Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тема_12_MS_Excel_функция_формула_диаграмма.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
171.01 Кб
Скачать

1. Шаблон құру.

Excel программасын қосыңыз. «Книга1» файлының атын «Шаблон» атына өзгертіңіз.

Excel-дің әрбір жұмыс кітабының бастапқы 3 беті болады. Шаблонға біреуі де жеткілікті. Сондықтан қалған екеуін келесі әдіспен алып тастау керек: қажетсіз беттердің ярлыгына тышқанның оң жақ батырмасын шертіп контекстті меню шақыртыңыз. Сосын Удалить опциясын таңдап, қосымша сұраудан кейін ОК таңдаңыз. Қалған Лист1 бетінің атын өзгертіңіз. Ол үшін контекстті меню шақыртып, Переименовать опциясын таңдаңыз. Лист1 орнына Шаблон деп жазыңыз.

Енді бастапқы мәліметтер енгізіңіз.

В1 ұяшығына «ЕМТИХАНДЫҚ ВЕДОМОСТЬ» мәтінін енгізіп «Enter» басыңыз.

A3 ұяшығына «№ _ топ» мәтінін енгізіңіз;

СЗ ұяшығына - «Пән»;

А5 ұяшығына - «№ п/п»

В5 ұяшығына - «Фамилиясы, аты, жөні»;

С5 ұяшығына - «Сынақ кітапшасының №»;

D5 ұяшығына - «Баға»;

Е5 ұяшығына - «Емтихан қабылдаушының қолы».

Егер ұяшық ішіндегі мәліметті өшіру керек болса, алдын ала қажетті ұяшықты белсенді етіп, Delete пернесін қолдануға болады басқа варианты – ұяшыққа тышқанның оң батырмасын шертіп, контекстті менюде “Очистить содержимое” опциясын таңдау. Егер қате мәтінді басу кезінде жіберілсе, онда Esc пернесін басқан жеткілікті. Ұяшық ішіндегісін редактрлеу (өзгерту) үшін (барлық мәтінді өшіру қажеттілігі болмағанда) тышқанның сол батырмасымен қажетті ұяшыққа екі рет шертіп, өзгертулер енгізуге болады.

Топтағы әртүрлі бағалар санын есептеу үшін әрбір баға түріне баған қосу керек: F бағаны бестер үшін (F5 ұяшығы), G бағаны төрттер үшін (G5 ұяшығы), Н бағаны үштер үшін (Н5 ұяшығы), I бағаны екіліктер үшін (I5 ұяшығы), J бағаны келмегендер үшін (J5 ұяшығы). Бұл ұяшықтарға сәйкес бағаларды енгізіңіз. По центру орнатыңыз. Кестенің бөлгіш сызықтарын (ішкі және сыртқы) орнатыңыз.

Енді әрбір ұяшыққа келесі технологияны қолданып, кесте басын форматтаңыз:

А5, Б5, С5, Д5, Е5 ұяшықтарын белгілеңіз

Меню жолында Формат - Ячейки - вкладка Выравнивание опциясын таңдаңыз:

  • По горизонтали: по центру

  • По вертикали: по центру

  • Отображение: переносить по словам опциясына флажок орнатыңыз

  • ОК

Немесе мәтінді орталыққа орнатудың стандартты вариантын қолданыңыз. Яғни ұяшықтарды белгілеп, саймандар панеліндегі По центру батырмасын басыңыз.

А5 ұяшығына номірленген тізім енгізу қажет. Тізімді автотолтыру арқылы жасау қажет. (1-15 –ке дейін болу қажет)

В5 (фамилиясы, аты, жөні) ұяшығынан студенттер фамилиясын енгізіңіз.

С5 ұяшығына бірінші студенттің сынақ кітапшасының № енгізіңіз, яғни 2012-1, келесі 2012-2енгізу қажет. (автотолтыру қолдану қажет)

В бағанына топтағы алынған бағалардың қорытынды санының атын енгізіңіз: В22 ұяшығына «өте жақсы», В23 ұяшығына – «жақсы», В24 – «қанағаттанарлық», В25 – «қанағатсыз», В26 – «келген жоқ», В27 – «БАРЛЫҒЫ».

Кестені өз қалауыңыз бойынша әсемдеңіз. Сақтаңыз және ораңыз (свернуть).

2. Емтихандық ведомость құру.

Енді жаңа жұмыс кітабын құру қажет. Құрылған жаңа жұмыс кітабын «Книга 2» аттан «SESSION» атына өзгертіңіз.

Бұл жұмыс кітабында 4 бет болады. Бірінші бетте математика пәніне емтихандық мәліметтер көрсетіледі. Екінші бетте –физикадан. Үшінші бетте – тарихтан. Ал төртінші бетте әрбір студенттің алынған бағаларына сәйкес стипендия мөлшері саналады.

Жұмыс кітабында 3 бет қана болғандықтан тағы бір бет қосу керек. Ол үшін тағы бір бетті контекстті меню көмегімен Добавить лист опциясын таңдау арқылы қосыңыз. Беттерді Емтихан1, Емтихан 1(2), Емтихан 1(3), Стипендия деп атаңыз.

Шаблон кестесі бұл жұмыс кітабының үш бетінде қайталанатындықтан, Емтихан1, Емтихан 1(2), Емтихан 1(3) беттеріне мәліметтерді бір уақытта енгізіңіз. Ол үшін:

  • Жұмыс кітабының бірден үш бетін белгілеңіз. Қажетті беттер бірінен соң бірі орналасқандықтан, бірінші бетке ярлыгын тышқанмен шерту арқылы өтіп, Shift пернесін басыңыз. Пернені жібермей тұріп емтихандық ведомостьтің ақырғы бетінің ярлыгын шертіңіз.

  • ШАБЛОН файылын аш, белгілеу және CTRL+C пернесін басу, содан кейін SESSION файылының Бірінші беттің (Емтихан1) А1 ұяшығына мәліметтер енгізіңіз CTRL+V немесе Вставить батырмасы).

Осылайша SESSION жұмыс кітабының үш Бетінде Шаблон пайда болды.

Мәліметтерді алғашқы мысалдағыдай форматтаңыз.

НАЗАР АУДАР! Әрі қарай жұмыс кітабының қандай да бір бетіне мәлімет енгізгіңіз келсе, қалған беттердің белгіленуін алып тастаңыз. Ол үшін бірінші бетке өтіп, оның ярлыгына тышқанмен шертіңіз, сосын Shift пернесін басып тұрып бірінші беттің ярлыгын тағы да шертіңіз.

Әрбір беттің D3 ұяшығына сәйкес пәннің аттарын енгізіңіз: математика, физика, тарих.

Математика пәнінен емтихандық ведомость құру үшін бағаларды келесі түрде енгізіңіз: «5» саны 4, «4» саны — 13, «3» саны —10, «2» саны — 1, «келемегендер» саны — 2.

Физика пәнінен емтихандық ведомость құру үшін бағаларды келесі түрде енгізіңіз: «5» саны 6, «4» саны — 12, «3» саны — 8, «2» саны — 2, «келемегендер» саны — 2.

Тарих пәнінен емтихандық ведомость құру үшін бағаларды келесі түрде енгізіңіз: «5» саны 12, «4» саны — 15, «3» саны —1, «2» саны — 1, «келемегендер» саны — 1.

Е6 ұяшығына сәйкес емтихан қабылдаушының фамилиясын енгізіңіз. Е бағанының ұяшықтарын қажетті өлшемге автотолтыруды жүзеге асырыңыз. Осындай операцияны Емтихандық ведомостьтің барлық беттерінде орындаңыз.

В бағанына топта алынған бағалардың қорытынды санын енгізіңіз В22 ұяшығына «өте жақсы», В23 ұяшығына – «жақсы», В24 – «қанағаттанарлық», В25 – «қанағатсыз», В26 – «келген жоқ», В27 – «БАРЛЫҒЫ».

Формулалар енгізу.

F26 ұяшығына формула енгізіңіз.

  1. Курсорды осы ұяшыққа апарып қойыңыз.

  2. Саймандар панелінен функциялар мастерінің x батырмасын таңдаңыз.

  3. Сол жақ тізімнен функция түрін таңдаңыз: логикалық.

  4. Оң жақ тізімнен функция атын таңдаңыз: ЕСЛИ.

Экранда формулалар палитрасы пайда болды.

  • Алғашқы жолға D6=5 өрнегін жазыңыз

  • Екінші жолға - 1

  • Үшінші жолға - 0

  • ОК батырмасын басыңыз.

Осылайша, формулалар жолында формула пайда болады: =ЕСЛИ(D6=5;1;0). Бұл дегеніміз: егер бірінші студенттің бағасы «5» (біздің жазуда D6=5) болса, онда F6 ұяшығында 1, ал кері жағдайда 0 пайда болады.

Осы түрде келесі ұяшықтарға формулалар енгізіңіз:

  • G6: =ЕСЛИ(D6=4;1;0)

  • H6: =ECJIИ(D6=3;1;0)

  • I6: =ЕСЛИ(D6=2;1;0)

  • J6: =ЕСЛИ(D6="келмеген";1;0)

Осы формулаларды әрбір студент үшін осылай енгізіп отырмау үшін формулаларды көшіруге болады. Ол үшін F6, G6, Н6, I6, J6 ұяшықтарын белгілеп, саймандар панелінен Копировать батырмасын шертіңіз, формулалар орналасуы қажет барлық жолдар мен бағандарды белгілеп, саймандар панеліндегі Вставить батырмасын шертіңіз. Барлық белгіленген ұяшықтар автоматты түрде формулалармен толтырылады. F, G, H, I, J бағандарында студенттің алған бағасына сәйкес 0 мен 1 сандары пайда болады. Формулаларды барлық ведомосттарға көшіріңіз.

Алынған бағалардың нақты бір түрінің суммалық санын анықтау өзгеше орындалады. «Өте жақсы» бағаларын есептеу үшін тышқан гұсқағышын D22 (B22-ге қарсы) ұяшығына орнатыңыз. Функциялар мастерін шақыртып келесі параметрлерді таңдаңыз:

  1. функция категориясы: математикалық;

  2. функция аты: СУММ;

  3. ОК.

Экранда формулалар палитрасы пайда болды. Енгізу өрісінің шетінде орналасқан батырманы (қызыл стрелка) шертіңіз, палитра жинақталады. F6 ұяшығын белсенді етіп, тышқан батырмасын басып тұрып курсорды F бағанының бойымен F35 ұяшығына дейін тартыңыз. Жинақталған палитраны енгізу өрісінің шетінде орналасқан батырманы қайта басу арқылы ашыңыз. Палитраның бірінші жолында автоматты түрде жазылған формуланың дұрыс жазылуын және сумманың дұрыстығын тексеріңіз. Егер барлығы дұрыс болса (қате тек ұяшықтар дұрыс белгіленбеген жағдайда болады), ОК басыңыз. D22 ұяшығында өте жақсы бағалардың суммасы немесе =СУММ(F6:F20) формуласы пайда болады. Осы тәсілмен басқа бағалардың санын есептеңіз.

Барлық алынған бағалардың суммасын да (БАРЛЫҒЫ) осылайша есептеуге болады немесе Автосумма батырмасының көмегімен есептеуге болады:

  • Курсорды D27 ұяшығына орнатыңыз;

  • «» (Автосумма) батырмасын шертіңіз;

  • бағалардың барлық түрлерінің суммасын есептеу үшін ұяшықтарды белгілеңіз (D22:D26);

  • Enter.

D27 ұяшығында бағалардың жалпы саны (20) немесе =СУММ(D22:D26) формуласы пайда болады.

Барлық формулаларды барлық ведомосттарға көшіріңіз.

2. Енді «Стипендия» бетін толтырамыз. Формулаларды қолданып стипендия тағайындалуын есептейміз.

«Стипендия» бетін ашыңыз. В1 ұяшығына кесте атын енгізіңіз: «СТИПЕНДИЯ», В2 ұяшығына – «минимум», С2 – «стипендия», D2 - 2000 (минимал стипендия мөлшері). A5 және B5 ұяшықтарынан бастап, А20 және В20 ұяшықтарына дейінгі А бағанын (студенттердің реттік нөмірлерімен) және В бағанын (студенттер фамилияларымен) «Шаблон» файлынан көшіріңіз. Қосымша бағандар қосыңыз: «Орташа балл» (C5 ұяшығы), «тапсырылған емтихандар саны» (D5) және «Стипендия» (E5).

Студенттің орташа балын есептеу үшін С6 ұяшығына орташа балды есептеу формуласын енгізу керек. Бұны келесідей орындаңыз:

  • Тышқан нұсқағышын С6 ячейкасына орнатыңыз;

  • Функциялар мастері батырмасын шертіп, диалогтық терезеде параметрлерді таңдаңыз:

  1. функция категориясы: статистикалық;

  2. функция аты: СРЗНАЧ;

  3. ОК.

Экранда формулалар палитрасы пайда болады.

  • Курсорды бірінші жолға орнатыңыз. Енгізу өрісінің шетінде орналасқан батырмаға шертіңіз, палитраны жиналады. Емтихан1 бетінің ярлыгын шертіп, бірінші студенттің бірінші емтихан бойынша алған бағасын D6 ячейкасына енгізіңіз. Енгізу өрісінің шетінде орналасқан батырмаға қайта шерту арқылы палитраны ашыңыз.

  • Курсорды екінші жолға орнатыңыз. Енгізу өрісінің шетінде орналасқан батырмаға шертіңіз, палитраны жиналады. Емтихан2 бетінің ярлыгын шертіп, бірінші студенттің екінші емтихан бойынша алған бағасын D6 ячейкасына енгізіңіз. Енгізу өрісінің шетінде орналасқан батырмаға қайта шерту арқылы палитраны ашыңыз.

  • Курсорды екінші жолға орнатыңыз. Енгізу өрісінің шетінде орналасқан батырмаға шертіңіз, палитраны жиналады. Емтихан3 бетінің ярлыгын шертіп, бірінші студенттің үшінші емтихан бойынша алған бағасын D6 ячейкасына енгізіңіз. Енгізу өрісінің шетінде орналасқан батырмаға қайта шерту арқылы палитраны ашыңыз.

  • Жазылған формуланың дұрыстығын (таңдалған ұяшықтардың дұрыстығын) тексеріңіз. Қате болмаған жағдайда - ОК.

С6 ячейкасында =СРЗНАЧ('Емтихан1'!D6;' Емтихан1(2)'!D6;' Емтихан1(3)'! D6) формуласымен анықталған бірінші студенттің орташа баллының мәні көрсетіледі.

С бағанының барлық ұяшықтарына формуланы көшіреміз. Ол келесі әдіспен орындалады: С6 ұяшығын белсенді етіңіз, нұсқағышты ячейканың оң жақ төменгі бұрышына орналастырыңыз, тышқан нұсқағышы крест түріне ие болғанда, тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, нұсқағышты қажетті өлшемге дейін созыңыз (ақырғы студентке дейін - С20). Ұяшықтар автоматты түрде әрбір студентің орташа баллының мәндерімен толтырылады.

Кейбір ұяшықтарда орташа балл бірнеше ондық цифрдан тұрады. Бізге ондық санның біреуі ғана жеткілікті болғандықтан, нұсқағышты қажетті ұяшыққа апарып, Форматирование саймандар панеліндегі «Уменьшить разрядность» батырмасының көмегімен қалған ондық сандарды алып тастауға болады.

Әрбір студенттің тапсырған емтихан санын есептеу үшін D6 ұяшығына Функциялар мастерінің көмегімен құрылған формуланы енгіземіз.

  • D6 ұяшығына тышқан нұсқағыгын орнатыңыз;

  • Функциялар мастері батырмасын шертіп, диалогтық терезеден параметрлерді таңдаңыз:

  1. функция категориясы: статистикалық;

  2. функция аты: СЧЕТ;

  3. ОК.

Экранда формулалар палитрасы пайда болады.

  • Нұсқағышты бірінші жолға орнатыңыз. Палитраны жинаңыз. Емтихан1 бетінің ярлыгына шертіп, бірінші студенттің бірінші емтиханы бойынша алған бағасы бар D6 ячейкасын таңдаңыз. Палитраны ашыңыз.

  • Курсорды екінші жолға қойып, палитраны жинаңыз. Емтихан1(2) бетінің ярлыгына шертіп, бірінші студенттің екінші емтиханы бойынша алған бағасы бар D6 ячейкасын таңдаңыз. Палитраны ашыңыз;

  • Курсорды үшінші жолға қойып, палитраны жинаңыз. Емтихан1(3) бетінің ярлыгына шертіп, бірінші студенттің үшінші емтиханы бойынша алған бағасы бар D6 ячейкасын таңдаңыз. Палитраны ашыңыз;

  • Жазылған формуланың дұрыстығын (әрбір студенттің тапсырған емтихандар санын есептеу ұяшықтарының таңдалу дұрыстығын) тексеріңіз. Қате жоқ болған жағдайда – ОК басыңыз.

D6 ұяшығында =СЧЕТ('Емтихан1'! D6;'Емтихан 1(2)'! D6;'Емтихан 1(3)'! D6) формуласымен есептелген бірінші студенттің тапсырған емтихандарына сәйкес сан шығады.

D бағанының барлық ұяшықтарына формуланы көшіреміз. Ол келесі әдіспен орындалады: D6 ұяшығын белсенді етеміз, нұсқағышты ұяшықтың оң жақ төменгі бұрышына орналастырамыз, тышқан нұсқағышы крест түріне ие болғанда, тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, нұсқағышты қажетті өлшемге дейін созамыз (ақырғы студентке дейін – D20). Ұяшықтар автоматты түрде формуламен толтырылады. Әрбір фамилияға қарсы тапсырылған емтихандардың саны шығады.

Жоғарыда айтылғанның бәрін ескере отырып және формулаларды енгізуден алынған тәжірибелерді қолданып, студенттің стипендиясының мөлшерін есептейтін формуланы Е6 ячейкасына енгізіңіз:

=ЕСЛИ(И(С6>=4,5;D6=3);$D$2*1,5;ЕСЛИ(И(С6>=4;D6=3);$D$2;0)).

Формуланы енгізу «Enter» пернесін басумен аяқталатынын ұмытпаңыз.

Бұл формуланы Е бағанының барлық ұяшықтарына көшіріңіз (35 жолға дейін). Үлгеріміне байланысты әрбір студентке стипендияны тағайындау автоматты түрде жүзеге асырылады.