
- •Силлабус
- •Кафедраның оқытушысы: Понамарева Ольга Анатольевна, медицинқ ғылымдарының кандидаты.
- •Кафедраныњ оқытушысы: Клюев Дмитрий Анатольевич, медицина ғылымдарының кандидаты.
- •Кафедраның аға оқытушысы: Айтишева Лайла Бакытжановна
- •Оқытушылық стажы - 4 жыл.
- •Кафедраның оқытушысы: Колебаева Гульнар Токенқызы Оқытушылық стажы - 25 жыл.
- •Баға шкаласы
Оқытушылық стажы - 4 жыл.
Телефон 51-38-97 (ішкі 117)
Ғылыми бағыты: биологиялық белсенді заттарды өңдеу және жануарлар ағзасының биохимиялық процесстеріне олардың әсерін бағалау.
Ғылыми мектебі: 2003 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінде биология пәні бойынша магистратурасын аяқтап және магистерлік диссертациясын қорғады.
«Влияние несимметричного диметилгидразина на окислительный метаболизм головного мозга» тақырыбындағы 03.00.04- биохимия мамандығы бойынша кандидаттық диссертация жұмысын аяқтауда, ғылыми жетекшілері ҚР ҰҒА академигі, м.ғ.д., проф. Қулмағамбетов І.Р., б.ғ.д., проф. Муравлева Л.Е.
20 астам ғылыми еңбектің авторы.
2006-2008 жылдарда ҒЗЖ «Молекулярно-клеточные, системные изменения в растущем организме при действии производных гидразина и алиментарного дисбаланса. Разработка способов немедикаментозной коррекции» фундаментальді тақырыбының орындаушысы № ГР 0106РК00412.
Үнемі өзінің оқытушылық біліктілігін жетілдіреді: «Тамақтану биохимиясы және биохимияның актуальді мәселелері» (Астана 2011, Қазақ тамақтану академиясы).
Орыс тілінде практикалық сабақ жүргізеді.
Кафедраның оқытушысы: Колебаева Гульнар Токенқызы Оқытушылық стажы - 25 жыл.
Телефон 51-38-97 (ішкі 117)
Ғылыми бағыты: өсіп келе жатқан жануарлар ағзасына симметриялық емес диметилгидразиннің әсерін зерттеу.
3 ғылыми еңбектің авторы.
Үнемі өзінің оқытушылық біліктілігін жетілдіреді: «Тамақтану биохимиясы және биохимияның актуальді мәселелері» (Астана 2011, Қазақ тамақтану академиясы).
Қазақ тілінде практикалық сабақ жүргізеді.
Кафедра оқытушысы: Колесникова Евгения Александровна
Оқытушылық стажы - 1 жылдай.
Телефон 51-38-97 (ішкі 117)
Ғылыми қызығушылығы: қанның биохимиялық және физико-химиялық қасиетін зерттеу.
30 ғылыми еңбектің авторы.
Үнемі өзінің оқытушылық біліктілігін жетілдіреді: : Клиникалық зертханалық диагностика. Зерттеулердің зертханалық әдістерінің интерпретациясы. (Қарағанды, ҚММУ, 2010) , «Тамақтану биохимиясы және биохимияның актуальді мәселелері» (Астана 2011, Қазақ тамақтану академиясы).
Орыс және ағылшын тілдерінде практикалық сабақтарды жүргізеді.
Кафедра оқытушысы: Тулешова Айгуль Жакановна
Оқытушылық стажы - 2 жыл.
Телефон 51-38-97 (ішкі 117)
Ғылыми қызығушылығы: бүйрек патологиясы және артериальдық гипертензия кезіндегі қанның биохимиялық және физико-химиялық қасиетін зерттеу.
5 ғылыми еңбектің авторы.
Үнемі өзінің оқытушылық біліктілігін жетілдіреді: : Клиникалық зертханалық диагностика. Зерттеулердің зертханалық әдістерінің интерпретациясы. (Қарағанды, ҚММУ, 2010) , «Тамақтану биохимиясы және биохимияның актуальді мәселелері» (Астана 2011, Қазақ тамақтану академиясы).
Орыс және ағылшын тілдерінде практикалық сабақтарды жүргізеді.
Кафедраның оқытушысы: Демидчик Людмила Андреевна
Оқытушылық стажы 1 жыл
Телефон 51-38-97 (ішкі 117)
Ғылыми қызығушылығы: қанның физико-химиялық қасиеті. ҚР білім және ғылым Министрлігінің жобасын орындаушы: «Молекулярно – клеточные механизмы развития патологии почек при артериальной гипертензии» (№ 0109РК00173) МОН РК (2009-2011).
Үнемі өзінің оқытушылық біліктілігін жетілдіреді: : Клиникалық зертханалық диагностика. Зерттеулердің зертханалық әдістерінің интерпретациясы. (Қарағанды, ҚММУ, 2011) , «Тамақтану биохимиясы және биохимияның актуальді мәселелері» (Астана 2011, Қазақ тамақтану академиясы).
Орыс тілінде практикалық сабақты жүргізеді.
Кафедраның оқытушысы: химия ғылымдарының кандидаты Бурдельная Елена Вячеславовна
Оқытушылық стажы 1 жылға дейін
Телефон 51-38-97 (ішкі 117)
Ғылыми қызығушылығы: өсімдіктік алкалоидтардың биологиялық белсенділігін зерттеу.
«Дитерпеновые алкалоиды из растений рода Acanitum и Delphinium, их химическая модификация и биологическая активность» 02.00.10 биоорганикалық химия мамандығы бойынша химия ғылымдарының кандидатының ғылыми дәрежесін 2007 ж. кандидаттық диссертациясын қорғады.
40 ғылыми публикация авторы.
Үнемі өзінің оқытушылық біліктілігін жетілдіреді: «Тамақтану биохимиясы және биохимияның актуальді мәселелері» (Астана 2011, Қазақ тамақтану академиясы).
Ведет практические занятия на русском языке.
Кафедраның оқытушысы: химия ғылымдарының кандидаты Хабдолда Гаухар
Оқытушылық стажы 1 жылға дейін
Телефон 51-38-97 (ішкі 117)
Ғылыми қызығушылығы: өсімдіктік алкалоидтардың биологиялық белсенділігін зерттеу. «Стероидтық сапониндер мен фитоэкдистероидтардың өсімдіктік тиімді көздерін іздеу, мозификациясы және биологиялық белсенділігі» 02.00.10 биоорганикалық химия мамандығы бойынша химия ғылымдарының кандидатының ғылыми дәрежесін 2007 ж. кандидаттық диссертациясын қорғады.
(бекітілген уақыты – 27.02.2008).
40 ғылыми публикация авторы, 2 алдын ала патент, 1 инновациялық патент.
Практикалық сабақтарды қазақ тілінде жүргізеді.
Байланыс ақпараты
Мекен-жайы: Қарағанды қ. Гоголь көшесі 40, 2 этаж. Телефон 51-38-97 (ішкі 117)
Оқытылатын пәннің саясаты. Биохимия кафедрасының оқу процессін ұйымдастыру дәстүрлі және белсенді оқыту әдістерін қиюластыруға бағытталған. Бұл мынандай мәселелерді шешуді, яғни студенттердің өзіндік білімін тереңдетіп оқуға және осы білімдерін нақты жағдайларға қолдануға, студенттердің бағытын жан-жақтылыққа, өңделген материалдарды жүйелендіру мен анализіне, келешек кәсіби іс-әрекеттерге тиімді дайындауға көмектеседі.
Студенттердің біліктілігі мен білім деңгейін қатаң бақылау, жұмысқа деген творчествалық жағдайға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайтын және өзінің жұмыс сапасына жауапты негіз жасау үшін алдағы уақыттағы оқу барысында қолданылады.
Кіріспе
Қазіргі кезеңдегі биологиялық химия – тірі ағзалардың тіршілігінің негізіне жататын, сонымен бірге адамның ұлпалары мен мүшелеріндегі метаболизм ерекшеліктерімен олардың реттелуінің молекулалық деңгейде өтетін химиялық процестерін зерттейтін іргелі ғылым.
Жасушалардың, ұлпалар мен мүшелердіңтіршілігінің негізіне жататын негізгі метаболиттік процестерді білу, болашақ дәрігер үшін патологиялық жағдайлар кезінде олардың себептері мен бұзылуларын түсіну үшін қажет.
Биологиялық химияны оқып үйрену кезінде алынған білім болашақ дәрігерге биохимиялық әдістемелерден біршама ақпараттысын таңдауға, оларды аурулардың диагностикасы және емдеу тиімділігін бақылауда білікті интерпретациялау үшін қажет.
Бағдарлама құрамы биохимияның статикалық, динамикалық және функционалдық тәріздес іргелі бөлімдерінен құралған, сонымен бірге «Жалпы медицина» мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған сұрақтар да қарастырылған.
Биолоогиялық химияны оқып үйрену үшін химия, молекулалық биология және медициналық генетика, анатомия, гистология, медициналық биофизика және физиология пәндері бойынша білімдері болуы қажет.
Пәннің мақсаты: студенттерде негізгі метаболиттік процестердің молекулалық механизмі мен олардың реттелуі, сонымен бірге олардың адам ұлпалары мен мүшелерінде жүруінің ерекшеліктері туралы, биохимиялық көрсеткіштерді диагностика мен емдеу тиімділігін бақылауға қолдану туралы біртұтас көзқарасты қалыптастыру.
Пәнннің міндеттері:
дәрігер дайындауда биологиялық химияның ролі туралы түсінікті қалыптастыру;
тірі ағзадағы белоктар, көмірсулар, липидтер және басқа да биоактивті қосылыстардың химиялық құрылысы, қасиеттері және биологиялық қызметтері туралы түсінікті қалыптастыру;
энергияның трансформациясының заңдылықтары, заттар алмасуы және метаболиттік процестердің реттелуі туралы түсінікті қалыптастыру;
ағзаның маңызды ұлпалары мен мүшелерінің молекулалық ұйымдасуының және метаболизмінің ерекшеліктері туралы түсінікті беру;
аурудың диагностикасы мен метаболизм бұзылуын коррекциялау үшін арналған заманауи биохимиялық шешімдер туралы түсінікті қалыптастыру;
Оқытудың нәтижелері
Студент
білуі тиіс:
биоорганикалық қосылыстардың негізгі кластарының өкілдерінің: көмірсулардың, липидтердің, жай және күрделі белоктардың, нуклеин қышқылдарының құрылысын, қасиеттерін және қызметтерін.
метаболиттік процестердің жүруі мен реттелуінің молекулалық механизмдерін;
энергияның трансформациялануының механизмдерін, энергия алмасуының бұзылуын;
маңызды ұлпалар мен мүшелердің қызметтерінің молекулалық механизмдерінің ерекшеліктерін;
алмасу процестерінің және физиологиялық қызметтердің реттелуінің механизмдерін және олардың бұзылуының мүмкін салдарларын;
қоректік заттардың негізгі тобының (белоктар, липипдтер, көмірсулардың), витаминдердің, минералдық заттардың және судың метаболизмдегі ролдерін;
адам ағзасының биологиялық сұйықтарының қалыпты және патологиялық жағдайлардағы негізгі биохимиялық көрсеткіштерін;
істей алуы тиіс:
негізгі биохимиялық зерттеулердің нәтижелерін интерпретациялауды;
метаболизм картасын, арнайы анықтамалық материалдарды қолдана алуды;
биологиялық активті заттардың жетіспеушілігі кезіндегі биохимиялық процестердің және олардың реттелуінің ерекшеліктерін болжауды;
ферменттердің құрылымы бұзылуымен немесе мөлшері жетіспеушілігімен байланысты өтетін метаболизм бұзылуларын болжауды;
Келесі дағдыларды меңгеруі тиіс:
адамның биологиялық сұйықтықтарындағы көмірсулар, липидтер және азоттық алмасулардың интермедиаттарын анықтаудың экспрес әдістерін;
адамның биологиялық сұйықтықтарындағы ферменттердің активтілігі анықтау әдістерін;
Пәннің пререквизиттері және постреквизиттері:
Пререквизиттер: химия, молекулалық биология және медициналық генетика, медициналық биофизика, анатомия 1.
Постреквизиттер: патологиялық физиология -1,2, іщкі аурулар пропедевтикасы, фармакология -1,2.
Дәрістердің тақырыптық жоспары
№ |
Тақырыптардың атауы |
Өткізу формасы |
Мерзімі |
1 |
Кіріспе. Белоктардың құрылысы және қызметі. |
Жалпы шолу |
1 |
2 |
Ферменттер. Ферменттердің активтілігінің реттелуі. |
Жалпы шолу |
1 |
3 |
Ферменттер. Ферменттердің активтілігінің реттелуі. |
Жалпы шолу |
1 |
4 |
Заттар алмасуына кіріспе. Энергия алмасуы. Биологиялық тотығу. МЭТТ. Тотығып фосфорлану. Катаболизмнің жалпы жолдары. Катаболизмнің жалпы жолдарының реттелуі. |
Жалпы шолу |
1 |
5 |
Заттар алмасуына кіріспе. Энергия алмасуы. Биологиялық тотығу. МЭТТ. Тотығып фосфорлану. Катаболизмнің жалпы жолдары. Катаболизмнің жалпы жолдарының реттелуі. |
Жалпы шолу |
1 |
6 |
Көмірсулар алмасуы. |
Мәселелі |
1 |
7 |
Липидтер алмасуы. |
Мәселелі |
1 |
8 |
Белоктар және аминоқышқылдар алмасуы. |
Мәселелі |
1 |
9 |
Нуклеотидтер алмасуы. Белоктар, липидтер және көмірсулар алмасуларының өзара байланысы. |
Мәселелі |
1 |
10 |
Гормондар биохимиясы. Заттар алмасуының реттелуі. |
Жалпы шолу |
1 |
11 |
Гормондар биохимиясы. Заттар алмасуының реттелуі. |
Жалпы шолу |
1 |
12 |
Су-тұз алмасуы. Гомеостаз реттелуі. |
Жалпы шолу |
1 |
13 |
Бауыр биохимиясы. Хромопротеидтер алмасуы. |
Жалпы шолу |
1 |
14 |
Бауыр биохимиясы. Хромопротеидтер алмасуы. |
Жалпы шолу |
|
15 |
Қан биохимиясы |
Жалпы шолу |
1 |
16 |
Қан биохимиясы |
Жалпы шолу |
1 |
17 |
Дәнекер, сүйек ұлпаларының биохимиясы. |
Жалпы шолу |
1 |
18 |
Бұлшықет, жүйке ұпаларының биохимиясы. |
Жалпы шолу |
1 |
|
Барлығы |
|
18 |
Практикалық және зертханалық сабақтардың тақырыптық жоспары
№ |
Тақырыптардың атауы |
Өткізу формасы |
Мерзімі |
1 |
Белоктардың химиялық құрамы. |
Практикалық сабақ |
2 |
2 |
Белоктардың физика-химиялық қсиеттері. |
Практикалық сабақ |
2 |
3 |
Ферменттер. Ферментердің қасиеттері. |
Практикалық сабақ |
2 |
4 |
Ферменттердің активтеліктерінің реттелуі. |
Практикалық сабақ |
2 |
5 |
Лабораторное занятие по теме «Қандағы белоктар мен ферменттердің сандық мөлшерін анықтау » тақырыбы бойынша зертханалық жұмыс |
Зертханалық практикум |
2 |
6 |
Аралық бақылау. «Белоктар. Ферменттер». |
Коллоквиум |
2 |
7 |
Заттар алмасуына кіріспе. Энергия алмасуы. Макроэргтер. Катаболизмнің жалпы жолдары. Кребс циклінің реттелуі және қызметтері. |
Практикалық сабақ |
2 |
8 |
Ұлпалық тыныс алу. МЭТТ. Тотығып фосфорлану. |
Практикалық сабақ |
2 |
9 |
Глюкоза катаболизмінің анаэробтық жолы. Глюконеогенез. Кори циклі. |
Практикалық сабақ |
2 |
10 |
Глюкозаның аэробтық ыдырауы. Глюкозаның алмасуының пентозофосфаттық ыдырауының жолы. |
Практикалық сабақ |
2 |
11 |
Гликоген алмасуы. Қандағы глюкоза деңгейінің реттелуі. Көмірсулар алмасуының бұзылуы. |
Практикалық сабақ |
2 |
12 |
«Қансарысуындағы және зәрдегі глюкозаны анықтау» тақырыбы бойынша зертханалық сабақ |
Зертханалық практикум |
2 |
13 |
Аралық бақылау «заттар алмасуына кіріспе. МЭТТ. Катаболизмнің жалпы жолдары. Көмірсулар алмасуы» |
Коллоквиум |
2 |
14 |
Липидтер алмасуы. Жоғары май қышқылдарының алмасуы. |
Практикалық сабақ |
2 |
15 |
Триацилглицериндер мен фосфолипидтердің жасушаішілік алмасуы. |
Практикалық сабақ |
2 |
16 |
Холестерин алмасуы. Липидтер алмасуының реттелуі және бұзылуы. |
Практикалық сабақ |
2 |
17 |
«Қандағы жалпы липидтерді, холестеринді және -липопротеидтерді анықтау» тақырыбы бойынша зертханалық сабақ |
Зертханалық практикум |
2 |
18 |
Аралық бақылау «Липидтер алмасуы» |
Коллоквиум |
2 |
19 |
Аминоқышқылдар алмасуының жалпы жолдары. |
Практикалық сабақ |
2 |
20 |
Аммиак алмасуы, оның залалсыздану жолдары. |
Практикалық сабақ |
2 |
21 |
Кейбір аминоқышқылдар алмасуының ерекшеліктері. |
Практикалық сабақ |
2 |
22 |
Кейбір аминоқышқылдар алмасуының ерекшеліктері. |
Практикалық сабақ |
2 |
23 |
Нуклеотидтер алмасуы. |
Практикалық сабақ |
2 |
24 |
«Асқазан сөлінің анализі. Қандағы азоттық алмасудың метаболиттері мен ферменттерін анықтау» тақырыбы бойынша зертханалық сабақ. |
Зертханалық практикум |
2 |
25 |
Аралық бақылау «Аминоқышқылдар және нуклеотидтер алмасуы» |
Коллоквиум |
2 |
26 |
Гормондар биохимиясы. |
Практикалық сабақ |
2 |
27 |
Гормондар биохимиясы. |
Практикалық сабақ |
2 |
28 |
Қалқанша және ұйқы бездерінің гормондары. |
Практикалық сабақ |
2 |
29 |
Катехоламиндер және стероидтар. |
Практикалық сабақ |
2 |
30 |
Су – тұз алмасуы. Гомеостаз реттелуі. |
Практикалық сабақ |
2 |
31 |
Бүйрек және зәр биохимиясы. |
Практикалық сабақ |
2 |
32 |
«Зәрдің қалыпты және патологиялық компоненттерін анықтау» тақырыбы бойынша зертханалық сабақ |
Зертханалық практикум |
2 |
33 |
Аралық бақылау «Заттар алмасуы мен гомеостаздың гормоналдық реттелуі» |
Коллоквиум |
2 |
34 |
Бауыр биохимиясы. |
Практикалық сабақ |
2 |
35 |
Хромопротеидтер алмасуы. |
Практикалық сабақ |
2 |
36 |
Қан биохимиясы. Қан плазмасының белоктары |
Практикалық сабақ |
2 |
37 |
Қан биохимиясы. Қанның ұю жүйесі және фибринолиз жүйесі |
Практикалық сабақ |
2 |
38 |
Газдар тасымалдануы. Темір алмасуы. |
Практикалық сабақ |
2 |
39 |
Эритроциттер мен лейкоциттердегі метаболизмнің ерекшеліктері. |
Практикалық сабақ |
2 |
40 |
Дәнекер ұлпасының биохимиясы. |
Практикалық сабақ |
2 |
41 |
Сүйек және тіс ұлпаларының биохимиясы. |
Практикалық сабақ |
2 |
42 |
Бұлшықет ұлпасының биохимиясы. |
Практикалық сабақ |
2 |
43 |
Жүйке ұлрасының биохимиясы. |
Практикалық сабақ |
2 |
44 |
«Қанның биохимиялық көрсеткіштерін анықтау» тақырыбы бойынша зертханалық сабақ |
Зертханалық практикум |
2 |
45 |
Аралық бақылау «Ұлпалар мен мүшелердің биохимиясы» |
Коллоквиум |
2 |
Кеңес беру уақыты: қарастырылмаған
Аралық бақылау уақыты: тақырыптық жоспар бойынша
Қорытынды бақылау уақыты: сессия
СӨЖ тақырыптарының жоспары
№ |
Тақырыптардың атауы |
Өткізу формасы |
Мерзімі |
1 |
Белоктар химиясы. Белоктардың жіктелуі. Белоктардың биологиялық қызметі. Онтогенез және аурулар кезіндегі белоктар құрамының өзгерістері. |
Тақырып бойынша әдебиеттермен жұмыс, ситуациялық тапсырмаларды шешу, тестлеу |
6 |
2 |
Ферменттердің медицинадағы маңызы. Изоферменттер. Мүшеспецификалық ферменттер. Тұқымқуалаушы эзимопатиялар. Ауруларды емдеу үшін ферменттерді қолдану. |
Тақырып бойынша әдебиеттермен жұмыс, ситуациялық тапсырмаларды шешу, тестлеу |
6 |
3 |
Адам тағамының құрамы. Органикалық және минералдық компоненттері. Тағам мен судың құрамында микроэлементтердің жетіспеушілігімен байланысты аймақтық патологиялар. |
Тақырып бойынша әдебиеттермен жұмыс, ситуациялық тапсырмаларды шешу, тестлеу |
6 |
4 |
Витаминдер және олардың жіктелуі. Витаминдердің құрылысы, тағамдық шығу көздері, биологиялық қызметтері: А, Д, Е. К. В1, В2, В6, В12, РР, С, Р, биотин, пантотен қышқылы; фоль қышқылы. Витаминтәріздес заттар. Алиментарлық және екінші ретті авитаминоздар және гиповитаминоздар. Гипервитаминоздар. |
Тақырып бойынша әдебиеттермен жұмыс, ситуациялық тапсырмаларды шешу, тестлеу |
6 |
5 |
Жануарлар ұлпасының негізгі көмірсулар, олардың құрылыстары және биологиялық ролі. Жасушаның құрылымдық-қызметтік компоненттерінің көмірсулары. Моносахаридтер мен дисахаридтердің алмасуларының тұқымқуалаушылық бұзылуы (галактоземия, фруктоза мен дисахаридтерді ағзаның қабылдамаушылығы). |
Тақырып бойынша әдебиеттермен жұмыс, ситуациялық тапсырмаларды шешу, тестлеу |
6 |
6 |
Адам ұлпаларының аңызды липидтері. Резервтік және құрылымдық липидтер. Адам ұлпасының негізгі фосфолипидтері, гликолипидтері, глицерофосфолипидтер, сфингофосфолипидтері, гликолипидтері, гликосфинголипидтері. Фосфолипидтердің, гликолипидтердің қызметтері. Сфинголипидоздар. Эйкозаноидтар және олардың метаболизм реттелуі мен физиологиялық қызметтер реттелуіндегі рольдері. Липидтердің асқын тотығуы және олардың мембраналық аурулардың туындауындағы рольдері. Антиоксиданттар. |
Тақырып бойынша әдебиеттермен жұмыс, ситуациялық тапсырмаларды шешу, тестлеу |
6 |
7 |
Қанның тасымалдаушы липопротеиндерінің құрамы, құрылыстары және физиологиялық ролі. Хиломикрондардың түзілуі және майлардың тасымалдануы. ТӨТ ЛП, ТТ ЛП, ТЖ ЛП-лар түзілуілері, қызметтері. Гиперхолестеринемия, оның пайда болуының себептері. Өт-тасы ауруларының дамуының механизмдері. Атеросклероз биохимиясы. Биохимические основы лечения Гиперхолестеринемия және атеросклерозды емдеудің биохимиялық негіздері. |
Тақырып бойынша әдебиеттермен жұмыс, ситуациялық тапсырмаларды шешу, тестлеу |
6 |
8 |
Биогендік аминдер. Биогендік аминдердің тотығуы (моноаминоксидазалар), МАО ингибиторлары. Гистаминнің қабынудың дамуы мен аллергиялық реакциялардағы ролі. Антигистаминдік препараттар. |
Тақырып бойынша әдебиеттермен жұмыс, ситуациялық тапсырмаларды шешу, тестлеу |
6 |
9 |
Заттар алмасуының гормоналдық реттелуі. Гормоналдық реттелудің бұзылулары. |
Тақырып бойынша әдебиеттермен жұмыс, ситуациялық тапсырмаларды шешу, тестлеу |
6 |
|
Барлығы |
|
54 |
Пән бойынша тапсырмаларды тапсыру және орындау кестесі (аралық бақылау жүргізу): кафедраның кестесіне сәйкес.
Апта |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
СӨЖ бойынша тақырып № |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Әдебиет
Негізгілері:
1.Биохимия, под ред. Чл.-корр. РАН, проф. Е.С. Северина.- М. 2007, 2008, 2009.
2.Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-Қарағанды.-2007.
3.Сейтембетов Т.С., Сейтембетова А.Ж., Даленов Е.Д., Ребрикова И.И., Блудова С.А., Попова Н.В.Биохимия сұрақтары мен жауаптарда. Алматы, 2011: «Эверо»- 312 бет.
4.Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.Биологиялық химия
Алматы: «Эверо» баспаханасы 2011ж-420 бет
Қосымшалары:
5. Северин Е.С., Николаев А.Н. Биохимия: Краткий курс с упражнениями и задачами: Учеб. пособие для мед. Вузов 2002, 2008
6.Зубаиров Д.М. Руководство к лабораторным занятиям по биологической химии: Учеб. пособие для вузов М.:ГЭОТАР-Медиа,2005.
7.Вавилова Т.П. Биохимия тканей и жидкостей полости рта: Учеб.пос. М: ГЭОТАР- Медиа,2008.
8.Биохимия : руководство к практическим занятиям: учеб.пособие / ред. Н. Н. Чернов. - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2009. - 240 с. : ил.
9. Кенжебеков П. К. Биологиялық химия (арнайы бөлімдері) : Оқу құралы / Кенжебеков, Пернебек Кенжебекұлы. - Шымкент, 2005. - 260 с
Оқыту және үйрету тәсілдері:
Дәрістер: мәселелі.
Практикалық сабақтар: сабақ сұрақтарын оқытушымен бірге талдау, ситуациялық тапсырмаларды шешу, жаттығулар мен тест тапсырмаларын орындау, метаболиттік карталармен жұмыс, семинарлар, кіші топтармен жұмыс.
Зертханалық практикум: адамның биологиялық сұйықтықтарындағы биохимиялық көрсеткіштердің сандық мөлшерлерін әртүрлі әдістермен анықтау.
Студенттің өзіндік жұмысы: әдебиеттермен жұмыс, электрондық мағлұматтар базасымен және компъютерлік оқытушы бағдарламалармен жұмыс, ситуациялық тапсырмаларды құру және шешу, тест тапсырмаларын орындау, тақырыптық рефераттарды дайындау және қорғау.
Білімді бағалау ережесі және критериясы: әрбір деңгейде білімді бағалау критериясы, «Студенттердің үлгерімінің рейтинг жүйесі» ҚММУ бекітілгені бойынша сабақтың барлық түрлерін бағалау ережесі