Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КЗ ПАТОФИЗИОЛОГИЯ тесты казинтернет.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
4.88 Mб
Скачать
  1. Тромбиннің әсерсізденуіне

  2. Iх, х, хi, хii жайттардың әсерсізденуіне

  3. гепарин әсерінің бұзылуына

  4. қайталанатын тромбоздардың пайда болуына

  5. қанталауға

  6. жастық кезеңде инфарктың пайда болуына

47. Гепарин тапшылығы байқалады (5)

  1. тағамда май артық мөлшерде болғанда

  2. атеросклерозда

  3. қантты диабетте

  4. семіруде

  5. стресте

  6. созылмалы миелолейкоздае

48. Гиперлипидемия кезіндегі гепарин белсенділігінің төмендеуі бай-

ланысты (1)

  1. Протеолиз үшін гепаринді қолддануға

  2. қан липопротеидлипазасының белсенділенуіне

  3. гексокиназның белсенділенуіне

49. Қан қатпарының еруі жүзеге асады (1)

  1. плазминмен

  2. антитромбин III-пен

  3. гепаринмен

  4. протеин С-мен

  5. тромбомодулинмен

50. Фибринолиз жеткіліксіздігі байқалады (4)

  1. бауырда плазминоген түзілуі азайғанда

  2. плазмин түзілуі күшейгенде

  3. плазминогеннің плазминге ауысуы бұзылғанда

  4. қанға стрептокиназа түскенде

  5. плазминогеннің тіндік белсендіргіші түзілуінің бұзылуында

  6. плазминогеннің тіндік белсендіргішін бәсеңсіткіштері көбейгенде

51. ТШҚҰ– синдромының дамуына әкелуі мүмкін (4)

  1. сепсис

  2. қағанақтың сырылуы

  3. К гиповитаминозы

  4. аумақты хирургиялық әрекеттер

  5. дерттік иммундық үрдістер

  1. ТШҚҰ-синдромы кезіндегі гиперкоагуляцияның патогенезі бай-

ланысты (4)

  1. протромбиназа белсенділенуінің «сыртқы» және «ішкі» тетіктерінің белсенділенуіне

  2. қанға тіндік тромбопластиннің көп мөлшерде түсуіне

  3. эндотелийдің жүйелік зақымдануына

  4. антитромбин III тапшылығына

  5. қанның фибринолиздік жүйесінің белсенділенуіне

  6. қан ұйытқыштары мөлшерінің қанда жоғарылауына

53. ТШҚҰ-синдромы кезіндегі гипокагуляцияның патогенезі байланысты (4)

  1. пайдалану коагулопатиясына

  2. қан ұйытқыштарының артық болуына

  3. пайдалану тромбоцитопениясына

  4. гипофибриногенемияға

  5. фибринолиз және антикоагулянттардың белсенділенуіне

54. ТШҚҰ-синдромы кезіндегі қан кетулердің дамуы байланысты (4)

  1. плазминоген жүйесінің белсенділенуіне

  2. қан ұйытқыштарының артық пайдалануына

  3. тромбоцитопатияның дамуына

  4. пайдалану тромбоцитопениясына

  5. тіндік тромбопластин шығуының жоғарылауына

55. Тромбоздардың патогенездік емі ұстанымдарына жатады (4)

  1. фибринолиз белсендіргіштерін белгілеу

  2. антиагреганттарды белгілеу

  3. плазминоген жүйесінің бәсеңсіткіштерін белгілеу

  4. антикоагулянттарды белгілеу

  5. қанның аққыштық қасиетін қалпына келтіру

Қанайналымының жеткіліксіздігі. Жүрек жеткіліксіздігі

1. Қанайналымының жеткіліксіздігі пайда болады (4)

  1. Жүрек қызметінің алғашқы бұзылуынан

  2. шеткері қанайналымының бұзылыстарынан

  3. қан тамырларының межеқуаты бұзылуынан

  4. жүрек және қан тамырлары қызметінің біріккен бұзылыстарынан

  5. Гиповолемиядан

  6. миокардтың теңгерілген гипертрофиясынан

2. Сәйкестікке келтіріңіз:

1. Қанайналымының созылмалы жеткіліксіздігінің (ҚСЖ) I дәрежесі (1)

2. ҚСЖ II А дәрежесі (1)

3. ҚСЖ II Б дәрежесі (1)

4. ҚСЖ III дәрежесі (2)

  1. тахикардия мен ентік әдеттегі физикалық жүктеме кезінде пайда болады 1

  2. тахикардия мен ентік тыныштық жағдайда болады 2

  3. айтарлықтай көгеру, айқын ентігу, тыныштықтағы тахикардия, үлкен және кіші қанайналымы шеңберінде қан іркілуі 3

  4. кахексия 4

  5. ағзалар мен тіндердің қайтымсыз дистрофиялық өзгерістері 4

3. Жүрек жеткіліксіздігі сипатталады (4)

  1. миокардтың жиырылғыштық қабілетінің төмендеуімен

  2. әдетте, соғулық көлемнің азаюымен

  3. әдетте, жүректің минөттік көлемінің аэаюымен

  4. қанның қалдық систолалық көлемінің аэаюымен

  5. жүрек қуыстарының миогендік кеңеюімен

4. Жүректің жедел жеткіліксіздігінің себептері (4)

  1. миокард инфаркты

  2. кардиосклероз

  3. жедел миокардит

  4. гипертрофияланған миокардтың жедел теңгерілмеуі

  5. ұстамалы тахикардия

  6. синустық тахикардия

5. Оң қарыншалық жеткіліксіздіктің себептері бола алады (2)

  1. үлкен қанайналымы шеңберінің артериялық гипертензиясы

  2. кіші қанайналымы шеңберінің артериялық гипертензиясы

  3. жүректің сол қарыншасының алдыңғы қабырғасының инфаркты

  4. жүректің қос жарғақты қақпақшасының жеткіліксіздігі

  5. созылмалы пневмония

6. Оң қарыншалық жеткіліксіздікке тән (4)

  1. іш шемені

  2. жүрек демікпесі

  3. күре тамырлардың ісінуі

  4. аяқ ісінуі

  5. гепатомегалия

  6. өкпе ісінуі

7. Өкпенің кардиогендік ісінуі дамиды (2)

  1. оң қарыншалық жеткіліксіздікте

  2. сол қарыншалық жеткіліксіздікте

  3. жүректің толық жеткіліксіздігінде

8. Сол қарыншалық жеткіліксіздіктің себептері бола алады (3)

  1. қос жарғақты қақпақшаның жеткіліксіздігі

  2. сол қарыншаның алдыңғы қабырғасының инфаркты

  3. кіші қанайналымы шеңберінің гипертензиясы

  4. гипертониялық ауру

  5. өкпе эмфиземасы

9. Жүректің оң қарыншалық жеткіліксіздігі көрінеді (3)

  1. қанайналымының үлкен шеңберінде қанның веналық іркілуімен

  2. қанайналымының кіші шеңберінде қанның веналық іркілуімен

  3. өкпе ісінуімен

  4. іш шеменімен

  5. гепатомегалиямен

10. Жүрек жеткіліксіздігінің патогенезі бойынша жіктелуінің түрлері (3)

  1. зорығулық

  2. миокардтық

  3. аралас

  4. жедел

  5. созылмалы

  6. теңгерілген

  7. теңгерілмеген

11. Жүрек жеткіліксіздігінің зорығулық түрі пайда болады (3)

  1. гиперволемиядан

  2. миокард ишемиясынан

  3. миокардиттерден

  4. жүрек ақауларынан

  5. қан тамырларының жалпы шеткері кедергісінің ұлғаюынан

12. Жүректің қан көлемімен зорығуы дамуы мүмкін (2)

  1. гиперволемия кезінде

  2. артериялық гипертензияда

  3. артериялық гипотензияда

  4. қақпақшалық тесіктер тарылғанда

  5. жүрек қақпақшаларының жеткіліксіздігі кезінде

13. Жүректің "кедергімен" зорығуы дамиды (3)