Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силабус_ОМ. каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
357.89 Кб
Скачать

2.10 Студенттердің білімі мен дағдыларын бағалау әдістері

Дәрістерді өткізу: Жалпы мағұлыматты және мәселелік дәрістер оқу.

Тәжірибиелік сабақ өткізу: сабақ тақырыбы бойынша теориялық білімді талқылау.

Сабақ тақырыбы бойынша тәжірибиелік дағдылар, жалпы қорытынды жасау.

ОСӨЖ-ді және СӨЖ-ді ұйымдастыру түрлері: өздігінен әдебиеттер сұрақтарына жауап тауып оқу, ғылыми рефераттар, баяндамалар, тақырып бойынша эсселер дайындау, ғылыми мақалаларға және студенттік рефераттарға қиылысқан түрде рецензия жасау, презентациялар, демонстрациялық материалдар жасау, ситуациялық есептер, кроссворд құрастыру.

Ағымдық бақылау: тәжірибиелік сабақтар барысында жүргізіледі.

Аралық бақылау: коллоквиум.

Қорытынды бақылау: емтихан

2.11. Білімін бағалау критерилері

Дәрістер

Орындалу критерилері

қатысулары

дәріс конспектісінің болуы

тақырып бойынша семинар сабағында сұрау.

Бағалау критерилері

дәріске қатыспағаны үшін жіберу рейтінгінен 1 балл алып тасталынады, әрбір дәріс үшін.

Тәжірибелік сабақтар

Орындалу критерилері

әрбір тәжірибелік сабаққа міндетті түде қатысуы керек;

ауызша сұрау (студент міндетті түрде методикалық нұсқауға сәйкес сабаққа дайындалып келуі керек)

сабақты және тәжірибелік жұмысты методикалық нұсқауға сәйкес орындау;

жұмыс нәтижесін және қорытындыны дұрыс толтыруы қажет.

Бағалау критерилері:

Ауызша сұрау (максималды 100 балл)

100-90 – Сабақ тақырыбы бойынша студент терең білімділігін, логикалық ойлу қабілетінің жоғарғылығын көрсеткенде. Қойылған сұраққа жауап толық материалы сәйкес келеді, керекті теориялық дәлелдеулер қамтылған, корсетулері дұрыс мысалдармен келтірілген. Студент дәлелді қорытынды жасайды.

89-75- Студент тақырып бойынша білімін көрсетті, бірақ жауап беру барысында кіші-гірім қателіктер жіберіп, оны мұғалімнің ескертуімен бірден түзетті, логикалық ойлау қабілетін көрсетті және оны мысал көрсету арқылы дәлелдеп, негізделген қорытынды жасады.

74-50- Студент сабақ тақырыбы бойынша терең білімді емес, қойылған сұрсақтарға толық емес және ретсіз жауп қайтарады, бірақ сұраққа жалпы түсінігі бар және іс - жүзінде көрсете біледі, келесі бағдарлама материалын меңгеруге жеткілікті. Анықтама түсінігін айтуда қиындықтар туды немесе терминологияны қолдануда қателік жіберіп, мұғалімнің бірнеше қосымша сұрақтарынан кейін түзетті.

49-0- Студент сабаққа қатысты. Оқу материалының негізгі бөлімдерінен көптеген қателіктер жіберді немесе білмеді, анықтама түсінігін айтуда және терминология қолдануда нақты қателіктер жіберді, оларды мұғалімнің қосымша бірнеше сұрақ қойғанында да түзете алмады.

Сабақтың тәжірибелік бөлімі – дағдылар (максималды 100 бал)

100-90 – Студент сабақтың тәжірибелік бөлімін барлық тапсырмаларын толық және дұрыс орындады, дағдыларды білімді және мұқият көрсетті, ситуациялық есепті талқылауда дұрыс қорытындылады, берілген жағдайға терең анализ жасады, барлық сұрақтарға да толық және нақты жауап берді.

89-75 - Студент сабақтың тәжірибелік бөлімін барлық тапсырмаларын теориялық біліміне сәйкес дұрыс орындады, дағдыларды және қорытындылауда азғантй қателіктер жіберіп, оларды мұғалімнің ескертулерінен кейін түзетті. Ситуациялық есепті талқылауда дұрыс анализ жасап, міндетті емес қателіктер жіберді.

74-50 - Студент сабақтың тәжірибелік бөлімін барлық тапсырмаларын теориялық біліміне сәйкес дұрыс орындай алмады, бірақ сабақтың мідетті қиындықтарын толық меңгерді, ситуациялық есепті талқылауда беткейлі анализ жасады.

49-0- Сабақтың тәжірибиелік бөліміне қатысты, хаттама толтыра алмады, қорытындыламады, ситуациалық есепті анализ жасамады.

ОСӨЖ

Орындалу критерилері:

ОСӨЖ-дің сабақтарына міндетті түрде қатысу керек

ауызша сұрақтар (студент сабаққа методикалық нұсқау сұрақтарына сәйкес дайындалып келуі қажет;

оқыған бөлімге тест жүргізу жазбаша түрде қабылданып, тексеруге апта ішінде беріледі.

оқыған бөлімге ситуациялық есеп талқылауы жазбаша түрде қабылданып, тексеруге апта ішінде беріледі.

тәжірибелік сабақтар тапсырмасы тәжірибе мен ОСӨЖ-дің сабақтарыда орындалып тексеріледі.

Бағалау критерилері:

100-90 – ОСӨЖ-дің («үздік») деген бағасын - тақырып материалы бойынша жан-жақты терең білімді, тапсырманы қатесіз және нақты орындаған студентке беріледі. Сонымен бірге, семинарлар мен талқылауларда белсенді қатысуы және өз ойын дәлелдей алуы қажет. Студент тақырып бойынша ситуациялық есептер мен тестті 90-100% дұрыс шешуі керек.

89-75 - ОСӨЖ-дің («жақсы») деген бағасын – ары қарай оқуға қажетті, тақырып көлемін толық меңгерген, бірақ жауап беру барысы мен тапсырманы орындауда азғантай қателік жіберген студентке беріледі. Бақылау сұрақтарына жауабы мен семинарға қатысуы белсенділікке жетпейді. Тесттер мен ситуациялық есептерді шешудегі балы 75-89%.

74-50 - ОСӨЖ-дің («қанағаттанарлық») деген бағасын – ары қарай оқуға қажетті, тақырып көлемін меңгерген, бірақ жауап беру барысы мен тапсырманы орындауда көптеген қателік жіберген студентке беріледі. Бақылау сұрақтарына жауабы мен семинарға қатысуы белсенді емес. Тесттер мен ситуациялық есептерді шешудегі балы 50%.

49-0 - ОСӨЖ-дің («қанағаттанарлықсыз») деген бағасы – сабақ тақырыбы бойынша білімсіз және тапсырманы орындауда нақты қателіктер жіберген студетке қойылады.

0 - бал сабаққа келмеген студентке қойылады.

СӨЖ

Рефераттарды, баяндамаларды қорғау және тапсыру, презентацияларды көрсету, таблица мен кестені көрсету әрбір аралық бақылау алдында жүргізіледі.