Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарих 1 Руб - копия.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
12.02.2020
Размер:
1.06 Mб
Скачать

1. Қазақстан тарихы пәні, оны оқытудың мақсаттары мен міндеттері. Тарих - бұл өткен дәуірлер туралы білімдер жинағы ғана емес, сонымен қатар қазіргі әлемде өз жағдайын айқын ұғынуға, өзінің азаматтық ұстанымын дұрыс анықтауға, орын алған құбылыстар мен оқиғаларға өз көзқарасын білдіруге және олардың маңызы мен бағытын терең ашуға мүмкіндік беретін тарихи ойлау болып табылады.Тарих ғылым ретінде халықтың ұлттық санасын қалыптастыруы, әсіресе, өз тәуелсіздігін жариялаған кезде орнықтыруы және әлемдік қауымдастықта өзін тең құқылы мүше ретінде сезінуі тиіс.Қазақстан тарихын зерттеудің негізгі міндеттері мыналар: Қазақ халқының тарихын ежелгі дәуірден қазіргі кезеңге дейін зерттеу;Көшпелі дүние жүйесіндегі қазақ халқының рөлін ашу және оның әлемдегі өркениетке қосқан үлесін көрсету;Бүкіл адамзат тарихы дамуында қазақ этносының, тұрмысының, шаруашылығы мен әлеуметтік-саяси қондырғысының қалыптасу процесіне зер салу;Түрлі әлеуметтік топтардың қазақ қоғамындағы орны мен рөлін анықтау.Тарих тарихи тұрғыдан ойлай білуді қалыптастырады, азаматтық ұстанымды шыңдай түседі, ұлттық мақтаныш пен патриоттық сезімге тәрбиелейді.Өткенімізді біле отырып, қазіргі кезеңді оңай меңгереміз, болашақты айқындай аламыз.Қазақстан тарихы курсының негізгі мақсаттары мынадай:тарихи дәуірлерге талдау жасау; этностық тарихқа талдау жасау;түрлі тарихи кезеңдердегі әлеуметтік ұйымдарды зерттеу;түрлі тарихи кезеңдердегі мәдениетті зерттеу.Қазақстан тарихы келесі кезеңдерге бөлінеді: ежелгі дәуірлерден б.д. VI ғ. дейін - Қазақстанның ежелгі тарихы;б.д. VI ғасырынан б.д. XVIII ғ. дейін - ортағасырлық Қазақстан тарихы;

2. Қазақстан территориясындағы алғашқы қауымдық құрылыс. Палелит. Мезолит. Б. з. б. 2 млн 500 жылдан Б. з. б. 3 мың жылдыққа деін — Тас дәуірі Б. з. б. 2 млн 500 жылдан 45-35 мың жылға дейін — палеолит. Б. з. б. 2,6 млн жылдан — 100,000 жылға дейін — Төменгі палеолит дәуірі. Б. з. б. 300 — 30 мың жыл бұрын — Орта палеолит дәуірі. Б. з. б. 50 — 10 мың жыл бұрын Кейіңгі палеолит дәуірі. Б. з. б. 10-15 мың жыл бұрын — Мезолит дәуірі. Б. з. б. 15-3 мың жыл бұрын — Неолит дәуірі. Б. з. б. 3-2 мыңжылдықтар — Мыстас дәуірі. Б. з. б. 35/33 — 13/11ғасырлар — Қола дәуірі. Б. з. б. XV-XIII ғасырлар — Андронов мәдениетінің кезі. Б. з. б. VIII ғ. — Темір дәуірінің басы.Ежелгі адам өз дамуында бірінен кейін бірі келетін бірнеше кезеңдерден өтті. Археологияда қабылданған кезеңдерге сәйкес адамзат тарихы тас, қола және темір дәуірлеріне бөлінеді. Тас дәуірінің кезеңдері

Палеолит- Ежелгі тас дәуірі адамзат тарихындағы ең ұзаққа созылған және аса маңызды кезеңдердің бірі болып табылады. Ежелгі тас ғасыры-адам мен оның шаруашылығының қалыптасуының бастапқы уақыты. Алғашқы адам жабайы өсетін дәндерді жеміс – жидектерді жинап жануарларды аулаған. Ежелгі тас дәуіріндегі адамдардың қоғамдық ұйымы күрделі де ұзақ даму жолынан өтті. Оның бастапқы кезеңі алғашқы төбыр-бірлесіп қорғану және шабуыл жасау, аң аулау және жиын терін үшіп бірлесу болды. А. Ерте палеолит - Ежелгі палеолит – ірі-ірі үш кезеңге: Олдувэй (б.з.б. 2,6 млн жыл-800 мың жыл); Ашель (б.з.б. 800-140 мың жыл); Мустье (40-35 мың жыл) кезеңдерге бөлінеді. Адам баласынының ең алғашқы еңбек құралдары тастан жасалған. Осыған байланысты алғашқы тарихи кезең тас ғасыры деп аталған. Табиғаты. Оңтүстіктегі Үнді мухиты жағынан жылы ауа Қазақстан жеріне келіп турған. Сондықтан Казақстанда субтропиктік ормандар болған. Осы кездегі Қазақстан жерін мекендеген жануарлар: өзен, көлдердің жағасында пілдер, шалғында жылқылар, таулы жерлерде аюлар, мамонттар, бұғылар, бизондар, тауларда арқарлар, тауешкілер т.с.с. Б.з.б. 100-80 мың жыл бұрын ауа райы құрт өзгерген. Осы кезде Қазақстанда ұзаққа созылған ауа райының суытуы басталған. Барлық тауларды мұз басқан. Бұл суық мерзім б.з.б. 12-5 мың жылдарға дейін созылған. Адамдары. Қазақстан жерін ежелгі адамдар б.з.б. 800-140 мың жылдықтардан бастап мекендеген. Алғашқы адамдар Қаратау жотасы мен Қарасу тұрағында мекендеген.

Aлғашқы адамдардың айналысқан істері: аң аулау, терімшілік.

Алғашқы адамдар баспанасы: табиғи үңгірлер, үңгіме қуыс, тау шатқалдары т.б.

Адамдар табиғаттың дүлей күшіне қарсы тұру үшін, бірігіп аң аулап тіршілік етіп қиындықты жеңу ұшін топпен өмір сүрді.

Еңбек құралдары. Ауыр салмақты, тік бұрышты ұсақ шақпақ тастар ең ежелгі еңбек құралдарына жатқызылады. Жамбыл облысындағы Бөріқазған, Тәңірқазған, Шабақты мекендерінен (5000-ға жауық тас құрал), Қазанғап шатқалы (тастан жасалған 300-ге жуық құрал), Қарасу тұрағы (тастан жасалған 1500-ға жуық құрал), Сарыарқа тұрақтары, Балқаштың Солтүстік жағалауы (ежелгі адамдардың тұрақтары) т.с.с. жерлерден тастан жасалған құралдар табылған.Орта палеолит- (б.з.б. 140-40 мың жылдықтар). Орта палеолит дәуірі ертедегі адамның дамуымен, мәдениеті дамуының жаңакезеңі болуымен ерекшенеледі. Орта палеолитте Қазақ даласындағы жер құрылымында күшті тектоникалық (құрылу, өзгеру процестері–грек сөзі) қозғалыстар болып өтті. Соның нәтежесінде таулар, төбелер пайда болып, жерді екі рет топан суы басты. Солтүстік Мұзды мұхиттың суы көтеріліп, ол Қазақстан жеріне дейін келді. Орталық Қазақстанда жер деңгейі 500 метрге дейін көтерілді. Бірнеше мың жылдардан кейін Оңтүстікте басталған мұздардың еруіне байланысты Қазақстан жерінде құмды, шөлді, суы тапшы жерлер пайда болды. Өзеңдердің қазіргі арналары қалыптаса бастады. Қазақстандағы жазық жерлер (Ертіс пен Балқаш маңы) орманды далалы, оңтүстігі көбіне жусанды, шөлді болып қалыптасты. Тянь-Шаньда және басқа да таулы жерлерде қаптал қарағай, шырша, жөке, қызыл қайың, қандыағаш өсетін болды. Қазақ даласында бірнеше хайуанаттардың түрлері болды: пілдер, жүні сирек мамонттар, жазық далада түйе, қарақұйрық, бөкендер т.б. болды. Адамдар және олардың тіршілігі. Орта палеолит дәуірінің адамдары– неандертальдықтар. Антропологиялық келбеті: қысқа мойынды, аса ірі тісі бар, сөйлеу қабілеті дұрыс қалыптаспаған. Негізгі кәсібі: аң аулау, терімшілік. Аңды қауым болып бірігіп, топпен аулаған. Басты ерекшеліктерінің бірі шақпақ тастарды бір – біріне үйкелеу арқылы отты шығаруды үйренді. Осы кезде алғашқы діни наным қалыптаса бастады. Ең алғашқы дін магия. Бұл арқылы өлікті бір қырына қарай жатқызып, аяғын бүгіп жерлеген. Еңбек құралдары және археологиялық ескерткіштер. Тасты өңдеу әдісі жетілді. Еңбек ёқұралдары негізінен, нуклеуістен (тастан) жасалды. Пышақ, қару ретінде үшкір тас, ағаш, тері өңдеу үшін қырғыш тас пайдаланылды. Археологиялық ескерткіштер Оңтүстік Қазақстандағы Топалы шатқалы мен Қызылрысбек тұрағынан таблыған заттар: үшкір тас, қырғыш т.б.Кейінгі палеолит- Соңғы палеолит б.з.б. 40-35 мың жалдан басталып, 12-10 мың жылмен аяқталады. Бұл жер шарының барлық климаттық аймақтарына адамның кеңінен тарай қоныстаған және нәсілдер мен нәсілдік топтардың қалыптасу уақыты. Бұл тұста адамдардың рулық қауымы мен топтық ұжымдары қалыптаса бастады. Рулық қауымдар барлық жерлерде алдымен отбасының қамқоршысы, бала өсіруші ана төңірігінде топтасты, осыған байланысты әйелдер алғашқы қауымда үстемдік жасады, мұның өзі аналық – матриархаттық дәуір деп аталды. Сонымен, аналық ру өзара қандас туыстығы арқылы біріккен және шешелері жағынан шыққан тегі бір адамдардың экзогамиялық тобы болды. Соңғы палеолитте ірі хайуанаттардың азайюы адамдардың тұрмыс жағдайларын едәуір өзгертті. Енді орташа және ұсақ аңдарды аулау үшін жетілдірілген жаңа құралдар қажет болды. Аңшылар қолдарына қару алып, тамақ іздеп, ұсақ сапар шекті. Әр түрлі іске қолданылатын еңбек құралдары пайда болды. Соңғы палеолитте Қазақстан жерінде адамзат қоғамының үздіксіз ілгері дамып отырғаннын көрсетеді.Мезолит (орта тас ғасыры)-(б.з.б. 12-5 мың жылдықтар). Кейінгі палеолит дәуірінен кейін орта тас дәуірі (грекше «мезос» - орта деген сөзден шыққын) мезолит дәуірі келді. Бұл дәуір тарих ғылымында өте аз зерттелгендіктен, осы дәуірдің ескерткіштері Қазақстан жерінен аз табылған. Табиғаты. Қазақстанның ауа райы қүрт жылынып, мұздар еріді. Шөбі, өсімдігі мол далалар сиреп кетті. Бірқатар жануарлар (мүйізтұмсықтар, мамонттар) құрып кетті, енді аңшылардың аулайтын көбінесе бизон мен жылқы, жабайы ешкі мен киік, койы, үйрек болды. Мезолит дәуірінің ең маңызды өнертабысы- садақ пен жебе. Садақ пен жебенің ойлап табылуы өндіргіш күштер дамуында шын мәнінде революция еді. Сайып келгенде бұл ежелгі адамның шаруашылық өміріндегі түбірлі өзгерістерге жеткізді. Садақ пен жебеден басқа осы кезде микролиттер- ұшбұрыш, ромб, трапеция, сегмент тәрізді ұсақ қалақтар пайда болды. Дәуірдің ерекшеліктері: жануарларды қолға үйрету, дәнді дақылдар өсіру. 3. Неолит (жаңа тас ғасыры) (б.з.б. 5-3 мың жылдықтар). еолит дәуірі тас дәуірінің соңғы кезеңі жаңа тас дәуірі болып саналады. Неолит дәуірінің аса маңызды белгісі табиғаттың дайын өнімдерін иемдену яғни терімшіліктің орнына келген өндіруші шаруашылыққа негіз болған мал шаруашылы мен егіншіліктің шығуы болып табылады. Шаруашылықтың жаңа түрлері шығуының адамзат қоғамының дамыу үшін орасан зор маңызды болды, адамның еңбек кәсібінің саласын кеңейтті, сонымен қатар оның сипатын сапасы жағынан өзгертті. Өндіруші шаруашылықтың шығыу «неолиттік революция» деп аталды. Тамақ өндіруге, жеуге жарайтын өсімдіктерді саналы түрде өсіруге, жануарларды қолға үйретуге, өсіруге және іріктеуге көшу адамзат тарихында адамның от жағу өнерін меңгергенінен кейінгі асқан зор экономикалық революция болды. Неолит дәуірінде еңбек құралдары жетілдіріліп, жаңадан бұрғылау, тастарды тегістеу ағашты арамен кесу сияқты жаңа технологиялық әдістері шықты, бірте-бірте қиын өнделетін тастар тұрмысқа, шаруашылыққа пайдаланылды, тас балталар, кетпендер, дән үккіштер, келілер, келсаптар жасала бастады. Неолит дәуірінде Қазақстан жерінде кен кәсібі мен тоқымашылықтың бастамалары шықты. Сонымен бірге керамикалық ыдыс жасау іске аса бастады. Әлеуметтік жағынан алғанда неолит дәуірі рулық қауым дәуірі болды: онда ұжымдық еңбек және өндіріс құрал-жабдықтарына ортақ меншік үстем болды. Осы кезде тайпа бірлестіктері құрылды. Тайпалар тұқымдас жағынан және шаруашылықтың түріне қарай біріккен бірнеше рулық қауымдардан тұрды. Ежелгі Қазақ жеріндегі тайпалар ақшылықпен, балық аулаумен, өсімдектерді жинаумен шұғылданды. Кейінректе (неолитте) олар мал өсіру, егіншілік және кен. өнеркәсібімен шұгылдана бастады. Адамдар мата тоқып, киім тігуді уйренді. Керамикалық заттарға геометриялық өрнектер сала білген. Тұрақтар. Арал өңіріндегі Сексеуіл тұрағында малшылар мен аңшылар тұрған. Себебі бұл жерлерде сиыр, қой, жылқы сияқты үй жануарлардың сүйектері табылған (Қостанай облысындағы Ботай тұрағы, Батыс Қазақстан Өңірінлегі Көктүбек, Темір тұрақтары және т.б.). Қазырғы уақытта Қазақстан аумағында 600-ден аса неолиттік және энеолиттік ескерткіш мәлім.

3. Жаңа тас ғасыры. Неолиттік революция. Неолит - б.з.д. 7-6 - 4-мыңжылдықтар. Осындай археологиялық терминдермен қатар, сол дәуірлердің геологиялық атаулық белгілері бар. Палеолиттің барлық кезеңдері плейстоценге, ал мезолит пен неолит - голоценге жатады. Неолит кезенінін басталуы б.з.д. 7-мыңжылдықтың екінші жартысына және 6-мыңжылдықтың басына сәйкес келеді. Бұл - тас өңдеу техниканың гулденген кезі. Еңбек күралдарын өндірудегі орасан зор мамандандыру өтіп жатты. Сығып өңдеу техникасын жетілдірумен қатар, тасты өңдеудің жаңа технологиялық әдістері толығынан қалыптасты: жалтыратып өңдеу, бүрғылау және аралау. Тас балталар, шоттар, дәнүккіштер, келі, келсаптар жасала бастады. Нефриттен, яшмадан, серпентиниттен және де тастың басқа да түрлерінен көптеген әшекейлер - білезік, алкалар дайындау өрбіді.Неолит кезеңінің ең маңызды белгілерінің бірі - ол табиғаттағы дайын өнімді алу шаруашылығын ауыстырған малшылық пен егіншіліктің пайда болуы еді. Шаруашылықтың осы жаңа түрлерінің пайда болуының адамдар қоғамының дамуында орасан зор маңызы болды, адамның еңбек ету аясын кеңейтті және де оның мінезін сапалы түрде өзгертті.Адамның мың жылдаған экономикалық даму тарихы ең алдымен осы екі шаруашылықты жетілдіру тарихымен тығыз байланыста болганы айқын.Неолит кезеңіндегі тұрғындардың қол жеткізген даму деңгейі басқа да мәдени-тұрмыстық жаңалықтардың пайда болуына себепші болды. Осы кезде тау-кен ісі алғашқы бастау алады. Қыш құмыра жасау, тоқ імашылық дамиды. Неолит кезеңінің әлеуметтік жағдайында рулық қоғам өмір сүрді, онда ұжымдық еңбек және өндіріс құралдарына жалпы меншік билік етті. Сонымен бірге бұл кезеңде қоғамдық ұйымдастыру формаларының жоғары дамуы орын алды: тайпалар немесе тайпалық бірлестіктер құрылды. Тайпалар қандас туыстар біріккен, шаруашылықтары да біріңғай сипатты бірнеше рулық қоғамдардан, яғни рулықтардан тұрды. Осы неолит дәуірінде болашақтагы жаңа деңгейдегі мәдениеттін. яғни дамыған қола дәуірі қогамының бастапқы алғы шарттары немесе негіздері құрылды.

Неолитте Қазақстан аумағында бұлактық тұрактар кен тараган. өйткені оның қуаңдалалы аймақтарында ірі өзендер желісі аз. Бұлақтардағы тұрақтар уақытша, маусымды сипатта болады. Қуаңдалалық Қазақстандағы неолиттік ескерткіштердің ерекшеліктерінің бірі - ашық түрдегі тұрақтардың көп болуы.

Барлық тұрақтардан жергілікті материалдан жасалған тас құралдар табылған: садақ пен найзаның ұштары, балта, қашау, пышақ, қырғыш. Белгілі бір құралды жасағанда тас жыныстарын бөліл іріктеу орын алған. Шикізаттың әр түрлілігі оларды өңдегенде және жетілдіргенде әр түрлі техникалық әдістерді дамытуға әсерін тигізген. Қазақстандағы неолиттік ескерткіштер бірнеше аумақтық топқа бөлінеді, ол мәдениеті жағынан бір-біріне жақын туыстас тайпалардың өмір сүру аудандарына сәйкес болуы мүмкін.

Әдебиетте ежелгі тайпалар шаруашылығындағы осы кезеңдегі түбірлі өзгеріс «неолиттік революция» деген атақ алды. Азық өндіруге көшу, жеуге келетін өсімдіктерді, әсіресе астық тұқымдастарды саналы түрде өсіру, малдарды үйрету, өсіру және сұрыптау адамдардың отты меңгергеннен кейінгі тарихындағы ұлы экономикалық революция болып табылды. Ол адамның өзінің қол астындағы азықтың сенімді және бай көздерін пайдалануына керемет мүмкіндіктерді бере отырып, оның тарапынан тек күш салуды ғана талап ететін мүмкіндікті ашты. Неолиттік тайпалардың бұл дәуірдегі түрлі мәдени ареалдарында даму деңгейлері біркелкі болған жоқ. Далалық аймақтарда айтарлықтай өзгеріс бола қоймады, - мұнда бұрынғыдай аңшылық және балық аулау тіршіліктің негізгі көзі болып қала берді. Ауа райының континенталдылығы халықтың өсуіне жағдай туғыза алмады, және де мүндағы табиғи қорлар (тамақтың «дайын көздері») халықтың қажетін өтеуге толық жетіп отырды.

4. Неолиттік тұрақтар. Рулық қауым. Энеолит. Не­олит дәуірінің маңыз­ды белгісі та­биғат­тың дайын өнімдерін ием­де­ну ор­ны­на – өндіруші ша­ру­ашы­лық ту­ын­да­уы. Яғни, терімшілік, аң аулау ор­ны­на егін және мал ша­ру­ашы­лығы ке­ле бас­та­ды. Арал­дың солтүстігінде, Қазақстан­ның ба­тыс, ор­та­лық және шығыс аудан­да­рын­да не­олиттік тұрақтар­дан қолға үй­ретілген си­ыр, қой, ешкі, жылқы сүйек­тері та­был­ды. Не­олит дәуірінде кен кәсібінің бас­та­мала­ры шығып, қыш құмы­ра ісі, тоқыма­шылық да­мыды. Не­олит ру­лық қауым дәуірі бол­ды. Он­да ұжым­дық еңбек пен өндіріс құрал- жаб­дықта­рына ор­тақ меншік үстем бол­ды. Со­нымен қатар тай­па­лар мен тай­па­лық бірлестіктер құрыл­ды. Не­олиттік тұрақтар ор­на­ласу си­паты­на қарай бұлақтық, өзендік, көлдік, үңгірлік деп 4-ке бөлінеді. Не­олиттік ес­керткіштер­ден Есіл өңіріндегі – Ат­ба­сар мен Торғай үстіртіндегі Ма­хан­жар мәде­ни­етін, Ақмо­ла об­лы­сын­дағы – Ат­ба­сар мәде­ни­етін, Төлес мәде­ни­ет­терін, Оңтүстік Қазақстан­дағы – Қараүңгір, Аты­рау об­лы­сын­дағы – Шат­пакөл, Құлса­ры – 1–5, Шаңды­ауыл, Қызем­шек, Жы­ланқабақ, Қойқара, Са­рықамыс, Ша­ян­ды тұрақта­ры, Маңғыс­та­удағы Шебір – 7, Се­нек-1, -4, -5, -8, Үштаған-1, Се­мек-10, Ақтау қала­сы маңын­дағы Қосқұдық-1, т. б. тұрақтар­ды ай­туға бо­лады

5. Тас дәуірінен мәлімет беретін археологиялық ескерткіштер. Тас дәуіріндегі архиологиялық ескерткіштер. Ерте полеолит ескерткіштері Еңбек құралдарын жасау үшін пайдаланған тастар кварсит, обсидиан, та,татас, шақпақ тас. Жамбыл облдағы Бөріқазған, Шабақты мекендерін дерінен 5000ға жуық тас құрал Қазанғап шатқалы тастан жасалған 300ге жуық құрал Қарасу тұрағы тастан жасалған 15000ға жуық құрал Сарыарқа тұраұтары Балқаштың солтүстік жағалауы ежелгі адамдардың тұрақтары тас құралдар т.с.с жерлерден тастан жасалған құралдар табылған.

Орта полеолит ескеркішіОңтүстік Қаздағы Топалы шатқалы мен Қызылрысбек тұрағынан табылған үшкір тас, қырғыш т.б Кейінгі полеолит ескерткіштері Оңтүстік Қаздағы Ащысай тұрағы .

Табылған заттар жануарлар сүйектері, қырғыш, кескіш, пышақ тәрізді қарулар т.б, Орталық Қаздағы Батпақ тұрағы, Қарабас көмбесі. Табылған заттар сүңгінің ұштары, қырғыш тастар, торфориттен жасалған заттар172

6. Қола дәуірі. Қола дәуірі ескерткіштері Қола дәуірі – адамзат қоғамындағы тарихи-мәдени кезең. Ол қола металлургиясының кең қанат жайып, еңбек құралдары мен қару-жарақ жасауға арналған негізгі материалға айналуымен сипатталады. Бұл кезде неолит дәуірінің мәдениеті дамып, металл игеріле бастады. Негізінен, қола дәуірі мәдениеттері осы металл кендері көп жерлерде дамыды. Мұндай өңірлерде дайындалған қола бұйымдар бірте-бірте іргелес жатқан жерлерге де тарады. Адам баласы мысты энеолит дәуірінде игерген болатын. Оған қарағанда, қоланың қатты әрі берік болуы құрал-саймандардың сапасын арттырып, еңбек өнімділігін жоғарылата түсті. Қола дәуірінің хронологиялық шегі б.з.б. 4-мыңжылдықтың аяғы мен б.з.б. 1-мыңжылдықтың басын қамтиды. Ежелгі қола құралдары Оңтүстік Иран, Түркия мен Месопотамиядан табылды. Кейінірек олар Мысырға (б.з.б. 4-мыңжылдық аяғы), Үндістанға (б.з.б. 3-мыңжылдық соңы), Қытайға (б.з.б. 2-мыңжылдық ортасы) және Еуропаға, Қазақстанға (б.з.б. 2-мыңжылдық) тарады. Қола дәуірінің Америкада өз тарихы бар. Мұнда металлургия орталығы Перу мен Боливия жерінде болды. Африкадағы қола дәуірі туралы мәселе археологиялық зерттеулердің жеткіліксіздігіне байланысты әлі толық шешілмей келеді. Кейбір ескерткіштер көрнекілігімен, құрылыстарының күрделілігімен ерекшелінеді. Мыстытас, Беғазы ескерткішін тұрғызу үшін салмағы 3 тоннаға жететін алып мәрмәр тастар қолданылған. Батыс Қазақстандағы Тастыбұтақ 1 (Федоров кезеңі) қорымында мәйіттер қабірге немесе жалпақ тастан жасалған жәшіктерге салынып жерленген. Кей жағдайларда мәйітті өртеу рәсімі де кездеседі. Орталық Қазақстанның Нұра кезеңіне жататын жерлеу рәсімі, негізінен, мүрдені өртеп тас жәшіктерге немесе табытқа салу болды. Атасу кезеңінде мәйіттер бүктетіліп, көбінесе сол қырынан жатқызылды, қолдары қусырылды, басы батысқа қаратылып, кейде аздап солтүстіккеке не оңтүстікке бейімделіп жатқызылды. Нұра кезеңінен келе жатқан қазулы шұңқырмен және цисталармен қатар, тік бұрыш тас жәшіктер тарады. Жәшіктер шомбал, жалпақ төрт тақта тастан құралып, қабір шұңқырының төрт жағынан қойылды. Керамика ыдыстарын жасаумен, негізінен, әйелдер шұғылданды. Ыдыстар қолмен жапсырылып жасалды. Қола дәуірінің алдыңғы кезеңінде бүйірі тік немесе біраз шығыңқы, мойны ішке қайырылған, түбі жайпақ ыдыстар басым болды. Ортаңғы қола дәуіріне тән құмыралардың түбі жайпақ келеді, иіні дөңгелектеніп немесе иініне мойны мен бүйірін бөліп тұратындай ойық жасалады. Соңғы қола дәуірін иіні дөңгелек, бүйірі аздап шығыңқы құмыралар сипаттайды. Ернеуіне қиғаш және айқыш-ұйқыш кертпелері бар балшық таспа жапсырылады. Оларға әрбір кезеңнің өзіне тән геометриялық өрнектер (жарты, үш бұрыш, меандр, ирек сызық, қисық ойық, т.б.) түсірілді. Қола дәуірінде әлеуметтік және әскери-саяси құрылымдарда рулық-тайпалық бөлімшелер пайда болды. Материалдық игіліктерді өндіруде ерлер рөлі күшейді. Туыстық әке жағынан есептеле бастады. Қола дәуірінің соңғы кезеңінде ру ыдырап, одан жеке отбасы шаруашылықтары бөлініп шықты, айырбас кең өріс алды. Қола дәуірі тайпалары тұрмысы мен әл-ауқаты табиғатқа тәуелді болғандықтан, адам табиғат күшін құдірет деп білді. Олардың отқа табынғандығын мәйітті өртеу ғұрпы, қабірге күл мен көмір қалдықтары салынғаны дәлелдейді. Тайпалар арасында ата-бабаға сыйыну, о дүниеге сену кеңінен тарады. Құрбандық күнге, отқа, айға, жұлдыздарға арнап шалынды. Қола дәуіріндегі Қазақстан тайпалары негізінде ертедегі көшпелілердің мәдениеті қалыптасты. Бұл кезеңде Андронов дәуірінің кейбір белгілері сақталғанымен, жаңа сипаттағы, әжептәуір биік (1—1,5 м) оба-қоршаулар, сыртын айнала үлкен гранит тастармен көмкерген ірі-ірі жерлеу орындары пайда бола бастады. Өтпелі дәуірге тұрқы қысқа, бүйірі шар тәріздес томпайған, түбі тегіс қыш ыдыстар тән. Мысалы, ыдыстың бүйірінің көпшілік аумағында — ішінде көлбеу сызықтары бар (штрихталған) ленталар осы өтпелі кезеңде пайда болды да, Беғазы-Дәндібай заманында ең жиі кездесетін өрнекке айналды. Өтпелі кезең ескерткіштері өте аз зерттелген. Өтпелі кезеңде түрлі түсті тастардан жасалатын ұсақ моншақтар пайда болды. Беласар кешенінде адаммен бірге қойылған 4 ыдыс, басқа да ғұрыптық заттар сол күйінде қабірде жатыр. Бірақ адамның сүйегі жоқ. Бұл — алыста жау қолында қаза тауып, сүйегі табылмаған адамға қойылған символикалық жерлеу орны. Мұндай ғұрып ерте темір дәуірі халықтарында да болған. Бұл ғұрыптың жаңғырығы қазаққа да жеткен. Ертеде майдан шебінде каза тауып, сүйегі жау қолында кетіп, не табылмаған жағдайда, сол адамның тіпті бір бармағы табылса да, не сауытының бір бөлігі табылса да, зиратына соларды көметін ғұрып болған. Орта қоладан соңғы қолаға өтпелі кезеңге ірі қорған-қоршаулардың, ірі гранит тастар мен шеті көмкерілген үлкен қоршаулардың пайда болуы тән. Бұлар патриархалдық-отбасылық қауымның ортақ жерлеу орны емес, Бұл ескерткіштер сол қауымның ішінен шыққан көсем, қолбасшы, ру басылардың зираты.Орталық Қазақстанның қола дәуірінің ең соңғы кезеңі — "Беғазы-Дәндібай мәдениеті" деп аталады. Оның хронологиялық шектері, өтпелі кезеңді қоса есептегенде, б.з.д. XII—VIII ғасырлар. Беғазы-Дәндібай мәдениеті ескерткіштерінің ең басты ерекшелігі болып өте жоғары дәрежеде дамыған тас архитектурасы. Бұл мәдениетке жататын үйлердің, жерлеу орындарының кұрылыстары өте ірілігімен, тас қашау, тас қалау өнерінің жетілгендігімен ерекшеленеді. Олардың қабырғалары екі қатар болып, тастар бір-бірімен иленген балшық арқылы байланыстырылып, ішкі және сыртқы жақтарына тастың тегіс бетін қаратып қалаған. XVIII—XIX ғасырдағы қазақтың тастан салған кыстау үйлерінің де қабырғасы осылай өрілген. Беғазы-Дәндібай мәдениетіне жататын жерлеу орындарының көпшілігі — қорған-қоршаулар. Олардың пішімі кейде дөңгелек, кейде төртбұрышты болып келеді. Қорғандардың биіктігі 70—80 см- ден 1,5—2 м-ге дейін болады. Қорған тастан, қиыршық тас және топырақтан салынып, сырты үлкен қақпақтастармен көмкеріледі. Беғазы-Дәндібай кезеңінде үлкен патриархалды отбасыларға арналған, көп адам жерленген зираттардың орнына бір-ақ адам жерленген үлкен жерлеу құрылыстары кездеседі. Бұл осы кезеңдегі ру, тайпа көсемдерінің, беделді бай адамдардың зираты. Осы мәдениетке жататын қыш құмыралардың сипаттамасы мынадай: ернеуі тік, бүйірі шар тәріздес болып томпайып келген, түбі тегіс. Сол кезеңде көшпелі тұрмыска ыңғайлы ыдыстар көбейе түсті. Беғазы-Дәндібай құмыраларының өрнегі әр түрлі. Тарақ жүзді ою-өрнекпен салынған үшбұрышты, балдақ пішінді батырып салынған өрнектермен қатар тырнақпен, ұштаған таяқшамен салынған өрнектер де көп кездеседі. Батырып салынған таға сиякты өрнек, моншақ өрнек, түйін өрнек кездеседі. Беғазы-Дәндібай төлтума мәдениеті жергілікті негізде қалыптасты. Шаруашылық кәсіптің жаңа түріне көшу тұсында ірі-ірі мәдени кауымдар пайда болды. Зерттеулердің нәтижесі Орталық Қазақстанның дүние жүзіндегі ежелгі мәдениет орталықтарының бірі болғандығын айқындап берді. Ертедегі Нұра кезеңі — жерлеу салтында кремация (мәйітті өртев) басым болған. Мәйтті табытқа салып қою рәсімімен де жерлев кездеседі. Керамика ыдыстар жоғары жағы ғана әсемделеді. Қабір ішінде мәйітпен қатар үй жануарларының сүйектері де табылған. Келесі — Атасу кезеңінде жерді игеру, оның ішінде шөлейт аудандарды да игеру кеңінен жүргізіледі. Тау-кен жұмыстарының көлемі күрт өседі. Мәйіттерді бір жамбасына бүк түсіріп жатқызып жерлеу жиірек ұшырасады. Кейінгі кезеңі — Бегазы-Дәндібай мәдениеті. Оның ерекшелігі — мәйіттерді шалқасынан жатқызып қою. Мысалы: Ақсу-Аюлы −2 қабыры. Жер бетіне тастан қалап қабырғалы тұрғын үйлер салу рәсімі кең жайылады. Сондай-ақ ағаш та қолданылған

7. Андронов мәдениеті. Б.з.д. 2 мыңжылдықтың алғашқы ширегі бітер кезде Волга мен Алтай арасында мал шаруашылығымен айналасқан адамдар қола жасауды меңгерді. Мыс пен қалайының қосындысы қола. Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосынан қола дәуірі ескерткіштері алғаш рет табылды. Оны 1913 ж. Б.Г. Андрианов ашты. Ғылымда шартты түрде Қазақстан жеріндегі қола дәуірі ескерткіштерін Андронов ескерткіштері деп атайды. Бұл атауды ғылыми айналымға 1927 жылы С. А. Теплоухов енгізген. 1927 жылы археолог М.П.Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тапты. Андронов ескерткіштері Қазақстан, Орта Азия, Сібір жерлерінен табылып отыр.Жалпы, Қазақстанда Андронов мәдениетімен бірге, қима мәдениет ескерткіштері Батыс Қазақстанда табылған. Қима мәдениетінің бас ерекшелігі — қайтыс болған адамдарды қиылған ағаштың арасына салуы. Андронов мәдениетінің ескерткіштері Казақстанда мол кездесетін болғандықтан, осы хронологиялық кезеңді Андронов мәдениеті арқылы қарастырады.Андронов мәдениетінің ескерткіштерінің өте үлкен территорияда табылуына және оның үлкен кезеңді қамтуына байланысты ғылымда қазір Андронов тарихи-мәдени қауымдастығы деген термин қолданылады. Андронов мәдениеті шартты түрде үш кезеңге бөлінеді. Ерте қола — б.з.д. 18-16 ғғ, орта қола б.з.д. 15-12 ғғ., кейінгі қола б.з.д. 12-8 ғ.б. Андронов мәдениеті 8-9 ғасырға созылады (б.э.д. 17-9 ғасырлар). Андроновшылар қоныстары дала өзендері мен оның жағаларына егін, бау-бақша салып қоныстанған. Тары ботқасы күйген құмыралар табылды. Қоныстардың бәрінен табылған ортақ олжалар: дәнүккіштер, келсаптар, орақтар мен тас кетпендер.Мал өсіру маңызды роль атқарды. Негізгі тамағы сүт болды, сүзбе, ірімшік жасаған. Ет өте аз болған, оны мейрамдарда ғана, құдай жолына құрбандық жасағанда ғана пайдаланған. Негізгі мал қой, сиыр, жылқы. Жылқының үш тұқымы болды: биіктігі 128-136 см., басы үлкен, қалың жалды жатаған жылқы. Қазіргі монғол жылқысына ұқсас. 2). Шоқтығы орташа не биік 136-152 см-ге дейін салмағы 350 килоға дейін жететін жылқылар. 3). Асыл тұқымды биіктігі 152-160 см., аяқтары жіңішке, сымбатты, қой мойынды жылқылар. Олар соғыс арбасына жегілетін болған. Андроновшылар мал бағудың қыр-сырын жетік меңгергендер болды. Олар дүние жүзінде алғаш рет малды қолда ұстауды енгізді. Қыста төлді жылы жерде ұстаған, ол үшін үйдің бір жағын қоршап бөліп тастаған. Тұрғын үйлерге жалғаса мал қора салды. Андроновшылар қос өркешті бактриан түйелерін өсірді.Ерте және орта қола кезеңдерінде, яғни б.з.д. 1 мыңжылдық басында андроновшылар отырықшы болды. Аралас шаруашылықпен айналысқан. Малды үй іргесіне бағу нәтижесінде жайылым тез тозған. Сондықтан жайлаулық тәсілді ойлап табады. Бұл көктем, жаз айларында жастар мен ер адамдар алыс жайылымға малды айдап әкетсе, отбасылары егін өсірумен айналысты. Өліктер қабырда бастары батысқа немесе оңтүстік-батысқа қаратылып қойылды. Бұл о дүниемен байланыс жасайтын құдайға қарату деген мағынаны білдірді. Мәйіт бүктей жатқызылды. Сондай-ақ мәйітті өртеп жіберу де болды. Ол отқа табынудан шықса керек. Үй құрылысы да құрбандық шалудан басталған. Оған сүт толы ыдыстар, бұқа не бағлан шалынған. Тіпті балаларды да құрбандыққа шалған, оны үй едені астына көмген. Үйдің ошағы отбасының ең қасиетті жері болды.

8. Беғазы - Дәндібай мәдениеті - қола дәуірінің соңғы кезеңінде (б.з.б. IX - VIII ғасырлар) Орталық Қазақстанды қоныстанған тайпалар мәдениеті. Беғазы және Дәндібай ескерткіш кешендерін алғаш зерттеп, Беғазы - Дәндібай мәдениеті атауын ғылыми айналымға енгізген акад. Әлкей Марғұлан. Беғазы - Дәндібай мәдениетін өркендеткен тайпалар батысында Ұлытау, шығысында Абыралы, Шыңғыс таулары, оңтүстігінде Жетіқоңырдан Ертіс бойына дейінгі Нұра, Сарысу, Кеңгір өзендері бойлары мен Қызылтау, Бұғылы, Қызыларай, Қарқаралы, Баянауыл таулары аралығындағы кең жазықтарды қоныс еткен. Бұл кезде одан бұрынғы андрон мәдениетіне тән үлгілер сақталумен қатар, жаңа жерлеу ғимараттары, тұрғын үйлер пайда болып, жерлеу салты, өзіндік шаруашылық түрлері қалыптасады. Жаңа мәдениет қауымның жоғарғы лауазымды билеушілеріне арнап салынған қақпақ тастардан тұрғызылған зәулім кесенелерімен, мәйітті бір қырынан, аяқ-қолын бауырына жинап, сонымен қатар шалқалатып жерлеу, олардың жандарына қару-жарақ, әшекей бұйымдар қою ғұрыптарымен ерекшеленеді. Қыш көзелердің пішіні, жасалу, өрнектелу өзгешелігімен де айрықшаланады. Беғазы - Дәндібай мәдениетінің кесенелері күрделі сәулет өнері ескерткіштеріне жатады (Ақсу-Аюлы, Бұғылы, Беғазы, Дәндібай, Ортау, т.б.). Олар көбіне дөңгелек, төртбұрышты болып келеді. Ғимараттардың үсті қақпақ тастармен немесе жуан бөренелермен сатылы (пирамидалы) әдіспен жабылып, мәйіт ортадағы үлкен тас жәшіктерге жерленген. Қоныстар мен тұрақтардан табылған көзе ыдыстардың таяқшамен батыңқы сызылып салынған сыртқы өрнектері қарапайым, қиғаш, көлбей салынған шырша, тырнақ, шекілдеуік, жарты ай бейнелі, мойны мен ернеуіне белдемшелер жапсырылған. Ал қабірлердің ішіне қойылған ыдыстардың пішімдері мен өрнектері мүлде өзгеше. Олар қыл мойын құмыра пішімді, шығыңқы бүйірлі кесе, тостаған тәрізді, сырты сүйек қалыпшалармен әсем етіп өрнектелген. Осы кезеңде бұл өңірде ірі елді мекендер (Кент, Бұғылы, Шортанды-бұлақ, Қарқаралы, Aқкезең, Ұлытау, т.б.) пайда болған. Тұрғын үй құрылыстары әр түрлі. Қабырғасы, іргесі таспен өрілген 4 - 6 бөлмелі үйлермен қатар, бір-екі бөлмелі жер кепе және киіз үй пішіндес құрастырмалы жеңіл үйлер де көп болған. Олардың орта тұсында немесе шетінде биіктеу етіп тастан салынған төртбұрышты ғибадат ету орындары бар. Әрбір үлкен қоныстардың айналасында 3 — 5 шағын мекендер болған. Бұл жерлерді қоныстанған тайпалардың басым көпшілігі мыс балқыту, көзе жасау, егін егумен, мал ш-мен айналысқан. Беғазы - Дәндібай мәдениеті жасаушы тайпалар да андрондықтар сияқты негізінен табиғат күштеріне (күн, от, су, т.б.) табынған. Сонымен қатар басты күнкөріс көзі есептелген жылқы, қой, түйе сияқты жануарлар мен қасқыр, аю, т.б. жыртқыш аңдарды құрметтеп, оларға табыну ғұрыптары пайда болған. Олардың тастан қашалған бейнесін зират, қоныс маңына (Қойшоқы, Ақсу-Аюлы, Қызыларай, т.б.) тұрғызып қойған. Беғазы - Дәндібай мәдениеті тұрғындары — өздерінің әлеум. дамуында беделді рубасылары басқарған, қалыптасқан діни наным-сенімі, саяси әкімш. орталығы бар, өзіндік өндірісі мен өндіргіш күштері дамыған, алғаш мемл. бірлестік құру дәрежесіне жеткен тайпалар. Олар Оңт. Оралдағы (Замарев мәдениеті), Алтай мен Eнисейдегі (Қарасуық мәдениеті) өздеріне туыс тайпалармен саяси-экон. тығыз байланыста дамыды.

9. Қоғамдық қатынастар, нәсілдер мен ұлттардың қалыптасу процесі. Көшпелі қоғамдағы саяси, әлеуметтік, экономикалық қатынастар туыстық жүйеге негізделді. Қазақ қауымындағы қоғамдық-әлеуметтік қатынастар көп жағдайда туыстық қатынастармен астасып жатыр. "Туыстық жүйені ылғи да қандас туыстық" деп түсінуге болмайды. Көшпелілерде шынайы қандас, ортақ ата-тектен тараған жүйе бар да, жалпы генеалогиялық туыстық жүйе бар.Дәстүрлі қазақ қоғамында ел, жүз, тайпа, ру, ағайын, жақын ағайын, туыс, жақын туыс, ата баласы, бір әке баласы деген туыстық атаулар бар. "Ел" деген ұғымға бүкіл қазақ халқы кіреді. Қазақтардың өз түсінігі бойынша, жүздер қандас туысқандыққа негізделген бірлестіктер. Үш жүздің арғы атасының аты — Қазақ, одан Ақарыс (Ұлы жүз), Жанарыс (Орта жүз), Бекарыс (Кіші жүз) деген үш ұл тарайды. Сол үш ұлдан үш жүзді таратады. Шежірелік бұл аңызды тарихи шындық деп қарауға болмайды. Бұл көшпелі қоғамның рулық идеологиясы туғызған аңыз. Көшпелі қоғам туыстық қағида бойынша бірігеді. Кейін отырықшы халықтарда ең жақын туыстық қағида ғана сақталып, қалған бірлестіктер аумақтық жақындық, яғни көршілік қағидаға негізделетін болған. Қазақ халқының құрамына кіретін үш жүздің баласының алыс этногенетикалық туысқандығы бар екендігін жоққа шығаруға болмайды.

Толық мақаласы: Тайпа

Қазақтың әр жүзінің өзі үлкен тайпалардан тұрады. Бұл жерде бір нәрсені ескерте кеткен жөн. Қазақтар тайпа деген атауды көп қолданбайды. Оның себебі бұл сөздің бізге арабтардан келгендігінен болса керек. Бірақ ғылыми әдебиетте "ру" деген сөзді орыстың "род", ал "тайпа" деген ұғымды "племя" деген сөзбен атау қалыптасқандықтан, біз рудан үлкен, бірнеше рудың бірлестігі болып табылатын этностық құрылымды тайпа деп атап жүрміз. Әйтпесе "тайпа" ұғымы кей өңірлерде ру ұғымынан тар шеңберлі ұғым болып есептеледі.Сонымен, тайпа дегеніміз—жүздерді құрайтын үлкен ру бірлестіктері деп түсінгеніміз жөн.Қазақ қоғамындағы көпшілік тайпалардың атауы өте әріден белгілі. Мысалы, үйсіндер мен қаңлылар тарихи деректерде бұдан 2300 жыл бұрын аталса, найман, керей, жалайыр, қыпшақ, т.б. тайпалар тарих бетіне кейіннен, бұдан 1200 жыл бұрын шыққандығы белгілі. Аталған қазақ тайпаларының біразы басқа туыстас халықтардың да құрамында кездеседі. Мысалы, қыпшақтар, қоңыраттар, наймандар, қаңлылар туысқан өзбек, башқұрт, ноғай, татар, мажар (венгр), т.б. халықтардың құрамында бар. Бұл қазақ тайпаларының көпшілігі әріден келе жатқан этностық бірлестіктер екендігін және бұл тайпалар қандас туыстар бірлігінен гөрі этностық, этносаяси бірлестік екендігінің куәсі.

Толық мақаласы: Ру

Біздің пайымдауымызша, шын қандас туыстық жүйе көбінесе 7 атадан басталып, 15—20 атаға дейін барады. Әдетте, мұндай туыстық жүйе ру деп аталады. Рудың ішіндегі жақын туыстар деп 7 атаға дейінгілер есептеледі. Жақын туыстар өзара қыз алыспайды. Балаға кішкентайынан жеті атасының кім екенін жаттатып өсірген. Бір атаның балалары жақындығы жағынан 7 атадан асқаннан кейін ғана өзара құдандалық қатынасқа түсуіне рұқсат етіледі. Оны ел ақсақалдары арнайы рәсімдейді. XVII—XIX ғасырларда кейбір рулар туыстығымыз, берекеміз бұзылмасын деп, 13—15 атаға дейін өзара қыз алыспаған. Жақын туыстар арасында қыз алыспау тәртібін рулық экзогамия дейді.Әріден келе жатқан үлкен руларда қандас туыстықпен қатар жай генеалогиялық (шежірелік) туыстық қалыптасқан. Рулардың өсіп-өну үдерісінде олар әр түрлі тарихи себептермен (соғыс, жер ауып көшу) өзара араласып сіңісіп отырған.Рудың өзінің көшіп-қонатын аумағы, рулық таңбасы, ортақ ұраны болған. Ұран ретінде сол рудың белгілі бір атақты адамының аты қабылданатын. Қазақ жөн сұрасқанда: "Қай рудансың?", "Қай елсің?" — деп сұраған. Мысалы, басқа тайпа арасына барғанда, алдымен қай жүзден, қай рудан, сол рудың ішіндегі қай тармақтан екенін, содан соң қай атадан тарайтынын айтқан. Мысалы: "Ұлы жүзбін, оның ішінде дулатпын, дулаттың ішінде жаныспын, оның ішінде жантумын, одан өтеміспін", — деп, бергі атасына дейін атап береді.Қазақ ру-тайпалары өзара қатты араласқан. Бұл араласу, бір жағынан, бір-бірімен некелік қатынастар арқылы болса, екінші жағынан, ел басына күн туған соғыс, жұт, әр түрлі жұқпалы аурулардан қоныс аударудан болған. Сонымен қатар ру-тайпалардың араласуына тайпалар, рулардың бір саяси-этностық одақтар құруы әсер етіп отырған. Қазақтың "Қарға тамырлы қазақпыз" деген нақылы олардың бір-бірімен туыстас екендігін көрсетеді.Қазақ қоғамының жүзге, руға бөлінушілігінің кейде келеңсіз, жағымсыз жақтары да бар. Өзінің шыққан тегін, аталарының шежіре тарихын әркім білуі керек. Онсыз адам тексіз, өнегесіз болып өседі. Бірақ өз шыққан тегін біле тұра, бүгінде сол ру-тайпалардан сан ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ деген біртұтас халықтың ұрпағы екенімізді ешқашан ұмытпауымыз керек.

10. Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан. Темір дәуірі тайпалық одақтары. Темір дәуірі - тас пен қола дәуірлерінен кейінгі үшінші ірі археологиялық кезен. Оның бірінші кезенін ерте темір дәуірі деп атап кеткен.Бастаулары осы металды қолданумен сәйкес келетін адамзат тарихының маңызды кезеңі осылай аталды. Б. з. б. I-мыңжылдықтың басынан осы заманға дейінгі кезеңді алсақ, темір адамзаттың заттық мәдениетінің негізі болып келді. Өндірістік технология саласындагы барлық мәнді ашылымдар аталмыш металмен байланысты болды.Темір ерекше металл. Оның балқытылу температурасы мысқа қарағанда жоғары. Темір табиғатта таза күйде кездеспейді. Оның балқытылуының баяулығынан шикізаттан темірді айыру оңайлыққа соқпайды.Қазақстандағы ерте темір дәуірінің басы б.з.д. VIII - VII ғасырларына жатады.

Ерте темір дәуірінің басталуымен Евразия кеңістігіндегі далалык этностар өмірінде шынайы ғаламат өзгерістер басталды. Бұл дәуірде шығыстағы Монғолиядан батыстағы Дунайға дейінгі далаларды мекендейтін бақташы, бақташы-егінші тайпалардың жайылымдар мен су көздерін пайдалануды маусымдық шектеудің күрделі де қатаң жүйесіне негізделген малшылық шаруашылықтың жылжымалы түрлеріне көшуіне тура келді.Жана және кейінгі жана заманның евроцентристік ғылымы дала жағдайында мал шаруашылығын өрбітудің бұндай айрықша түрлерін "көшпелі "жартылай көшпелі" шаруашылык деп атады.Мал шаруашылығын жолға қоюдың жаңа түрлеріне көшу далалық табиғат жүйесінің ерекше жағдайларында өмір кешкен қола ғасыры тайпалары экономикалық дамуының нәтижесі болып табылады. Шаруашылықтың бұл түрінің негіздері қола дәуірінің соңғы кезінде, беғазы-дәндібай заманында қаланды. Мамандардың пікірінше, малшылықтың жылжымалы түріне ауысуына дала тұрғындарының тек ішкі дамуы ғана емес, ауа райының біртіндеп өзгеруінің салдарынан даланың құрғақтануы (аридизация) да ықпал етті. Сол заманда бұл ауысу онтайлы, үлкен прогрессивті мәндегі көрініс еді, ол даланың табиғат қорларын барынша толық пайдалануға мүмкіндік берді.Ерте темір дәуірі басталысымен, Евразия далаларында ірі тайпалық бірлестіктер қалыптаса бастайды. Олардың мүдделерінің қақтығысы, айналасындағы отырықшы-егінші халықтармен қарым-қатынастарының өзіндік түрлері қоғамның белгілі дәрежеде әскериленуіне әкеп соқты. Тарихи сахнада гректер мен парсылар скифтер, сактар, савроматтар деп атаған тайпалар пайда болды. Этникалық туыстығының, даму деңгейі мен өмір салтының ұқсастығының өзара тығыз байланыстылығы нәтижесінде бірұдай, етене жақын мәдениеттер құрылды. Скиф-сақ заманында тайпалардың материалдық мәдениетінде қару-жарақтың, ат әбзелдерінің айрықша түрлері пайда болды, "скиф-сақ аң стилі" деген атау алған өзіндік өнер кең таралды. Кей ретте ерте темір дәуіріндегі қоғам тұрғындарының бұл материалдық мәдениетін "скифтік үштік" (ат әбзелдері, қару, аң стилі) деп те атайды.Ерте темір дәуірінің далалық тұрғындары ерекше қарқынмен дамыды, металл өндірісі, сауда айырбасы гүлденді. Тайпалық одақтардың ат төбеліндей бай шоғыры: патшалар, әскери мансап иелері пайда болды. Үлкен "патша" обалары, яғни қайтыс болған ауқатты адаммен бірге өзінің құндылығымен мәнді болып саналатын бұйымдар - қару-жарақ, ат әбзелдері, әшекейлер бірге.Қазіргі заман ғылымында ерте темір дәуіріндегі далалық тұрғындар қоғамының ерте мемлекеттік дәрежеде тұрғандығы туралы пікірлер айтылуда Біздің заманымыздан бұрынғы I-мыңжылдықта өмір кешкен дала халықтарының даму дәрежесін пайымдай отырып, сібірлік ғалымдар "Дала өркениеті" деген атауды ұсынды.Осы кезеңге кіретін Орталық Қазақстанның ескерткіштері тасмола археологиялық мәдениетіне жатады. Қазақтың белгілі археологы М.Қ.Қадырбаев, бұл мәдениеттің хронологиялық мерзімін б.з.д. VII - III ғасырларымен негіздеп, оның дамуын екі кезенге бөлген. Тасмола мәдениетінде тән археологиялық ескерткіштері «мұртты» қорған деп аталады. Бұл күрделі ғұрыптық – жерлеу кешендері тастан қаланып, әдетте үш негізгі бөлшектерден: үлкен, кішкентай қорғандар мен ұзындығы 60-тан 200 метрге дейін жететін жартылай доға тәріздес жолдардан құрастырылған. Бұл «мұрттар» қорғанмен жанасып, үнемі шығысқа қарай бағытталған. Үлкен қорғанның астында, тереңдігі екі метрге жететін шұңқырда қайтыс болған адамның мәйіті жерленген. Кішігірім қорғаныда жылқы қаңқаларының қалдықтары, қыш ыдыстардың сынықтары кездеседі. Кейде тек қана қөмір түріндегі және күйдірілген топырақтың ізі байқалады.Мұртты қорғандар не үшін салынған? Бізге мұртты қорғандардың астрономиялық жағынан тағайындалу туралы тұжырым белгілі. Биолог және археология (энтузиасты) П.И. Мариковскийдың пікірі бойынша, мұртты қорғандар ежелгі обсерваториялар болған, жұлдызды аспан, күн мен айды бақылап, жыл мезгілін аңықтау үшін пайданылған. «Мұртты» кешендер астрономиялық болжамдар үшін пайдаланылуы мүмкін, бірақ бұл оның құрылысында маңызды болмаған. Кейде осындай қорғандар бір-бірінен бірнеше шақырым қашықтықта орналасқан, кейбір обаларда екі мұртты қорғандар болған. Аспанды бақылау үшін бір обсерватория бар кезде екіншісін тұрғызудың қажеті қандай? М.К. Қадырбаевтың пікірі бойынша тастан қаланған мұртты кешендер жерлеу ғұрыптарына арналып салынған және тасмола тайпаларының күнге табынушылығын айқындады.Қазіргі уақытта шартты болса да, "мұртты" обалардың негізгі ауқымы анықталды. Бүгінгі таңдағы мәліметтерге жүгінсек, Қазақстан аумағында 300-ден астам ескерткіштер анықталған. Аталмыш мәліметтер жыл сайын толықтырылуда. Негізгі ауқымы Орталық Қазақстан мен Солтүстік Қазақстанды (Көкшетау) сондай-ақ бүгінгі Шығыс Қазақстан облысының батыс бөлігінің далалы алқаптарын (Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау) қамтиды. Қазақстандағы мұртты обалардың жалпы санынын 80 % астамы осы аумақта шоғырланған.байланысты. Обалардың екінші бір анағұрлым шағын бөлігі (20% аздауы) Жетісу, Шығыс, Батыс, Оңтүстік Қазақстан жерлерінде, соның ішінде, көпшілігі Шығыс Қазақстан аумағанда орналаскан. Жалпы "мұртты" обалар таралымы туралы сөз қозғағанда әкімшілік-аумақтық түсініктен гөрі географиялық ұғымдарға жүгінген жөн: негізінен, жалпы "мұртты" обалардың таралым аясы Қазақтың ұсақшоқылығы аймағымен сәйкес келеді.Жалпы алғанда тасмола мәдениеті обалар материалдары негізінде зерттелген куйінде калып отыр.Бұл мәдениетке сипаттама беруші мәліметтер танымал үш бөлікті құрайды: а) қару-жарақтар; б) ат әбзелдері; в) ғұрыптық заттар, әшекейлер, тұрмыс бұйымдары.Тасмола коғамында кола кұю ісінін үздік шеберлері болды. Материалдық мәдениеттін жетекші категорияларынын бәрі дерлік қоладан жасалған. Сонымен катар, темір бұйымдар (пышақтар, сулықтар, тоғалар) 1-сатының (б.з.б. VII-VI ғ.) өзінде-ақ пайда болган.Ерте сатының (б. з. б. VII-VI -ғ.) екі қанатты ұңғылы және біршама ұзындау үш қанатты шыбықты жебе ұштықтары генетикалық тұрғыдан алғанда беғазы-дәндібай мәдениетінің жебелерінен бастау алады. Осы кезге сабы қырлы, басы саңырауқұлақ іспетті қанжарлар, құрама жауынгер белдіктері тән. Ат әбзелдеріне ауыздықтар, үш саңылаулы қола немесе сүйек сулықтар жатады. Ғұрыптық заттардан артқы беті ілмекті дөңгелек қола айналар, жалпақ қысқалау 4-6 тұғырлы тас құрбандық ыдыстары ұшырасады. Аталмыш мәдениет қолөнеріне алтыннан жасалған жолбарыстың пішіндері, таутекенің қола мүсіндері, қабан мен бұлан бедерленген қола айналар, шиыршықталған қабан тәрізді мүйіз қапсырмалар жатады. Ернеуі сәнді көлемді айнаның сабы қабан пішінінде құйылған. Ерте кезеңнің соңына қарай "хайуанаттық шытырман" деп аталып кеткен стильде дайындалған көп фигуралы композициялар пайда болды. Солардың бірі, мүйіз қапсырмадағы көрініс - алыстағы Туваның "алдыбел" ескерткіштеріне ұксап келеді. Табылған зергерлік бұйымдар сіркелеу, бедерлеу әдістерімен көркемделген.

Екінші сатыда (б. з. б. V-IV-ғ.) заттық мәдениет кейбір өзгерістерге ұшырады: үш қанатты ұңғылы қола жебе ұштары қалыптасты, айналар көлемі кішірейді, темір бұйымдар жиі қолданылды.

Үшінші корғантас сатысымең (б. з. б. III-I-ғ.) тасмола мәдениеті аяқталады. Бұл кезде мәдениеттің кейбір ерте элементтерінің сақталуымен қатар (жебенің ұштары, ауыздық, жапсырмалар, т.б.) әсіресе жерлеу ғұрпында (қабір ішіндегі жануарлар бастары салынған құрбандық орын) бірқыдыру жаңалықтар көрініс берді.

Ерте темір дәуірінің Тасмола мәдениеті Қазақ ұсақшоқылығының барлық аумақтарына тән. Зерттелген ескерткіштер бойынша. мәдениеттін батыс шегі Ұлытау таулары аумағын. онтүстігі Солтүстік Бетпакдала мен Солтүстік Балқаш өнірін қамтыса, шығысы - Шідерті. Баянауыл далаларын бойлай одан ары онтүстікке таман Шұбартауға дейін созылады. Дәл осы шекте Тасмола мәдениетінің бізге белгілі, яғни зерттелген обалары жатыр. Келешекте осы мәдениет ескерткіштері табылуы ықтимал (Шыңғыстау жоталарына дейінгі далалы өңір) аумақтар бар.

Бұл ұланғайыр өңірде ерте темір дәуірінің тайпалары шашыраңқы орналасты. Тұрғындардың негізгі бөлігі таулы өңірлерде шоғырланды. Орталық Қазақстан бойынша ескерткіштер таралуының, яғни тайпалар қоныстануының әркелкілігі оның батыс және шығыс аймақтары аралығында байқалады.

Тасмола тайпалары мекендеген ерте темір дәуірінде шаруашылықтың жаңа прогрессивті түрі кеңінен тараған. Бұл ІІІ мыңжылдыққа созылып, дала тұрғындарының ең негізгі кәсібіне айналған. Көшпелілер даланың барлық жерін игеріп, өзінің күшті көшпелі орталықтарын құрды, олар келешек көшпелі империялардың бастамалары болып қаланған.

11. Сақтар. Мәдениеті мен өнері. Шаруашылығы. Б.з.б. І мыңж. Қазақстан территориясын мекендеген – сақтар. Олардың материалдық мәдениеті мен қоғамдық құрылысы жағынан оңтүстік Сібір тайпалары және Ресейдің Еуррпалық бөлігінің далалық аймақтарын мекендеген скиф тайпаларымен ұқсастықтары болды. Сақтарды әр елде әр түрлі атаған: гректер – Азиялық скифтер, парсылар – құдыретті еркектер, ирандықтар – жүйрік атты турлар. Б.з.б VII – VI ғасырлрда сақ одағы құрылды. Сақ қоғамының сипаты – әскери – демократиялық . 3 негізгі топқа бөлінген, әр топтың өзіндік дәстүрлі түстері болған: жауынгерлер – қызыл түс, абыздар – ақ түс, қауым мүшелері – сары және көк түс. Тайпа көсемдерін жауынгерлер тобынан сайлады. Мейрамдарда садақ атып сыналған садақшылар ең мергені – тайпаны басқару құқығын иеленді.Тайпа одағының билеушісі – патша. Сонымен қатар патша – көктемде жерге алғ. сақа салушы, малшыларды үйрететін ұстаз, құдайлардың қалаулысы, аспан мен жер арасындағы дәнекерші болып есептелген. Маңызды мәселелер халық жиналысында талқыланып, оған әйелдер де қатысты. Сақ әйелдері қоғамдық құрылысқа белсенді араласып, ерлермен қатар сағысу құқығына ие болған. Малға жеке меншік п.б., мүлік теңсіздігі шықты. Соғыс тұтқынд. құл етіп, үй жұмыстарына салды. Бұл кезең алғ. қауымлық құрылыстар ыдырап, әскери демократия құрылысының п.б. бастаған кезең. Әскери демокр. таптықкезенге өту, кезеңі болғандықтан, сақтар мемлекет құру ісінің қарсаңында болды. Сақтардың негізгі шаруашылығы – көшпелі мал шаруашылығы. Бұл дала өміріндегі тайпалардың өміріндегі үлкен экон. пргресс болып саналды. Сақтар м/ш үш түрін үйлестірді: 1) көшпелі м/ш – Батыс және Орталық Қазақстанда; 2) Жартылай көшпелі м/ш – Шығыс Қ-н, Жетісу, Батыс пен Орт. Қ – ның бір бөлігі, Тянь-Шань, Алтай тауларының етегінде; 3) Отырықшы м/ш – Оңт. Қ – н, Талас, Шу, Сырдариы, Келес өзендерінің бойында. Сонымен қатар бұнда суармалы егіншілік те басым болды. Жылқы өсіру маңызды орын алды. Шөлейт жерлерде түйе өсіру дамыды. Ірі қара аз өсірді. Өзен, сулы аймақтарда тұратындар суармалы егінш. айналысты. Ерекше суару жүйесі бар егістік аймақтар: Сырдарияның оңт. аңғарындағы Шірік – Рабат, Бәбіш молда қоныстары. Сақ тайпалары металл, қолөнер дамыды. Сақтар Алтай, Сібір, Шығыс және Еур. халықтарымен сауда жасады. Б.з.б. І мыңж. Еуразия далаларында дәстүрлі халықаралықжәрмеңке өткізіліп отырған. Ұлы Жібек жолының лазурит пен нефрит тасылатын жеке бөліктері: Лазурит – Памирден Иран мен Месапотамияға, Нефрит – Қашқаридан Қытайға жеткізілген; б.з.б. І мыңж. орт. «дала жолы» жұмыс істей бастады: Хуанхэ өзенінен Алтай, Қазақстан және Қара теңіз жағалауындағы даладан өтіп, грек, этрустар еліне жеткен. Б.з.б. VII ғ. бастап Сібір, Қазақстан, Еділ бойы және Еур. оңт. «аңдық стиль» п.б. Бұл өнерменАлдыңғы Азия мен Иранға жасаған жорықтарында танысқан. Жылқы күн мен отпен байланыстырылды. Қабан күн күркіреу құдайы деп сенді. Сықтардың әлем құрылымы туралы түсініктер: Жер асты, жер, көк әлемі; дүниенің төрт бұрышы- оңжағы, сол жағы, алдыңғы, артқы.Сақтардың ғарыш туралы түсігнігі Есік қорымнан табылған патшаның бас киімінде белгіленген. Бұлар – күн, қанатты төрт ат, және төрталтын жебе бейнеленген. Сақ қоғамында діни нанымдар мен ғұрыптардың негізгі бағыты ата – баба аруағына сену. Арнайы зираттық қорымдарға мәйітпен бірге дүние –мүлкін жерлеген. Адам о дүниеде қайта тіріледі деп есептеген. Мәйітті сақтау үшін бальзамдау, мумиялау әдісін қолдана білген. От пен Күннің символы – мәйіттерге қызыл бояу жағу. Отырықшы сақтар жерді киелі деп есептеген. Ал көшпелі отқа, күнге, соғыс құдайына табынды. Зергелік өнер жоғ. дәрежеде болды. Ағаштан ойып жасаған бейнелер, сәндік бұйымдарды алтынпен аптау кең таралды.Олар Екік және Шірік-Рабаттан табылды. Антропологтар олардыеуропалық нәсілге жатқызады, алайда монғолоидтық белгілер Солт. және Шығыс Қ-дымекендеген сақтардан байқалады

Сақ тайпасы олардың шаруашылығы мен мәдениеті

Б.э.д. 1 мыңжылдықта Қазақстан және Орта Азияны мекендеген сақ тайпалары темірден заттар жасауды меңгерді. Олар қуатты тайпалық одақтар құрған. Сақтардың тайпалық одақтары массагеттер, исседондар, аландар, каспийшілер, сарматтардан тұрған. Оларды гректер скифтер деп атаған. Ол туралы грек тарихшысы Геродот өзінің “Тарих” деген еңбегінде, 5 томында, географ Страбон “Географиясында” жазып қалдырған. Парсы патшасы Дарийдің Накширустамдағы /Персопольға жақын/ тас жазуларында сақтарды үш топқа бөліп көрсеткен.: парадария (теңіздің арғы бетіндегі сақтар-европалық скифтер немесе Арал теңізі, Сырдарияның арғы жағындағылар), хаомаварга (хаома сусынын жасайтын сақтар-Ферғана жерін мекендевшілер), тиграхауд сақтар (шошақ бөрікті сақтар-Сырдарияның орта аймағы және Жетісуды мекендевшілер).Сақ әулетінің негізін қалаушы Алып Ер Тоңға (Афрасиаб) деген дерек бар. Сақтар көк тәңіріне табынды. Оларды матриархаттық ел билеу дәстүрі сақталған. Мысалы, Зарина, Томирис.Сақтардың саяси тарихы. Парсылардың патшасы Кир, Мидия патшасы Крезбен б.з.б. 558-529 жж. соғысқанда, сақтармен одақтасқан. Кейін Кир сақтарды, массагеттерді өзіне бағындаруды ұйғарды. Кир сөйтіп, Сақ жеріне басып кірді. Алайда парсылар сақтарды жеңдік деген кезде, сақ жауынгерлері тұтқиылдан бас салады. Кир де, әскерлері де өлтіріледі. Томирис туралы аңыз осы кезде шықты.Кирдің Орта Азиядағы басқыншылық жорықтарын 1 Дарий /б.з.б. 521-486 жж/ жалғастырды. Парсылар сақтарды аз уақыт бағындырады. Б.з.б. 6 ғ. соңы 5 ғ. басында (500-449 жж) ежелгі Шығыстағы грек-парсы соғысында сақ тайпалары парсылар жағында болды. Б.з.б. 490 жылғы грек-парсы әскерінің Марафон жерінде болған соғысында сақтар парсылармен бірге гректерге қарсы соғыстыБ.з.б. 4-ғ. 30-ж. Александр Македонскийдің грек әскерлері соңғы Ахеменид, 3 Дарий Кодоманның армиясын талқандап, Орта Азияға басып кіреді. Олар Маракандты (Самарқанд) алып, Сырдарияға келеді. Сыр бойына бекіну үшін, Шеткі Александр деген қала салады. Алайда гректер жеңгенімен , ыстық табиғатқа шыдамаулары, Александрдың аурып қалуы гректерді Самарқанға шегінуге мәжбүр етті. Александр б.з.б.323 ж. сүзектен өлді. Оның ала-құла империясы ыдырап кетті. Шаруашылығы мен қоғамы. Мал шаруашылығымен де егін өсірумен де айналысқан. Жылқы өсірген. Екі тұқымы болғаны анықталды. Оның біревІ басы үлкен, аяғы жуан, денесі шомбал, жатаған жылқы, ал екіншісі шоқтығы биік бойшаң, сымбатты жылқы, оны қарулы жауынгерлер мінетін болған. Қой бағумен де айналысқан. Сақтарда маңдай алды дөңестев ірі қойлар көп тараған. Олар қазақтың кәзіргі құйрықты қойлары тұқымына жақын болған. Түйе шаруашылығы да кең дамыды. Ал сиырдың көшпелі тіршілікке бейімделген мұндай тұқымының өзгеден айырмасы – өнімділігі төмен, тірілей салмағы аз, жемшөпті көп талғамайтын. Суықта сыр бермейтін, жүні қалың, тебін малы болды.Егіншілік пен суару. Қыстау маңындағы егін сақтарды астықпен қамтамасыз еткен. Олар тары, арпа, бидай еккен. Оңтүстік Сырдарья алқабында сақтардың Шірік Рабат, Бәбіш-молла, Баланды секілді қоңыстарында табылған. Кәсіптері мен сауда. Сақ тайпалары арасында металл өндіру және оны өндеу, әсіресе қола құюға байланысты кәсіпшіліктері дамыған. Темір мен мыс, қалайы мен қорғасын, алтын мен күміс өндіру жоғары дәрежеде дамыған. Мәселен, Имантау кен орнында 3 млн. Пұт мыс рудасы, ал Жезқазған мен Успенскден 10 мың және 26 мың пұт руда өндірілген, сонда сол руданың көбісі сақтар заманында өндірілгені анықталды.Сақ зергерлері қоладан қанжарлар, оқ жебелері мен сүңгі ұштарын, аттың қайыс әбзелдерін, әшекейлер мен айна, қазандар мен құрбандық ыдыстарын жасаған. Сауда. Еуразия далаларын сақтар билеген кезде Батыс пен шығысты, Жерорта теңізі мен Қытайды байланыстырған халықаралық өтпелі сауда басталады. Б.з.д. 1 мыңжылдықтың орта кезінде дала жолы пайда болады. Геродот жазуына қарағанда, дала жолы Қаратеңіз өңірімен жүріп, Дон жағалауына сосын Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтар жерінен Ертіс бойына, одан әрі Алтайдағы аргиппейлер еліне жеткен, содан әрі Моңғолия мен Қытайға қарай кететін болған. Осы жолдың бір бөлігі Қазақстан жерімен өтті.

12. Ғұндар. Қазақ халқының этногенезіндегі ғұндардың алатын орны. Ғұндар - көшпенді халық. Ғұндар тәңірілік дінді ұстанып, түркі жазуын тұтынған. Сөйлеу тілі де түркі тілі болған. Біздің заманымызға дейін 1 мыңжылдықтың 2-жартысынан бастап Еуразияның этникалық-саяси тарихында Орталық Азияның көшпелі тайпалары ролі артты. Біздің заманымызға дейін 4-3 ғасырларда Қытайдың солтүстігі мен Орталық Азияда ғұндар деген тайпалар бірлестігі (сюнну, дунху) пайда болды. Нақты айтқанда, біздің заманымыздың дейін 209 жылы бой көтеріп, біздің заманымызда 216 жылы дейін дәурен сүрді.Шаңырағын көтерген әйгілі Мөде (Мотэ) батыр. Біздің заманымызға дейін 209 жылы Мөде әкесін өлтіріп, таққа ие болады.Осы заманнан бастап, ғұн мемлекеті күшейе бастады (атап айтсақ, біздің заманымызға дейін 188 жылы ғұндар өзіне қытай императоры Гао-Диды бағындырады, хань династиясы ғұндарға салық төлеп тұрғаны белгілі. Юечжи, ловфань, байянь, үйсүн тағы да басқа тайпалардың жерін тартып алады.)Ғұндар Байкалдан Тибетке, Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзеніне дейінгі жерде мемлекет құрды. Оның әскері 300-400 мың болды.Мөде кайтыс болғаннан кейін өзара қырқыс басталды. Хулагу кезінде, біздің заманымызға дейін 47 жылы ғұндар оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінді. Оңтүстік ғұндар Қытай бодандығын қабылдады, ал солтүстігіндегілер орталық азиялық тайпалармен одақтасып батысқа кетіп, өз тәуелсіздіктерін сақтады. Алайда, үнемі Қытайдың қысымына түскендіктен Тянь-Шаньды асып өтіп, қаңлыларға келді. Бұл ғұндардың Орта Азия мен Қазақстанға алғашқы қоныс аударуы болды.Екінші қоныс аудару біздің заманымыздың 1 ғасырында болды. 93 жылы Қытайлар ығыстырған солтүстік ғұндар тағы да батысқа қарай жылжыды. Олар Қазақстан территориясы арқылы батысқа бет алды. Бұл көшпенділердің Қазақстанға енуіне байланысты шығыс иранның қаңлы тайпаларының түріктенуі басталады.Біздің заманымыздың 1 мыңжылдығы басында Жетісу, оңтүстік қазақстан тайпаларының кескін-келбеті монғолдана бастады. Ғұндар жергілікті тайпаларды бағындырып, Сырдария бойымен Арал өңіріне, орталық және батыс Қазақстан аймақтарына барып енеді. Ғұндардың біздің заманымыздың 4 ғасырда Шығыс және Орталық Еуропа жеріне келуіне үш ғасыр уақыт керек болды.[1]Ғұндар Рим империясына қауіп төндірді. 5 ғасырдың 30-жылдары ғұндардың басшысы Аттила Еуропа халқының үрейін ұшырды. 375-376 жылдары вестготтардың Қазақстан даласынан келген ғұндармен күресі ежелгі Рим империясының құлауына әкелді.

Шаруашылығы

Шаруашылық-мәдени типінің негізі - көшпелі мал шаруашылығы. Мал өсіру, әсіресе жылқы өсіру басты роль атқарды. Сондай-ақ қой өсіру, аң аулау, егіншілік дамыды.Ғұндардың қол өнер кәсібі күшті дамыған (металдан, сүйек пен мүйізден, тас пен саздан, ағаштан, керамикадан жасалды). Сауда дамығандығын жібек маталар, айналар, нефриттен істелген бұйымдар көрсетеді.

Қоғамы

Патриархалды-рулық қарым-қатынастардың белгілері өте күшті болған. Ғұндар 24 руға бөлінген. Олардың басында ағамандар тұрған. Ағамандар кеңесі мен халық жиналысы жұмыс істеген. Әскери тұтқындардан құралған құлдар да болған.Жазба деректр ғұндар қоғамындағы өкімет белгісі туралы мәлімет те қалдырған. Елді шаньюй басқарған. Одан кейін түменбасылар болды. Ғұндар қоғамында мал мен жерге жеке меншіктің пайда болуы, тұрпайы бюрократтық аппараттың құрылуы, алым-салық, жазу-сызудың болуы таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуын туғызды.

13. Үйсін.

Усун — қазақ халқының қалыптасуына негіз болған ежелгі түркі тайпаларының бірі. Ежелгі қытай жазбаларында Үйсін атауы б.з.б. 2 ғасырдан бастап кездеседі. Ғұндардың күшеюінен қорыққан Қытай үкіметі өзіне одақтас іздеп, батыс елдеріне елшілік жіберді. Қытай елшісі келген кезде Үйсіндер Қытаймен және ғұндармен терезесі тең қуатты мемлекет болды (қ. Үйсін мемлекеті). Үйсіннің шығу тегі, таралуы, халықтардың тарихындағы рөлі жайында тарихи-генеалогиялық зерттеулерде талас пікірлер азды-кемді ұшырасады. Оған себеп жазба дерек көздері. Оларда адамдардың есімі, лауазымы, қытай транскрипциясы бойынша жазылған. Атап айтқанда, 7 ғасырдағы Қытай жазушысы Чин-гу, “Батыс өлкенің өзге шетелдіктерінен Үйсіндердің едәуір айырмашылығы бар, олардың көзі көк, жирен сақалды” деп жазады (қ. Үйсін антропологиялық типі). Үйсіндердің шаруашылық жағдайы мен мәдениеті жайындағы деректер археол. қазбалардан анықталып отыр (қ. Үйсін дәуірінің ескерткіштері). Б.з.б. 105 жылдарда Үйсін күнбиіне ұзатылған Қытай императорының қызы киізбен ораған дөңгелек үйде тұратынын, ет, сүтпен қоректенетінін айтып, өлеңмен зарлы хат жазған. Жазба деректемелерде б.з.б. 1 ғасырда Үйсін халқының жалпы саны 630 мың адам (120 мың түтін) болғаны айтылады. Олар 188 мың 800 адамнан тұратын әскер ұстаған. Алғашында Бұлыңғыр өзеннің бойын мекендеген. Б.з.б. 2 ғасырдың орта шенінде Жетісуға, Іле бойына ығысқан. Дегенмен, олардың барлығы көшпеген деген ғыл. жорамал бар. Оны шығыстанушы С.Е. Малов Тоныкөк ескерткіштеріндегі Үйсін есімінің жазылуымен дәлелдейді. Жетісу Үйсіндерінің шығу тегін анықтау жолында А.Н. Бернштам, К.А. Ақышев, Г.А. Кушаевтар археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді. Шығыстағы Орхон-Енисей жазба ескерткіштеріндегі деректер де осындай бұлтартпас қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Бұл деректерге сүйенген Ресей ғалымдары Үйсіннің исседондармен туыс екенін дәлелдеп, оларды Тянь-Шань және Шығыс Түркістан тармағы деп бөледі. Б.з. 6 ғасырдан бастап Үйсін этнонимі тарихи әдебиетте кездеспейді. Бірақ одан тараған рулар дулат, албан, Шігіл (жікіл) Түрік қағандығы кезіндегі мемлекеттерді құруға қатысқан. 13 ғасырда Рашид әд-Диннің шығармасында Шағатай ұлысындағы Үйсін халқы туралы айтылады. Жетісу, Оңтүстік Қазақстанды мекендеген Ұлы жүз құрамындағы тайпалардың жалпы атауы ретінде халық арасында да, жазба әдебиетте де қолданылды. Қазақтың дәстүрлі шежіре деректері Үйсінді Шыңғыс хан заманындағы Майқы биден таратады. Ботбай руынан шыққан Диқанбай батырдың шежіресінде (Н.Аристов жазбасында) Майқы биден: Қаңлы, Бақтияр, Қырықжүз, Мыңжүз. Бақтиярдан: Үйсін, Ойсыл. Үйсіннен: Ақсақал (Абақ), Жансақал (Тарақ). Абақтан — Қараша, одан Бәйдібек, Байтулы. Ұлы жүздің негізін құраған тайпалар Бәйдібектің балалары болып саналады. Олар: албан, дулат, суан, шапырашты, сарыүйсін, ошақты, ысты. Ш.Уәлихановтың жазбаларында Үйсін — бұл тайпалардың ғана емес, Ұлы жүздің барлық тайпасының түп атасы. Онда Төбейден — Үйсін, одан — Қойылдыр (Қатаған, Шанышқылы), Мекрейіл (Жалайыр), Майқы (Абақ), Қоғам (Қаңлы) тарайды. Үйсін қырғыз халқының құрамында да бар. Солты тайпасының бір тармағы Усон, Қаракесек тармағы Сарыүйсін, Бағышындағы Қалша аталары Үйсін деп аталады. Сол сияқты Үйсін қарақалпақтардың құрамына да енген. Үйсін-қытай қарым-қатынастары

Біздің заманымызға дейін 138 жылы ғұндарға қарсы одақ жасау жөнінде "Батыс өңірге" келген Қытай елшісі әрі саясатшы Чжан Цянь: "Қазір үйсіндер күшті елге айналыпты. Мол сыйлық-тартулар ұсыну арқылы үйсіндерді шығыстағы атамекеніне көшіріп әкелуге, оларға ханшамызды ұзатып, күнбимен құдандалық байланыс орнатып, ғұндарға қарсы қолдануға болады", — деп жазды. Қытай императоры бұл ұсынысты назарда ұстай отырып, біздің заманымызға дейін 119 жылы Чжан Цяньды тағы үйсіндерге аттандырды.Үйсін күнбиі елшілерді жылы қарсы алады. Алтын ақшадан тұратын тарту жоралғылар жасалады. Нәтижесінде, күнби ғұн үстемдігінен бас тартып, Қытай империясымен жақындасады. Елшіліктер алмасып, туысқандық — некелік қарым-қатынас орнайды.Біздің заманымызға дейін 106—105 жылдары Қытай ханшасы асқан салтанатты жағдайда үйсін күнбиіне ұзатылды. Өз тарапынан үйсіндер қалыңмал ретінде 1 мың жылқы берген.Біздің заманымызға дейін 70 жылдары үйсіндер арасында ғұн елшілігі болып қайтты. Ғұндар бір қызын күнбиге әйелдікке береді. Осылайша үйсіндер Қытаймен ғұндардың арасындағы күресте маңызды салмағы бар елге айналғанды. Біздің заманымызға дейін 74 жылдан кейін Хань империясы мен ғұндардың (соғыс алаңы Батыс өңірге ауысқандықтан, үйсіндер мен ғұндар арасында қақтығыстар бола бастайды. Бұл өз кезегінде үйсіндердің билеуші топтарының ішінде толқу туғызды. Тақ мұрагерлері оны үш бөлікке бөліп алды. Біздің заманымызға дейін 73 жылы Солтүстік (Шығыс), Оңтүстік (Батыс) және Орталықты күнби өзі басқарды. Қалған екі қанаты да күнбиге тәуелді болды.Біздің заманымызға дейін 64—51 жылдары Хань империясы үйсіндердің ішкі ісіне, тіпті таққа мұрагерлік ісіне дейін араласа бастады. Бұл халық бұқарасының қарсылығын туғызды. Сондықтан үйсін халқы екі аймаққа ыдырап кетті.Ендігі үйсіндердің тарихы осы екі аймақтың тақ таласы күресіне толы. Демек, біреуі — Хань империясын қолдайтындар болса, екіншісі — ғұндармен одақты жақтайтындар еді.Үйсіндердің саяси тарихын қорытындылайтын болсақ, біздің заманымызға дейін 170—160 жылдары Үйсіндер мемлекеті құрылды. Жетісуда Үйсін мемлекеті дамып-нығайып, гүлденді. Саны 630 мың адам тұратын сол аймақтағы ең ірі елге айналды. Ғұндардың тегеурініне төтеп беру үшін үйсіндер Хань империясымен тығыз байланыс орнатты. Ал Хань империясы үшін үйсіндер ғұндарға қарсы күресте таптырмас күш еді. Хань империясының қашаннан "көшпенділердің бірігуін болдырмау", "көшпенділерді көшпенділердің күшімен талқандау" саясатын ұстанғандығы белгілі. Бұл саясат өз нәтижесін берді.Сол кездегі қалыптасқан тарихи ахуалға байланысты үйсіндердің көрші ғұндармен, Хань империясымен, қаңлылармен қарым-қатынасы өзгеріп отырды. Біздің заманымыздың V ғасырға дейін Жетісуда өмір сүрген Үйсін мемлекетін аварлар (жужандар) құлатты.

14. Қаңлылар. Саяси тарихы. Мәдениеті.Қазақ халқының құрамына енген ірі тайпалардың бірі қаңлылар. Олар Қытай жазба деректерінде кангюйлар деп аталса, ал парсы және үнді діни кітаптары «Авеста» мен «Махабхарата» кангха болып кездеседі. Түркі руналық жазушыларында Кангю-тарбанд деген кенттің (қаланың) аты бар. Қаңлы тайпаларын Қытай жазба деректері бойынша, алғаш рет қазақ халқының тарихына таныс еткен ғалымдар көрнекті Қытай тілінің мамандары Н. Я. Бичурин мен Н. В. Кюнер. Жазба деректерді пайдалана отырып, қаңлылардың қысқаша болса да тарихына көңіл бөлген академик В. В. Бартольд. Ол қаңлы тайпаларын Сырдарьяның орталық ағасында өмір сүрген деп тұжырым айтады. Біздің заманымыздаң бұрынғы III ғасырда қаңлы тайпалық бірлестігі құрылды. Олардың астанасы – Битянь қаласы. Олардың саны 600 мың, немесе 120 мың үй болған. Қаңлы мемлекеттік бірлестігінің басында Уын әулетінен шыққан патшалар тұрды, олар «би» немесе “ ябғу” деген титулға ие болды. Бұдан басқа мемлекеттік аппаратқа патшаның орынбасарлары және үш кеңесші кірді. Сол кезде (б.з.б. II ғасырдың аяғы – I ғасырдың басы) қаңлы мемлекетіне бес иелік – Сусе, Фумо, Юйни, Цзи, Юйцзянь кірді. Қаңлылар Қытай, Рим, Кавказ және Орта Азия елдерімен сауда байланыс жасап тұрды. Олар үйсін, ғұн тайпаларымен соғысқан.

Қаңлылырдың қоғамдық құрылысы.

Қаңлы тайпасында билік мұрагерлік жолмен әкеден балаға беріліп отырған. Бар билік ақсақалдардың, ру басшылары мен әскери көсемдердің қолында болған.

Шаруашылығы.

Қаңлылардың негізгі кәсібі егіншілікпен ұштасқан мал шаруашылығы болды. Оларда тәлімі және көлдетіп суару егіншілік жақсы дамыды. Олар дәнді дақылдар еккен және огород өсурумен де айналасқан. Аң аулау мен балық аулаудың қосалқы маңызы болды. Елік, тау теке, арқар, киік аулады. Қоныстар мен қорымдарды қазған кезде балық аулау құралдары – шанышқылар, сүңгілер, қармақтар, жүкшелер шықты. Ет, балық және өсімдік өнімдерімен жабайы өсетін алма, алмұрт, өрік, тау жуасы, сарымсақ т.б. пайданылды. Қаңлылар қоғамында әр түрлі кәсіптер,қол өнер, сауда және ақша айналысы дамыды. Олардың қоныстарында ондаған тұрғын үй мен қора – қопсылар болды. Қоныстарда тұрғын үйлерде болсын, қора-қопсыларда болсын дән, астық сақтайтын ұра, еденді сылайтын балшыққа, шикі кірпішке қосылған сабан, толып жатқан дәнүккіштер, астық, бақша дақылдарын сақтайтын қыш кеспектер табылды. Жерді тас кетпендермен өңдеген, сүйектен жасалған егіншілік құралдары да пайданылған.

Қаңлылардың діні.

Қаңлылар табиғат күштеріне, ата-баба аруағына сиынған. Әр жылдың маусым айында барлық тайпалар жиналып, ата-бабаларына шектік беріп отырған. Олардың бір бөлігі будды дінін қабылдады. Көп құдайға табынушылық болды. Сонымен қатар қаңлылар жұлдыздар арқылы түрлі болжамдар жасап отырған.

Қаңлы тайпалық бірлестігі б.з.б. I ғасырдың ортасында ыдырады.

Сонымен қаңлы тайпаларында сонау ерте кезден бастап мемлекеттік дәрежесіне дейін көтерілген тайпа бірлестіктері болды деп айтуға болады.

15. Халықтардың ұлы қоныс аудару дәуірі (II-Vғғ.).VI ғасырда Қазақстан жерінде құдіретті держава-билеушілері Түрік тайпасының әулеттік ашин руынан шыққан Түрік қағанатының билігі. Түріктік этно- және глоттогенездік (этнос пен тілдің қалыптасқан жері) ежелгі ошақтары. «Түрік» этнонимі. Ашина түркілері-«Түрік елінің» негізін қалаушылар. Бумын қаған және көне түрік мемлекетінің құрылуы. Орталық Азия халықтарының тарихында ежелгі түрік империясының орны. Қазақстан жеріндегі ескі түрік мемлекеттері. Батыс Түрік қағанаты. Оның Жегі қаған мен Тон-Жабғы қаған кезінде күшеюі. Қағанаттың әлеуметтік-этникалық тарихы және саяси құрылысы, қоғамдық қатынастары, олардың алғашқы феодалдық мәні. Көшпелі мал шаруашылық және отырықшы жер шаруашылық тұтастығы. Қағанаттың басқа елдермен-Иран, Византия, Қытаймен байланыстары. Батыс түрік қағанатының құлауы. Түргеш қағанаты. Оның негізін қалаушы – Үш – елік қаған. Түрік-түргештер, олардың қоныстары және әлеуметтік ұйымдары. Соғды мен қарым-қатынасы. Арабтар мен қытайлар Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда. Арабтарға қарсы күрес. Түргеш қағанатының құлауы. Мұсылман мәдениеті таралуының әсері. Қарлұқ қағанаты. Оның этникалық және тайпалық құрамы. Қарлұқтардың Жетісу жерінде билігінің орнауы. 751ж. Талас жанындағы қырғын шайқасқа қарлұқтардың қатынасуы. Қарлұқ мемлекетінің құрылуы және оның сыртқы саясаты. Қарлұқтардың ұйғырлар мен саманилармен күресі. Саманилердің Исфиджаб және Тараз қалаларын басып алуы. Қарлұқ тайпаларының арасында ислам дінінің таралуы. Шаруашылығы, сауда және қалалар. Оғыз мемлекеті. Этникалық қауымдастығының қалыптасуы. Оғыз тайпаларының Сырдария өңірінен жартылай көшпелі печенег – қаңғар тайпаларын ығыстыруы және ерте феодалдық мемлекетін құруы. Хорезм, Хазар мемлекеттері және олардың оғыз көшпелілерімен қарым-қатынастары. IX-XI ғғ. Оғыз мемлекеті. Оғыз-Қыпшақ қатынастары. Шаруашылығы әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері, діні. «Қорқыт ата дастаны». Солтүстік, шығыс және орталық Қазақстандағы Қимақ қағанаты. Қағанаттың сыртқы байланыстары. Қимақ және Қыпшақ тайпалық бірлестіктері, қалалары. Көрші тайпалардың шапқыншылығы нәтижесінде Қимақ қағанатының әлсіреуі. Қимақтардың шаруашылығы мен мәдениеті. Қыпшақ хандығы. Қыпшақ қауымдастығының қалыптасу кезеңдері. Қыпшақтардың этникалық құрамы және қоныстануы. Қазақстан жеріндегі қыпшақ даласы – «Дешті Қыпшақ». Қыпшақ конфедерациясының мемлекет- тік құрылысының ерекшеліктері. Қыпшақтардың шаруашылығы. Хорезммен, Киев Русімен, Византиямен, Грузиямен, Египетпен, Индиямен байланыс- тары. Қыпшақ сұлтандарының Ұлы даладан сырт жерлердегі үстемдігі. Ежелгі Русь жылнамаларындағы «половецтер» (құмандар). Қыпшақтардың қазақ және басқа да түрік халықтарын қалыптастырудағы рөлі. 942 жылы Қарахан мемлекетінің қүрылуы. Қарахан мемлекетінің негізін қалаушы Сатұқ Боғра-хан. Мұндағы әскери-үлестік жүйе және феодалдық жер иеленушіліктің түрлері. Қағанатта исламның мемелекеттік дін болып жариялануы. Абу-Насрдың басшылығымен қараханидтердің Орта Азияда үстемдігінің орнауы. Қарахан мемлекетінің Батыс және Шығыс қағанаттарға бөлінуі. Феодалдық қырқыстар. Салжұқтардың көтеріліп шығуы. Кидандардың (қарақытайлардың) басқыншылығы және Қарахан мемелекетінің ыдырауы. Кидандар (қарақытайлар) мемелекеті (1128-1213 жж.). Елюй-Даши басқарған кидан тайпаларының Жетісу жеріне қоныс аударуы. Олардың Орта Азия салжұқтарымен жүргізген соғыстары. Кидандардың (қарақытайлардың) басқару жүйесіндегі ерекшеліктер. Наймандар одағы-ежелгі түркі тілдес ұлыстардың бірі. VIII ғ. наймандардың Ертіс пен Орхон өзендері арасындағы мекені. Наймандардың шаруашылығы, саяси құрылысы. Наймандардың Шыңғыс әскерімен қақтығысы және олардың Шығыс Қазақстан мен Жетісу жеріне қоныс аударуы. Керейттер (X ғ. басы), этникалық құрамы. Керейттердің алғашқы мекендеген жерлері-қазіргі Монголия мен Алтай аймағы. Керейттердің Қазақстан жеріне қоныс аударуы. Жалайырлар-Шин-жехан әулеті кезінде Монголиядағы белді ұлыстар- дың бірі.Қоныс тепкен жерлері жоғарғы Орхонның Селенга өзеніне құятын беткейлері. Жоғарыда аталып өткен ұлыстардың шаруашылық-экономикалық жағдайы. Көрші халықтармен өзара қатынастары. Тайпалық және этникалық құрамы. VI және IX ғасырдың бірініші жартысындағы Қазақстан жеріндегі отырықшы және көшпелі мәдениет. Көшпелі және отырықшы мәдениеттің өзара байланысы. Қалалар мен қалалық қоныстар. Ұлы Жібек жолы және оның тарихи рөлі. Көшпелілердің материалдық мәдениеті-қолөнер, сауда шаруашылығы, архитектура және өнері. Рухани мәдениет: әдет-ғұрып, салт-дәстүрі. IX ғ. екінші жартысы – XIII ғ. басындағы дала мен отырықшы қала халқының мәдениеті. Қалалар санының өсуі. Қала құрылысының өзгеруі. Сауда мен қолөнердің дамуы. Сәулет өнері. Қолданбалы өнер. Діні мен мәдениеті. Айша-бибі, Қарахан мазарлары. Исламның таралуы. Тіл, ғылым әдебиет. IX-XII ғғ. Қазақстанның ғалымдары мен ұлы ойшылдары: Әбу-Наср Әл-Фараби, Жүсүп Баласағуни, Махмұд Қашғари, Қожа Ахмет Ясауи, Сулеймен Бақырғани т.б. Олар қалдырған мұралардың дүние жүзі мәдениетіндегі маңызы.

16. «Жібек Жолы» (Ұлы «Жібек Жолы») — Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып, Шинжәң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Атауды алманиялық ғалымдары Ф. фон Рихтһофен (F. von Richthofen) бен А. Һерман (А Hеrman) 19 ғасыры ұсынған.

Тарихы

Жол бұдан 3-4 мың жыл бұрын болған. Ол Қытайдың Хан патшалығы кезінде ғана өркендей бастаған, себебі Хан патшалығының Хан Уди патшасы Жаң Чянды батыс өңірге екі рет жіберіп, Орталық Азиядағы елдермен достасуға пейілді болған. Жаң Чян қазіргі Ферғана, Самарқан және Балқаш көлі сияқты жерлерге барған. Жаң Чянның сапары бұл жолды шығыс пен батыс үкіметтері арасындағы байланыс жолына айналдырған. Осыған орай саудагерлер де «Жібек жолында» ат ізін суытпаған. Жаң Чян батыс өңірге және Орта Азияға Қытайдың жібек өнімдерін ала барған;ал елге қайтарында барған жерлерінің тауарлары және батыс өңірінің музыкасы сияқты алуан түрлі мәдениетті алып қайтқан. Жаң Чянның сапары қытайлықтардың батыс өңір мен Орта Азияны түсінуіне мүмкіндік берді. Ал Жаң Чян барған жерлердегі халық та Қытайдың өнімдері мен мәдениетіне қатысты түсінігін анағұрлым тереңдетті. Осылайша, бұл жол гүлденіп, көркейе бастады. Шығыс пен батыстың аралығындағы дәнекерге айналып, өркениеттерді өзара тоғыстырды. Осы жолды қорғау және дамыту мақсатында, Қытайдың әр дәуірдегі патшалары жол бойына қарауыл қойып, әскер тұрғызды. «Жібек жолы» іс жүзінде өзгермейтін тұрақты жол емес, қайта ол уақыт ізімен өзгеріп отырған, бірақ тарихтағы дәстүрлі сорабы өзгермеген:жол шығыста Чаң-аннан (қазіргі Ши-ан) басталып, Тарым ойпатынан өтіп, Памир үстіртінен асып, Орталық Азияны, Батыс Азияны кесіп өтіп, Жерорта теңізінің шығыс жағалауына дейін барады, жалпы ұзындығы 7000 km асады.Ерте кездегі «Жібек жолы» Шинжәңнан 3 айрыққа бөлінген, Тянь-Шань тауының солтүстігіндегі ежелден бар дала жолы: Жемсары, Іле өңірін басып, Балқаш өңіріне барады, онан ары батыс солтүстікке жүргенде Қара теңіздің шығыс жағалауына жетеді. Оңтүстік айрығы Крораннан (Лулан) шығып Күнлүн тауының батысын қапталдап Жаркентке барады, онан ары жүргенде адырлардан асып, Орта Азияға, Батыс Азияға, Еуропаға дейін созылады. Кроранның батыс солтүстігіндегі Көншы өзенінің батысын бойлап, Иіңпанды, Күшарды басып Қашқар Жаңашар ауданына баратын жол солтүстік айрығы саналады, бұл жол да адырлардан асып, Еуропаға дейін барады.Кейін тағы 3 айрық жол пайда болды:Юймынның батыс солтүстігінен басталып, қазіргі Құмыл, Тұрпан, Жемсары сияқты жерлерді басып, бұрынғы дала жолына тұтасатын жол, бұл кейінірек «солтүстік жол» деп аталды. Тұрпаннан шығып, Тянь-Шань тауының оңтүстігін қапталдап, батысқа беттеп, Қарашәр, Күшәрді басып, бұрынғы солтүстік жол айрығымен тұтасатын жол кейінгі кездері «Орта жол» деп аталды. «Оңтүстік жол» бұрынғысымен ұқсас.7 ғасыры кейін, теңіз қатынас-тасымалы дамығандықтан, «Жібек жолы» біртіндеп екінші орынға түсті, бірақ 13 ғасыры дейін шығыс пен батыс қатынасының маңызды жолы болып келді. 19 ғасыры басында, Иcпанияның елшісі Қытайдың 800 түйелік сауда керуенін өз көзімен көріп тұрып Самарқанның жағдайы туралы былай деп жазады:Төңіректің төрт бұрышынан келген тауарлар Самарқанға жиналыпты… Қытайдың торғын-торқалары көз жауын алады.Қытайдың торғын-торқасы осы жолмен Орта Азияға, Батыс Азияға және Еуропаға толассыз тасылды, сонымен тұт ағашын өсіру өнері де батысқа тарала бастады. Сондай-ақ Шинжяңнан шығатын қас тасы, былғары, жүн әдиял сияқты тауарлар мен орта жазықтың темір ыдыстары, фарфор ыдыстары, сырлы ыдыстары, шабдолы, өрік, рауағаш, дәршен сияқты өнімдері батыс базарына қатар кірді. Орта Азияның, Батыс Азияның және Еуропаның әйнек, жақұт, экономикалық дақылдары және хош иісті заттары, дәрі материялдары, сондай-ақ Отқа табыну діні, Бұдда діні, Сіләм діні сияқты діндер де Қытайға кірді және таралды. Шығыс пен батыс арасындағы экономикалық, мәдени ауыс-күйіс адамзаттың материялдық мәдениетін байытты. Шығыс пен батыстағы халықтар Жібек жолы арқылы сыртқы мәдениетті қабылдап, бұрынғыдан да салауатты мәдениет жарата алды.Жібек жолы тек сауда жолы болып қана қалмастан, дүние жүзі өркениетін тоғыстырып, адамзат қоғамының дамуына өшпес үлес қосты.Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларының Византия, Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Сібір, Шығыс Түркістанмен тығыз сауда байланыстары болғандығын ежелгі қолжазбалардағы мәліметтер дәлелдейді. Шаштан (Ташкенттен) жол Гизгирдқа, Испиджабқа келіп, одан әрі керуен Таразға бағыт алған. Тараздан солтүстікте Адахкет, Дех-Нуджикет қалалары орналасқан қимақтарға, оңтүстікте өздерінің туған өлкесінде - Шельдяни, Куля және т.б. қалаларға тірелген. Сондай-ақ Тараздан Төменгі Барысханға, одан әрі Құлан, Мерке арқылы Аспараға жететін болған. X ғ. бастап Ӏле жазығындағы сауда жолы арқылы керуендер жүре бастайды. Осы жерден Ӏле Алатауының көпестері қазіргі Алматы мен Талғардың елді мекендеріне жолға шыққан. Талғарда жол қазіргі Шелек, Есік, Кеген аудандарында, Подгорныйға, одан әрі Шонжаға иек артады. Алакөл ауданында жол тармақталады. Екіөгіз, Қиялық, Көктем керуен жолдарымен Шығыс Түркістанға, Алтайға, Монғолияға шығуға болатын еді. Сырдария қалаларын байланыстыратын жолдардың маңызы орасан зор. Ол Испиджабтан басталып, солтүстік-батыста - Арсубаникент, Арыс, Кедер, Шавгар, Сауран, Сығанаққа әкелетін. Сығанақтан Жентке және Янгикентке тірелген. Исфиджабтан солтүстікке қарай түскен жол Қүмкент, Аба - Ата, Созаққа барады. Одан әрі Орталық Қазақстанның жазық жерлері арқылы Кеңгір, Жезді, Нұра далаларына шығады. Атаулы керуен жолы XX ғ. басына дейін сақталып келді, тіпті, Ресей, Қазақстан және Орта Азияның қалалары мен елді мекендерін байланыстырып отырды, оған жақын жерлерде жәрмеңкелер ұйымдастырылды.Ұлы Жібек жолы көп халықтардың мәдениетін түйістіруімен бірге оның табиғатының ерекшеліктерін анықтауда тарихи қызмет атқарды. Бұл істе Қазақстан жерін мекендеген халықтардың еңбегі де бар. Олар тұрғын үйді (киіз үй), ат әбзелдерін жасау өнерін, кілем тоқуды, күмістен түрлі әсемдік бұйымдарды соғуды, бай ауыз әдебиетін мұра етіп қалдырған. Осының бір айғағы - Есік және Аралтөбе қорымдарынан табылған «Алтын киімді адам» ескерткіштері, Шығыс Қазақстандағы Берел қорымынан табылған олжалар, ежелгі Түрік жазба әдебиетінің орхон ескерткіштері.

18. Батыс Түрік қағанаты - Түрік қағанаты ыдырап, екіге бөлінуі нәтижесінде пайда болған ерте ортағасырлық түркілер мемлекеті (603 - 704). Түрік қағанатында саяси-әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, оның дербестікке ұмтылған жеке бөліктерінде оқшаулану үрдісінің күшеюі, Шығыс және Батыс қағанаттарының құрылуына алып келді. Батыс Түрік қағанатының негізін Торэмен қаған қалаған деген ғылыми дерек те бар. Аумағы Алтай, Сібір жерінен бастап, Әмудария мен Еділ өзендерінің төменгі ағысына дейінгі аралықты қамтыған. Саяси ахуалдарға байланысты шекара өзгеріп тұрғанымен Батыс Түрік қағанатының негізгі аумағы ежелгі үйсін жері, Жетісу өңірі болған. Батыс Түрік қағанатының халқы “он оқ елі” (он оқ бұдұн), “бес арыс дулу”, “бес тайпалы нушеби” деп те аталған. Қағанаттың құрамына әр кезеңде қарлұқтар, Енисей қырғыздары, шығылдар (шігілдер), чомулдар (шөмекейлер), тухсилер, т.б. енді. Батыс Түрік қағанатының мемлекет басшысы - қаған жоғары билеуші әрі әскербасы саналды. Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саяси істерінің бәріне басшылық жүргізді, ру басшыларын тағайындады. Қарапайым халық “қара бұдұн”, ал әлеум. құрылымның ең төм. сатысының тәуелді тобы “тат” деп аталған (қ. Тат). “Татсыз түрік болмас, бассыз бөрік болмас” деген көне мәтелге қарағанда түркі шонжарлары қарамағында таттар саны аз болмаған. Батыс Түрік қағанатында көшпелі мал шаруашылығы басым сала болды. Сонымен бірге Іле, Шу, Талас өзендері бойында егін ш. дамыды. Ежелден егіншілікпен айналысқан. Орталық Азия мен Шығыс Түркістандағы аймақтар да Батыс Түрік қағанатына қараған. Ұлы Жібек жолының Батыс Түрік қағанатын басып өтуі мұнда қалалық мәдениеттің өркендеуіне ықпал жасады. Құлан, Навакет, Суяб, Тараз, Меркі, Испиджаб қалалары сауда, қолөнер орталықтары ретінде әйгіленді. Қағанаттың халықаралық экономикалық және саяси байланыстар аясына тартылуына соғдылық көпестер үлкен рөл атқарды. Жетісуда егіншілік мәдениеті, құрылыс өнері, түрлі қолөнер кеңінен дамыды. Түркілер теңге соғуды игерді. Теңгелер түркі қағандары атынан соғылғанымен, олардағы сөздер соғды тілінде жазылды. Батыс Түрік қағанатында жазба мәдениет дамып, әдеби дәстүр қалыптасты. Батыс Түрік қағанатының халқы Көк тәңіріне, Ұмай анаға, Жер анаға, Су анаға тағзым етті. Қағанатқа Ұлы Жібек жолы арқылы әлемдік діндерді уағыздаушылар ене бастаған. 626 жылы қаған ордасына Үнді елінен Будда дінін уағыздаушы Прабхакарамитра он шақты серігін ертіп келген. 627 жылы келген қытайлық будда мамасы Сюань Цзянь түрік қағанының будда діні жөніндегі көзқарасы туралы жазып қалдырған. Сондай-ақ, Батыс Түрік қағанатында зороастра, несториан, манихей діндерін жақтаушылар да болған. Бұлардың қызметі халықты түрлі діндерге тартып, қағанаттың негізі—дәстүрлі діни наным-сенімді әлсіретуге, сол арқылы мемлекетті ыдыратуға бағытталған. Батыс Түрік қағанаты Шегуй (610—18) мен Түн жабғу (618—30) қағандар тұсында күшейіп, мемлекеттің шекарасы кеңейе түскен. Шегуй қаған шығыстағы шекараны Алтайға дейін жеткізіп, бүкіл Тарым жазығы мен Памирге дейінгі аймаққа өз билігін жүргізген. Шегуйдің інісі Түн жабғу қаған мемлекеттің батыстағы шекарасын кеңейту саясатын жалғастыра отырып, өзінің қысқы тұрағын Суябқа көшіріп, ал Мыңбұлақ деген жерді жазғы қонысына айналдырған. Жаңа жорықтар қағанат аумағын Әмударияның жоғарғы ағысы мен Гиндукушқа дейін жылжытуға мүмкіндік берген. Мұндай кең байтақ жерді берік ұстап тұру үшін Түн жабғу әкімшілік басқару реформасын жүргізген. Шығыс Түркістан мен Орталық Азиядағы жергілікті билеушілерге түркілік лауазымдар беріп, оларды өзінің орынбасарлары етіп тағайындаған. Сондай-ақ, қағанатқа бағынышты елдерге қатаң саяси бақылау орнату мақсатында қағанның қазынасына түсетін алым-салықты жинайтын өзі бекіткен бақылаушыларды (тудундарды) жіберіп отырған. Орталық Азияда өз ықпалын арттыру үшін Самарқан билеушісіне өз қызын тұрмысқа берген. Тохарыстанға өзінің ұлы Тарду шадты билеуші етіп қойды. Белсенді сыртқы саясат жүргізіп, 625 жылы Парсы еліне қарсы Византиямен келісімшартқа отырған. Түн жабғу император Ираклийдің Кавказға жасаған жорығына (628 — 29) қатысып, жаулап алған жерлерден Горе (Дербент) мен Тбилиси сияқты қалаларды өз үлесіне алады. Түн жабғудың әскери жетістіктеріне риза болған Ираклий Тбилиси қаласы түбінде оған өз тәжін кигізіп, қызы Евдокияны тұрмысқа беретінін мәлімдеген. 630 жылы түріктер Арменияға басып кірген. Бірақ қағанаттағы ішкі қайшылықтарға байланысты Кавказда көп тұрақтай алмай, кері қайтып кеткен. Толассыз жүргізілген жорықтар мен алым-салықтардың ауыртпалығына наразы болған халықтың бой көтерулерін сыртқы жаулар өз пайдасына пайдаланып отырған. Кейбір тайпалар Таң империясы қол астына өтіп кетіп отырған. Таң империясы оларға барынша қолдау көрсетіп, басшыларына шен-шекпен, мансап беріп, әскери күшке айналдырып, қағанатқа қарсы жұмсады. Шығыс түрік қағанаты Бесбалық қаласын басып алған соң, Ертіс бойындағы қарлұқтар, іле-шала дулулар орталық билікке қарсы көтеріліске шықты. Осы ахуалды пайдаланып, иеліктер арасындағы соғысты тоқтату керек деген желеумен ықпалды әскербасы Күлбагатур (Сыбихан Мохэду) 630 жылы Түн жабғуды өлтіріп, өзін қаған деп жариялайды. Көп ұзамай, 631 жылы дулу мен нушеби тайпаларының билікке таласы кезінде Күлбагатур өлтірілген. 630-34 жылдары қағандық Орта Азиядағы, Сырдария аймағындағы иеліктерінен айырылды. Дулу мен нушебилер арасындағы 638 жылғы қантөгістен соң, олардың арасындағы шекара Іле өзені арқылы өтіп, қағанат оң және сол қанатқа бөлінді. Тайпааралық соғыстар 17 жылға (640 — 57) созылды, бұл қытай әскерлерінің баса-көктеп кіруіне қолайлы жағдай туғызды. 656 жылы Ашина Хэлу қаған қытай әскери қолбасшысы Су Динфаннан жеңілгеннен кейін Батыс Түрік қағанаты Таң империясының ықпалына түсті. Бұдан кейінгі жерде Батыс Түрік қағанатын Таң империясы әкімшілік аймақтарға бөліп, бұрынғы түрік қағандарының қытайланған ұрпақтарынан басқақтарды — “қуыршақ қағандарды” тағайындап отырды (қ. Ашина Буяжен, Ашина Мижелі, Ашина Суйцзы). Дегенмен олардың ішінде Дучжы (Дучжи хан, Ашина Дучжы) қаған (басқақ) отарлық езгіге қарсы шығып, елді бостандыққа жеткізуге ұмтылды, бірақ мақсатына жете алмады, 679 жылы қытайлықтар оны алдап қолға түсіріп, қорлап өлтірді. Батыс Түрік қағанатының соңғы 23-қағаны Синь (Ашина Синь) 704 ж. Құлан қаласында түргештердің басшысы Үшлік (Учжилэ, Үшелік) қолынан қаза тапты. 704 жылы Батыс Түрік қағанатының орнына Түргеш қағанаты құрылды.

19. Түргеш қағанаты (704-756 жж.) Түргештер дулы тайпа құрамының ішіне жатады, түргештердің өзі - қара және сары түргеш болып бөлінгені белгілі. (Кейбір тарихи деректер бойынша, "сары" және "қара" деген тайпа бөліктері этниқалық емес, саяси жағынан қарастырғаны жөн. Демек, Сақал қаған болған кезде түргеш кағанаты екіге бөлініп кетеді. Біревінде Сақал өзі қаған болған, ал екіншісінде халықты басқарған Сулық. Сақалға бағынатын халықты "сары түргеш" деп атаған, ал Сулыққа бағынған халықты - "қара түргеш".) Түргеш қағанаттың саяси өмірі тарихта Орта Азияға шапқыншылық жасаған арабтармен тығыз байланыстырады. 7-ғ. бас кезінде Араб түбегінде Араб мемлекеті қалыптасты. Ислам мемлекеттік дінге айналады. Осы дінді таратушы Мұхаммед 632 ж. қайтыс болғаннан кейін, арабтар ислам дінін тарату үшін жаулаушылық соғыстар бастады. Арабтар Орта Азияға жаулауы басталған кезде, Қазақстан мен Орта Азияның басым бөлігі Батыс Түркі қағанаты қол астында болды. Арабтарға қарсы күресте Жетісуда өкімет басына келген түргештер болды. Оның негізін салған Үш-еліг қаған (699-706 жж.). Оның ордасы Шу бойындағы Суяб қаласы болды. Екінші (кіші) ордасы Іле өзені жағасындағы Күнгіт қаласында орналасты. Үш-еліг-қаған елді 20 түтіктікке (еншілікке) бөлді, оның әрқайсысының 7 мыңнан әскері болды. Үш-еліг-қаған Қытай империясымен және Согд мемлекетімен саяси бірлестік құрып, арабтарға қарсы күреседі. Түргеш қағанатында Үш-елігтен кейін оның мұрагері болып, баласы Сақал-қаған (706-711) таққа отырады. Оның кезіңде Түргеш мемлекетінде ішкі бірлік болмайды және қағанат үнемі арабтармен, қытайлармен күрес жүргізіп отырды. Түргеш қағанаты Сулық қаған (715-738) тұсында күшейді. Оның тұсында түргештер екі майданда күрес жүргізді. Батыстан арабтар, шығыстан Тан әулеті кұш көрсетті. Елшілік жолымен (неке байланысы) және әскери шаралар арқылы Сулық шығыстан келетін қатерді болдырмады. Бұл жағдай түргештердің батыста белсенді әрекет етуіне мүмкіндік туғызды. 723 жылы Ферғана қарлұқтарымен және Шаш тұрғындарымен тізе қосып, түргештер арабтарды жеңеді. Сулықты арабтар Абу Мұзахим (Сүзеген) деп атайды. 737 жылы Сулықты өз қолбасшысы Баға-Тархан өлтіреді. Оның қазасынан кейін "сары" түргештер мен "қара" түргештер арасында өкімет билігін алу үшін күрес басталды. 746 жылы Жетісуға Алтай мен Тарбағатайдан қарлұқтар келіп қоныстанады. Арабтармен, сондай-ақ өзара қырқыстардан әлсіреген түргештер қарлұқтарға белсенді қарсылық көрсете алмайды. Мұны Қытай империясы пайдаланды. Оның Шығыс Түркістандағы уәлилары 748 жылы өз әскерін Суяб қаласына аттандырады да, оны басып алады. Шаштың иесі дарға асылады. Оның баласы арабтардан көмек сұрап келеді. 751 ж. Тараз жанындағы Атлах қаласы маңында арабтар мен қытай әскері арасында зор шайқас болады. Шайқас бес күнге созылады. Шешуші сәтте қытайлардың ту сыртындағы қарлұқтар көтеріліс жасап, арабтар жағына шығады. Қытайлар толық жеңіледі. Тан әскері Жетісуды, Шығыс Түркістанды тастап кейін шегініп кетеді. Арабтар Шашқа қарай кетеді. Бірақ ішкі қырқыс Түргеш мемлекетін әбден тұралатып тастады. 756 жылы түрік тілді қарлұқ тайпаларының әрекетінен түргеш мемлекеті құлады. Түркі тілді көшпелі, жартылай көшпелі тайпалар Батыс түркі қағанаты орнына 4 бірдей құдыретті мемлекет орнатады. Хазар қағанатын қоспағанда, Төменгі Еділ өңірі мен Солтүстік Кавказда, Қазақстан жерінде үш этникалық-әлеуметтік бірлестік пайда болды: Сырдың бойын, Арал өңірін Оғыз мемлекеті, ал Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында, астанасы орта ертісте болған Қимақ мемлекеті дүниеге келді. Батыс түркі қағанаты орны Жетісуда - қарлұқтар қалды.

Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж.). Қарлұқ тайпаларынын мекені - Алтай манында орналысқан. 8 ғ. бастап қарлұқтар Жетісуға қоныс аударады. Қарлұқтардың арқасында 751 ж. арабтар Талас бойында түріктермен болған шайқасты жеңеді. Осы кезден бастап қарлұқ тайпалары күшейіп, олардың патшасы өз билігін Алтайда орнатады. 755 ж. қарлұқтар Жетісуда түргештерді женеді. Түргештердің жартысы қарлұқтарға бағынады, ал қалғаны шығысқа таман көшуге мәжбүр болды. Қарлұқтар туралы деректер 5 ғасырға жатады. Ол "бұлақ" деген атпен белгілі. Түркі руна ескерткіштерінде "үш қарлұқ" атын алтай тауы мен Балқаш көлінің шығыс жағалауы арасын қоныс еткен көшпелі тайпалар бірлестігіне айтады. 7 ғ. ортасында қарлұқ бірлестігі құрамына бұлақ, шігіл мен ташлық кірген. Көсемдері Елтабар деп аталған. 766 жылы түргеш қағандарының қос ордасы Тараз бен Суябты қоса, бүкіл Жетісу қарлұқ жабғысының қоластына көшеді. Олар ерте феодалдық мемлекет құрады. Араф географы Әл-Марвази (12 ғ.) қарлұқтар құрамында 9 тайпа болғанын айтады. Қарлұқ конфедерациясына Жетісу мен оңтүстік Қазақстанның тухси, шігілдер, әзкіштер, халаджылар, чаруктер, барысхандар, т.б. түркі тілдес тайпалар кірген. 8-10 ғғ. Қарлұқ тайпалары Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап, Сырдың орта ағысына дейінгі көсіліп жатқан территорияны қоныс етеді. Балқаш пен Ыстықкөл арасы, Шу, Іле, Талас өзендері бойында, Отырарға дейін көшіп жүреді. Олардың билеушісі джабғу, 840 жылдан бастап каған атағын алды. Көшпелі тайпалардың билеуші ақсүйек топтарының қолында жайылымдар мен құнарлы жер ғана емес, қала орталықтары да болды. Қарлұқтар елінде 25 қала мен қыстақ болған. Олардың ішінде Тараз, Құлан, Мерке, Атлалық, Тұзын, Балық, Барысқан және т.б. Қарлұқ қалалары Ұлы Жібек жолы бойында орналасты. Қарлұқ қағанаты ішкі қырқыс, өкіметті алу жолындағы, қоныс-өрісті иемдену жолындағы талас-тартыс мемлекетті ыдыратты. 940 (942) ж. қарлұқ мемлекетінің астанасын - Баласағұнды - Шығыс түркістандағы түріктер - Тянь-Шянь жағынан қоныс аударған чығыл және ягма тайпалары - жаулап алады. Осыдан кейін Жетісуда билік қараханидтерге тап болады. Сонымен, 940 жылы қарлұқ мемлекеті өмір сүруін тоқтатты. 6-13 ғғ. көшпелі және отырықшы мәдениет. Ұлы Жібек жолы Қазақстан жерінде. Б.з.д. 1-мыңжылдықтың орта кезінде Қара теңіз өңірінен Дон бойына, содан Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтарға, Ертіске, одан әрі созылып Алтайға, жоғарғы Етіс пен Зайсан көлі алқабын мекендеген аргиппейлер еліне кететін Дала жолы жұмыс істей бастапан. Осы жолмен жібек, терілер, иран кілемдері, асыл металдан жасалған бұйымдар сауда арқылы таратылып жататын. Б.з.д. 2 ғ. орта шенінде Жібек жолы елшіліктің және сауда-саттықтың тұрақты желісі ретінде қызмет атқара бастайды. Б.з. 2-5 ғғ. Егер Шығыстан жүре бастасақ, Жібек жолы Қытайдың ежелгі астанасы Чаньаннан шығып, Ланчжов маңындағы хуанхэ өткеліне баратын да, одан әрі Наь-Шанның солтүстік сілемдерімен жүріп отырып, Ұлы Қытай қамалының батыс шетінен, Яшма қақпасының шебінен барып шығады. Осы арадан сара жол екіге айрылып, Такла-Макан шөлін солтүстік және оңтүстік жағынан айналып өтетін. Терістік жолы хами, Тұрфан, Бесбалық, Шихо көгал аймақтары арқылы Іле алқабына жететін; ортадағы жол Чаочаннан Қарашарға, Ақсуға сосын Бедел асуы арқылы Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауынан шығып, Дунхуан, хотан, Яркенд, Бактрияларды басып өтіп, Үндістан мен Орта теңіз аймағына қарай кететін; бұл оңтүстік жол деп аталды. Ал солтүстік жолы Қашғардан Ферғанаға, одан әрі Самарқанд, Бұқара, Мерв арқылы хамаданға, Сирияға баратын. 11-12 ғғ. Қытайдан шығып Жетісу мен оңтүстік Қазақстан арқылы батысқа қарай өтетін жол жанданып кетеді. Жолдың бұлай ауытқуын бірнеше себептермен түсіндіруге болады. Біріншіден, Жетісуда Орта Азиямен жүретін сауда жолдарын бақылайтын Түрік қағандарының ордалары болатын. Екіншіден, Ферғана арқылы жүретін жол 7 ғ. ішкі қырқыс салдарынан қауіпті болып қалды; үшіншіден аса бай түрік қағандары олардың айналасы теңіздің арғы бетінен келген тауарларды көптеп тұтынды. 7-14 ғғ. Елшілік және сауда керуендерінің дені Жібек жолымен жүретін. Сан ғасырлар бойы жол тынымсыз өзгеріп отырған. Жібек жолы Орта Азия арқылы оңтүстік Қазақстан мен Жетісуға келетін сауда жолы 14 ғ. дейін, қашан ішкі қырқыстар мен соғыстар қала мәдениетін аздырып,тоздырғанға дейін, Қытайға баратын теңіз жолы игеріліп, бұрынғы көне жолдың жұолдызы сөнгенге дейін жұмыс істеді.

20. Қарахан Әулетінің мемлекеті

Қарахан қағанатының билеушілері. Қарахан Әулетінің шығу тегі жөнінде зерттеушілердің пікірі әр түрлі. Олардың біреуі ұйғырлардан, екіншісі яғмалардан, үшіншісі қарлұқтардан, төртіншісі жікілдерден шыққан дегенге саяды. Қытай ғалымы Гың Шымин бұл әулет «ислам тарихы материалдарында» Афрасияб (Алып Ер Тоңға) есімімен сәйкестендірілетіндігін де атап көрсетеді. Батыс зерттеушілері Қарахан Әулетінің тегі – қарлұқтардың билік жүргізуші тобы» деп қарайды. Қарахан Әулетінің негізін қалаушы – Сатұқ Бұғра Қарахан ( Әулие Ата). Ол өлген соң билік Мұсаға (Мұса ибн Абд әл-Кәрім) тиді. 998 ж. оның ұлы Әбілхасан Әли ибн Мұса таққа отырды. 1041 жылы Қарахан қағанаты Батыс және Шығыс Қарахан қағанаты болып екіге бөлінді. Батыс Қарахан қағанатында Әли ибн Мұса ұрпақтары, Шығыс Қарахан қағанатында Хасан Боғра хан ұрпақтары билік жүргізді. Олардың билігі 13 ғасырдың бірінші ширегіне дейін жалғасты. Мемлекет құрылуы

Қарахан мемлекеті негізін салған Сатұқ Боғра хан (915955). 940 (942) ж. Сатуқ Баласағұн билеушісін құлатып, өзін жоғарғы қағанмын деп жариялайды. Осы кезден бастап Қарахандар мемлекеті тарихы басталады. Қарахан мемлекетінің құрылуы мен оның ерте тарихында басты рольді Қарлұқ конфедерациясының тайпалары атқарды.

Ұсақталғандық

Қарахан мемлекеті шекаралары тұрақты, толып жатқан еншіліктерге бөлінетін. Еншілік иелерінің құқтары зор болатын. Олар өз атымен теңгелер шығаруға дейін, кейде тіпті лауазымдарын өзгерте алатын. 11 ғ. 30 жж. соңында Ибрахим ибн Насырдың тұсында мемлекет екіге бөлінеді: біріншісі, орталығы Бұқарда болған, қарауына Ходжентке дейінгі Мәуереннахрды қосып алған Батыс хандығы, екіншісі — қарамағына Тараз, Исфиджаб, Шаш, Ферғана, Жетісу мен Қашғар кіретін Шығыс хандығы. Оның астанасы Баласағұн қаласы. Осымен Қарахан мемлекетінің еншіліктерге бөлінуі заңды түрде бекітілді.Арслан хан кезіңде қарахан мемлекеті одан сайін бөлініп кетеді: әрбір еншілік өз тәуелсіздігін құру үшін таласады. 1056 ж. Қадыр ханның ұлы Йинал-тегін өкімет мұралығы жолындағы күресте інісі Сүлейменнің иелігін басып алады. Бірақ ұзамай ол у беріліп өлтіріледі. Тәж-таққа Йинал-тегіннің баласы Ибрахим ие болады, бірақ ол да біраздан кейін Барыс хан әміршісімен болған соғыста қаза табады.Осыдан кейін Шығыс қағанатын 15 жыл бойы (10591074) Қадыр ханның балалары Юсуф Тоғрул хан мен Боғра хан Харун басқарады. Олардың тұсында Ферғана Шығыс қағанатқа күшпен қосылады. Екі қағанат арасындағы шекара Сырдарияны бойлай өтеді. Тоғрұл қайтыс болғаннан кейін оның еншілігі Боғра хан Харунның (10751102) — Қашғар, Баласағұн мен Хотан қожасының қол астына көшеді. 1089 ж. бастап ол Салжық сұлтаны Мәлікшахтың кіріптар вассалына айналады.1102 ж. Боғра хан қайтыс болғаннан кейін, көп ұзамай Мәуереннахрға Баласағұн мен Таластың иесі Қадыр хан Жабраил шабуыл жасап, Амударияға дейінгі жердің бәрін басып алады, тіпті Салжықтардан Термезді тартып алмақшы болады, бірақ олардан жеңіліп қалады. Сұлтан Санжардың басқаруы кезінде (11181157) салжықтар Мәуереннахрда шексіз билігін жүргізеді, бірақ бұл кезде Қарахан әулетінің саяси құлдырауының белгісі біліне бастады. Бұған бас себебі — Қарақытай мемлекетіінің құрылуы және оның жүргізген сыртқы әскери саясаты болып табылады.

Ыдырауы

12 ғ. екінші жартысында қарақытайлар Батыс қағандығына қауіп төндіре бастайды. 1141 ж. Қарахан — Салжықтың әскерін талқандағаннан кейін Қарахандар мемлекеті екі хандығының билігі де қарақытайлар қолына көшеді.1210 ж. шығыс Қарахандар әулеті наймандармен соғыста жеңіледі. Ал 1212 ж. Хорезм шах Мұхаммед батыс қағанаттың соңғы қағаны самарқандық Османды өлтіреді, ұзамай Қарахандардың Ферғана тармағы да жоқ болады. Қарахан әулетінің мемлекеті тарихы осылай аяқталды.

Шаруашылығы мен мәдениеті

Қарахан әулеті мемлекетінде аса маңызды әлеуметтік-саяси институт әскери-мұралық жүйе болды. Хандар өз туыстарына белгілі бір территорияның, сол уақытқа дейін мемлекет пайдасына деп алынған салықты өздері жинап алу құқын берді. Мұндай салық «икта» деп аталады, ал оны жинаушыны «мукта», немесе «иктадар» деп атаған. Халық көшпелі, жартылай көшпелі болды.Мемлекеттік дін ретінде — Ислам діні болды. Исламның (960 ж. Мұса жариялады) енуіне байланысты, араб әрпіне негізделген жаңа түркі жазуы қалыптасады. Түрік этносының ой-санасы өседі. Жүсіп Баласағұни есімі кең мәлім болды.

Қарақытайлар мемлекеті (1128-1213). Қарақытайлар. Олардың құрылуы Орталық Азияның қидан тайпаларымен тығыз байланысты. Қидандар (цидань, кита, хита) б.з. 4 ғ. жазба деректерде монғол тілді тайпалар ретінде аталады. Олар Қытайдың солтүстік жағында Маньчжурия мен Уссури өлкесінің территориясын мекендеген. 924 ж. Алтайдан бастап, Тынық мұхитқа дейінгі жер Қидан мемлекетінің (Ляо империясы) қоластына өтеді.1125 ж. Сунь Қытайы мен Чжурцжень мемлекетінің біріккен күші Ляо империясын құлатады. Қидандардың бір бөлегі чжурчжендерге бағынады, ал қалғандары Елюй-Даши басқаруымен батысқа қарай Шығыс Түркістан мен Жетісуға таман - жылжиды. Олар енисей қырғыздарының жерін басып өтіп, Еміл өзенінің бойына жетеді. Сол жерге аттас қала салады. Қидандардың батыс бөлігі Жетісудың бір бөлігіне қарап, жергілікті түркі тілдес халықпен араласып кетуі нәтижесінде, келімсектер қара қытай аталып кетеді.

1128 ж. Қарахандар әулетінен шыққан Баласағұнды иемденуші өздеріне қысым жасаушы қаңлылар мен қарлұқтарға қарсы шығады. Қарақытайлар көсемі Елу Дашы Баласағұнды басып алып, Жетісуда өз мемлекетін орнатады. Жетісу, оңтүстік Қазақстан, Мәуереннахр мен Шығыс Түркістан қарақытай мемлекетінің құрамына кіреді. Қарахандар әулетін қарақытайлар өз вассалына айналдырады. Қарақытай мемлекетінің басшысы Гүрхан деп аталады. Оның ордасы - Шу озенінің алқабында болатын. Баласағұн орталық болып қала берді. Әскерде тәртіп қатал болған. Ел ішінде аула басынан салық жинай жүйесі енгізіледі - әр үйден бір динардан салық алып отырады. Гүрхан жақындарына жер-суды тарту етпейді, олар бәсекеші болып кетеді деп қауіптенді. Қарақытайлар Жетісудың оңтүстік бөлігін, Исфиджабтың солтүстік-шығыс аймағын, Құлжа өлкесін басқарады.Бірінші гүрхан Елюй-Даши 1143 ж. қайтыс болды. 1169 ж. оның баласы - Елюй-Чжилугу - таққа отырады. Өзі христиан болғандықтан, мұсылман дініне қарсы шығады. Оның Жетісудағы мұсылман халқын бағындыру саясаты қарсылыққа толы болды. 1208 ж. бастап Жетісуға қоңыс аударған найман тайпалары да осы ішкі саясатты бұзбайды. Жетісу аймағы өзара қырқыстар, мұсылмандық қозғалыстар орталыпына айналады. Жетісудағы осы жағдай 1218 ж. дейін, яғни Шыңғыс-ханның әскері келгенше созылды.

21. Қимақ қағанаты - Шығыс және Орталығы Қазақстанда 9 ғасырдың ақыры – 11 ғасырдың басында болған ертедегі мемлекет. Мемлекеттің орталығы Ертістің орта алабында болған. Қимақтар 7 ғасырда Алтайдың солтүстігіне, Ертіс жағалауына орналасып, Батыс түрік қағандығының құрамына кірген. 8 ғасырда қимақ тайпалары Ертістің орта ағысын мекендеді. 9 ғасырдың алғашқы жартысынан Жетісудың солтүстік-батысындағы Алакөл аймағына қоныстана бастады. Олардың батыс шекарасы Оңтүстік Оралдың шығыс бөлігі мен Арал жағалауларына дейін жетті. 10 ғасырдың ортасында қимақтар шығыстан батысқа қарай ойысты. Олар Оңтүстік Орал тауының оңтүстік және оңтүстік-батыс бөктерінде, Каспий жағалауында көшіп-қонып жүрді. 10 ғасырдың ақырында қимақтардың бір тобы Сырдария жағалауына қарай жылжып, Түркістанның мұсылман облыстарымен араласты. 11 ғасырда Орталық Азия тайпаларының батысқа қарай ойысуы нәтижесінде қимақтардың орналасу картасы өзгерді. Махмұт Қашқаридың имақтар (қимақтар) туралы деректері (11 ғасыр) осы уақытқа саяды. «Диуани лұғат ат-түркте» берілген картада имақтар өздері бір тұтас топ болып тұрған Ертістің жағалауындағы жерлерде ғана көрсетілген. 656 жылы Батыс түрік қағандығы тарағаннан кейін қимақтар өз алдына бөлініп шықты. 840 жылы Турфан қағандығы ыдырағаннан кейін оның құрамындағы эймур, баяндур, татар тайпалары қимақтарға қосылды. Қимақ тайпалары федерациясының қалыптасуы осы кезге сай келеді. Гардизидің баяндауынша, қимақтардың тайпалық одағы алғашында жеті тайпадан: эймур, имақ, татар, баяндур, қыпшақ, ланиказ, ажлад тайпаларынан құрылған. Шамамен, 9 ғасырдың ортасы мен ақырында қимақтар оғыз көсемдеріне қаңғар-печенег тайпалары мекендеген Сырдария алабы мен Арал жағалауларын жаулап алуға белсенді көмек көрсетті. Қимақтар тоғыз оғыз және Енисейдегі Қырғыз мемлекеттеріне әскери жорыққа шығып, 8–9 ғасырлардың екінші жартысында Орталығы Ертістен Жоңғар қақпасына дейінгі аймаққа бекініп алды. Сөйтіп, Қимақ мемлекетінің құрылуына қадам жасалды. Қимақ қағанаты туралы алғашқы деректер 9 ғасырдың ақыры мен 10 ғасырдың бас кезіндегі араб тілдеріндегі тарихи геогр. шығармаларда кездеседі. «Түркістан мен түріктер, – деп жазады әл-Якуби (9 ғасыр), – бірнеше халықтар мен мемлекетке бөлінеді, соның ішінде қарлұқтар, тоғыз оғыздар, қимақтар және оғыздар бар. Түріктердің әр тайпасы жеке мемлекет және бірімен-бірі соғысып тұрады». Қимақ қағанаты құрылған күннен бастап олардың патшалары ең жоғарғы түрік атағымен хакан (немесе қаған) деп аталды. Ол жабғу атағынан екі дәреже жоғары. Қимақ қағанаты үлестік-тайпалық құрылымда болды. Елді хакан мен оның аймақтардағы он бір мұрагері (әмір) биледі. Ел билеушілері бір жағынан әскери көсемдер болды да, хаканнан тиісінше үлес алды. Әрбір иеліктер хаканға белгілі көлемде әскер беріп тұрды. Бұл мемлекетте салық жиналған, көне түркі жазуы болған. Қимақтар, негізінен, мал шаруашылығымен айналысты. Олар мұнымен қатар егін ш-мен де шұғылданды, балық, аң аулады, тайгалық аймақтарда қымбат аң терілерін дайындады. Қимақтар арасында қолөнері де дамыды, мата тоқып, киім тікті, металл бұйымдар шығарды, темір, күміс, алтын өндіріп, металл құйды. 9 – 11 ғасырлардағы араб-парсы авторлары отырықшы қимақтардың тұрақты мекендері болғанын жазады. әл-Идрисидің (12 ғасыр) дерегіне қарағанда, олардың өзендер мен көлдер жағасына, таулы аудандарда, пайдалы қазба байлықтары орналасқан жерлерде 16 қаласы болғаны келтіріледі. Олардың көпшілігі сауда жолдарына орналасқан. әл-Идриси қимақтар хаканының Ертіс өзенінің жағасындағы астанасы мықты қорғанмен қоршалғанын жазады. 9 – 11 ғасырларда қимақтар арасында ежелгі түркі діни нанымының қалдықтары өріс алды, онда тәңірі мен аруаққа сенушілік басым болды. Сонымен қатар, олардың арасында түрік халықтарына кең тараған бақсылық та етек алды. Қимақ тайпалары мекендеген аймақтарда тас мүсіндер қою салты кең тараған, олар сол мүсіндерге табынған. Қимақтар әлеуметтік және мәдени жағынан 6 – 8 ғасырларда ежелгі түркі ортасында қалыптасқан дәстүрлерді ұстап, одан әрі дамытты. 11 ғасырдың басында қимақтардың орнына жаңадан нығайған қыпшақ тайпалары келді.

"Қыпшақ" атауы 760 ж. ежелгі түркінің руна ескерткіштерінде аталады. Араб географы Ибн хордадбехтың (9 ғ.) түркі тайпаларының тізімінде көрсетілген.656 ж. Батыс түркі қағандығы құлағаннан кейін Алтай тауының солтүстік жағы мен Ертіс өңірін жайлаған қыпшақтардың едәуір топтары кимектердің басшылығымен тайпалар одағының өзегін құрайды. Алайда негізгі қыпшақ тайпаларының өзін-өзі билеуге ұмтылған талаптары сәтсіз болып, 9-10 ғғ. Қимақтар тарихымен бірге болды. Қыпшақтар қимақ қағанатына саяси тәуелді болды.11 ғ. басында қимақ қағанаты тарағаннан кейін, кимак, қыпшақ және куман тайпаларының бұрын жайлаған жерлерінде әскери-саяси жетекшілік қыпшақ хандарының қолына көшеді. Олар Сырдың орта және төменгі бойларынан, Арал мен Каспий өңірі далаларынан оғыз жабғыларын ығыстырады. Енді "Оғыздар даласы" (Мафазат әл-гуз) орнына Дешт Қыпшақ (Қыпшақ даласы) атауы пайда болады. 11 ғ. ортасында қыпшақтар Еділ бойымен, батысқа қарай жылжиды. Ертістен Днестрге дейінгі бүкіл аридтік зонаны алып жатқан Дешті Қыпшақтың тарихи-географиялық облысын шартты түрде Еділ бойы арқылы екі үлкен этникалық -территориялық бірлікке бөлуге болар еді: басында Тоқсоба рулық әулеті тұрған Батыс қыпшақ бірлестігі және Ел-бөрілі руының хан әулеті тұрған Шығыс Қыпшақ қағанаты.