Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КЗ ПАТОФИЗИОЛОГИЯ тесты казинтернет.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
4.88 Mб
Скачать

Жалпы этиология және патогенез. Организмге сыртқы этиологиялық жайттардың аурутуындататын әсері

1. Этиология – бұл (1)

  1. реактивтілік туралы ілім

  2. аурудың даму тетіктері туралы ілім

  3. ауру пайда болуының себептері және жағдайлары (себептік байланыстары) туралы ілім

  4. ауру туралы жалпы ілім

  5. аурудың белгілері туралы ілім

2. Аурудың себептері – бұл (1)

    1. аурудың пайда болуына септесетін жайт

    2. ауру туындататын және оның арнайы белгілерің анықтайтын жайт

    3. аурудың пайда болуына ықпал етпейтін жайт

    4. жағымсыз жағдайлардың жиынтығы

3. Ауру себебінің екі негізгі сипатын таңдаңыз: (2)

  1. аурудың ұзақтығына және ауырлығына ықпал ететін жайт

  2. аурудың пайда болуына септесетін жайт

  3. аурудың арнайы ерекшеліктерін анықтайтын жайт

  4. ауру пайда болуы үшін қажет жайт

  5. ауру пайда болуының жиілігіне ықпал ететін жайт

4. Аурудың арнайы белгілері тәуелді (1)

  1. ауру себептеріне

  2. ауру дамуына септесетін жағдайларға

  3. организм реактивтілігіне

5. Ауру пайда болуы үшін себепкер ықпал әрқашан қажет пе? (1)

  1. жоқ

  2. иә

6. Ауру пайда болуының жағдайлары – бұл (3)

  1. оларсыз ауру пайда болмайтын жайттар

  2. аурудың ауырлығына және ұзақтығына ықпал ететін жайттар

  3. аурудың пайда болуына кедергі келтіретін жайттар

  4. аурудың пайда болуына септесетін жайттар

7. Организм себеппен өзара әрекеттескенде және ауруды болдырмайтын жағдайлар бар болғанда ауру пайда болуы мүмкін бе? (1)

  1. жоқ

  2. иә

8. Әртүрлі жағдайлар белгілі бір аурудың пайда болуына септесе ала ма? (1)

  1. иә

  2. жоқ

9. Ауру себептері бола алады (4)

  1. механикалық жайттар

  2. жас мөлшері

  3. химиялық жайттар

  4. физикалық жайттар

  5. биологиялық жайттар

10. Сыртқы этиологиялық жайттарға жатады (4)

  1. иондайтын радиация

  2. организмнің конституциялық ерекшеліктері

  3. төмен барометрлік қысым

  4. бактериялар

  5. вирустар

11. Физикалық этиологиялық жайттарға жатады (4)

  1. шу

  2. электр ағымы

  3. жоғары және төмен температура

  4. вирустар

  5. иондайтын радиация

12. Аурудың пайда болуына септесетін сыртқы жағдай (1)

  1. ерте балалық шақ

  2. сапасыз тамақтану

  3. тұқым қуалауышлық

  4. конституция

  5. қарттық шақ

13. Химиялық этиологиялық жайттарға жатады (1)

  1. рентгендік сәулелену

  2. органикалық және бейорганикалық қосындылар

  3. үдеу

  4. электр ағымы

  5. қысылу

14. Механикалық этиологиялық жайттарға жатады (1):

  1. төмен температура

  2. төмен барометрлік қысым

  3. иондайтын радиация

  4. қысылу

  5. қатты шу

15. Ятрогендік аурулар – бұл (1)

  1. науқастың мінез-құлқы теріс болуынан туындайтын аурулар

  2. медицина қызметкерлерінің қате әрекеттерінен туындайтын аурулар

16. Биологиялық этиологиялық жайттарға жатады (2)

  1. бактериялар

  2. қышқылдар, сілтілер

  3. құрттар

  4. гербицидтер

  5. пестицидтер

17. Ішкі этиологиялық жайттар (1)

  1. сапасыз тамақтану

  2. ашығу

  3. тағамды артық ішу

  4. қарттық шақ

  5. жағымсыз экологиялық жағдайлар

18. Ішкі этиологиялық жайттарға жатады (1)

  1. жынысқа тиістілік

  2. соққы

  3. шу

  4. тербелу

  5. ауыр металл тұздары

19. Ішкі этиологиялық жайттарға жатады (1)

  1. өзгерген тұқым қуалаушылық

  2. сапасыз тамақтану

  3. қоршаған ортаның ластануы

  4. кәсіптік зияндықтар

  5. құрттар

20. Тұқым қуалаушылықтың этиологиядағы маңызы: (1)

  1. тек ауру себебі бола алады

  2. тек ауру пайда болуының жағдайы бола алады

  3. ауру пайда болуының себебі де, жағдайы да бола алады

  4. этиологияда ешқандай маңызы жоқ

21. Жастың этиологиядағы маңызы: (1)

  1. ауру себебі бола алады

  2. ауру пайда болуының жағдайы бола алады

  3. ауру пайда болуының себебі де, жағдайы да бола алады

  4. этиологияда ешқандай маңызы жоқ

22. Конституцияның этиологиядағы маңызы: (1)

А) ауру себебі бола алады

В) ауру пайда болуының жағдайы бола алады

С) ауру пайда болуының себебі де, жағдайы да бола алады

D) этиологияда ешқандай маңызы жоқ

23. Жыныстың этиологиядағы маңызы: (1)

А) ауру себебі бола алады

В) ауру пайда болуының жағдайы бола алады

С) ауру пайда болуының себебі де, жағдайы да бола алады

D) этиологияда ешқандай маңызы жоқ

24. Сәйкестікті тап:

1) Сыртқы этиологиялық жайттар (4)

2) Ішкі этиологиялық жайттар (4)

  1. конституция 2

  2. жас 2

  3. шу 1

  4. тұқым қуалаушылық 2

  5. жыныс 2

  6. вирустар 1

  7. төмен температура 1

  8. ауыр металл тұздары 1

25. Емдеудің этиотроптық ұстанымы негізінде әсер ету жатады (1)

  1. себепкер ықпалға

  2. салдарлық зақымдануларға

  3. зақымдану дәнекерлеріне

26. Этиотроптық алдын алуға өндірістегі техникалық қауіпсіздік шараларын сақтауды жатқызуға болама?

  1. иә

  2. жоқ

27. Жұқпалы ауруларды этиотроптық емдеуге қолдануды жатқызуға болады (1)

  1. витаминдерді

  2. ауыруды басатын дәрілерді

  3. бактерияларға қарсы дәрілерді

  4. сезімталдықты төмендететін дәрілерді

  5. антиоксиданттарды

28. Монокаузализм – бұл (3)

ауру себептері туралы материалистік көзқарас

ауру пайда болуына бір ғана себептің әсері жеткілікті болатыны туралы көзқарас

ауру пайда болуы үшін жағдайдың маңызы болмайтыны туралы көзқарас

ауру себептері туралы тұлғалық идеалистік көзқарас

ауру, маңыздылығы бірдей, жағдайлар кешенінің әсерінен пайда болатыны туралы көзқарас

29. Кондиционализм – бұл (2)

ауру себептері туралы материалистік көзқарас

ауру пайда болуына бір ғана себептің әсері жеткілікті болатыны

туралы көзқарас

ауру пайда болуы үшін жағдайдың маңызы болмайтыны туралы көзқарас

ауру себептері туралы тұлғалық идеалистік көзқарас

ауру, маңыздылығы бірдей, жағдайлар кешенінің әсерінен пайда

болатыны туралы көзқарас

30. Патогенез – бұл (1)

  1. ауру пайда болуының себептері туралы ілім

  2. ауру дамуының жолдары туралы ілім

  3. ауру өтуі туралы ілім

  4. ауру аяқталуы туралы ілім

  5. ауру туралы ілім

31. Ауру патогенезін оқып білу мына сұраққа жауап беруге мүмкіндік

береді (1)

  1. ауру неге пайда болды?

  2. ауру пайда болуының себебі не?

  3. ауру дамуына не септеседі?

  4. ауру дамуына не кедергі келтіреді?

  5. ауру қалай, қайтіп дамиды?

32. Кез келген ауру патогенезі басталады (2)

    1. алғашқы бүліністен

    2. салдарлық зақымданудан

    3. қорғану-бейімделу әсерленістерінен

    4. «зақымданудан»

    5. «физиологиялық шарадан»

33. Патогенездің бастапқы тізбегі– бұл (1)

  1. алғашқы зақымдану

  2. салдарлық зақымдану

  3. кері айналып соғу шеңбері

D) басты тізбек

34. Молекулалық деңгейдегі зақымдану мысалы (1)

  1. иондайтын радиацияның әсерінен белсенді радикалдардың түзілуі

  2. аллергиялық әсерленістер кезінде зақымданудың цитотоксиндік түрі

  3. аутоиммундық гемолиздік анемия

  4. қос жарғақты қақпақшаның жеткіліксіздігі

  5. жүрекшелік-қарыншалық тесіктің тарылуы

35. Жасушалық деңгейдегі зақымдану мысалы (1)

  1. орақ тәрізді жасушалы анемия кезінде глобиннің бета-тізбегіндегі глутамин қышқылының валинге алмасуы

  2. иммундық тромбоцитопения

  3. қантсыз диабет кезінде вазопрессин түзілуінің бұзылуы

  4. гемофилия А кезінде VIII жайттың тұқым қуалайтын тапшылығы

  5. жүрекшелік-қарыншалық тесіктің тарылуы

36. Ағзалық деңгейдегі зақымдану мысалы (1)

  1. орақ тәрізді жасушалы анемия кезінде глобиннің бета-тізбегіндегі глутамин қышқылының валинге алмасуы

  2. иммундық тромбоцитопения

  3. қантсыз диабет кезінде вазопрессин түзілуінің бұзылуы

  4. гемофилия А кезінде VIII жайттың тұқым қуалайтын тапшылығы

  5. жүрекшелік-қарыншалық тесіктің тарылуы

37. Патогенездің негізгі тізбегі – бұл (1)

  1. патогенездің басқа барлық тізбектерін өрістететін тізбек

  2. патогенездің бастапқы тізбегі

  3. алғашқы зақымдану

  4. салдарлық зақымдану

  5. патогенездің жекелеген тізбектері арасында теріс кері байланыстың қалыптасуы

38. Веналық гиперемия патогенезінің негізгі тізбегі (1)

қан ағып кетуінің қиындауы

қан ағып келуінің күшеюі

қанағымының тоқтауы

қызмет атқаратын қылтамырлар санының көбеюі

қанағымының сызықты жылдамдығының төмендеуі

39. Жіті қансырау патогенезінің негізгі тізбегі (1)

артериялық гипотензия

қанайналымдық-қандық гипоксия

айналымдағы қан көлемінің азаюы

микроциркуляцияның бұзылуы

жүрекке веналық қан келуінің азаюы

40. Жіті қансырау патогенезіндегі себеп-салдарлық арақатынастың

дұрыс бірізділігі (1)

гиповолемия → эритроциттер санының азаюы→ миокард гипоксиясы → жүрек қызметінің бұзылуы

гипотензия → микроциркуляцияның бұзылуы → қандық гипоксия → тіндік гипоксия

гипоксия → жүйке жүйесі қызметінің бұзылуы→ зат алмасудың бұзылуы → брадипноэ → гиперкапния

41. Аурулар патогенезіндегі кері айналып соғу шеңбері– бұл (1)

  1. аурудың өршу және ремиссия кезеңдері бар созылмалы түрге ауысуы

  2. аурудың үдеуіне септесетін, патогенездің жекелеген тізбектері арасында, оң кері байланыстың пайда болуы

  3. патогенездің жекелеген тізбектері арасында теріс кері байланыстың пайда болуы

42. Патогенездік емдеудің негізінде жатады (1)

  1. аурудың жекелеген көріністеріне әсер ету

  2. аурудың пайда болу себептеріне әсер ету

  3. ауру патогенезінің негізгі тізбектеріне әсер ету

  4. организмнің реактивтілігіне әсер ету

  5. аурудың пайда болу жағдайларына әсер ету

43. Қабынудың патогенездік емдеуіне жатады (4)

  1. глюкокортикоидтармен емдеу

  2. антиоксиданттарды қолдану

  3. антигистаминдық дәрілерді қолдану

  4. бактерияларға қарсы ем қолддану

  5. микроциркуляцияны жақсартатын дәрілерді қолдану

44. Биіктік ауруының себептері (2)

  1. барометрлік қысымның төмендеуі

  2. атмосфералық ауада рО2 төмендеуі

  3. барометрлік қысымның жоғарылауы

  4. зат алмасудың бұзылуы

  5. гипоксемия

45. Биіктік ауруы патогенезінің негізгі тізбегі (1)

  1. зат алмасудың бұзылуы

  2. жүйке жүйесі қызметінің бұзылуы

  3. гипоксемия

  4. гипоксия

  5. ацидоз

46. Биіктік ауруы патогенезіндегі себепсалдарлық тәуелділік туралы дұрыс түсінік беретін жауапты көрсетіңіз (1)

  1. гипоксия →гипоксемия → зат алмасудың бұзылуы → орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ) қызметінің бұзылуы

  2. ОЖЖ қызметінің бұзылуы → гипоксия → гипоксемия → ацидоз → зат алмасудың бұзылуы

  3. зат алмасудың бұзылуы → ацидоз → гипоксия → гипоксемия → ОЖЖ қызметінің бұзылуы

  4. гипоксемия → гипоксия → зат алмасудың бұзылуы → ацидоз → ОЖЖ қызметінің бұзылуы

  5. ацидоз – ОЖЖ қызметінің бұзылуы → гипоксия → гипоксемия → зат алмасудың бұзылуы

47. Биіктік ауруы патогенезіндегі кері айналып соғу шеңбері (1)

  1. гипоксемия → гипоксия → зат алмасудың бұзылуы → ОЖЖ қызметінің бұзылуы → гипоксемия

  2. гипоксемия → тыныс орталығының қозуы→ гиперпноэ → гипокапния → тыныс орталығының тежелуі → брадипноэ → гипоксемия

  3. гипоксемия → эритропоэтин өндірілуінің жоғарылауы → эритроцитоз → гипоксемия

  4. гипоксемия → қан тамырларын қозғалтқыш орталықтың қозуы → тахикардия → гипоксемия

48. Биіктік ауруы кезінде гиперпноэ патогенезі тыныс

орталығының, салдарынан, қозуына байланысты (1)

  1. қанда көмір қышқыл газының үлестік қысымының жоғарылауы

  2. қанда оттегінің үлестік қысымының жоғарылауы

  3. қанда көмір қышқыл газының үлестік қысымының төмендеуі

  4. қанда оттегінің үлестік қысымының төмендеуі

49. Биіктік ауруы кезіндегі гиперпноэ әкеледі (1)

  1. гипоксемияға

  2. гипокапнияға

  3. гиперкапнияға

  4. гипоксияға

50. Биіктік ауруы кезінде көгеру патогенезі қанда артық болуына

байланысты (1)

  1. оксигемоглобиннің

  2. карбгемоглобиннің

  3. карбоксигемоглобиннің

  4. дезоксигемоглобиннің (тотықсызданған гемоглобиннің)

  5. метгемоглобиннің

51. Биіктік ауруына тән организмдегі өзгерістер (4)

  1. гипоксемия

  2. гипоксия

  3. гипокапния

  4. газдық ацидоз

  5. газдық алкалоз

52. Биіктік ауруы кезінде теңгерілулік-бейімделулік маңызы бар (1)

  1. көгерудің

  2. селкілдектің

  3. эритроцитоздың

  4. қозғалыстар үйлесімділігі бұзылуының

  5. брадипноэнің

53. Сәйкестікті тап:

1) биіктік ауруы кезіндегі зақымдану көріністері (4)

2) биіктік ауруы кезіндегі қорғану көріністері (2)

  1. гиперпноэ 2

  2. брадипноэ 1

  3. тахикардия 2

  4. цианоз 1

  5. тоқмейілсу 1

  6. қозғалыстар үйлесімділігінің бұзылуы 1

54. Кессондық ауру тез ауысқан кезде пайда болады (1)

  1. қалыпты барометрлік қысым аймағынан, жоғарыға

  2. төмен барометрлік қысым аймағынан, қалыптыға

  3. жоғары барометрлік қысым аймағынан, қалыптыға

  4. қалыпты барометрлік қысым аймағынан, төменге

55. Декомпрессия жағдайы тез ауысқан кезде пайда болады (2)

  1. қалыпты барометрлік қысым аймағынан, жоғарыға

  2. төмен барометрлік қысым аймағынан, қалыптыға

  3. жоғары барометрлік қысым аймағынан, қалыптыға

  4. қалыпты барометрлік қысым аймағынан, төменге

56. Декомпрессия жағдайына тән (3)

  1. газдық эмболия

  2. тері асты эмфиземасы

  3. жабық қуыстарда газдар көлемінің ұлғаюы және олардың қысымының жоғарылауы

  4. ауа эмболиясы

  5. қанда газдар ерігіштігінің жоғарылауы

57. Гипербария кезінде пайда болады (4)

  1. организмнің тіндері және сұйық ортасында азот ерігіштігінің жоғарылауы

  2. организмнің тіндері және сұйық ортасында газдар ерігіштігінің төмендеуі

  3. сатурация

  4. ОЖЖ уыттық зақымдануы

  5. «тереңдік масаттану»

58. Атмосфералық қысымы қалыпты ортадан атмосфералық қысымы жоғары ортаға тез ауысу нәтижесінде дамиды (4)

A) дыбыс жарғағының ішке қарай басылуы

B) ауа эмболиясына әкелетін қан тамырларының және өкпе ұяшықтарының

жыртылуы

C) ішекте газдардың қысылуы

D) ішкі ағзалардың қанмен толуының жоғарылауы

E) ішекте газдар көлемінің ұлғаюы

59. Сәйкестікті тап:

I) гипербария -в

II) компрессия -а

III) сатурация -б

IV) декомпрессия - г

V) десатурация -д

атмосфералық қысымы қалыпты ортадан атмосфералық қысымы жоғары ортаға ауысу

организмнің сұйық ортасында газдар ерігіштігінің жоғарылауы

барометрлік қысымның жоғарылауы

жоғары барометрлік қысым аймағынан атмосфералық қысымы қалыпты аймаққа ауысу

газдар ерігіштігінің төмендеуі

60. Механикалық жайттардың зақымдаушы әсері туындатады (3)

  1. созылуды

  2. қысылуды

  3. сәулесоқ ауруын

  4. сынықтарды

  5. биіктік ауруды

61. Жыртылуға қарсылығы аса жоғары (1)

  1. қан тамырлары

  2. бұлшықеттер

  3. сүйектер

  4. тарамыстар

  5. ағза құрылымын құратын жекелеген тіндердің бірлігі

62. Соққымен туындатылған жарақат сипаты тәуелді (4):

  1. жарақаттаушы жайттың табиғатына

  2. дененің қозғалу жылдамдығы және оның кинетикалық қажымының (энергиясының) мөлшеріне

  3. организмнің конституциясына

  4. жарақаттаушы жайттың дене беткейімен жанасатын ауданына

  5. зақымданатын тіннің және біртұтас организмнің жағдайына

63. «Ұзақ жаншылу синдромы» қабаттасады (4)

A) ағзалардың семуімен

B) сілеймемен

C) бүйрек жеткіліксіздігімен

D) организмнің уыттануымен

E) тіндердің өліеттенуімен

64. Тұрақты шудың зақымдаушы әсері, деңгейі кезінде көрінеді (1)

  1. 40 - 50 дБ

  2. 70 дБ

  3. 80 дБ жоғары

65. Шудың зақымдайтын арнайы әсері көрінеді (3)

  1. дыбыс қабылдайтын құралдың қан тамырларының тарылуымен

  2. естудің төмендеуімен

  3. мый қыртысының қозуымен

  4. мый нейрондарының әлсіреуімен

  5. есту талдағышының дегенерациялық өзгерістерімен

66. Шудың зақымдайтын бейнақты әсері көрінеді (4)

  1. дыбыс қабылдайтын құралдың зақымдануымен

  2. назардың төмендеуімен

  3. мый қыртысында қозу және тежелу үрдістерінің бұзылуымен

  4. эмоциялық тұрақсыздықпен

  5. бас ауруымен

67. Ультрадыбыстың зақымдайтын әсерінің патогенезінде маңызы бар (4)

  1. тін қыздырылуының

  2. тін гипотермиясының

  3. тіннің механикалық зақымдануының

  4. тін иондануының

  5. кавитацияның

68. Төмен температураның зақымдайтын әсеріне септесетін жағдайлар (4)

A) организм реактивтілігі

B) киімнің жылуды оқшаулайтын төмен қабілеттілігі

C) ауа қозғалысының жылдамдығы және оның ылғалдылығы

D) теріасты шелмайдың қалыңдауы

E) балалық жас

69. Үсіну кезінде жылу өндірілу жоғарылауының патогенезі байланысты (4)