
- •VI модуль «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» тақырыбында қазақтың біртуар
- •14. Төле би айтқан нақыл сөздердің мәнін түсініңіздер, есте сақтаңдар.
- •1644 Жылы өмірге келген. (Қазіргі Өзбекстан Республикасы Науайы облысы) Ол он екі
- •1880 Жылдары поляк жігіті, заң ғылымдарының кандидаты Северин Гросспен,
- •1878 Жылы құрылған Семей облысытық статистика комитеті ғылыми ұйым
- •V. Ата мұраң – асыл қазынаң
- •1. Киіз үй әбзелдері мен оларға қатысты сөздерді есіңе сақта.
- •16 Ғасырда өмірге келген Әз Тәуке ханның "Жеті жарғысы" да жеті сөзінің қасиетіне,
- •1449 Жж.) обсерваториясындағы көктаска дәл наурыздың 22-сі күні күн сәулесі түсетін
- •1988 Жыл мен үшін рухани жеңіс жылы. Республикамыздың жаңа басшысы
- •VI. Өлмейтұғын артында сөз қалдырған
- •1905 Жылы Шәкәрім қажылық сапар шегеді. Меккеге барған бұл сапарын
- •1938 Жылы жазықсыз жазаның құрбаны болғаннан кейін Мағжан шығармашылығын
- •1980-84 Ж. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газеті жанындағы әдеби ұйымның
- •1989 Жылғы ксро Жоғарғы Кеңесінде біз Мұхтар дос (Мұхтар Шаханов) екеуміз
- •Vіi. Текті де тегеурінді өнер
- •1993Ж., мамыр)
- •130 См. Ол тұтас ағаштан арнайы калыпта жасалады. Басы күрек тектес. Оның бас жағына
- •Vііi. Жетістікке жету жолдары
- •Офсеттік қағаз. Шартты баспа табағы 6,8. Таралымы 150 д
Vіi. Текті де тегеурінді өнер
ҚАЗАҚ САЗЫ-ӨМІР АЙНАСЫ
Қазақтың ұлттық сазы — халық өмірінің айнасы. Ол ғасырлар бойы қалыптасты.
Қазақ даласының ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби Х-ХІ ғасырларда "Музыканың ұлы
кітабы" деген трактат жазған. Ал одан бұрын ҮІІІ ғасырда өмір сүрген Қорқыт та, одан
кейінгі ХҮ ғасырда өмір сүрген Қазтуған мен Асан Қайғы да қазақтың көне саз өнерінің
өкілдері.
Халық ән-күй арқылы эпикалық аңыздар мен тарихи оқиғаларды, даналық
ойларды бейнеледі. Ауыл ақсақалы елге әнмен бата берді, ақсақалдар кеңесі ән немесе
күймен ашылды. Жақсылық хабарларды терме түрінде жырлау, үйлену тойында, қыз
ұзату, жастар сауық кештері салтанаттарында ән айту мен күй тарту дәстүрі қалыптасты.
Қазақ халқының өмірі бесік жырымен, балалар әндерімен басталып, қуаныш жырларымен
жалғасып, өлген кезде жоқтаумен аяқталатын. Сондықтан да Біржан, Ақан, Жаяу Мұса,
Құрманғазы, Абай, Дина сияқты халық сазгерлері өздерінің күйлері мен әндерінде халық
өмірін суреттеді, оның мұңын мұңдап, жоғын жоқтады. Әнші-сазгер ән, күйші-сазгер күй
шығарып, өнерімен халқын қуанышқа, шаттыққа бөлейтін. Ән-күй орындаушылар
жырау, жыршы, әнші, күйші, сайқымазақ, сері, сал деп аталды.
Қазақ, саз мәдениетінің өсіп дамуына академик А.Жұбанов, сазгерлер М.Төлебаев,
Ғ.Жұбанова, Л.Хамиди, халық артистері - К.Байсейітова, Р.Бағланова, Е.Серкебаев,
Б.Төлегенова, Ғ.Құрманғалиев, Н.Тілендиевтер үлкен үлес қосты. Соның нәтижесінде
қазақ опералары, симфониялары, күйлері мен әндері дамыды. Өнер түрлері жетіліп,
әлемге қазақ аты кеңінен таныла бастады. Бүгінгі күні елімізде Қазақтың Абай атындағы
опера және балет театры, Қазақ филармониясы, Қазақтың Құрманғазы атындағы
академиялык халық аспаптар оркестрі, Қазақтың хор копелласы, Қазақ республикасы ән-
би ансамблі, симфония оркестрі, Қазақтың классикалық балеті, Қазақ теледидары мен
радио, камералық және эстрадалық оркестрлері, "Гүлдер" ән-би ансамблі, "Отырар сазы"
мен "Жетіген" ұлттық ансамбльдері т.б. жұмыс істейді.
Тапсырма:
1. Мәтін мазмуны бойынша сұхбаттас.
2. Аты аталған сазгерлер, әншілер, жыраулар туралы деректермен таныс.
САЗДЫҚ АСПАПТАРДЫҢ ТОПТАЛУЫ
Халқымыз тұтынған саз аспаптары бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Оның бірі
ағаштан, саздан, болмаса сүйектен, енді бірі мал терісінен жасалады. Басқасын қойғанда,
кез келген жерде өсетін кәдуілгі қара қурайдан да саз аспабын жасап алып, ойнай беруге
болады. Ұлттық аспаптарымыздың табиғи заттардан жасалуы — оның жұмсақ та құлаққа
жағымды қоңыр үнді болуының бірден-бір шарты.
Саздық сөз тылсым тіршілік тынысын, адамның көңіл-күйін бейнелейді. Қазақтың
ұлттық саз қазынасының үлкен бір жанрының «күй» аталуы да сондықтан. Саздық
шығарма адамның сезімдік-психологиялық тынысын дөп баса алатын мүмкіндігімен
кұнды. Ал саз аспабы болса сол көңіл-күйді тыңдаушыға жеткізеді.
Еңбек ету үрдісінде адам түрліше қозғалыста болады. Ол қозғалыс біркелкі,
бірыңғай, үзіліссіз немесе үздік-үздік, ырғақты, тоқтамалы, кұйысқан-тістескен тізбекті
болуы ықтимал. Міне, осы қимыл-қозғалыс әрекетін әр аспап қабілетіне орай,
мүмкіндігінше меншік үнімен бедерлеп отырады. Саздык, аспаптардың әуезі қоршаған
ортаның ырғағы мен үнін неғұрлым толығырақ қамтуы үшін біздің ата-бабаларымыз өте
ерте кездің өзінде-ақ саздық аспаптардың мынадай топтарын ойлап тапқан:
1.
Ұрма аспаптар (дабыл, даңғыра, кепшік, шындауыл, дауылпаз, ұран, керей,
желбуаз).
2.
Үрлеп ойналатын аспаптар (сыбызғы, уілдек, саз-сырнай).
3.
Қияқты аспаптар (кобыз, сазген, бозаншы, егек және тағы да басқалар).
4.
Шертпе аспапттар (домбыра, шертер, шіңкілдек, адырна және тағы да басқалар).
5.
Сарнамалы аспаптар (тілқобыз — (гармонь), ауызсырнай, шаңкауыз және т.б.).
Қазақтың ұлттық, аспаптарында осы аталған топтардың баршасына жататын
аспаптар да молынан кездесіп отырады.
Тапсырма:
1. Мәтін мазмұны бойынша сухбаттас.
2. Саздық аспаптарды басқа халықтың саздық аспаптарымен салыстыр.
3. Сен қай саздық аспапты білесің ? Ол саз аспабында ойнай аласың ба?
жақсы дамыған.
ДОМБЫРА
Домбыра халқымыздың тарихи өмір жолымен тығыз байланысты. Ол халық
әндерін сүйемелдеуге және күйлер тартуға қолданылады. Атақты күйшілер Құрманғазы,
Тәттімбет, Дәулеткерей және Дина өздерінің терең тебіреністі күйлерін осы домбырамен
шығарған. Қазақ халкының көне саз аспабының бірі саналатын бұл домбыра күйші-
сазгерлердің күмбірлеген "көмейі", боздаған "үні" мен сұңкылдаған "тіліне" айналып
отырған.
Домбыра жүрегіммен үндес едің,
Өзіңмен сырласымдай тілдесемін.
Бабамнан қалған мүра сен болмасаң,
Өмірдің не екенін білмес едім, —деп ақын Мұкағали Мақатаев айтқандай қазақ
халқының небір ән-күйлері мен жыр-дастандары кейінгі ұрпаққа осы домбыра арқылы
жеткен. Домбыра ел ішінде шертіп немесе қағып ойнайтын екі кейде үш ішекті саздық
аспап ретінде ертеден белгілі болған. Қазақ жерінің әр өлкелерінде тұратын халық
шеберлері домбыраны өз қалауынша әр түрлі үлгіде жасады.
Қазір оркестрге лайықталып жасалған домбыраның прима, тенор, бас сиякты
түрлері өмірге келді. Осы секілді 19 пернелі жетілдірілген жаңа домбырамен нотаға
жазылған кез келген саздық шығарманы орындауға болады. Халық өмірінің сыр
шежіресіндей күй төккен домбыраны бұл күнде нағыз кәсіпқой (профессионалды) ұлт
аспабына айналды.
Тапсырма:
1. Мәтін мазмұны бойынша сұрақ-жауап үлгісін жаса, өзара сұхбаттас.
2. Домбыра туралы қосымша деректермен таныс.
ҚОБЫЗ КҮЙЛЕРІ
Қобыз дәстүрі қазақ саз мәдениетінде ерекше орын алады. Халық ғасырлар бойы
қобыз аспабын киелі санап, оны құдіретті күшке балаған. Қобыз аспабын шаман дінімен,
бақсылармен байланыстырады. Қобыздың тарихы тек бақсылық дәстүрмен шектелмейді.
Ол жыраулар шығармашылығында да үлкен орын алады. Жыраулардың көшпелі қоғам
өмірінде маңызды әлеуметтік міндет атқарғаны белгілі. Тайпалар мен ру арасындағы
соғыстарға байланысты жыраулар міндеттерінің бірі әскери магия болды. Жырау хан
ордасында жүріп, оның әскери және саяси ақылшысы-кеңесшісі болып, бүкіл халыққа
өсиет айтқан, хандар мен ерлікпен аты шыққан батырлардың ерлігін мадақтап, жырлап
отырған. Жырау ұрыс алдында қолына қобыз алып, әруақтарын шақырып, жауынгерлерді
желеп-жебеуін сұрап, ұрыстың ақырын болжаған. Жыраулар 18-ғасырда тарихи сахнадан
түсіп, эпос орындау дәстүрі жыршы ақындарға көшті. Олар эпикалык шығармаларды
домбыраның сүйемелдеуімен айтатын болды. Ал қобыз дәстүрін сақтап қалған тек қана
бақсылар еді. Олар кеңес дәуірі кезінде қатты қудалауға ұшырады.
Белгілі өнер қайраткері, ғалым Ахмет Жұбановтың 30-жылдары тұңғыш қазақ
халық аспаптары оркестрін құруына байланысты дарынды қобызшылар Дәулет
Мықтыбаев пен Жаппас Қаламбаевты Алматыға шақыртты. Олардың қобызда
орындауында біраз күйлер жазылып алынды. Қорқыттың бірқатар күйлерін сақтап келген
Нышан бақсынын өнері қобыз дәстүріндегі ең соңғы жаңалық болды. Бізге дейін
сақталған қобыз өнерінің бар-жоғы осы ғана. Қазіргі уақытта қобызда орындалып жүрген
күйлер - үлкен қобыз дәстүрінің бір ғана бөлшегі, жұрнағы екені сөзсіз. Қобыз күйлері
халкымыздың дәстүрлі мәдениетімен, тарихи тағдырымен тамырлас. Ұмытыла бастаған
өнерді зерттеп, оның қадір-касиетін халыққа жеткізе білу, сыр-сипатын ашып көрсету
өскелең ұрпақ үшін өнегелі іс, асыл болып табылады.
( "Жас алаш " үнпарағынан.