Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жректі электрлік белсендігі.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
90.11 Кб
Скачать

Жоспар:

  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

а) Органдардағы және жасушалардағы электрлік құбылыс.

б) Тұрақты тоқ кезіндегі биологиялық ұлпалардың және сұйықтықтардың электр өткізгіштігі.

в) Жүректің мультипольдық эквиваленттік генераторы .

г) Эйнтховен теорияларының негізгі қағидалары.

д) Электрокардиограафия.

3. Қорытынды.

4. Қолданылған әдебиеттер.

Кіріспе

Организм ұлпасының және мүшелерінің, жасушаның ( клетка ) жұмыс істеу принципі, олардағы электрлік зарядтардың- табиғатына сәйкес әр түрлі иондардың таралу өзгерісіне байланысты. Жүйке жүйесінде және бұлшық ет жасушаларында жоғарыда айтылған таралу өзгерісі едәуір ашық көрінеді. Дегенмен бұндай өзгерістің қызметі жасушаларды қоршаған ұлпа орталарында электрлік токтардың өзгерісін тудырады. Бұндай өзгерістерді дененің бетіне орналастырылған электрлік электродтардың көмегімен тіркеуге немесе жазып алуға болады. Мысалы жүректің бұлшық ет тарауларында буындық өзгерістер белгілі бір тәртібінен барлық уақытта жүріп отырады.

Егер ауыратын болса мысалы, жүрекке қан жетіспегендіктен жансызданатын болса жүректің бұлшық ет тарауларындағы қозудың таралу сипаты өзгереді, және де дене бетінде тіркелетін потенциалдар айырымының да сипатын өзгертеді, яғни сырқаттың қандай аурумен ауру екенін білу үшін, әр түрлі электрлік арнаулы аппаратпен жазып алуға қолдануға мүмкіндігін беретін үш торлардың жұмысы осыған негізделген.

Аурудың белгілерін және оны емдеудің әдісін білу үшін, сәйкес органдардағы нақты процестердің электрограмма тіркейтін ерекшеліктерін білу қажет екендігі түсінікті.

Органдардағы және жасушалардағы электрлік құбылыс.

Жартылай өткізетін жасуша мембраналарындағы жүректің процестердің салдарынан тірі ұлпаларда биопотенциалдардың айырымы байқалады. Клеткалық мембраналардың ішкі жағындағы органикалық емес иондар концентрациясының айырмашылығының биопотенциалдың пайда болуы. Клетканың мембраналардың ішкі бетінде қозу процесі жүрмеген кезде, сыртқы ортамен салыстырғанда потенциал тұрақты теріс мәнге ие болады. Бұл потенциал « тыныштық потенциалы» деп аталады, ал жүйке клеткаларында потенциалдың мәні 60-80 мВ-қа, көлденең бұлшық ет талшықтарында 80-90 мВ-қа, жүректің бұлшық ет талшықтарында 90-95 мВ-қа жетеді.

Ұлпаларды ( ткани) қоздырған кезде мембраналарда аз уақытқа созылатын потенциалдар өзгерісі жүреді, яғни «потенциалдың әсері» пайда болады.

Потенциалдың әсері, клеткаларда жүректің қозу процесімен тығыз байланысты. Бұл жағдайда мембрананың әр түрлі жақтарындағы иондардың таралуы, өзгереді де, әрі қарай иондардың концентрациясы бірте- бірте тұрақталады. « Потенциал әсеріне» сәйкес келетін шыңның ұзақтығы бірнеше мллисекундқа тең болады. (жүйке клеткаларында 1-2 мс, сүлде бұлшық ет клеткаларында 3-5 мс ) және амплитудасы шамамен 120 мВ- қа тең.

Тұрақты тоқ кезіндегі биологиялық ұлпалардың және сұйықтықтардың электр өткізгіштігі.

Биологиялық ұлпалар мен органдар әртүрлі электрлікке қарсы тұра алатын, электр тогы әсер еткенде өзгеретін әр бағыттағы қалып болып табылады. Бұл өз кезегінде тірі биологиялық системалардың электрлікке қарсы құбылысының қиындығында.

Электродтардың арасында орналасқан, дененің беткейіне қойылған, организмнің бөлек бөліктерінің электр өткізгіштігі тері және тері астындағы қабаттардың қарсылығына тікелей байланысты. Организм ішіндегі ток негізінде қан және лимфа тамырлары, бұлшықеттер, бағаналы нервтердің қабығына таралады. Өз кезегінде терінің қарсылығы, өз қалпымен анықталады: қалыңдылығымен, бойымен, ылғалдылығымен және т.б.

Ұлпалар мен органдардың электрөткізгіштігі өздерінің функционалдық қалпына тәуелді, сонымен қатар диагностикалық көрсеткіш ретінде қолданыла алады. Мысалға, қабыну кезінде, клетка іскенде клеткааралық байланыстардың азаяды және электрлікке қарсылығы артады; терлеуді шақыратын физиологиялық әрекет тері электрөткізгіштігінің артуымен бірге жүреді.

Организмнің әр түрлі тіндер мен сұйықтығының қарсылығын келтірейік. (22 кесте.)

Ток өзгеріп жатқандағы тіндердің электрөткізгіштігі алдынғы бөлімдерде қарастарылған.

22 кесте

р, Ом*м

р, Ом*м

Арқа миының сұйықтығы

Қан

Бұлшықеттер

Милы және нерв тіндері

0.55

1.66

2

14.3

Майлы тін

Құрғақ тері

Сүйек сүйекастынсыз

33.3

105

107