
- •Силлабус
- •Алматы, 2012ж.
- •1. Жалпы мәлімет:
- •Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •2. Бағдарлама:
- •2.2 Пәннің мақсаты:
- •Пәннің міндеттері:
- •2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі
- •2.5 Реквезитке дейінгі
- •2.6 Реквезитен кейінгі
- •Пәннің қысқаша мазмұны
- •2.7 Сабақтың тақырыптық жоспары:
- •Тәжірибелік сабақтардың тізімі
- •Оқытушының басқаруымен студенттің өзіндік жұмысына арналған тақырыптар (осөж)
- •2.8. Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тақырыптар (сөж)
- •Пәндік сағаттарды бөлу.
- •2.9. Ұсынылған әдебиеттер
- •2.10 Студенттердің білімі мен дағдыларын бағалау әдістері
- •Сабақтың тәжірибелік бөлімі – дағдылар (максималды 100 бал)
- •Орындалу критерилері:
- •Бағалау критерилері:
- •Аралық бақылау
- •Ауызша немесе жазбаша жауап – ең жоғарғы балы -100 бал
- •Тестілеу - ең жоғарғы балы -100 бал
- •Коммуникативті дағдылар Бағалау критерилері
- •Құқықтық компетенция Бағалау критерилері
- •Студенттердің білімі мен дағдыларын тексеру әдістері Студеттердің бақылау білімін тексеру
- •Пән бойынша студенттің білімін бағалайтын шкаласы
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА |
ЖАЛПЫ ХИРУРГИЯ КАФЕДРАСЫ СИЛЛАБУС |
Силлабус
Жалпы хирургия пәнінен
№ 051301 –«Жалпы медицина» мамандығы үшін
Жалпы хирургия кафедрасы
Курс – үшінші Семестр – V-VI
Лекциялар - 6 сағат
Тәжірибелік сабақтар - 30 сағат
ОСӨЖ - 36 сағат
СӨЖ – 36 сағат
Барлығы - 108 сағат
Бақылау нұсқасы: емтихан
Алматы, 2012ж.
Жалпы хирургия кафедрасының отырысында қаралып бекітілді. 14.05.2012 ж. Хаттама №16.
Кафедра меңгерушісі, профессор Муканов М.У.
1. Жалпы мәлімет:
*ЖОО аты: С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университеті
*Кафедра жалпы хирургия
*Пәні, пәннің коды: жалпы хирургия
*Мамандық: № 051302 – «Жалпы медицина»
*Оқу сағатының көлемі (несие): 108 сағат
*Курс: үшінші
*Оқыту семестрі: 5-6
Оқытушылар туралы мәліметтер:
№ |
Аты- жөні |
Қызметі |
Дәрежесі |
1 |
Муқанов Марат Өмірбекұлы |
Меңгеруші |
м.ғ.д |
2 |
Садыков Өмірхан Садыкұлы |
доцент |
м.ғ.к. |
3 |
Маленкова Светлана Александровна |
доцент |
м.ғ.к. |
4 |
Кушекбаев Максут Наугметұлы |
доцент |
м.ғ.к. |
5 |
Рахматуллин Юсупжан Якубұлы |
доцент |
м.ғ.к. |
6 |
Курамысов Еркин Акбарұлы |
Завуч, доцент |
м.ғ.к. |
7 |
Каныбеков Асан |
ассистент |
м.ғ.к. |
8 |
Медетбеков Талгат Алпысбайұлы |
ассистент |
м.ғ.к. |
9 |
Дарвиш Ахмад Абдиұлы |
ассистент |
м.ғ.к. |
10 |
Сембиев Габит Жомартұлы |
ассистент |
- |
11 |
Маметова Турсунай Абдрашитовна |
ассистент |
- |
12 |
Асанова Ботагоз Мейрамбековна |
ассистент |
- |
13 |
Гусманов Срым Забитович |
ассистент |
м.ғ.к. |
Қысқаша ақпарат:
Кафедраның орналасқан жері: Алматы қаласы, Темір жол ауруханасы 2 қабат, оқу бөлмелері 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8. №7 қалалық клиникалық аурухана, 1 қабат, қосарланған жарақат бөлімшесі. Алматы облыстық көпсалалы клиникалық аурухана 1 қабат, оқу бөлмелері 1, 2.
Пәннің саясаты оқу үрдісін кезеңдік және мақсатты бағытта жүргізуге негізделген. Мұғалімдердің студенттерден талап етуі медициналық жоғарғы оқу орындарына қойылатын талаппен сәйкес:
Тәжірибелік сабақтарға, дәрістерге міндетті түрде қатысуы.
Әртүрлі формадағы СӨЖ-дің 1 түрін міндетті түрде орындау.
Оқу үрдісіне белсенді қатысуы (практикалық сабақтың конспектісі, теориялық материалды дайындау, тестер мен ситуациялық есептерді шешу, науқасты тексеру қатнасу, қажетті машықтарды өздігімен орындау) – науқасты курация жасамаса немесе сырқатнама, курация күнделігін толық орындалмаса студентке балл қойылмайды.
Жоспарланған тақырып бойынша сырқатнаманы немесе курация парағын, тестерді, ситуациялық есептерді, СӨЖ қорғау бөлімді, өтілген уақыттан кешіктермей тапсыруы тиіс.
Аралық бақылауларды тапсырмаса емтиханға жіберілмейді
Студент сабаққа кешікпеуі керек.
Таза, өтектелген ақ халаты, хирургиялық костюмі, бас киімі, маскасы, бахиласы және алмастырып киетін екінші аяқ киімі болуы тиіс. Жұмыс атқаруға рұқсат етілген белгісі бар жеке санитарлық кітапша.
СӨЖ, ОСӨЖ немесе сабақ сағаттарын толық өтпесе оқу курсы есептелмейді.