
- •Жоспар:
- •Тұрақты тоқ кезіндегі биологиялық ұлпалардың және сұйықтықтардың электр өткізгіштігі.
- •Жүректің мультипольдық эквиваленттік генераторы .
- •Эйнтховен теорияларының негізгі қағидалары.
- •Эйнтховен үшбұрышы.
- •Тармақталу электродтары
- •Электрокардиограафия.
- •Қолданылған әдебиеттер.
- •Глава 12.
- •Глава 14,21
Эйнтховен теорияларының негізгі қағидалары.
Жүрек электрлік диполь.
Жоғарыда келтірілген теориялық материалға қысқаша қорытынды жасалық:
Жүректің электрлік активтілік қасиеті бар. Оны оның қызметін диагностикалық мақсаттарын зерттеу үшін қолдануға мүміндік береді.(2 бөлім)
Жүректе болып жататын электрлік процестердің негізгі заңдылықтарын сол мүшенің өзінде емес, оның моделінде электрлік эквиваленттік генераторда тағайындаған орынды.(3 бөлім)
Жүректің электрлік активтілігін дәлірек мультипольдік эквиваленттік генератормен моделдеу орынды. Бірақ дене бетінде биопотенцалдарды тудыруда негізгі үлесті мультипольдің дипольдік құраушысы береді. Бұл дипольдік эквиваленттік генераторды ғана оқумен шектеуге болатындықты көрсетеді.(4 бөлім)
Дипольдық ток генераторының ішкі кедергісі дипольды қоршап тұрған ток өткізетін орта кедергісінен көп үлкен. Ол оның кедергісінің біртексіздіктерін ескрмеуге және диполь біртекті өткізетін ортада орналасқан деп есептеуге мүмкіндік береді.(5.3 бөлім)
Осы принциптерді негізге ала отырып Эйнтховен жүректің электрлік күйін біртекті өткізетін ортада орналасқан электрлік дипольмен модельдеуді ұсынды.
Біздің алдағы мақсатымыз дипльдік эквиваленттік генераторға сүйене отырып дене бетінде жүректің биопотенциалдарын ыңғайлы тіркейтін нүктелерді таңдап алу және тіркелетін сигнал мен ортада өтетін процестер арасындағы өзара байланысты тағайындау.
Эйнтховен үшбұрышы.
Эйнтховен ЖЭВ өзгерісі туралы айту үшін электрокардиография кезінде үш нүктенің екеуінің арасындағы потенциалдар айырымын өлшеуді ұсынады. Ол үш нүкте арқылы жүрекке қатысты алынған симметриялы теңқабырғалы үшбұрыш береді. Үшбұрыш ортасы ЖЭВ түсірілу нүктесімен сәйкес келуі керек. Бірақ А,В,С нүктелері электродтар қою үшін ыңғайсыз. Сондықтан, тәжірибеде өлшеуіш электродтар А,В,С нүктелеріне қоймайды, ол оларға аяқ қол , бармақ, саусақ бастарындағы эквипотенциал А,В,С нүктелерге қояды. А нүктесіне оң қол беті сәйкес келеді ( электрод), В нүктесіне сол қол беті ( электрод), ал С нүктесіне сол аяқ беті (электрод). Жүрек өрісінің эквипртенциал сызықтары үздік сызықтармен көрсетілген. Сызықтағы сандар осы потенйиалдардың салыстырмалы шамасын көрсетеді.
М сызығы дипольдің электр осі жүректің анатомиялық осі бойымен бағыты.
Тармақталу электродтары
Сәйкес күштердің арасындағы потенциалдарын айырымын тіркеуге көмегін беретін, әрбір қос электрод тармақталу электродтары деп аталады.
Бұлардың әртүрлі системалары болады. Олар бір бірінен нүктелердің орналасу орнына байланысты айырмашылықта болады. Емдеу практикасында көбіне кең қолданылатын тармақталу электродтарының орны соңғы нүктелердің орналасу орнына байланысты.
Эйнтховен электродтарының әрбір қос электрдтары құрайтын тармақталу электродтарын стандарттық деп атайды да, оларды І, ІІ, ІІІ деп белгілейді.
І тармақталу электродтары: оң қол сол қол ,
ІІ тармақталу электродтары: оң қол сол аяқ
ІІІ тармақталу электродтары: сол қол сол аяқ .
Электродтарды жоғары және төменгі нүктелерге жауып таңып қояды. Оң аяққа жерге қосатын электродтарды қосып қояды. Егерде Эйнтховен теориясы жүректің электрлік қызметін немесе әрекетін нақтылы көрсете алатын болса, онда жүректің электрлік векторының қызметін толық жазып шығару үшін, Эйнтховен үшбұрыштарының қабырғаларына түсірілген проекцияларының үшеуінің, екеуін ғана тіркеу жеткілікті болар еді.
Тең бүйірлі үшбұрыштың ең жоғарғы нүктесі тіркеу нүктесі бола алмайды, жүректің электрлік векторының бастапқы нүктесі үшбұрыштың дәл центрінде жатпайды, дененің бетімен түйісетін, жанасатын электродтардың барлық нүктелері, барлық жерде бірдей болмайды және тағы сол сияқтылар. Сондықтан практикада жүректің жұмыс істеу қызметін әлқайда нақты зерттеу үшін барлдық үш тармақталу электродтарының көрсетуін тіркейді, стандарттық тармақталу электродынан басқа, биполярлық, монополярлық тармақталу электродының көрсетуін қолданады, бұндай жағдайда күшейтілген зерттеу деп атайды.
Бір полюсті күшейтілген тармақталу электродтары стандарттық электродтан және ортақталған потенциал нүктесінен тұрады. Осындай күшейтілген электродтар арқылы белгіленеді
Жүректің бұлшықетіне қан жетіспеушіліктен ауырған кезде жүректің электрлік векторының фронтальдық проекциясы барлық уақытта өзін көрсете алмайды, сондықтан кейде бір полюсті кезде бұрылу электродын қолданады. Кеуде электроды с электроды кеуде жасушаларының бетінің белгілі бір нүктесіне жауып танылады. Күшейтілген потенциал нүктесін үш стандарттық электродтардың бірдей резисторларын өзара бір бірімен жалғау арқылы алуға болады. Кеуде тармақталу электродтарын деп белгілейді.