Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КЗ ПАТОФИЗИОЛОГИЯ тесты казинтернет.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
4.88 Mб
Скачать

Ішкі сөлденіс жүйесінің патофизиологиясы

1. Эндокринопатиялар патогенезінде маңызы бар (3)

  1. бездің орталық реттеу тетіктері бұзылуының

  2. бездің өзіндегі дерттік үрдістердің

  3. гормондар белсенділігінің шеткері (безден тыс) тетіктері бұзылуының

  4. ішкі сөлденіс безінің қанмен қамтамасыз етілуі және жүйкеленуі сәйкестігінің

2. Ішкі сөлденіс бездерінің орталық реттеу тетіктеріне жатады (3)

  1. гипофиз арқылы реттелу

  2. гипофиздан тыс реттелу

  3. кері байланыс тетігі

  4. шеткері тіндердің гормондық қабылдағыштарының қоршалуы

3. Сәйкестікті тап:

1. Ішкі сөлденіс бездері қызметінің гипофиз арқылы реттелуі

2. Ішкі сөлденіс бездері қызметінің гипофиздан тыс реттелуі

  1. мый қыртысы - гипоталамус - гипофиз – шеткері без 1

  2. мый қыртысы - гипоталамус – жүйкелік өткізгіштер – шеткері бездер 2

4. Гипофиздан тыс реттелу бұзылуының себептері бола алады (3)

  1. мый жарақаты

  2. психикалық күйзеліс

  3. гипоталамустың сөлденістік жүйке жасушаларының уыттық немесе иммундық зақымдануы

  4. гипофиздің өспесі

  5. жүйкелік өткізгіштердің зақымдануы

5. Гипофиз арқылы реттелу бұзылуының себептері бола алады (6)

  1. мый жарақаты

  2. психикалық күйзеліс

  3. гипоталамустың сөлденістік жүйке жасушаларының уыттық немесе иммундық зақымдануы

  4. гипофиздің өспесі

  5. ТШҚҰ-синдромы кезінде гипофиздің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуы

  6. қабыну

  7. нейрогипофиздің зақымдануы

6. Гипофиз арқылы реттелу бұзылады (4)

  1. либериндер түзілуі бұзылғанда

  2. статиндер түзілуі бұзылғанда

  3. гипофиздің тропты гормондарының түзілуі бұзылғанда

  4. шеткері бездер жүйкеленусізденгенде

  5. психикалық күйзелістерде

7. Гипофиз арқылы реттелу негізгі болып табылады (3)

  1. бүйрек үсті бездерінің қыртысы үшін

  2. ұйқы безі үшін

  3. жыныс бездері үшін

  4. қалқанша маңы бездері үшін

  5. қалқанша безі үшін

8. Сәйкестікті тап

1. Аденогипофиздің гормондары (5)

2. Нейрогипофиздің гормондары (2)

  1. тиреотропты гормон (ТТГ) 1

  2. вазопрессин 2

  3. соматотропты гормон (СТГ) 1

  4. гонадотропты гормондар (ГТГ) 1

  5. окситоцин 2

  6. адренокортикотропты гормон (АКТГ, кортикотропин) 1

  7. лактотропты гормон (ЛТГ) 1

9. ТТГ сөлденісінің тежелуі әкеледі (2)

  1. Т3 сөлденісінің азаюына және Т4 көбеюіне

В) Т4 сөлденісінің азаюына және Т3 көбеюіне

С) Т3 және Т4 сөлденісінің азаюына

D) қалқанша без массасының ұлғаюына

E) қалқанша без массасының азаюына

10. Аденогипофиздің үлестік гипофункциясы кезінде дамуы мүмкін (3)

A) Симмондс ауруы

B) гипогонадизм

C) гипотиреоз

D) ергежейлік

E) Базедов ауруы

11. Аденогипофиздің үлестік гиперфункциясы кезінде дамуы мүмкін (5)

  1. Иценко-Кушинг ауруы

  2. Аддисон ауруы

  3. гипертиреоз

  4. акромегалия

  5. алыптық

  6. галакторея

12. Кортиколиберин сөлденісінің тежелуі қабаттасады (1)

  1. кортикотропин (АКТГ) сөлденісінің азаюымен

  2. гонадотропин сөлденісінің азаюымен

  3. соматотропин сөлденісінің азаюымен

  4. вазопрессин сөлденісінің азаюымен

  5. меланотропин сөлденісінің жоғарылауымен

13. Гипофиздің базофилдік аденомасы кезінде АКТГ артық сөлденісі

туындатады (1)

а) бүйрек үсті бездерінің екеуінің де қыртысы семуін

б) бүйрек үсті бездерінің біреуінің қыртысы семуін

в) бүйрек үсті бездерінің біреуінің қыртысы гиперплазиясын

г) бүйрек үсті бездерінің екеуінің де қыртысы гиперплазиясын

д) бүйрек үсті бездерінің мыйлық бөлігінің гиперплазиясын

14. АКТГ шамадан тыс өндірілуі, сөлденісінің күшеюіне әкеледі (2)

  1. андрогендік кортикостероидтар

  2. норадреналин

  3. инсулин

  4. адреналин

  5. кортизол

15. Кері байланыс тетігі бұзылуының негізінде жатады (2)

  1. қанда шеткері бездің гормоны мөлшерінің ауытқуын қабылдайтын гипоталамустық орталықтар сезімталдығының төмендеуі

  2. либериндер өндірілуінің азаюы

  3. статиндер өндірілуінің көбеюі

  4. аденогипофиз гормондары өндірілуінің көбеюі

  5. шеткері бездің аденомасы

16. Гипотиреоз кезінде қанда ТТГ мөлшерінің жоғарылауы, дерттік үрдістің орналасқанын көрсетеді (1)

  1. гипофизде

  2. қалқанша безде

  3. гипоталамуста

  4. мый қыртысында

  5. таламуста

17. Гипотиреоз кезінде қанда ТТГ мөлшерінің азаюы, дерттік үрдістің

орналасқанын көрсетеді (2)

  1. гипофизде

  2. қалқанша безде

  3. бүйрек үсті бездерінде

  4. гипоталамуста

  5. таламуста

18. Кортикостероидтармен ұзақ емдеуді кенеттен тоқтату, жеткіліксіздігіне әкеледі (2)

  1. паратгормонның

  2. кортизолдың

  3. адреналиннің

  4. АКТГ

  5. АДГ

19. Эндемиялық зоб патогенезінің көрсетілмеген тізбегі :

Йод тапшылығы ® тиреоидты гормондардың (Т3, Т4) түзілуінің төмендеуі ® қанда Т3, Т4 мөлшерінің азаюы ® ? ® қалқанша бездің гиперплазиясы

  1. ТТГ (тиреотропин) сөлденісінің жоғарылауы

  2. соматостатин сөлденісінің жоғарылауы

  3. соматомединдер сөлденісінің жоғарылауы

  4. тиролиберин сөлденісінің азаюы

  5. кортиколиберин сөлденісінің азаюы

20. Ішкі секреция бездері қызметінің алғашқы бұзылуына әкелуі мүмкін (5)

  1. бездің өспелері

  2. бездің қабынуы

  3. бездің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуы

  4. без дамуының туа біткен ауытқулары

  5. нысана жасушалардағы гормон қабылдағыштар санының азаюы

  6. без гормондары түзілуінің бұзылуы

21 Шеткері ішкі сөлденіс бездерінде гормондар түзілуінің азаюына әкеледі (5)

  1. бездің құрылымдық өзгерістері

  2. гормондар түзілуіне қажетті заттардың тапшылығы

  3. гормондар түзілуіне қажетті ферменттердің тұқым қуалайтын ақауы

  4. бездің ұзақ және қарқынды түрткіленуі

  5. гипоталамустың ішкі сөлденістік жүйке жасушаларының аденомасы

  6. тропты гормондар қабылдағыштарының аутоантиденелермен қоршалуы

22. Гормондар белсенділігі бұзылуының шеткері, безден тыс тетіктері болып табылады (7)

  1. гормондардың нәруыздармен байланысуының бұзылуы

  2. гормондар қабылдағыштарының қоршалуы

  3. глюкокортикоидтардың демеушілік (пермиссивтік) ықпалының бұзылуы

  4. қанайналымындағы гормонның қоршалуы

  5. гормон түзілуінің бұзылуы

  6. гормондар белсенділігін төмендетудің бұзылуы

  7. гормондардың қарсыластары мөлшерінің жоғарылауы

  8. нысана жасушалар мембраналарының тұқым қуалайтын немесе жүре пайда болған ақауы

23. Гипопротеинемия қабаттасады (1)

  1. гормондардың бос бөлшектерінің көбеюімен және олардың әсері күшеюімен

  2. гормондардың бос бөлшектерінің көбеюімен және олардың әсері төмендеуімен

  3. гормондардың бос бөлшектерінің азаюымен және олардың әсері төмендеуімен

  4. гормондардың бос бөлшектерінің азаюымен және олардың әсері күшеюімен

  5. жасушалардың гормондық қабылдағыштарымен гормондардың өзара әрекеттесуінің азаюымен

24. Бауыр қызметінің бұзылуы қабаттасады (2)

  1. гормондар белсенділігін төмендетудің азаюымен

  2. гормондар белсенділігін төмендетудің күшеюімен

  3. гормон әсерінің азаюымен

  4. гормон әсерінің жоғарылауымен

25. Глюкокортикоидтардың демеушілік (пермиссивтік) әсері – бұл (1)

  1. глюкокортикоидтардың тек физиологиялық мөлшерінің болуында ғана кейбір дистантты гормондардың метаболизмдік әсерінің жүзеге асуы

  2. глюкокортикоидтардың жыныс бездеріне ықпалы

  3. глюкокортикоидтардың липопротеидтер метаболизміне әсері

  4. глюкокортикоидтардың жүйке жүйесіне әсері

  5. глюкокортикоидтардың бұлшықет тініне әсері

26. Гормондар белсенділігін төмендету тетігі байланысты (4)

  1. гормонға аутоантиденелер түзілуіне

  2. гормонның белсенді орталығындағы өзгерістерге

  3. гормон молекуласының конформациялық өзгерістеріне

  4. гормон молекуласында бір амин қышқылының басқасымен алмасуына

  5. нысана жасушаларда қабылдағыштардың қоршалуына

27. Бездің гипофункциясының көріністеріне әкелуі мүмкін (8)

  1. гипофиздің тропты гормондары сөлденісінің төмендеуі

  2. гипоталамустың либериндері сөлденісінің жоғарылауы

  3. бездің семуі

  4. бездің қабынуы

  5. бездің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуы

  6. гормонға антиденелердің түзілуі

  7. гормонның нәруыздармен берік байланысуы

  8. гормондық қабылдағыштардың қоршалуы

  9. гормондар әсерінің қабылдағыштардан соңғы бұзылыстары

28. Бездің гиперфункциясының көріністері, салдарынан дамуы мүмкін (6)

  1. гипоталамус либериндерінің артық өндірілуі

  2. без аденомасы

  3. гипофиздің тропты гормондары өндірілуінің төмендеуі

  4. гормондардың эктопиялық өндірілуі

  5. гормонның прогормонға артық айналуы

  6. гормонның ятрогендік артықтығы

  7. гормонның нәруыздармен байланысуының төмендеуі

29. Плюригландулярлық эндокринопатия дамуы мүмкін (4)

  1. гипофиздің барлық тропты гормондарының өндірілуі төмендегенде

  2. гипофиздің эозинофилдік аденомасында

  3. ұқсас антигендері бар бірнеше ішкі сөлденіс бездері жасушаларының аутоантиденелермен зақымдануы (Шмидтің аутоиммундық синдромы)

  4. MEN-I синдромын туындататын антионкогеннің делециясы

  5. MEN-II синдромын туындататын RET протоонкогеннің белсенділенуі

30. Сәйкестікті тап:

1. Гипофиздің үлестік гипо- немесе гиперфункциясы

2. Гипофиздің толық гипофункциясы

3. Гипофиздің алғашқы гипо-немесе гиперфункциясы

4. Гипофиздің салдарлық гипо-немесе гиперфункциясы

  1. аденогипофиздің бір гормонының түзілуі немесе әсерінің өзгеруі 1

  2. аденогипофиздің барлық гормондарының түзілуі немесе әсерінің өзгеруі 2

  3. үрдіс аденогипофизде орналасқан 3

  4. гипоталамус немесе ОЖЖ қызметі бұзылуы салдарынан аденогипофиздің қызметі бұзылуы 4

31. Аденогипофиздің толық жеткіліксіздігінің (пангипопитуитаризмнің)

себептері (4)

  1. ТШҚҰ синдромы кезінде гипофиздің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуы

  2. бас сауыты негізінің жарақаты

  3. гипофиз және гипоталамустың өспелері

  4. гипофиздің туа біткен гипоплазиясы

  5. гипофиздің эозинофилдік аденомасы

32. Пангипопитуитаризмнің (Симмондс ауруы) патогенезінде маңызы бар (4)

  1. гонадотропиндер (ГТГ) сөлденісінің төмендеуі

  2. әлдостерон сөлденісінің төмендеуі

  3. соматотропин (СТГ) сөлденісінің төмендеуі

  4. тиреотропин (ТТГ) сөлденісінің төмендеуі

  5. кортикотропин (АКТГ) сөлденісінің төмендеуі

33. Пангипопитуитаризм кезінде зат алмасудың бұзылысына жатады (6)

  1. глюконеогенез және гликогенолиздің төмендеуі

  2. глюконеогенездің белсенділенуі

  3. нәруыз ыдырауының күшеюі

  4. нәруыз түзілуінің төмендеуі

  5. натрийдің кері сіңірілуінің төмендеуі

  6. кәлийдің кері сіңірілуінің жоғарылауы

  7. теріс азоттық тепе-теңдік

34. Пангипопитуитаризм кезінде қан құрамының өзгерістеріне жатады (6)

  1. гипогликемия

  2. гипергликемия

  3. гиперхолестеринемия

  4. гипопротеинемия

  5. гиперазотемия

  6. гиперкәлиемия

  7. гипонатриемия

35. Пангипопитуитаризм (Симмондс ауруы) көріністеріне жатады (6)

  1. азып-тозу (кахексия)

  2. семіру

  3. артериялық гипотензия

  4. асқазан сөлденісінің азаюы

  5. ішек атониясы

  6. гипертермия

  7. АҚ жоғарылауы

  8. кейінгі жыныстық белгілердің кері дамуы

  9. бұлшықеттердің семуі, адинамия

36. Гипофиздік ергежейлік патогенезінің негізгі тізбегі(1)

  1. СТГ жеткіліксіздігі

  2. инсулиннің жеткіліксіздігі

  3. диурезге қарсы гормонның (ДҚГ) жеткіліксіздігі

  4. глюкокортикоидтардың жеткіліксіздігі

  5. ТТГ жеткіліксіздігі

37. Гипофиздік ергежейліктің себептері болуы мүмкін (4)

  1. гипоталамустың жүйкелік сөлденістік жасушаларының зақымдануы

  2. гипофиздің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуы

  3. гипофиздің эозинофилдік аденомасы

  4. СТГ түзілуінің тұқым қуалайтын ақауы

  5. соматомединдер түзілуінің бұзылуы

38. Гипофиздік ергежейлік кезінде зат алмасу бұзылыстарына жатады (3)

  1. нәруыз түзілуі қарқынының төмендеуі

  2. липолиздің төмендеуі

  3. СТГ инсулинге қарсы әсерінің төмендеуі

  4. липолиздің белсенділенуі

  5. глюконеогенездің белсенділенуі

39. СТГ жеткіліксіздігіне тән (5)

  1. бой өсуінің кешеуілдеуі және тоқтауы

  2. сүйек дамуының кешеуілдеуі

  3. тері серпімділігінің жоғалуы

  4. акромегалия

  5. гипогликемия

  6. семіруге бейімділік

  7. АҚ жоғарылауы

40. Бойы өсуі тоқталмаған балалар мен жас өспірімдерде СТГ артық сөлденуі дамуына әкеледі (1)

  1. акромегалияның

  2. гипотиреоздың

  3. алыптықтың

  4. ергежейліктің

  5. қантсыз диабеттің

41. Ересектерде эпифиздік шеміршектердің сүйекке айналуынан соң СТГ артық сөлденісі дамуына әкеледі (1)

  1. акромегалияның

  2. гипотиреоздың

  3. алыптықтың

  4. ергежейліктің

  5. қантсыз диабеттің

42. Акромегалия мен алыптықтың себептері болуы мүмкін (3)

  1. соматолиберин сөлденісінің жоғарылауы

  2. гипофиздің эозинофилдік аденомасы

  3. соматостатин сөлденісінің жоғарылауы

  4. гипофиздің базофилдік аденомасы

  5. СТГ тіндер сезімталдығының жоғарылауы

43 . Гипофиздің эозинофилдік аденомасы, дамуына әкеледі (1)

  1. акромегалияның немесе алыптықтың

  2. гиперкортизолизмнің

  3. гипотиреоздың

  4. гиперпаратиреоздың

  5. адреногениталдық синдромның

44. СТГ артық сөлденісіне тән (5)

  1. сүйектің эпифиздік және сүйек қабығылық өсуі

  2. спланхномегалия

  3. гипогликемия

  4. АҚ төмендеуі

  5. дененің жеке бөліктерінің өзара сәйкессіз ұлғаюы (акромегалия)

  6. АҚ жоғарылауы

  7. гипергликемия

    1. СТГ өндірілуі жоғарылаған кезде нәруыз алмасуының өзгерістеріне

жатады (5)

  1. коллаген түзілуінің түрткіленуі және дәнекер тіннің өсіп-өнуі

  2. ДНҚ тимидин енгізілуінің түрткіленуі

  3. РНҚ түзілуінің түрткіленуі

  4. нәруыз түзілуінің түрткіленуі

  5. оң азоттық тепе-теңдік

  6. теріс азоттық тепе-теңдік

  7. нәруыз ыдырауының белсенділенуі

46. СТГ өндірілуі жоғарылаған кезде ұйқыбездік емес инсулиндік

жеткіліксіздіктің патогенезінде маңызы бар (4)

  1. тіндермен глюкозаны сіңіру және пайдаланудың тежелуі

  2. глюкагон түзілуінің белсенділенуі

  3. гексокиназаның тежелуі

  4. глюконеогенез және гликогенолиздің тежелуі

  5. бауыр инсулиназасының белсенділенуі

47. СТГ өндірілуі жоғарылаған кезде май алмасуының өзгерістеріне

жатады (3)

  1. липолиздің белсенділенуі

  2. кетогенездің белсенділенуі

  3. липогенездің белсенділенуі

  4. семіру

  5. гиперкетонемия

48 ДҚГ сөлденісінің төмендеуі, дамуына әкеледі (1)

  1. қантты диабеттің

  2. қантсыз диабеттің

  3. Конн синдромының

  4. Симмондс ауруының

  5. Аддисон ауруының

49. Қантсыз диабеттің дамуына әкелуі мүмкін (4)

  1. бас сауыты-мый жарақаты

  2. нейрогипофиздің қабынуы, қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуы

  3. ДҚГ түзілуінің тұқым қуалайтын ақауы

  4. бүйрек өзекшелері қабылдағыштарының ДҚГ сезімталдығының төмендеуі

  5. тиролибериннің артық сөлденісі

50. Бүйрек өзекшелерінің ДҚГ сезімталдығының төмендеуіне әкеледі (3)

  1. гиперкәлциемия

  2. тубулопатиялар

  3. гипернатриемия

  4. гипокәлиемия

51. ДҚГ жеткіліксіздігі сипатталады (2)

  1. полиурия, гипостенурия, полидипсиямен

  2. полиурия, гиперстенурия, полидипсиямен

  3. олигурия, ісінулермен

  4. глюкозурия, полиурия, полидипсиямен

  5. гиперосмолялдық гипогидратация дамуымен

52. ДҚГ сөлденісі және/немесе әсерінің жоғарылауы (ДҚГ сәйкессіз сөлденісі синдромы байланысты (3)

  1. гипоталамустың ДҚГ артық өндірілуіне

  2. өкпенің сұлы тәрізді-жасушалы карциномасы жасушаларымен ДҚГ-ға ұқсас пептидті эктопиялық өндірілуіне

  3. кортизол сөлденісінің жоғарылауына

  4. қабылдағыштардың ДҚГ сезімталдығының жоғарылауына

53. ДҚГ артық сөлденісі әкеледі (5)

  1. бүйрек өзекшелерінде судың кері сіңірілуінің жоғарылауына

  2. олигурияға

  3. сумен уыттанудың дамуына

  4. дене массасының жоғарылауына

  5. гипернатриемияға

  6. гипонатриемияға

54. Сәйкестікті тап:

1. Бүйрек үсті бездері қыртысының шумақты аймағының гормондары

2. Бүйрек үсті бездері қыртысының шоғырлы аймағының гормондары

3. Бүйрек үсті бездері қыртысының торлы аймағының гормондары

  1. глюкокортикоидтар 2

  2. минералокортикоидтар 1

  3. жыныстық гормондар 3

55. Бүйрек үсті бездерінің гиперфункциясы кезінде дамуы мүмкін (4)

  1. гиперкортизолизм

  2. Иценко-Кушинг синдромы

  3. Симмондс ауруы

  4. феохромоцитома

  5. Конн синдромы

  6. Аддисон ауруы

56. Гиперкортизолизмнің салдары бола алады (5)

  1. кортиколиберин сөлденісі жоғарылауына әкелетін гипоталамус, таламустың бүлінісі

  2. АКТГ сөлденісі жоғарылауы бар гипофиздің базофилдік аденомасы

  3. глюкостеромалар

  4. бүйрек үсті бездері қыртысының шумақты аймағының өспелері

  5. бронхылардың өспелері кезінде АКТГ эктопиялық түзілуі

  6. глюкокортикоидтарды ұзақ қабылдау

57. Иценко-Кушинг ауруының себептері болып табылады (2)

  1. кортизол түзілуінің тұқым қуалаушылыққа байланысты бұзылуы

  2. кортиколиберин сөлденісі жоғарылауына әкелетін гипоталамус, таламустың бүлінісі

  3. АКТГ сөлденісі жоғарылауы бар гипофиздің базофилдік аденомасы

  4. глюкостерома

  5. бүйрек үсті бездері қыртысының шумақты аймағының өспесі

  6. бронхылардың өспелері кезінде АКТГ эктопиялық түзілуі

  7. глюкокортикоидтарды ұзақ қабылдау

58. Иценко-Кушинг синдромының себептері болады (3)

  1. кортизол түзілуінің тұқым қуалаушылыққа байланысты бұзылуы

  2. АКТГ сөлденісі жоғарылауы бар гипофиздің базофилдік аденомасы

  3. глюкостерома

  4. бүйрек үсті бездері қыртысының шумақты аймағының өспесі

  5. бронхылардың өспелері кезінде АКТГ эктопиялық түзілуі

  6. глюкокортикоидтарды ұзақ қабылдау

59. Иценко-Кушинг ауруы патогенезінің көрсетілмеген тізбегі:

Кортиколиберин сөлденісінің жоғарылауы→ АКТГ сөлденісінің жоғарылауы →?→ глюкокортикоидтар, жыныстық гормондар сөлденісінің жоғарылауы

  1. бүйрек үсті бездері қыртысының шумақты аймағының түрткіленуі

  2. қалқанша бездің түрткіленуі

  3. бүйрек үсті бездері қыртысының шоғырлы және торлы аймақтарының түрткіленуі

  4. бүйрек үсті бездері қыртысының шумақты және торлы аймақтарының түрткіленуі

60. Иценко-Кушинг ауруына тән (3)

A) бүйрек үсті бездері қыртысының екі жақты гиперплазиясы

B) бүйрек үсті бездері қыртысында андрогендер түзілуінің күшеюі

C) қан плазмасында АКТГ төмен деңгейі

D) бүйрек үсті бездері қыртысының бір жақты гиперплазиясы

E) бетте, дененің жоғарғы жағында, іште май жиналуы

61. Гиперкортизолизм қабаттасады (5)

  1. нәруыз ыдырауының күшеюімен

  2. бұлшықет және дәнекер тінде нәруыз түзілуінің төмендеуімен

  3. оң азоттық тепе-теңдікпен

  4. гиперазотемиямен

  5. триацилглицериндер түзілуінің жоғарылауымен

  6. бауырда және май тінінде май қышқылдары тотығуының төмендеуімен

62. Гиперкортизолизм кезінде нәруыз алмасуы бұзылуының салдары

болады (3)

A) антиденелер өндірілуінің жоғарылауы

B) бұлшықеттер семуі

C) глюконеогенездің төмендеуі

D) остеопороз

E) жұқпаларға төзімділіктің төмендеуі

63. Иценко Кушинг ауруы кезінде ұйқы бездік емес инсулиндік

жеткіліксіздіктің патогенезінде маңызы бар (3)

  1. глюконеогенездің белсенділенуі

  2. глюкозаның майға айналуының тежелуі

  3. глюкозо-6-фосфатаза белсенділігінің және қанға жасушадан глюкоза шығуының жоғарылауы

  4. гликогенолиздің тежелуі

  5. липолиздің тежелуі

    1. Иценко-Кушинг ауруы кезінде су-электролит алмасуының

бұзылыстарына жатады (5)

  1. гипернатриемия

  2. гипокәлиемия

  3. гипонатриемия

  4. гиперкәлиемия

  5. АҚК жоғарылауы

  6. ішекте кәлций сіңірілуінің тежелуі

  7. несеппен кәлций шығарылуының жоғарылауы

    1. Гиперкортизолизм кезіндегі гипернатриемияның патогенезінде маңызы бар (5)

  1. ангиотензиноген түзілуінің тежелуі

  2. ренин өндірілуінің төмендеуі

  3. ангиотензиноген түзілуінің жоғарылауы

  4. ангиотензинге ауыстыратын фермент түзілуінің жоғарылауы

  5. ренин-ангиотензин-әлдостерон жүйесінің белсенділенуі

  6. әлдостерон сөлденісінің жоғарылауы

  7. натрийдың кері сіңірілуінің күшеюі

66. Иценко-Кушинг ауруының көріністеріне жатады (6)

  1. артериялық гипотензия

  2. жүдеу

  3. артериялық гипертензия

  4. майдың бетте, мойында, іште жиналуы

  5. бұлшықет әлсіздігі

  6. остеопороз

  7. іш терісінде, иықта, санда жолақтың пайда болуы

  8. маскулинизация немесе феминизация

67. Гиперкортизолизм кезінде артериялық гипертензияның патогенезінде маңызы бар (5)

  1. ренин-ангиотензин-әлдостерондық жүйе белсенділенуінің

  2. шеткері қан тамырлары кедергісі жоғарылауының

  3. АҚК жоғарылауының

  4. әлдостерон сөлденісі төмендеуінің

  5. қан тамырлары қабырғасының катехоламиндерге сезімталдығы

жоғарылауының

  1. шеткері қан тамырлары кедергісі төмендеуінің

  2. қан тамырларын қозғалтқыш орталықтың межеқуаты жоғарылауының

68. Иценко-Кушинг ауру кезіндегі остеопороз патогенезінде маңызы бар (4)

  1. сүйек тіні нәруыздарының ыдырауы жоғарылауының

  2. сүйектің нәруыздық бетінде кәлций бекітілуі бұзылуының

  3. ішекте кәлций сіңірілуі төмендеуінің

  4. салдарлық гиперпаратиреоз дамуының

  5. гипопаратиреоз дамуының

69. Гиперкортизолизм кезінде дистрофиялық «керілу жолақтары» - стриялар, салдарынан пайда болады (5)

  1. теріде нәруыз түзілуінің тежелуі

  2. теріде дәнекер тін нәруыздарының тапшылығы(коллагена, эластина ж.б.)

  3. терінің жұқаруы

  4. терінің қалыңдауы және тері асты шел майының ұлғаюы

  5. кіші қан тамырларының көрінуі

  6. тері асты шел майының кіші қан тамырларында қан іркілуі

70. Сәйкестікті тап:

1. Маскулинизация (А)

2. Феминизация (В)

3. Гирсутизм (С)

  1. әйелдерде еркектердің кейінгі жыныстық белгілерінің пайда болуы (мұрт, сақал өсуі, барифония)

  2. кейінгі еркектік жыныс белгілерінің жоғалуы және әйелдердің кейінгі жыныстық белгілерінің пайда болуы

  3. түктердің еркектік сипат бойынша өсуі

71. Маскулинизация патогенезінің көрсетілмеген тізбегі:

АКТГ → бүйрек үсті бездері қыртысының торлы аймағының түрткіленуі → жыныстық гормондардың өндірілуінің жоғарылауы→ ? → меншік жыныс бездері қызметінің тежелуі→ эстрогендер өндірілуінің төмендеуі→ бүйрек үсті бездерінің андрогендері әсерінің басым болуы→ маскулинизация

  1. АКТГ өндірілуінің тежелуі

  2. ГТГ өндірілуінің тежелуі

  3. СТГ өндірілуінің тежелуі

  4. ТТГ өндірілуінің тежелуі

72. Гиперкортизолизм кезінде іріңдік бүліністердің, жұқпаларға төзімділік төмендеуінің дамуы байланысты (5)

  1. интерлейкиндер -1,-6, өспелердің тіршілігін жоятын, гранулоциттік-макрофагтық колония түрткілейтін жайттардың түзілуін кодтайтын тектер күшеюі және тежелуіне

  2. азот тотығы синтетазасы түзілуін кодтайтын тектің күшеюі және тежелуіне

  3. лейкоциттер эмиграциясының белсенділенуіне фагоцитоздың белсенділенуіне

  4. адгезия молекулалары түзілуін кодтайтын тектің күшеюі және тежелуіне

  5. лимфоциттер апоптозының түрткіленуіне

  6. антиденелер түзілуінің тежелуіне

73. Сәйкестікті тап:

1. Алғашқы әлдостеронизм (Конн синдромы) (2)

2. Салдарлық әлдостеронизм (2)

  1. бүйрек үсті бездері қыртысының шумақты аймағының аденомасы 1

  2. ренин-ангиотензин-әлдостерон жүйесі белсенділенген кезде әлдостерон сөлденісінің жоғарылауы 2

  3. гипертензия және ісінулер дамуы 2

  4. ренина және ангиотензин-II төмен белсенділігі 1

74. Әлдостерон сөлденісі жоғарылайды (3)

  1. АҚК төмендегенде

  2. АҚК жоғарылағанда

  3. гипонатриемия және гиперкәлиемияда

  4. гипернатриемия және гипокәлиемияда

  5. ренин-ангиотензин жүйесінің белсенділігі жоғарылағанда

75. Салдарлық әлдостеронизм дамиды (3)

A) жүрек жеткіліксіздігінде

B) бүйрек жеткіліксіздігінде

C) гипертониялық ауруда

D) Квинке ісінуінде

E) әлдостеромада

76. Әлдостеронның артық өндірілуі әкеледі (3)

  1. қанда натрийдың көбеюіне

  2. қанда кәлийдың көбеюіне

  3. қанда кәлийдың азаюына

  4. АҚ жоғарылауына

  5. АҚ төмендеуіне

77. Конн синдромына тән (6)

А) артериялық гипертензия

В) артериялық гипотензия

С) гипонатриемия

D) гипергликемия

E) бұлшықеттік әлсіздік

F) жалған ауыру сезім, өткінші салданулар, шаласалдану

G) гипокалиемия

H) бүйрек өзекшелерінің дистрофиясы және ДҚГ сезімталдығының төмендеуі

I) полиурия

78. Адреногениталдық синдром патогенезінің көрсетілмеген тізбегі:

Кортизол түзілуі ферменттерінің тұқым қуалаушылыққа байланысты жеткіліксіздігі → кортизол түзілуінің бұзылуы→ кері байланыс тетігі бойынша → ? → сөлденісінің түрткіленуі → бүйрек үсті бездері қыртысының гиперплазиясы, андрогендердің артық сөлденісінің→ маскулинизация

  1. СТГ

  2. ТТГ

  3. ГТГ

  4. АКТГ

79. Туа біткен адреногениталдық синдромға тән (3)

A) қанда кортизолдың төмен деңгейі

B) қанда АКТГ жоғары мөлшері

C) бүйрек үсті бездерінің екі жақты гиперплазиясы

D) қанда АКТГ төмен мөлшері

E) бүйрек үсті бездерінің екі жақты гипоплазиясы

80. Гипофизде АКТГ сөлденісі жоғарылайды (2)

A) адрено-гениталдық синдромда

B) Иценко-Кушинг синдромында

C) Иценко-Кушинг ауруында

D) феохромоцитомада

E) әлдостеронизмде

81 Бүйрек үсті бездері қыртысының гипофункциясы кезінде сөлденісі

азаяды (3)

A) андрогендердің

B) соматостатинның

C) әлдостеронның

D) кортизолдың

E) катехоламиндердің

82. Сәйкестікті тап:

1. Бүйрек үсті бездерінің алғашқы жеткіліксіздігі (А)

2. Бүйрек үсті бездерінің салдарлық жеткіліксіздігі (В)

  1. бүйрек үсті бездері қыртысының зақымдануы

  2. гипофиз және гипоталамустың зақымдануы кезінде бүйрек үсті бездерінің қыртысы қызметінің бұзылуы

83. Бүйрек үсті бездерінің созылмалы жеткіліксіздігінің (Аддисон ауруы)

себептері болуы мүмкін (6)

  1. бүйрек үсті бездері қыртысының аутоиммундыық зақымдануы

  2. бүйрек үсті бездерінің туберкулезі

  3. бүйрек үсті бездерінің қыртысына өспелердің метастаза беруі

  4. ТШҚҰ-синдромы кезінде бүйрек үсті бездері артерияларының тромбозы

  5. глюкокортикоидтармен ұзақ емдеу

  6. бүйрек үсті бездерінің туа біткен гипоплазиясы

  7. бүйрек үсті бездері қыртысының гормондары түзілуі ферменттерінің жеткіліксіздігі

84. Аддисон ауруына тән (4)

A) терінің жоғары нілденуі

B) гипонатриемия, гиперкалиемия

C) гипернатриемия, гипокалиемия

D) артериялық гипотензия

E) бұлшықеттік үдемелі әлсіздік

85. Бүйрек үсті бездерінің созылмалы жеткіліксіздігі кезіндегі зат алмасу

бұзылыстарына жатады (4)

  1. бүйрек өзекшелерінде натрийдың кері сіңірілуінің төмендеуі

  2. глюконеогенездің төмендеуі

  3. гликогенолиз және глюконеогенездің белсенділенуі

  4. нәруыз түзілуінің төмендеуі

  5. теріс азоттық тепе-теңдік

86. Бүйрек үсті бездерінің созылмалы жеткіліксіздігі кезіндегі бұлшықеттік әлсіздіктің патогенезінде маңызы бар (3)

  1. иондар тепе-теңсіздігі салдарынан миоциттердің қозғыштығы, өткізгіштігі және жиырылғыштығы бұзылуының

  2. гипернатриемия, гипокалиемияның

  3. гипогликемия салдарынан жиырылу үрдісінің қажыммен қамтамасыз етілуі жеткіліксіздігінің

  4. бұлшықеттердің дистрофиясының

  5. гипергликемия және тотығулық фосфорлану белсенділенуінің

87. Бүйрек үсті бездерінің созылмалы жеткіліксіздігі кезіндегі АҚ төмендеуі байланысты (5)

  1. АҚК азаюына

  2. АҚК көбеюіне

  3. қан тамырларын қимылдатқыш орталығы межеқуатының төмендеуіне

  4. қан тамырларын қимылдатқыш орталығы межеқуатының жоғарылауына

  5. артериолалардың тегісеттік жасушалары межеқуатының төмендеуіне

  6. катехоламиндерге қан тамырлары қабырғасының сезімталдығының төмен-деуіне

  7. жүректің жиырылғыштық қызметінің төмендеуіне

88. Аддисон ауруы кезіндег тері және шырыты қабықтар гиперпигментациясы патогенезінің көрсетілмеген тізбегі:

Кортизола тапшылығы→ кері байланыс тетігі бойынша → ? → сөлденісінің жоғарылауы→ тері және шырышты қабықтарда меланин жиналуының жоғарылауы→ гиперпигментация

  1. АКТГ

  2. АДГ

  3. СТГ

  4. ТТГ

89. Бүйрек үсті бездерінің жіті жеткіліксіздігінің себептері болуы мүмкін (3)

  1. бүйрек үсті бездерінің туберкулезі

  2. бүйрек үсті бездерінің қыртысына қан құйылу

  3. бүйрек үсті бездерінің қыртысына өспелердің метастаза беруі

  4. ТШҚҰ-синдромы кезінде бүйрек үсті бездері артерияларының тромбозы

  5. бүйрек үсті бездерінің туа біткен гипоплазиясы

  6. екі жақты адреналэктомия

90. Бүйрек үсті бездерінің жіті жеткіліксіздігіне тән (5)

  1. артериялық гипертензия

  2. гипернатриемия

  3. гиперкәлиемия

  4. гипогликемия

  5. артериялық гипотензия

  6. жүйкелік-психикалық бүліністер

  7. қызба

91. Гипертиреоз,жоғары сөлденісіне байланысты болуы мүмкін (4)

A) трийодтирониннің

B) тироксиннің

C) АКТГ

D) ТТГ

E) тиреолибериннің

92. Алғашқы гипертиреоз дамуының себептері болуы мүмкін (3)

  1. тиреолибериннің артық сөлденісімен қабаттасатын невроздар

  2. гипофиздің аденомасы

  3. қалқанша безді түрткілейтін иммуноглобулиндердің артықтығы (Базед ауруы)

  4. қалқанша бездің аденомасы

  5. организмге тиреоидты гормондарды енгізу

93. Салдарлық гипертиреоздың себептері (1)

  1. тиреолибериннің артық сөлденісімен қабаттасатын невроздар

  2. ТТГ артық сөлденісі бар гипофиздің аденомасы

  3. қалқанша безді түрткілейтін иммуноглобулиндердің артықтығы (Базед ауруы, Грейвс ауруы)

  4. қалқанша бездің аденомасы

  5. организмге тиреоидты гормондарды енгізу

94. Салдарлық гипертиреоз себептері (1)

  1. тиреолибериннің артық сөлденісімен қабаттасатын невроздар

  2. гипофиздің аденомасы

  3. қалқанша бездің аденомасы

  4. организмге тиреоидты гормондарды енгізу

  5. қалқанша безді түрткілейтін иммуноглобулиндердің артықтығы (Базед ауруы, Грейвс ауруы)

95. Гипертиреоздың негізгі көріністері (9)

  1. негізгі алмасудың жоғарылауы

  2. жүдеу

  3. дене қызуының жоғарылауы

  4. брадикардия

  5. гиперхолестеринемия

  6. тахикардия

  7. қалқанша бездің үлкеюі

  8. көз ағының ұлғаюы

  9. тершеңдік

  10. ашушаңдық, саусақтар дірілі

  11. артериялық гипертензия

96. Гипертиреоз кезінде зат алмасу өзгерістеріне жатады (4)

  1. тотығу ферменттері белсенділігінің жоғарылауы

  2. тотығу және фосфорланудың ажырауы

  3. негізгі алмасудың жоғарылауы

  4. гиперхолестеринемия

  5. гипохолестеринемия

  6. липогенездің белсенділенуі

97. Гипертиреоз кезіндегі ұйқы бездік емес инсулиндік жеткіліксіздік дамуының патогенезінде маңызы бар (3)

  1. гликогенолиз белсенділенуінің

  2. гликогеногенез белсенділенуінің

  3. ішекте глюкоза сіңірілуі жоғарылауының

  4. бауыр инсулиназасы белсенділенуінің

  5. липогенез белсенділенуінің

98. Гипертиреоз кезінде нәруыз алмасуының бұзылыстарына жатады (3)

  1. нәруыз ыдырауының жоғарылауы

  2. гиперазотемия

  3. нәруыз түзілуінің күшеюі

  4. оң азоттық тепе-теңдік

  5. теріс азоттық тепе-теңдік

99. Гипертиреоз кезінде жүйке жүйесі қызметінің бұзылыстарына жатады (4)

  1. эмоциялық ұшқалақтық

  2. назар аударудың бұзылуы

  3. ұйкышылдық

  4. тежелушілік

  5. діріл

  6. жоғары психикалық қозғыштық

100. Гипертиреоз кезінде жүйке жүйесі қызметінің бұзылыстары патогенезінде маңызы бар (3)

  1. мый қыртысы нейрондарының жоғары қозғыштығының

  2. тежелу тапшылығының

  3. мый қыртысында тежелу үрдістері жоғарылауының

  4. парасимпатикалық жүйке жүйесі межеқуатының жоғарылауы

  5. симпатикалық жүйке жүйесі межеқуатының жоғарылауы

101. Гипертиреоз кезінде жүрек—қан тамыры жүйесінің бұзылыстарына жатады (5)

  1. тұрақты тахикардия

  2. ҚМК ұлғаюы

  3. брадикардия

  4. гипотензия

  5. систолалық АҚ жоғарылауы

  6. пульстік қысымның жоғарылауы

  7. миокарда гипертрофиясы

102. Гипертиреоз кезінде қарын-ішек жолының бұзылыстарына жатады (2)

  1. ішек қимылының күшеюі

  2. іш қатуының дамуы

  3. ішектің толқи жиырылуының әлсіреуі

  4. іш өтуінің дамуы

  5. бауыр қызметінің бұзылуы

103. Гипертиреоз кезінде көз әйгіленімдеріне жатады (4)

  1. көз ағының ұлғаюы

  2. көз қасаң қабығының құрғауы, жалағы, жарасы

  3. сирек кірпік қағу

  4. «ашулы қарау»

  5. көз жасы түзілуінің жоғарылауы

104. Алғашқы гипотиреоздың себептері (7)

  1. аутоиммундық тиреоидит

  2. қалқанша бездің аплазиясы

  3. гипофиздің зақымдануы

  4. тироксин түзілуінің тұқым қуалайтын ақауы

  5. гормондардың қан нәруыздарымен берік байланысуы

  6. тағаммен йодтың аз түсуі

  7. кобальт, молибден, цинктің тапшылығы

  8. тіндердің тиреоидты гормондарға төмен сезімталдығы

  9. струмэктомия

  10. радиоактивті йодтың әсері

105. Салдарлық гипотиреоздың себептері (2)

  1. аутоиммундық тиреоидит

  2. гипоталамустың зақымдануы

  3. гипофиздің зақымдануы

  4. кобальт, молибден, цинктің тапшылығы

  5. қанда гормондар белсенділігінің төмендеуі

  6. тіндердің тиреоидты гормондарға төмен сезімталдығы

  7. радиоактивті йодтың әсері

106. Гипотиреоз дамуының безден тыс тетіктеріне жатады (4)

  1. гипофиздің зақымдануы

  2. гормондардың қан нәруыздарымен берік байланысуы

  3. қанда гормондар белсенділігінің төмендеуі

  4. тіндердің тиреоидты гормондарға төмен сезімталдығы

  5. радиоактивті йодтың әсері

  6. тіндерде тироксиннен гормондық тұрғыдан белсенді емес трийодтирониннің түзілуі

107. Гипотиреоздың мүмкіндік себептері (3)

A) тиреоциттердің йодты сіңіруінің тежелуі

B) тағам және суда йодтың тапшылығы

C) тиреолибериннің артықтығы

D) қалқанша бездің аутоиммундық бүлінісі

E) АКТГ артықтығы

108. Гипотиреоз кезінде зат алмасудың өзгерістері (6)

  1. тотығу үрдістерінің төмендеуі

  2. негізгі алмасудың төмендеуі

  3. негізгі алмасудың жоғарылауы

  4. жылу өндірілуінің төмендеуі

  5. гликогенолиздің төмендеуі

  6. гипогликемия

  7. гипергликемия

  8. нәруыз түзілуінің төмендеуі

109. Гипотиреоз кезінде зат алмасудың өзгерістеріне жатады (4)

  1. гиперхолестеринемия

  2. гипохолестеринемия

  3. тіндерде сұйық мөлшерінің жоғарылауы

  4. гипогидрия

  5. тері, тері асты шелмайы, жүрек, өкпе, бүйректе қышқыл мукополисахаридтердің жиналуы

  6. микседеманың дамуы (шырышты ісіну)

110. Гипотиреоз кезінде жүйке жүйесі қызметінің бұзылыстарына жатады (4)

  1. психикалық белсенділіктің төмендеуі

  2. ойлау және сөйлеудің баяулауы

  3. ашуланшақтық, жылауықтық

  4. жоғары психикалық қозғыштық

  5. жадтың бұзылуы

  6. тежелгіштік, ұйкышылдық

111.Туа біткен гипотиреоз кезіндегі энцефалопатияның патогенезінде

маңызы бар (3)

  1. жүйке жасушаларының жетілуі төмендеуінің

  2. адренореактивтілік төмендеуінің

  3. тежелу тапшылығының

  4. гипоксияның

112. Тиреоидты гормондардың тапшылығы әкеледі (4)

  1. жүрек бұлшықетінің интерстициалдық ісінуің

  2. дисметаболизмдік кардиомиопатияға

  3. тахикардияға

  4. брадикардияға

  5. ҚМК төмендеуіне

113. Гипотиреозға тән (4)

  1. ішек және өт жолдарының гипотониясы және гипокинезиясы

  2. іш қату

  3. қуыстық және іргелік ас қорытудың бұзылыстары

  4. іш өту

  5. іш кебу

114. Қалқанша бездің балалық шақтағы гипофункциясының көрінісі (4)

  1. ақыл-есі дамуының жарымеске дейін кешеуілдеуі (кретинизм)

  2. бала еңбегінің ұзақ бітпеуі

  3. сүт тістер ауысуының кешеуілдеуі

  4. алыптықтың дамуы

  5. бойдың өспей қалуы

115. Йодтың су және тағамда жетіспеуінен дамиды (1)

  1. аутоиммундық тиреоидит

  2. гипертиреоз

  3. гипопаратиреоз

  4. эндемиялық зоб

  5. жайылған уыттық зоб

116. Алғашқы гиперпаратиреоздың себептері (2)

  1. қалқанша маңы бездерінің аденомасы

  2. ұзаққа созылған гипокәлциемия

  3. өкпе карциномасы

  4. мәлабсорбция синдромы кезінде қалқанша маңы бездерінің гиперплазиясы

  5. қалқанша маңы бездерінің карциномасы

  6. D гиповитаминоы кезінде қалқанша маңы бездерінің гиперплазиясы

117. Гиперпаратиреоздың негізгі көріністері (6)

  1. остеопороз

  2. гиперкәлциемия

  3. гипокәлциемия

  4. сүйектердің өзгеруі

  5. гипофосфатемия

  6. жұмсақ тіндердің кәлцинозы

  7. бүйрек және несепте тас байлануы

118. Гиперпаратиреоздың патогенезінде маңызы бар (5)

  1. остеокластар белсенділігі жоғарылауының

  2. остеокластардың остеобластарға айналуы тежелуінің

  3. сүйек тіні сорылуы жоғарылауының

  4. бүйрек өзекшелерінде кәлцийдің кері сіңірілуі жоғарылауының

  5. ішекте кәлций сіңірілуі жоғарылауының

  6. 1, 25-(ОН)2D3 түзілуі төмендеуінің

119. Гипопаратиреоздың себептері болуы мүмкін (4)

  1. қалқанша маңы бездерінің туа біткен жоқтығы немесе жете дамымауы

  2. бездердің аутоиммундық зақымдануы

  3. қалқанша маңы бездерінің аденомасы

  4. қалқанша маңы бездерінің қанмен қамтамасыз етілуінің немесе жүйкеленуінің бұзылуы

  5. паратгормонға нысана ағзалар сезімталдығының төмендеуі

120. Гипопаратиреоздың көріністеріне жатады (5)

  1. гипокәлциемия

  2. гиперфосфатемия

  3. гиперкәлциемия

  4. кәлциноз

  5. жүйке-бұлшықеттік қозғыштықтың жоғарылауы

  6. селкілдек

  7. спазмофилия

121. Гипопаратиреоздың патогенезінде маңызы бар (4)

  1. остеокластар белсенділігі төмендеуінің

  2. сүйек тіні сорылуы тежелуінің

  3. бүйректе кәлцийдің кері сіңірілуі төмендеуінің

  4. ішекте кәлций сіңірілуі төмендеуінің

  5. жұмсақ тіндерде кәлций жиналуының

122. Гипопаратиреозға тән (3)

A) гипокәлциемия, гиперфосфатемия

B) гиперкәлциемия, гипофосфатемия

C) тырысу, спазмофилия

D) сүйектің боркеміктігі

E) нейрондар, миоциттер қозғыштығының жоғарылауы

123. Ана бездердің алғашқы гипофункциясының себептері бола алады (5)

  1. эстрогендер түзілуінің тұқым қуалайтын ақауы

  2. ана бездердің поликистозы

  3. ана бездердің ГТГ-ға төмен сезімталдығы

  4. гипоталамус немесе гипофиздің зақымдануы

  5. ана бездердің аутоиммундық зақымдануы

  6. ана бездердің гипоплазиясы

124. Ана бездердің садарлық гипофункциясының себептері бола алады (2)

  1. эстрогендер түзілуінің тұқым қуалайтын ақауы

  2. энцефалиттер, жарақаттар, гипофиздің өспелері кезінде ГТГ өндірілуінің төмендеуі

  3. гонадолибериндер түзілуінің бұзылуы

  4. ана бездердің поликистозы

  5. ана бездердің ГТГ-ға төмен сезімталдығы

125. Ана бездердің гипофункциясының көріністеріне жатады (4)

  1. жыныстық жетілудің кешеуілдеуі

  2. аменорея

  3. ерте жыныстық жетілу

  4. қызметі бұзылғандықтан жатырдан қан кету

  5. кахексия

  6. бедеулік

126. Ана бездердің гиперфункциясының себептері бола алады (4)

  1. гонадолибериндер сөлденісінің жоғарылауы бар гипоталамустың дерттік үрдістері

  2. ГТГ сөлденісінің жоғарылауы бар гипофиздің дерттік үрдістері

  3. ана бездердің ГТГ-ға төмен сезімталдығы

  4. ана бездердің андрогендер өндіретін өспелері

  5. ана бездердің эстрогендер өндіретін өспелері

127. Ана бездердің гиперфункциясының көріністеріне жатады (3)

  1. ерте жыныстық жетілу

  2. акромегалия

  3. етеккір келуінің бұзылуы

  4. әтектік

  5. адреногениталдық синдром

128. Ата бездің гипофункциясына әкеледі (5)

  1. ГТГ өндірілуінің бұзылуы бар жарақаттар, гипофиздің қабынуы

  2. ата бездің жарақаттары

  3. ата без тінінің аутоиммундық зақымдануы

  4. ата без дамуының бұзылуы

  5. гонадолибериндер сөлденісінің жоғарылауы

  6. радиацияның әсері

129. Ата бездің гипофункциясының көріністеріне жатады (4)

  1. жыныстық жетілудің кешеуілдеуі

  2. әтектік

  3. кахексия

  4. семіру

  5. бедеулік, белсіздік

130. Ата бездің гиперфункциясына әкелуі мүмкін (3)

  1. гонадолибериндер сөлденісінің жоғарылауы бар мый өспелері

  2. ата без тінінің аутоиммундық зақымдануы

  3. ата бездің өспелері

  4. гонадотропты гормондардың артық сөлденісі

  5. тиреотропты гормонның артық сөлденісі

131. Ата бездің гиперфункциясының көріністеріне жатады (3)

  1. ерте, нағыз жыныстық жетілу

  2. ерте, жалған жыныстық жетілу

  3. сперматогенездің белсенділенуі

  4. әтектік