
Қыпшақтардың өзара саяси қарым-қатынасы
1065 ж. салжықтардың билеушісі Алп Арслан қыпшақтарға қарсы Маңғыстауға жорық жасайды. Нәтижесінде қыпшақтардың бір бөлігі хорасан салжықтарына тәуелді болып қалады. 11 ғ. соңы мен 12 ғ. басында Жент, Янгикент, төменгі Сырдың тағы басқа қалалары да қыпшақ көсемдернің қолына қараған. 1133 ж. Жент қаласынан Дешт қыпшақ даласына тереңдетіп соққы жасаған Атсыз (хорезмшахы) қыпшақтарды талқандайды. Осы 12 ғ. ортасынан бастап қыпшақ хандығының ыдырауы басталады, оған себеп болған басты жайттар: қыпшақ тайпалары ақсүйектерінің арасында хорезмге бейімделушілер қатарының молаюы, қаңлылардың аса ірі бірлестігінің құрылуы, өзара әулеттік қырқыс күшеюінен болды.12 ғ. 2 жартысынан әсіресе Текеш (1172-1200) билеген дәуірден бастап, хорезм Қыпшақ ақсүйектерімен жақындасуды мақсат етті. Қыпшақ хандары мен хорезмшах әулеті өзара туысқандық неке байланысын орнатуға көшті. Қыпшақ ханы Жанкеші -қызы Теркенхатынды хорезмшах Текешке береді. Қаңлы тайпалар бірлестігі 13 ғ. басында саяси тәуелсіздікке ұмтылып, қыпшақ хандығының саяси бірлігіне нұсқан келтірген. Хорезмшахтардың басты әскери күші қыпшақтар мен қаңлылар болды. 13 ғ. басында хорезмшахтар сарайында қаңлылардың басшысы Әмин Мәлік маңызды роль атқарған. Хорезмшах Аладдин Мұхаммед соның қызына үйленген болатын. Қыпшақ ақсүйектері хорезмшахтар мемлекеттік және әскери қызметпен қамтамасыз еткеннен кейін, олардың мүддесін қорғап отырды. Бұл қыпшақ қоғамында шиеленістерді күшейтті. Бүкіл мұсылман Азиясы ішінде бірінші орын алуға ұмтылған хорезмшах Мұхаммед (1200-1220 жж.) мемлекеті құрамына 13 ғ. басында Сығанақ облысы да кіреді. Сығанақтан айрылып қалса да, қыпшақ хандары хорезмге қарсы күрестерін жалғастыра береді. Жент қаласынан солтүстікке қарай Дешт-қыпшақ еліне Мұхамед хорезм шах көп рет жорық жасайды. 1216 жылы Қадырханға қарсы аттанған әскери жорықтарының бірінде ол Ырғызға дейін жетіп, Торғай даласында қыпшақтар еліне қашып кірген меркіттерді қуып келе жатқан Шыңғысхан қолымен кездесіп қалады. Монғолдар түн жамылып шегініп кетеді. Бұл монғолдардың Қазақстан жерінде алғаш рет болуы еді. Қыпшақтардың хорезмшахтармен бәсеке соғысы тоқтап қалды. Монғол басқыншылығы келіп қалды.
22. Оғыздар – (ежелгі түрікше – оғуз; қазақша – оғыз) – орта ғасырларда Орталық Азияда өмір сүрген түрік тілдес тайпалар. Оғыздар атауын бірқатар зерттеушілер алғашқыда «тайпалар», «тайпалар бірлестігі» деген ұғымды білдірген деп есептеді. Оғыздар жайлы деректер түрлі жазба ескерткіштерде, шежіреде, жыр, аңыз әңгіме үлгілерінде ғұз, оғыз деген атаулармен ертеде орта ғасырлардан басталғаны белгілі. Оғыз атауының ұлыстық, тайпалық этнонимге айналуы түркі халықтарына ортақ «Оғызнама» жырындағы басты кейіпкер Оғыз қаған есімімен тікелей байланысты. Жырда ол барша түркі ру-тайпаларының арғы атасы етіп көрсетіледі. Уақыт өте келе оның есімі этностық атау мағынасына айналған. 7 ғасырдың басында Түрік қағандығы құрамында тоғыз-оғыз одағы пайда болды. Орхон руна жазуында Шығыс Түрік қағандығы (6 – 8 ғасырлар) құрамына кірген Оғыздар тайпалары Шығыс Моңғолияны мекендегендігі айтылады. Н.Я. Бичурин өзінің «Ерте кездері Орта Азияны қоныстанған халықтар жөніндегі мәліметтер» жинағында «Шығыс Түрік қағандығы кезінде Ашина ұрпағының «түрік» атымен (қайта аталып) оғыз-түрік тайпа одағының әкімшілік бірлігі болды» деп жазады. Оғыздар шамамен 8 ғасырдың орта шенінде Жетісудан Қаратау бөктері мен Сырдарияның төменгі ағысы алқаптарына жылжи бастаған. Қырғыздар шабуылынан 840 жылы Ұйғыр қағандығы ыдырап, оған тәуелді түрік-оғыздар қарлұқтармен болған қақтығыс нәтижесінде 9 ғасырда батысқа қарай ығысты. 9 – 10 ғасырларда Оңтүстік және Батыс Қазақстан аумағында Оғыздар этносы бірте-бірте қалыптасып орнықты. Оғыздардың этностық құрамына Сырдария алқабы мен Арал-Каспий далаларын мекендеген ежелгі этностық топтар (негізінен, түріктенгендер) мен Жетісу, Сібірдің көшпелі және жартылай көшпелі рулары мен тайпалары енді. Оғыздар бірнеше тайпаға, тайпалар руларға бөлінді. Махмұт Қашқаридың (11 ғасыр) деректерінде оғыздардың алғашқы 24 тайпадан, кейін 22 тайпадан құралғаны айтылады. Олар: қынық, қайығ, байундур, йуа-йыуа, салғур, афшар, бәктілі, бугдуз, байат, йаз-ғыр, аймур, қарабөлук, алқабөлук, ігдір, урәгір-йурәгір, тутырқа, улайундлуғ, тугәр-тігер, бажанақ, чувулдар, чәбич, чаруқлуғ. Жетекші руы – қынық. Оғыздар бұзұқ (бузук), ұшұқ (учук) болып екіге бөлінді. Олар тиісінше оғыздар әскерлерінің оң және сол қанаттарына кірді. Осы топтардың әрқайсысы теңдей екі топқа бөлінген 24 тайпадан құралды. 9 ғасырдың соңы мен 10 ғасырдың ортасында Арал теңізі, Каспий теңізі және Сырдарияның төменгі алқаптарында Оғыз мемлекеті құрылды. Мемлекет орталық Янгикент (Жаңакент) қаласы болды. Махмұт Қашқари оғыздардың Сабран (Сауран), Сіткун (Сүткент), Суғнақ (Сығанақ), Қарнақ, т.б. қалалары болғандығын айтады. 11 ғасырдың ортасында шығыстан келген қыпшақтар оғыздар мемлекетін талқандады. Оғыздардың бір бөлігі батысқа кетіп, оңтүстік орыс далаларына қоныс тепті, салжұқтар басқарған басқа бір бөлігі алдыңғы Азия елдерін жаулап алды. Оғыздардың солтүстік-батыстағы бөліктері бертін келе Еділдің төменгі бойындағы татарлармен, оңтүстік Оралдағы башқұрттармен сіңісіп кетті. Сырдария, Арал алқаптары мен Солтүстік Каспий маңын мекендеген Оғыз тайпалары қазақ тарихында айтарлықтай із қалдырған. Оғыздардың 11 – 13 ғасырларда Кавказ бен Кіші Азияға өтіп кеткен оңтүстік тобы әзірбайжан, түрік, гагауз халықтарының этногенезінде маңызды рөл атқарды. .[1] Махмұт Қашқари О-дың Сабран (Сауран), Сіткун (Сүткент), Суғнақ (Сығанақ), Қарнақ, т.б. қалалары болғандығын айтады. 11 ғ-дың ортасында шығыстан келген қыпшақтар Оғыз мемлекетін талқандады. Оғыздың бір бөлігі батысқа кетіп, оңтүстік орыс далаларына қоныс тепті, салжұқтар басқарған басқа бір бөлігі алдыңғы Азия елдерін жаулап алды. Оғыздың солтүстік-батыстағы бөліктері бертін келе Еділдің төменгі бойындағы татарлармен, оңтүстік Оралдағы башқұрттармен сіңісіп кетті. Сырдария, Арал алқаптары мен Солтүстік Каспий маңын мекендеген Оғыз тайпалары қазақ тарихында айтарлықтай із қалдырған. Оғыздың 11 – 13 ғасырларда Кавказ бен Кіші Азияға өтіп кеткен оңтүстік тобы әзербайжан, түрік, гагауз халықтарының этногенезінде маңызды рөл атқарды.
23. Наймандар тайпасының тегі туралы мәселе ертеден-ақ тарихшылардың пікірталасын тудырып келді. Бірқатар зерттеушілер (И.Я. Шмидт, А.М. Позднева, Д.Оссон, В.В. Бартольд, В.П. Васильев, т.б.) Наймандардарды моңғол, басқалары (Рашид әд-Дин, Х.Ховарс, П.Поуха, А.Бобривников, Г.Е. Грумм-Гржимайло, Н.А. Аристов, С.Аманжолов, Ә.Марғұлан) түркі тегіне жатқызды. Қазіргі уақытта олардың түркі тектес екендігі толық дәлелденген. Көптеген зерттеушілердің пікірінше “найман” атауы моңғолша “сегіз” деген сөзді білдіреді. “Оғыз тайпасынан шыққан наймандар түркі тілдес халық болды. Олар 8 ғ-дан бастап “сегіз оғыздар”, кейінірек “цзбу-бу” одағын құрап келді. “Найман” сөзі оларға көрші халықтардың берген атауы” деп жазды Л.Л. Викторова. Әбілғазының пікірінше: “наймандар – көне жұрттардың бірі, малы мен басы көп өскен халық”. “Селенга тас жазуы” деп аталатын 750 ж. тұрғызылған ұйғыр ескерткішінде, “Ляо ши” жазбаларында (8 ғ.) сегіз-оғыздар туралы мәліметтер кездеседі. Сегіз оғыз жұртын әуелі “найман аймақ” (“сегіз тайпа”) деп 10 ғ-да қидандар атай бастаған деген топшылау бар. Кейіннен моңғол империясының дәуірлеуі бұл сөздің негізгі атау орнына қолданыла бастауына одан әрі жағдай жасаған. Зерттеушілер бұл тайпа 10 ғ-дан “найман” деп атала бастаса да, 13 ғ-ға дейін бұрынғы “сегіз” аты қосарлана айтылып келгенін алға тартады. Найман туралы деректер оны әуелде Хинганнан Қарпатқа дейін созылып жатқан Ұлы Даланың Ертіс пен Орхон өзендері аралығында ежелден көшіп жүрген тайпалар қатарында таниды. Ол – сонау жыл санауымызға дейінгі екінші ғасырлардан бастап дәуірлеп, Орта Азиядан Сары өзенге дейінгі байтақ аймақты жайлаған Хунну (ғұн) ұлысының, біздің жыл санауымыздың бастапқы ғасырларында қытай жазбаларында «теле» деген атпен әйгеленген байырғы киіз туырлықты қандас тайпалар қауымдастығының кесек бір сынығы. Әбілғазы жазуынша: «Наймандар – көне жұрттардың бірі, малы мен басы көп өскен халық». Бұл ел VI-VII ғасырлардағы айбынды Түрік қағанаты заманында дүниеге келген ата жазуымызда Моңғолиядағы қазақ ғалымы әрі қайраткері Қ.Сартқожаұлының дәлелдеуінше, «Байырқу», «сегіз оғұз» тайпасы түрінде көрініс береді. Бірсыпыра ғалымдардың дәлелдеуінше, «оғұз» сөзінің көне Түрк тіліндегі бір мағынасы тайпа дегенге келеді. ( «оқ» - тайпа, «з» - жиынтық сан есім). Ал «найман» моңғолша сегіз деген сөз. Сегіз оғұз жұртын әуелі «найман аймақ» ( «сегіз тайпа») деп Х ғасырда моңғол тілдес қидандар атай бастаған екен. Кейіннен моңғол империясының дүниеге келіп дәуірлеуі, бұл сөздің негізгі атау орнында қолданыла бастауына одан әрі жағдай жасаған еді. Зерттеушілер бұл тайпа Х ғасырдан «найман» деп атала бастаса да, ХІІІ ғасырға дейінгі бұрынғы «сегіз» аты да қосарлана байқалып келгенін де ортаға тартады. Кезінде Жапон теңізінен Шығыс Түркістанға дейінгі байтақ өңірді қоластына бағындырып, наймандарға да біраз уақыт билік жүргізген Лияу әулетінің (Ұлы Қидан мемлекеті тарихы туралы жазылған жылнамаларда (Х ғасыр) наймандар батысында (Ертістен ары) қанлы, қыпшақ, шығысында (Орхон, Тола және Оңғын өзенлерінің алқабы) керей, меркіт, теріскейінде (Селеңгеннің салалары) қырғыз, оңтүстігінде ұйғыр, таңғұттармен шекаралас, қоңсылас болғаны айтылады.Рәшид-ә-диннің «Жылнамалар жинағы» мен «Моңғолдың құпия шежіресінің» көрсетуінше, Арғұн өзенінің Хайлар деп аталатын саласы мен Халқын гол өзені алқабында қоңыраттар мекендеді. Екінші мыңжылдықтың бас кезінде осы қоңыраттардан батысқа қарай Керей, Меркіт жеріне дейінгі аралықта (Онон, Керуленөзендерінің алқабы) хунну, дунхулардың бір сынығы болып табылатын түрк-моңғол жұрттары да қанатын жайып өсіп жатты. Ол тайпаларға өздерімен іргелес, кейіннен моңғол тілі деп ен тағылған тілде сөйлейтін Қидан (осы сөзден «қытай» атауы шыққан) мемлекетінің үстемдігі мен ықпал-әсері тым етене байқалатын. Түрк тайпаларының қақ ортасында жатқан осы жұрттардың соңыра моңғол тілді атанып кетуінің де бір себебі – түп-тегі Ішкі Моңғолиядан шыққан сол қидандардың жегі құрттай дендеп кеткен жойқын ассимиляйиясына тығыз қатысы бар болуы да ғажап емес. (Мұндай мысалды алыстан іздеудің қажеті де жоқ. Орыс тілі шыңдап ене бастаған жарты ғасыр ішінде, қазақтың жартысына жуығының орыс тілді болып шыға келгені көз алдымызда ғой). ХІІ ғасырдың басында Ұлы Қидан (Лияу( мемлекеті ыдырап, қидандардың біраз бөлігі Жетісу мен Орта Азияға өтіп, Қарақытай мемлекетін құрғаны белгілі (1140-1213). Олар кейінірек жергілікті халықтарға сіңісіп кетті. Ал сол ғасырдың соңына таман Онон, Керулен алқабын жайлаған тайпалардың арасынан Темүжин сынды жас көсем бастаған қият тайпасы лау етіп көтнріліп, «тарыдай шашыраған моңғолдың басын қосып», аз уақытта-ақ маңындағы елді ұйыстыра алған моңғол мемлекетіне айналды. Моңғолиялық қазақ ғалымы И.Қабышұлы Темүжинге Шыңғыс (Жеңіс, Жеңгіз) деген есімді еншілеген сол кездегі керейлердің ханы Торы (Торғыл( екенін айтады. (Торыны оған қытайлар берген «Уаң» яки, бір елдің әміршісі лауазымы бойынша Уаң хан деп те атайды. Өзі үлкен бір елдің билеушісі, әрі әкесі Есукейдің андасы болғаннан кейін Торы бұл есімді «жақсы тілек», жарым ырыс» қылып айтса айтқан шығар. Алайда Шыңғыс хан шапқан сайын төске өрлеп, маңайындағы Татар (тата, тетан) мен Қоңыратты қоластына бағындырып алғаннан кейін, Керей елінің өзіне ауыз салды. Әкесіндей болған Торыны (Уаң ханды) туған жерінен безіндіріп, ақыры ол найман қарауылдарының қолынан кездейсоқ қаза тапты. Ал ауқатты Найман мемлекетінің Шыңғыс ханмен шайқастары тарихи жылнамаларда жан-жақты жазылып қалған бір хикая.Темүжиннің әкесі Есүкей батырдың тұсында Найманелін Инанығ Білгі қаған билеген еді. «Инанығ» - сенімді, «білгі» - білгір, кемеңгер деген сөз. Сол Инанығ білгінің заманында наймандар Қидан мемлекетінің (қарақытайлардың) қармағынан құтылып, бостандығын алады. Ол өлгеннен кейін Найман ұлысы екі баласы байбұқа (қосалқы аты – Тай, Таян. Қидандар оған Дауаң) «үлкен әмірші» (деген атақ берген, сол сөз келе-келе Таянға айналған) мен бүйректің таласына түседі. Ақыры ағайынды екеу арасындағы араздық ұлысты екіге бөліп тынады. Тай хан үлкені болғандықтан, әкесінің орнында жазық аймақты, Бүйрек таулы өңірді мекендейді. Наймандар мен шыңғыс хан әскерінің алғашқы шайқасы 1199 жылы Алтай өңіріндегі Үліңгір көлінің маңында өткен еді. Онда Шыңғыс керей ханы Торының шақыруымен одақтас ретінде көмекке келген. Сол жолы Бүйрек хан ойсырай жеңіліп, өзі Енесай қырғыздарына қашып құтылады. Арада үш жыл өтпей жатып, олар тағы да шайқас даласында бас қосқан. Бірақ бұл жолы да Шыңғыс хан мен Уаң ханның тізе қоса қимылдауы Бүйрек ханның ойсырай жеңілуіне мәжбүр етті. Ол басын әзер сауғалап, тағы да қашып құтылды. Бұдан кейін Шыңғыс ханның керейлермен жауласып, Торы ханның (Уаң ханның) түбіне жеткенін жаңа айттық. Оны өлтірген Бүйрік ханның ағасы Тай ханның жасауылдары болатын. Сол хабарға көзі анық жеткен Тай бойын ашу-ыза кернеп: «Күншығыстағы аз моңғол қыр көрсететінді шығарды. Атасынан асыл жаралған Уаң ханды алуан түрлі қырмен қорқытып, безендіріп, өлімге душар етті. Сөйтіп олар бәрін иеленіп, қаған болмақшы ғой, тегі? Күн мен ай аспанды үнемі жарық етіп тұру үшінжаратылған болар. Ал жерде екі қаған бола алмайды. Ендншн сол аз моңғолды байлап әкелейік», - дейді. («Моңғолдың құпия шежіресі»). Сонда Тай ханның кіші шешесі Кербез: «Қайтпексің, ол моңғолдар қоңырсыған иісті, қомыт-қомыт киімді емес пе? Әкеліп қайтесің. Аулап жүргенің жөн ғой. Тек өңі түзу қыз-қатындарын әкеліп, қол-аяғыңды жуындарап, мал сауғызса жетпей ме?» - дейді. Тай хан маңайындағы әлі де моңғолдарға бағына қоймаған меркіт, қатаған, дүрбет тайпалары және бұрын талқандалғанкеррейлер мен татарлардың біраз блігімен одақ құрып, Шыңғыс ханға қарсы жорыққа қамданады. Алайда бұл хабарды алысымен, Шыңғыс ертерек қимылдап, одақтастар әскеріне тұтқиылдан шабуыл жасап, оларды тас-талқан етеді. Тай хан соғыста қаза тауып, оның ұлы Күшлік аман қалған жұртын бастап, бұл кезде Алтайдың түстігінде жүргенағасы Бүйрек ханға келіп паналайды. Осыдан кейін бүкіл найман елінің қонысы моңғолдың қоластына қараған. «Құпия шежіреде» Тай ханның кіші шешесі Кербез (Күрбесу) ханымды Шыңғыс хан алдына әкелдіріп: «Сен моңғолды сасық депсің ғой. Қандай екен», - деп өзіне тоқал етіп алғандығы жазылады.Қанаттас отырған ірі көршілері наймандар мен керейіттерді осылайша жеңгеннен кейін бұл өңірде енді Шыңғыс ханды тоқтата алатын күш те қалмаған еді. Аз уақытта ол қазіргі моңғол жеріне сәйкес келетін аймақты түгел бағындырып алды., 1206 жылы киіз туырлықты көшпелілер Онон жағасына құрылтайға жиналып, «тоғыз сирақты ақ ту көтеріп», Шыңғысты Моңғол империясының ұлы ханы етіп көтерді. (Тарихшы И.Қабышұлы сол империя құрылар қарсаңында моңғолдар 200 мың, керейлер 600 мың, наймандар 800 мың болған екен деген дәйек айтады). Осы құрылтайдан кейін Шыңғыс хан Алтайдың күнгейінде әлі де найманның атамекенін қайтарып алуды ойлап жүрген Бүйрек ханға жорыққа аттанады. Ол бұл кезде ештеңеден хабарсыз Ұлық тау қойнауындағы Сақсу өзенің бойында аз адаммен аң аулап, сейіл құрып жүрген еді. Қас қылғандай нөпір әскер дәл оның үстінен түседі де, тұтқынға алынып, ата жауы сол жерде оның басын қағады. Оған паналап жүрген Күшлік аман қалған елді ертіп Ертіске қарай қашады. Алайда Шыңғыс хан наймандарға бұл жерде де тыныштық бермейді. 1208 жылы Ертіс жағасында наймандар мен меркіттердің бірлескен күшін тас-талқан қылады. Одан кейін бұл тайпалар Жетісуға қарай босады.Күшлік хан Бесбалық, Тұрфай аймағы арқылы айналып, бір кезде наймандарды да билеген Қидан мемлекетінің Орта Азияға келіп жаңғырған түрі Қарақытай империясының астанасы Баласағұнға жетеді. Бұл дәуірде Жоңғар тауынан Иранға дейінгі аймақ осы Қарақытай Гөрханына (ұлы ханына) қарайтын. Наймандардың Таян сынды ханының баласы Күшлікті Гөрхан сарайында ілтипатпен қарсы алады. Жилугу Гөрхан оған қызын беріп, жақын адамдарының бірі етеді. Бұл шамада Қарақытай мемлекетінің әлсіреп, бұған дейін оған бағынышты боп келген Хорезм елінің елінің дәуірлей бастаған да кезі еді. Шамасы Гөрхан Күшлік төңірегіне жиналуға тиіс наймандарды өз мүддесіне пайдалануды көздеген де болуы керек. Әрі Күшліктің де оған осы тектес уәде бергенін біз Рәшид-әд-диннің «Жылнамалар жинағынан», Қытайдың «Жол қатынас тарихының материалдары» атты еңбегінен ұшырастырамыз. Күшлік хан Жилугуге: «Менің тайпам көп, олар қазір Еміл, Қойлық, Бесбалық жерлеріне келіп қоныстанып отыр. Маған рұқсат берсеңіз, оларды жинап, олардың күшін мен сіздерге көмек беремін», - дейді. Гөрхан мұны мақұл көріп, оған қару-жарақ, қаражат береді. Әрине Таян ханның ұлы Күшлік хан Түркістан аймағына келіпті деген хабар осы маңға Шыңғыс ханның қаһарынан ығысып келген наймандарға қатты әсер етті. Олар тез арада Күшлік ханның қоластына жиналып, жойқын күшке айналды. Бұл жағдай енді Күшлікті Гөрхан билігін тартып алу ниетіне итермеледі. Және сол кезде талайдан андысулы Мұхаммед Хорезмнің Гөрханға қарсы шыққанын естуі мұң екен, Күшлік те ойын жүзеге асырмақ боп Қарақытай әміршісіне қарсы қымилды бастап жіберді. Жасанған әскер қойсың ба, Күшлік көп ұзамай-ақ өз қайын атасының тағына отырды. Осылайша Шыңғыс хан әскерінен күйреген (1204 жыл) Найман мемлекетінің соңғы ханы арада сегіз жыл өтпей жатып, Қарақытай империясының билігін өз қолына алған. Тарихи деректерде наймандар мен керейлердің несториан дінін (христиан дініндегі бір ағым) ұстанғаны айтылады. Күшлік хан Жилугудің қызы Күнкеге үйленгенннен кейін несториан дінінен шығып, будда дініне (пұтқа табынушылық) кіреді. Ол кезде Қарақытай мемлекетіндегі жұрттың дені мұсылман дінін ұстанатын болғандықтан, Күшлік хан тарапынан олар «не несториан, не будда дініне кірсін» деген зомбылық талаптар да қойылып тұрған көрінеді.Атамекенінен көтере қуып жіберген найман ханы Күшліктің байтақ Түркістан аймағында бұлайша дәуірлеп отырғанынан Шыңғыс хан сірә хабарсыз емес-тін. Тек ол бұл кезеңде Қытайды жаулап алу жорықтарының басы-қасында жүрді. Сол жорықтан қайтысымен, Шыңғыс хан 1218 жылы Күшлікке қарсы әйгілі қолбасшысы Жебе ноян басқарған күшті әскерін жіберді. Жебе ноян Қарақытай еліне жетісімен, баршаға дін, сенім бостандығын жариялады. Бұған дейін де өзіне мұсылмандарды қарсы қойып алған Күшлік шайқастарда шыңдалып келген моңғол әскерлерінің екпініне төтеп бере алмады. Тас-талқан болып жеңіліп, Алтай тауларына қарай қашты. Бірақ Жебе ноян оны қойммай қуалап жүріп, ақыры Сарыкөл маңында қолға түсіріп, өлтіріп тынады. Найман елінің Шыңғыс ханға қарсы жиырма жылдай уақытқа созылған қан кешті күресі осылайша аяқталды. Найман мемлекетінің күйреуі атамекендерінде қалың отырған бұл елдің құрамына кірген рулардың жан-жаққа кең ыдырап кетуіне, басқа тайпалар арасына сіңуіне әсер етті. Олардың біраз бөлігі байырғы қоныстарына жақын Ертіс, Алтай алқабында орнығып қалып, Шыңғыс ханның баласы Үгедей ханның қол астына қарады. Шапқыншылықтан ығысқандары Балқаш төңірегіне, Алакөл маңына, Сыр, Ырғыз алқабына орналасты, оңтүстікте Орта Азия хандықтары жеріне дейін жетті.Бұл өңірде қоныстанған наймандар ХV ғасырдың соңында Мұхаммед Шайбани ханның ықпалында болды. 16 ғасырда Марыға найманнан шыққан Қобыз би, Жолым билер әмір жүргізді. Найман Назар би Балхты биледі. Нұраталық көшпелілерді найман Ахметәлі басқарды. Шайбан тұқымы Бабаханның бір әскербасысы найман Жанмұхаммед би болды. Шежіреші Әбілғазы найман Сопырмырзаның 1604 жылы оның әкесі Араб Мұхаммед ханды өлтіру үшін қастандықұйымдастырушылардың бірі болғанын тілге тиек етеді. Осы мысалдардан-ақ наймандардың Орта Азия аймағында қабырғалы күштердің бірі ретінде әрекет еткенін байқау қиын емес. Бұл наймандар біртін-біртін жергілікті халыққа сіңісіп, өзбек, қарақалпақ қауымдастығының бір тармағы болып кетті. Өзбектерде қазақ-найман, қарақалпақта бағаналы, терістаңбалы, қырғызда бүйе найман, күн найман, мырза найман, жуанбұт найман руларының кездесуі сол араласудың бір нышаны.Қазақ наймандары 1720 жылдардағы Жоңғар шапқыншылығынан кейін Орталық Қазақстандағы Тоқырауын алқабынан Алтай мен Жоңғар тауларына дейінгі аралыққа орналасты.. М.Тынышбайұлының айтуынша, наймандардың 1810 жылы Қарқаралы мен Шыңғыстайды тастап оңтүстікке қарай сырғуы олардың соңғы қоныс аударуы болған еді. Осы тарихшы наймандардың саны 1917 жылдың қарсаңында Бұқара мен Қытайдағы руластарын қосқанда 830 мың адам төңірегінде деп көрсетеді. Орта жүз елдері арасында дәл наймандардағыдай мол таңбаны кездестіре алмайсың. Олардың ірі рулық бірлестігі ғана емес, кейде жеке руларының өзі де дербес ұран-таңбаға ие. Дәл осы ерекшеліктің өзінде оның сонау бірінші мыңжылдықта «сегіз-оғұз» деп көрініс берген сипатының әсері болуы да ғажап емес. «Сегіз тайпа» - демек, найман жұрты осынша тайпадан құралған. Алайда ғылыми деректерде олар туралы анық мәлімет жоқ.Тарихи деректерге сүйенсек, «Найман» - қазақ шежірелерінде айтылғандай жеке адамның аты емес. Алайда халық шығармашылығы оны түп бабаның есімі етіп, өзін найманбыз дейтін бар руды (олардың арасында баяғы аласапыран замандарда басқа елдерден келіп сіңіскен жұрттар бар болса да) сол «шалдан» ғана тарқатып қояды.
Қария сөздер бойынша Найманның кешігіп көрген Тоқпан деген ұлы ер жеткен кезде Ұлы жүз Дулат бидің қызы Ақсұлуға үйленген екен дейді. Содан аз уақыт өтер-өтпесте Найманның кемпірі мен ұлы Тоқпан қатар қайтыс болады. Ақсұлу өзі түскен шаңырақтың болашағын ойлап, еліне барып, жақын сіңлілерінің бірі Әлпешті сұрап әкеліп, атасына қосады. Найман Қызейнемен алты айдай ғұмыр кешіп көз жұмады. Екіқабат қалған Әлпеш күн жетіп босанады. Баланың атын Найманнан қалған белгі ғой деп Белгібай қояды. Оның екінші аты - Өкіреш. Найманның әулие келіні Ақсұлу атасының жылын бергеннен кейін Қызынейді Найманның ұлы атасы делінетін Сарманаймен бір туысқан Шумақ дегеннің немересі Елтайға қосады. Оған атамның орнына атам болды деп Ел ата деген ат қояды. Қызыней одан Серкібай деген ұл табады. Ақсұлу Белгібайды тәрбиелеп өсіріп, он бес жасқа толғанда қайным деп оған өзі тиеді. Одан Сүйінше, Сүгірше деген екі ұл табады. Немере сіңлісі Тоқсұлуды кейіннен әпкеме қолқанат болсын деп бір сіңлісі Қаракөзді Белгібайға қосады. Қаракөзден Өтеген туады. Қазақ шежіресінде бар Найман осы төртеуінен тарайды да, тоғыз таңбалы найман аталады.
Қазақ елі туралы айтқанда Керейт хандығы туралы үндемей кету тарихымызды жартыкеш баяндауға алып келеді. Батыс Моңғолия аймағында құрылған бұл мемлекетті әлі күнге дейін қазақ тарихына кіргізбей жүрген тарихшылар бар. Әдетте, Керейлер мен Керейттердің қазақ халқын құраған тайпалар екендігін мойындаймыз да, ал олардың байырғы Батыс Моңғолия аймағында өмірге келген алғашқы мемлекетін мойындамаймыз. Нағыз парадокс осы емес пе?Бұл мәселе қытай деректерімен белсенді жұмыс жасаған Нығмет Мыңжанның зерттеулерінде біраз қарастырылған. Ол бойынша Керей мемлекеттігінің бастауын Жоңғария аймағындағы бұрынғы Теле тайпалар одағына жатқан Шеп, Сеп, Байлау, Қойлау тәрізді түркітілдес тайпалар негіздеген. Бұлар негізінен Түргештер (Сарыүйсіндер) ұлысымен бірге Батыс Түрік қағанаты тұсында-ақ Бес Түрік Дулу бірлестігі құрамына кірген, Шу өзенінен шығысқа қарайғы аймақтарды мекендейтін түркілер еді. Сары Керейден тарайтын Абақ Керейдің рулық таңбасының Сарыүйсіндермен (Түргештермен) бірдей болып келетіні осындай туыстыққа байланысты. Әбілғазыда Қара деген кісінің балаларынан тарағандар ретінде көрсетілетін Керейлердің бабалары кезінде Жетісудағы Он оқ ұлысын билеген Ашына Қара ябғудың қарауындағы Шеп-Шад тайпалық одағынан бастау алған. Бұл тайпалық бірлестік көрші Түргештермен бірге Бес Түрік Дулу одағына мүше еді. Осы Шеп тайпасынан кейінгі Керейлерді билейтін хандар әулеті шықты. Ал Ашына Қара кім еді дегенге тоқталар болсақ, ол Істеми Қағанның жүрежаты еді. Сондықтан да Түрік қаған оны Талас өңіріндегі тайпаларға яғбу етіп тағайындады. Осы тұста оны Шеп-Шад, Шөмекен, Баб, Қарлық, Нүшбе тәрізді арыстар белсенді қолдады. Қытай патшасы Қара басқаратын аймақты ықпалынан шығармау үшін осында 649 жылы бірнеше тұтықтарға бағынатын дуандар құрды. Енді бұрынғы Қара ұлысы Қара дуаны деп аталатын болды. Дегенмен де қытай патшасы Қараға сенімсіздікпен қарап, оның көзін біржолата жоймақ болды. Қытайлықтар мен ұйғырлардың біріккен жорықтарына төтеп бере алмаған Қара қытай патшасына бас иіп, сонда, жат жерде, 659 жылы қайтыс болды да, ол билеген Он оқ елі қожырап кетті. Дербестікке ұмтылған Керейттер оңтүстіктегі қауіпті көршісі Алтын патшалығымен (Қытаймен) де тату тұра алмады. Рухани тұрғыдан алғанда Марқұз Бұйрықтың Керейттерді христиан дінінің неохристиандық сеніміне кіргізгені белгілі. Деректер мұны былай түсіндіреді: ауыр жорықтардың бірінен қалжырай қайтып келе жатқан Марқұз басқарған Керейттер қолы шөл далада адасып кетеді. Осындайда оның көзіне бір бейне елес беріп, оны дұрыс бағытқа бағдарлап жібереді. Осылайша Керейттер шөл даланың ортасындағы шұрайлы суатқа кез болады. Осыны пайдаланған Мервтегі (кейінгі Түркменстандағы) христиан дінін уағыздаушылар осы әңгімені естіген бетте Марқұзға жаушы аттандырып, шөл далада оның көзіне елестеп, оған дұрыс бағыт сілтеген Сергий әулие екендігін, сондықтан да Марқұздың христиандықты қабылдауы қажеттігін ескертеді. Бұған сенген Марқұз халқын неосториандық сенімге кіргізіп, өзі жаңа Марк есімін қабылдайды. Керейттердің жаңа христиандық діни ұстанымы көршілері татарларға да, қытайлықтарға да ұнамады. 1147 жылы Керейттер Цзинь әулеті басқаратын империямен келісім жасаса да, екі арада тығыз ынтымақтастық орныға қойған жоқ. Керейттер бұл тұста еңсе көтеріп, іргелі елге айнала алған жоқ. Құржақұр қайтыс болған соң артында қалған бес ұл Керейт ұлысын бөлісе алмай, өзара араздасты. Билік үшін жанжал үлкен ұл Тұғырыл мен екінші ұл Еркеқараның арасында өрбіді. Соғыста алғашқысы жеңіске жетті. Еркеқара болса көрші Наймандарға қашып кетіп, олардан қолдау тапты. Билікке қол жеткізу арманы көкейін тескен Еркеқара ақыры көрші Наймандардың көмегімен ағасынан тақты тартып алды. Барар жер, басар тауы қалмаған Тұғырыл солтүстіктегі көршісі моңғол Өтеке Құршы Бұйрықты паналады және соның көмегімен Керейттер тағына қайта отырды. Осыдан бастап Керейттер мен Моңғолдар анда (айырылмас достар) болуға серттеседі. Алайда Керейт хандығының тағына талас тоқтамай қойды. Енді Тұғырылдың әкесінің туған інісі Гұрхан өзіне қашып келген Еркеқараны қолдап, Тұғырылға қарсы өзін жақтайтын рулардан (тегінде, Қидандардан) әскер жинап, Харун Қыпшал деген жерде қанды шайқас болды. Мұнда жеңіліске ұшыраған Тұғырыл тағы да амалсыздан моңғолдарды паналады. Бұл кезде моңғолдарда болашақ Шыңғысханның әкесі Есугей баһадүр аса ықпалды еді. Ол Тұғырылды қолдап, Тула орманында ақсарбас атап, онымен анда (айнымас дос) болды. Оның қолдауымен Тұғырыл тағы да жеңіске жетіп, осы шайқас кезінде Еркеқара өлді. Тұғырыл Керейттерге хан болды. Тұғырыл ханның билігі тұсында Керейттер әскери тәртіпке негізделген хандық құрылыстың алғашқы сатысына аяқ басып, тәуелсіз ел болуға талпыныстар жасады. Қытайды билеген Цзинь әулетімен бейбіт қатынасты орнықтырып, алым-салықты оларға уақтылы төлеп тұрғандықтан Тұғырылға олар «Ван хан» («Ұлыс ханы») лауазымын да берген еді. Тұғырылды Есугей баһадүрдың баласы Темучин де қолдап, оны өзінің әкесіндей құрметтеді. Мұның өзі Тұғырылдың беделін асқақтата түсті. Алайда манчжурлық Цзинь патшасы билеген қытайлықтарды Керейттердің Моңғолдармен жақындасулары қанағаттандыра қойған жоқ. Олар осы аймақта мекендейтін көшпелілерді өзара қағыстыру саясатын жүргізді. Осындай текетірестерде көшпелілер арасында Темучин үстем түсті. Әртүрлі себептермен онымен қарым-қатынастарын шиленістіріп алған Ван-хан Наймандар еліне қашып, сонда өлтірілді. Ал оның елінің бір бөлігі 1203 жылы Темучин талқандаған соң, моңғолдардан батысқа қашқан Меркіттерге ілесіп, Ертіс арқылы Қыпшақ даласына кетті. Олар Керейт атауын бірнеше ғасырлар бойы сақтап, ақыры Кіші жүздің Жетіруы құрамына кірген кейінгі Керейт тайпасының негізін қалады. Ал моңғолдарға бас иген Керейттер болса Шыңғысхан атанған Темучиннің батысты жаулау жорықтарына белсенді қатысып, аман қалғандары кейіннен қайта топтасып, моңғолдар таңған байырғы «Керейт» атауынан арылып, «Керей» деген жаңа этнониммен қазақтың Орта жүзіне енген арыстар қатарынан орын алды. Айта кетер бір нәрсе, моңғолдарға бағыныштылыққа түсу Керейлердің тайпалық құрылымына адам танымастай өзгерістер алып келді. Кейінгі қазақ Керейлері мен Керейттері сондықтан да жаңа рулық құрылымдар негізінде Алаш қауымдастығы аясында қалыптаса бастады.
24. Орта ғасырлық Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің материалдық мәдениеті. Жеріміздегі түркі дәуірінің алты ғасырға жуық (VI–XII ғғ.) мерзім ішінде өмір сүрген түрік, батыс түрік, түркеш, қарлұқ, оғыз, қимақ, қыпшақ және қараған хандықтарының әрқайсысының өздеріне тән дамыған материалдық мәдениеттері болды. Алайда, олардың мәдениеттерін жеке – жеке талдап көрсету мүмкін болмай отыр. Төбе –төбе болып жатқан қыстақ кенттермен қала жұрттарының орындарына жүргізілген археологиялық жұмыстар, түркі тілдес тайпалардыңVI–XII ғғ. өзінде тұрақты мекен – жай салып отырықшыланған өмірлерін байқатады. Әсіресе, Қазақстанның оңтүстік және шығыс аудандарында отырықшылық басым болған.
Түркі дәуіріндегі обалардың адамдарды киімдерімен жерленгендер белгілі. Мәселен, Солтүстік, Шығыс Қазақстан жеріндегі зираттардан былғары қамзолдар табылған. Зираттардан жүннен токылған көйлектер, теріден жасалған тон, ішіктердің қалдығы кездеседі. Түркілер тамаша етікшілер болған. Табылған аяқ киімдердің ішінде өкшесі биік емес, қайқы бас етіктер және кебіс қалдықтары кездескен. Сол сияқты теріден белдіктер, тамаша безендірілген кеселер де болды. Әсіресе, кеселер алтын, күміс және қымбат бағалы тастармен безендірілген.
Материалдық мәдениеттің көрінісінің бірі сәулет өнері. Тараз маңындағы Бабаджа – хатун кесенесі (Х–XII ғғ.) орта ғасырдағы сәулет өнерінің ең ертедегі ескерткіші болып табылады. Осыған жақын орналасқан Айша бибі кесенесі (Х– XII ғғ.) және Тараздың өз ішіндегі Қарахан кесенесі де көне заман ескерткіштері.
Сырдария, Талас, Шу, Іле, Испиджаб, Отырар, Тараз, Сығанақ, Баласағұн, Суяб, Мерке, т.б қалалар және егіншілік оазисі мен көшпенділер даласы арасындағы Ұлы Жібек жолында Батыс пен Шығыс арасында қолөнер, сауда және байланыс орталықтары болды.
Сонымен VI–XII ғғ. Қазақстан жерін мекендеген тайпалар қыпшақ –оғыз, қарлұқ–ұйғыр тілдерінде сөйлеп, осы тілдерде тарихи-әдеби шығармалар шығарып, өмір сүрген.
Х–XII ғғ. материалдық мәдениетін өркендету ісіне елеулі өзгерістер енгені байқалады. Қазақстанның Оңтүстігі мен Жетісуды халифаттың, Саманилер, Қарахандар мемлекеттерінің саяси экономикалық және мәдени қарым–қатынастары аясына тарту әрекеті біз зерттеп отырған халықтарды Орта Азиямен жақындастырады. Қала мәдениетін өркендетуде енді жаңа дін–ислам маңызды роль атқара бастайды.