Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МЧП СРС.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
33.2 Кб
Скачать

3. Халықаралық ұйымдар және халықаралық

жеке құқықты унификациялау

Көпжақты шарттардың, үлгілік заңдардың, ұсыныстардың негізінде жүзеге асырылатын халықаралық жеке құқықтың нормаларын унификациялаудағы жетістіктер бірқатар халықаралық органдар мен ұйымдардың қызметімен тығыз байланысты. Осы саладағы анағұрлым елеулі нәтижелерге қол жеткізу - халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының жеке құқықты унификациялау жөніндегі Халықаралық институттың (УНИДРУА) халықаралық сауда құқығы жөніндегі БҰҰ Комиссиясының (ЮНИСТРАЛ) тырысушылықтарының арқасында мүмкін болды.

Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаагалық конференциясының құрылу тарихы тамырымен ХІХ ғасырдың соңғы он жылдықтарына кетеді. Екі жүз жылдықтың шегінде халықаралық жеке құқықтың біркелкі нормаларын қалыптастыру мәселелері үлкен өзектілікке ие болып отырды. Италия үкімтетінің осы саладағы мәселелерді талқылау үшін халықаралық конференцияны шақыру әрекеттері сәтсіз аяқталды.

Тек 1893 жылы ғана Нидерланды үкіметіне халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаагалық конференцияныњ бірінші сессиясы шақыру мүмкіндігі туды. Құқық жөніндегі конференцияның сәттілігі – оны жүргізудің бастамашысы - атақты голландиялық-заңгер Т.Н.Ассер бөлісті. Алғашқы сессиялар 1894, 1900, 1904 жылдары болды. Бұдан кейін конференция жұмысында ұзақ үзіліс орын алып, бесінші сессиясы 1925 жылы өтті.

1951 жылы екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін алғаш рет конференцияның сессиясы шақырылған кезде конференцияның статусын қабылдаумен көрініс тапқан, оның тарихының жаңа кезеңі басталды.

Гаагалық конференция – 1955 жылы 15 шілдесінде қабылданған статусына сәйкес міндеті - халықаралық жеке құқықтың нормаларын унификациялау болып табылатын үкімет аралық ұйым.

Гаага конференциясының сессияларында қабылданған конвенциялар қарастырған сұрақтарды шартты түрде келесі негізгі бөліктерге бөлуге болады: тауарларды халықаралық сатып алу-сату, халықаралық азаматтық процесс, отбасылық қатынастар, мұрагерлік. Тек 1951-1996 жылдардың ішінде Гаага конференциясының сессияларында 32 конвенция қабылданды.

Жеке құқықты унификациялау жөніндегі Халықаралық институт (УНИДРУА ) 1926 ж. Ұлттар Лигасының көмекші орган ретінде құрылды. Ұлттар Лигасының қызметінің тоқтатылуымен және 1940 ж. УНИДРУА үкіметаралық ұйым ретінде жұмыс істеп келеді (орналасқан жері - Рим қаласы). Институттың мақсаттары болып, гармонизация жолдарын зерттеу және жекелеген мемлекеттер немесе мемлекеттер тобының жеке құқығын үйлестіру, оның бірегей нормаларын жасау табылады.

Институттың басқарушы органдары болып: қатысушы-елдердің үкіметтерінің өкілдерінен тұратын Бас Ассамблея, онымен сайланатын Әкімшілік Кеңес Италияның үкіметімен тағайындалатын Президент болып табылады: Институттың атқарушы органы - Институт Президентінің ұсынысы негізінде Әкімшілік кеңеспен тағайындалатын Бас хатшымен басқарылатын - Хатшылық.

Институтпен жасалған халықаралық-құқықтық құжаттардың негізгілерінің қатарына: тауарларды халықаралық сатып алу-сату жөніндегі бірегей заң туралы Конвенция (1964 ж. Гаага); туристік контракт туралы халықаралық Конвенция (1970 ж. Брюссель); халықаралық өсиеттің нысаны туралы бірегей заң туралы Конвенция (1973 ж. Вашингтон ); тауарларды халықаралық сатып алу-сатудағы өкілдік туралы (1983 ж. Женева); халықаралық қаржылық лизинг туралы УНИДРУА Конвенциясы (1988 ж. Оттава ); халықаралық факторинг туралы УНИДРУА Конвенциясы (1988 ж. Оттава).

Институттың қатысушымен, кейіннен басқа халықаралық ұйымдардың шегінде қабылданған халықаралық конвенциялардың жобалары (оның ішінде тауарларды халықаралық сатып алу-сату, соғыс жағдайында мәдени құндылықтарды қорғау, жүктердің халықаралық жол тасымалы мәселелері бойынша) дайындалды.

Институтпен халықаралық коммерциялық шарттардың қағидалары жасалды. Міндетті емес құжат болып табылатын қағидалар, егер тараптар, олардың шарты қағидалармен реттеледі деп келіскен болса қолданылады. Олар сонымен қатар, тараптар, шарт “құқықтың жалпы қағидалармен”, “lex mercatoria” немесе ұқсас ержелерімен анықталады деп келіскен жағдайда қолданылады. Қағидалар “ұлттық және халықаралық заңнама” үшін үлгі болуы мумкін.

1966 ж. міндетті-халықаралық сауда құқықты гармонизациялау және унификациялауға септік тигізу болып табылатын БҰҰ-ның Халықаралық сауда құқығы жөніндегі Комиссия (ЮНСИТРАЛ ) құрылды.

Комиссиямен дайындалған құжаттардың арасында: тауарларды халықаралық сатып алу-сатудағы талаптың ескіруі туралы Конвенция (1974 ж., Нью-Йорк) және оның хаттамасы (1980 ж.); БҰҰ-ның тауарларды сатып алу сату-туралы шарттар (1980 ж., Вена); Халықаралық аударма вексельдері және халықаралық жай вексельдер туралы (1988 ж., Нью-Йорк); халықаралық саудадағы көлік терминалдары операторларының жауаптылығы туралы (1981 ж., Вена ); тәуелсіз кепілдіктер және резервті аккредитивтер туралы (1995 ж., Нью-Йорк) конвециялары; шетелдік төрелік шешімдерді тану және атқару туралы Конвенция (1958 ж., Нью-Йорк ).

Комиссиямен ЮНСИТРАЛ-дың халықаралық сауда төрелігі туралы Үлгілік заңы қабылданды (1985ж.), оның негізінде көптеген елдерде сәйкесінше заңнама қабылданды. ЮНСИТРАЛ-дың Үлгілік заңдары мыналар: тауарлар, құрылыс жұмыстарын және қызметтерді сатып алу туралы (1994ж.); халықаралық несие аудармалары туралы (1992ж.); электронды сауда жөнінде (1996ж.); трансшекаралық дәрменсіздік туралы (1997ж.).

Халықаралық жеке құқықты унификациялау жөніндегі үлкен жұмысты: сауда және даму жөніндегі БҰҰ Конференциясы, халықаралық теңіз Ұйымы (ИМО), азаматтық авиацияның Халықаралық Ұйымы (ИКАО), интелектуалды меншіктің Бүкіләлемдік Ұйымы (ВОИС), басқа да бірқатар халықаралық ұйымдар атқарып жүр.

1994 ж. сәуірінде ТМД үкіметтері басшыларының кеңесімен дербес халықаралық ұйым ретінде ТМД жеке құқығының Ғылыми кеңестік орталығы құрылды.

Орталықтың кеңесі қатысушы мемлекеттердің үкіметтерінің ресми өкілдерінен құралады. Орталықтың міндеті болып, достастық елдерінің жеке құқығын жақындастыруға және гармонизациялауға бағытталған құқықтық актілердің үлгілерін және ғылыми ұсыныстарды жасау болып табылады.

Орталықта құрылған Бірлескен жұмыс тобы Азаматтық кодекс үлгісінің тарауларын дайындады.

Ғылыми-кеңестік орталықпен, жауапкершілігі шектелген серіктестіктер, дәрменсіздік, ипотека туралы және басқада бір қатар заң жобалары дайындалды.