының білім мекемелерінде қашықтықтан білім беру технологиясының қолданылу барысын;

- қашықтан білім берудің білім саласындағы мақсатын;

- қашықтан білім берудің білім саласындағы міндеттерін;

анықтап жобаға қорытынды жасау.

Жоспар

 

Кіріспе

I Қашықтықтан білім берудің білім саласындағы рөлі.

II Қашықтықтықтан білім беру технологиясын ұйымдастырудың теориялық негіздемесі.

2.1 Қашықтықтан білім беру ұйымдастырудың теориялық негіздері.

2.2 Қашықтықтықтан білім беруді ұйымдастыру технологиялары.

III Білім беру мекемелері қызметкерлерінің білімін қашықтықтықтан арттырудың аймақтық моделі

Қорытынды

Терминологиялық сөздік  

Пайдаланған әдебиеттер