
- •19Ғ. Және 20ғ. Басындағы саяхаттың дамуы
- •19 Ғ. Және 20 ғ. Басындағы саяхаттың дамуы
- •3. Массалық дифференциялық туризм.
- •4. Ххі ғасырдың әлеуметтік туризм негізінің даму тенденциялары.
- •3. Массалық дифференциялық туризм.
- •4. Ххі ғасырдың әлеуметтік туризм негізінің даму тенденциялары.
- •2005 Жылға дейінгі туризм тенденциярының анализі.
- •21 Ғасырдағы туристтік фирмалар қызметі.
3. Массалық дифференциялық туризм.
Сараланған (дифференциялы) туризм қажеттіліктерінің әртүрлілігімен, туристік мұраттардың сан салалылығымен, туристік сұраныстардың ұсақ түрлерімен, ұсынылатын қызметтердің алуандығымен, туристік ұсыныстардың әртүрлілігімен ерекшеленеді. Сараланған туризмде көрсетілетін қызметтерге кең де, терең де сипаты тән. Демек туристік фирма туристік өнімнің қыруар түрін емес, шектеулі қызметтің түрлі варианттарын ұсынады.
Конвейерлік туризмнің сараланған туризмге ауысуы өндіруші рыноктың тұтынушы рынокқа ауысуымен тұспа-тұс келді.
Ол кезеңлегі туристік қызмет көрсетудің қажеттіліктері туризмнің рекреациялық аспектісі болып табылады. Оған дәлел демалысты күнделікті ауыр еңбектен шаршаған физакалық күшті қайта қалпына келтіру мақсатында пайдалану болды.
Тұтынушы ретінде жалпы халықтың жағдайының жақсаруы, экономикалық өсудің жалғасуы, жұмысшы қауымның бос уақытына деген қарым-қатынасының өзгеруі демалысқа деген тұтынушылық мақсат пен психологияны мүлдем өзгертті. ХХғ. 60-70 ж-дың тоғысында «материалдық игіліктерді тұтыну қоғамы – тұтыну – тұтыну үшін» деген пікір қалыптасты. Өндіру рыногын тұтыну рыногы ауыстырды. Туристік сұраныстардың мақсат-мүдделері күрделене түсті: туризмнің рекреациялық аспектісімен қатар ағартушылық, қарым-қатынастық және инвестициялық аспектілері пайда болды. Бұл аспектілер өзектілігін 80-жылдар бойына жойған жоқ.
ХХ ғасырдың 70-жылдарының ортасына дейінгі уақыттағы туристік фирмалардыңнарықтық стратегиясы өндірілетін өнімнің «универсалдылығымен» ерекшеленіп, ерекше, арнайы жекелеген саламен шұғылдану болған емес. Бұл кезеңді В.Б.Сапрунова конаейерлік туризмнің гүлдену дәуірі деп есептейді.
70-жылдардың ІІ жартысынан бастап туристік сұраныстардың саралануына байланысты ұсыныстарда арнайы қызмет, арнайы өнім тенденциясы күшейіп, соңғы жағдай арнайы фирмалардың көрсететін қызмет ассортиментінде кеңейіп, туристік фирмалар қызметіне, қызметті көрсетудің басқа салаларына да ене бастады. Товарлар мен қызметтер рыногының шектен тыс көбейуі, экономиканың өсу қарқынының төмендеуі, 70-жылдардың ортасындағы экономикалық және құрылымдық дағдарыстар сараланған туризмнің қалыптасуына жағдай жасады, туризмнің бұл түрі 80-жылдарда басым бағыт ала берді. Бұл индустриалды қоғамның дағдарысының белгісі еді.
Индустриалы қоғамға тән нәрсе – адамға өндірісті іске асырушы ретінде қарау, адамға деген мұндай қарым-қатынас индивидтің өз іс-әрекетінің нәтижелерін және адамның, оның мәдениетінің, рухани кескін – келбетінің қалыптасуын (стандартазациялануы) күшейтеді.
Қазіргі дүниеде туризм түрлі елдердің ынтымақтасуында, өзара мәдени игі әсер етуде ерекше рөл атқарады. Туризмнің дамуы халықтың рекрециялық қажеттіліктерін қанағаттандырып қана қоймайды, өнеркәсібі дамыған және дамушы елдердің арасындағы әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан маңызды мәселелерді шешуге де пайдасы зор. Туризм ісі дамыған елдердің туризмнен табатын пайдасы экспорттың барлық мөлшерінің 10-нан 35-ке дейінгі пайызын құрайды.
БҰҰ мен ЮНЕСКО 60-70-жылдарда-ақ туризмді дамыту дамушы елдердің ең қиын әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешудің «таңғажайып әсерлі шансы» деп есептеген. Дамушы елдер жаңарып келе жатқан халықаралық туризм рыногына өз ресурстарын шығару арқылы өздеріне қажетті тұрақты валюта табудың, жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етудің, өз экономкасын жұмылдыра білудің жолын тапты.
Осылайша халықаралық туризмнің көмегімен тұтынушылықтың өрісін кеңейтті. Дамып келе жатқан туристік бизнес түрлі ұйымдардың ұлттық аясында ғана емес, әлемдік маштабта бірлесе жұмыс істеуін талап етті. Мұндай ұйым 1898 жылы Люкенбургте алғаш рет ұйымдастырылды, ол бірлестік «Туристік ұйымдардың халықаралық лиғасы» деп аталды.
1925 жылы Ғаағада туризмді насихаттайтын ресми ұйымдардың халықаралық одағының бірінші конгресі бас қосып, оның жұмысына Европаның 14 мемлекетінің өкілдері белсене ат салысты. Нәтижесінде бұл саладағы алғашқы ұйым – «Туризмді насихаттайтын ресми ассоциациялардың халықаралық конгресі» деп аталды, ал 1930 жылы «Туризмді насихаттайтын ұйымдардың халықаралық одағы» болып құрылды.
Соғыстан кейінгі дәуірдегі әлемдік туризмнің жетекшілігі ұйымдастыру құрылымдарын жетілдіруді талап етті. Сондықтан да 1947 жылы парижде жоғарыда аталған ұйымдардың базасында «Ресми туристік ұйымдардың халықаралық одағы» құрылды. Бұл ұйымның нағыз мүшелері ретінде 116 мемлекеттің өкілі тіркелді.
Кейін келе БҰҰ басшылығымен әлемдегі шетелдік туризмнің басын арнайы біріктіретін бірден-бір ұйым – Бүкіләлемдік туристік ұйым жасақталды. Бұл ұйым БҰҰ-ның Бас ассамблиясының ұсысынан сәйкес 1975 жылы құрылды. Штаб-квартирасы Испанияның астанасы Мадрид қаласында. Ұйымның жарғысы 1975 жылы 27 қыркүйекте қабылданды. 1980 жылдан бастап бұл күнді Бүкіл әлем туризм күні ретінде белгілі бір ұранмен мерекелеп отырады. Ұйым 4 жылда бір рет сессияға жиналып жұрады, ол екі аралықта Бас ассамблеяның атқарушы кеңесі жұмыс істейді.
Айрықша оқиғаның бірі 1980 жылы Филипиннің Манила қаласында өткен ІІ бүкіл әлемдік конференция болды. 1985 жылы Болғарияның София қаласында Бүкіләлемдік туристік ұйым «Туризм хартиясын», «Туризм кодексін» қабылдап, туризмнің бейбітшілікті нығайту ісіндегі рөлі және жастар туризмі туралы қарарлар қабылданды.
1994 жылдың қарашасында ЮНЕСКО мен Бүкіләлемдік туристік ұйымның жетекшілігімен Ташкентте мамандардың Ұлы жібек жолын қайта қалыпына келтіру және қайта реттеу мәселелері бойынша кездесу өтті. Осы кеңесте аккредитация алған жалғыз қазақстандық фирма «Жібек жолы» холдингтік компаниясы болды. Дегенімен де бұл іске кейінгі кезде республиканың мемелкеттік орғандары да араласа бастады.
Бүкіл әлемдік туристік ұйымның құрылымында 6 аймақтық комиссия жұмыс істейді. Олар: Европа, Таяу Шығыс, Африка, Америка, Шығыс Азия және Тынық мұхит аймағы, Оңтүстік Азия мен Мексикада туризм жөніндегі жоғары оқу орталығы қызмет етеді.
Атқару кеңесінің өкілетілік мерзімі 4 жыл. Кеңестің бірнеше көмекші орғандары бар: туристік құжаттауды жеңілдету жөніндегі комитет, бюджеттік-қаржылық комитет, қоршаған орта жөніндегі комитет, бағдарламалар мен үйлестіру жөніндегі техникалық комитет. Ұйымның Бас хатшысын 4 жылға Бас ассамблея тағайындайды. Ресми тілдері – ағылшын, француз, испан тілдері. Ұйымның бюджеттік шығындары мүшелік жарналар есебінен құралады. Ұйымның бірнеше қоры бар: жалпы қор, айналым қапиталы қоры, сенім білдіру жөніндегі қор.
Әлемде әлемдік сипаттағы 200-дей халықаралық туристік ұйым бар. Олардың ең атақтыларына Туристік агентстөолар ассоциациясының бүкіләлемдік федерациясы, Туристік агентстөолардың бүкіләлемдік ұйымы жатады, бұлар туристік фирмалардың коммерциялық бірлестігі – кооперативтік негізде жұмыс істейтін белгілі ұйымдар, ал Халықаралық туристік альянс – автомобильдік туризмге қоғамдық көмек ұйымы, Әлеуметтік туризм және еңбекшілердің демалысы жөніндегі халықаралық бюро, Жастардың туристік ұйымдарының халықаралық федерациясы, Туризм жөніндегі халықаралық академия, Туризм бойынша жазушылар мен журналистердің халықаралық федерациясы, Туризм саласындағы құжаттау, хабарлау және мәдениет бойынша халықаралық ассоциация, Туризм бойынша парламентарлық ұйым, Туризм бойынша эксперттердің халықаралық ассоциация, Туризм саласында және қонақ үйлер басқару бойынша оқытудың халықаралық ұйымы, Халықаралық автомобильдік ұйым, Кедендік тарифтер жөніндегі халықаралық бюро, Әуе транспортының халықаралық ассоциациясы, Туристерге дәрігерлік көмек бойынша халықаралық ассоциация, Халықаралық қонақ үй ассоциациясы, Мұражайлардың халықаралық кеңесі және т.б.
Бүкіләлемдік туристік ұйымның аймақтық ұйымдарының құрамына Араб туристік ұйым, Туристік агенттердің американдық қоғамы, Тынық мұхиттық аймақтық туристік ассациациясы, Латын Америкасы елдері туристік агенттерінің конференциясы, Британ туристік агенттерінің ассоциациясы, Европалық туристік комиссия кіреді.
Қазақстан Республикасы халықаралық туризмнің іс-әрекетіне халықаралық парламентаралық, аймақаралық ұйымдардың кейбіріне толық, кейбіріне жартылай мүше немесе бақылаушы ретінде қатысады.
Қазақстан Республикасындағы туристік ұйымдар халықаралық туристік ұйымдарға төмендегідей мақсаттарда қатыса алады: халықаралық туристік алмасу, экономикалық және техникалық ынтымақтастықы дамыту туризмнің инфрақұрлымы мен материалдық базасын нығайту үшін, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, туризм бойынша информациялар алмасу үшін, халықаралық туризмнің түрлі салалары бойынша бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу үшін, туризм аясындағы басқа да халықаралық ынтымақтастықты іске асыру үшін.
Қазақстан Республикасының туризм және спорт агенттігі БҰҰ-ының әлемдік туризм жөніндегі арнайы мекемелерімен, бағдарламаларымен жұмыс істейді.