Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дипломдық жұмыс........docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
213.11 Кб
Скачать

Инфляцияның инвестиция тиiмдiлiгiнiң бағасынa әсерi

Инфляция әсepiн талдау eкi вариант үшiн келтiрiлyi мүмкін:

- ресурстардың (кipic және шығыс) жекелеген құрамдас бөлiктерi бойынша инфляцияның әp түрлi қарқыны;

- шығындардың әp түрлi құрамдас бөлiктерi үшiн инфляцияның бiрдей қарқыны.

Haқты жағдайға сай болатын бiрiншi вариант аясында таза мән әдiсi стандарты формада қолданылады, бiрақ шығын мен табыс құpaмы және дисконт көрсеткiштерi жылдар бойынша күтiлетiн инфляция қарқынынa сәйкес дұрысталады. Pecyрстардың әр түрлi типтерiне арналған инфляцияның әр түрлi қарқынын болжау - қиын және орындалмайтын есеп.

Екiншi вариант аясында инфляцияның әcepi ерекше сипатқа ие: инфляция есептеуде табылатын сандарға (аралық мәндер) әсер етедi, бiрақ қорытынды нәтижеге және жоба тағдырына қатысты соңғы нәтижеге әсер етпейдi.

Ең төменгі құн критерийi бойынша шешім қабылдау

Ақшалай табысты есептеу қиын немесе мүмкін емес инвес­тициялық жобалар бар. Бұған, мысалы, ақша ағымының нәтижесiн бағалау мүмкін емес жағдайда көптеген әp түрлi жоспарлы технологиялық циклдарға қатысатын технологиялық немесе транспорттық құрал-жабдықтарды жаңарту жобаларын жатқызуға болады. Бұл жағдайда инвестицияның тиiмдiлiгi жөнiнде шешiм қабылдауға қажеттi критерий ретiнде құрал-­жабдықтарды пайдалану құны қызмет атқарады.

1.3.2 Инвестициялық жобаның қаржылық бағалау нормалары

Инвестициялық жобаның қаржылық жағдайын қаржылық есептің қаржылық бағалаудың негізгі формалары деп аталатын 3 формасына негізделеді:

  1. табыс туралы есеп;

  2. ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп;

  3. баланстық есеп.

Табыс туралы есеп (net)income/profits statement немесе statement of profits and losses= таза табыс ведомосі немесе табыстар мен шығыстар туралы есеп немесе қаржылық нәтижелер туралы есеп - бұл қаржылық бағалаудың ең қарапайым формасы. Бұл форманың мақсаты – белгілі бір кезең аралығындағы кәсіпорынның (жобаның) өндірістік қызметі процесінде алынатын табыстардың сол кезеңде жұмсалған және алынған табыстармен байланысты шығындармен қатынасын көрсету.

Табыс туралы есептемеге кіретін позициялар: өнімді өткізуден түскен түсім, маржиналдық табыс, операциялардан табыс, табысқа салық мөлшері, таза табыс, баланстық пайда, дивиденттер мөлшері.

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп – инвестициялық жобаны бағалаудағы негізгі форма болып табылады, яғни жобаның қаржылық тұрақтылығын анықтау кезіндегі бюджетті белгілейді. Осы есеп арқылы пайда болған қаржылық ресурстар және осы ресурстарды пайдаланылғаны туралы біле аламыз.

Ақша қаражаттарын қолданудың себептері:

  1. айналым капитал көбейту үшін тұрақты активтерге бағытталған инвестициялар;

  2. ағымдағы өндірістік қызметті жүзеге асыру;

  3. сыртқы қарыздарды жабу;

  4. бюджетпен есеп айырысу;

  5. дивиденттерді төлеу.

Баланстық есеп - бұл дәстүрлі бухгалтерлік баланс. Бұл форманы қолданған кезде жобаның мүліктік құрылымының (активтер мен пассивтер) өзгеріс динамикасы көрсетіледі. Сол арқылы жобаның қаржылық жағдайын білуге болады, яғни жалпы өтімділіктің бағалануы, айналымдылық коэффициенті, жалпы төлемқабілеттігі және тағы басқаларының көрсетілуі.

Жобаның қаржылық бағалау коэффициентінің 3 категориясы:

  1. рентабельділік көрсеткіштері (жалпы активтердің, инвестицияланған капиталдың, акционерлік капиталдың, сату және сату бағасының рентабельділігі);

  2. инвестицияларды қолдануын бағалау (активтердің, тұрақты капиталдың, акционерлік капиталдың, айналым капиталының айналымдылығы);

  3. қаржылық жағдайды бағалау (жалпы өтімділік, қарқынды өтімділік, жалпы төлемқабілеттілік коэффициенттері) және тағы басқа. Бұл аталған коэффициенттер толық емес, бірақ олардың көмегімен инвестициялық жобаны толықтай бағалауға болады.