Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Prak_kazak_tili - Abnasyrova _ Abiyr.rtf
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.51 Mб
Скачать

1938 Жылы жазықсыз жазаның құрбаны болғаннан кейін Мағжан шығармашылығын

оқуға, жариялауға тыйым салынды. Тек еліміз тәуелсіздік алар тұстағы арнайы үкімет

шешімі арқылы ғана ақынның есімі мен шығармашылық мұрасы толық ақталды. 1989

жылы ақын шығармаларының бір томдығы, 1995 жылы үш томдық жинағы жарық көрді.

Қалай дегенде де, Мағжан өзіне дейінгіге де, кейінгіге де ұқсамайтын, өзіндік

қолтаңбасы бар ақын. Ол өмірді біртұтас құбылыс, көрініс ретінде, ал адамды сол ұлы

табиғаттың, жаратылыстың бір туындысы, бөлшегі ретінде қабылдайды. Құбылыстың

мәнін кең көлемде, жалпыға бірдей қалыпта тани білу үшін ол, алдымен, не нәрсенің

болса да мән мазмұнын бағдарлап, әрдайым жалпы адамзатқа тән әуенге бой ұрады,

табиғаттың өз заңына ғана бағынатын құбылыстың ішкі астарына үңіледі. Дүниені

философиялық тұрғыдан таниды.

ҚАЗАҚ ТІЛІ

Күш кеміді, айбынды ту құлады;

Кеше батыр – бүгін қорқақ, бұғады.

Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,

Қан суынған, жүрек солғын соғады.

Қыран құстың қос қанаты қырқылды,

Күндей күшті, күркіреген ел тынды.

Асқар Алтай – алтын ана есте жоқ,

Батыр, хандар – асқан жандар ұмытылды!

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың...

Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен-тілім,

Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.

Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа

Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім!

МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты –

Қырандай күшті қанатты.

Мен жастарға сенемін!

Көздерінде от ойнар,

Сөздерінде жалын бар,

Жаннан қымбат оларға ар,

Мен жастарға сенемін!

Жас қырандар – балапан,

Жайып қанат ұмтылған.

Көздегені көк аспан.

Мен жастарға сенемін!

Жұмсақ мінез жібектер.

Сүттей таза жүректер.

Қасиетті тілектер –

Мен жастарға сенемін!

Тау суындай гүрілдер,

Айбынды алаш елім дер,

Алтын Арқа жерім дер,

Мен жастарға сенемін!

Қажу бар ма тұлпарға,

Талу бар ма сұңқарға,

Иман күшті оларда,

Мен жастарға сенемін!

Алаш айбынды ұраны,

Қасиетті құраны,

Алаштың олар құрбаны,

Мен жастарға сенемін!

Мен сенемін жастарға.

Алаш атын аспанға

Шығарар олар бір таңда,

Мен жастарға сенемін!

ЖҰЛДЫЗДЫ – ЖҮЗІК, АЙДЫ АЛҚА ҒЫП БЕРЕЙІН

Келші, көзім, күн бетіңді көрейін,

Сүйші, сәулем, тұншығып мен өлейін.

Жет, жұлдызым, жылжып қана жібектей,

Жұлдызды жүзік, Айды алқа ғып берейін.

Сөзің – сиқыр, есті тұман басқандай,

Ессіз жүрек дария болып тасқандай.

Күлкің, Күнім, күндей күміс тасбақа

Мінсіз сұлу меруертті шашқандай.

Шашың – толқын, жүрегімнің жарына

Соғылды да, батты улы зарыма.

Айнам саған арнап жырлар жазамын,

Қаламымды малып жүрек қанына.

Жырларыммен кестелейін орамал,

Бүлдіргендей, бөбектайым, бетің бал.

Балға талай шыбын қонуға ұмтылар,

Ұмтылғанда орамалмен қағып қал.

Еркетайым, келсең егер қасыма,

Сәулелерден шоқ қадар ем басыңа.

Көз жасымнан меруерт тізіп берер ем,

Келші, күлмей көзден аққан жасыма.

Келші, көзім, Күн нұрына көмейін,

Сүйші өлейін, «неге өлейін?» - демейін.

Жет, жұлдызым, жылжып қана жібектей,

Жұлдызды – жүзік,

Айды алқа ғып берейін!

МҰХТАР ШАХАНОВ (2.7.1942 ж.)

Қазақ ақыны Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданында дүниеге келген.

М.Шаханов – Қазақстанның халық жазушысы (1996), Қырғыз Республикасының халық

ақыны (1994). Ататүрік мәдени орталығығының құрметті мүшесі (1999), Халықаралық

Калифорния академиясының академигі.

Ол Шымкент педагогикалық институтын бітірген (1969). 1961-65 ж. «Оңтүстік

Қазақстан» газетінде корректор, әдеби қызметкер. (1965-1970 ж. «Лениншіл жас» (қазіргі

«Жас алаш») газетінің оңтүстік облыстардағы тілшісі, 1970-71 ж. Шымкент обл.

Комсомол комитетінде сектор меңгерушісі, 1971-76 ж. Қазақстан Телевизия және

радиохабар жөніндегі мемлекет комитетінің аға, бас редакторы, 1976-79 ж. Баспа,

полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекет комитетінің бөлім бастығы,

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]