Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Стратегический маркетинг_каз 13-14 (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.88 Mб
Скачать

3.3. Идеяларды фильтрациялау

Инновациялық үрдістің екінші кезеңінің мақсаты – фирманың ресурстары мен міндеттерін ескере отырып, ұсынылған жаңа тауарлар идеясы фильтрлеу. Өндірілетін ұсыныстар бағалауы таңдау критерилерін анықтайды. Бұл кезеңде тереңдетілген талдау жүргізілмейді; болашақта қарастырылатын жобаларды тез, әрі аз шығын негізінде таңдау және фирма үшін қайсысы тиімді еместігін жою қажет. Бұл жүзеге асырудың талдауы емес, тек алдын ала болдау болып табылады.

Ережеге сай, мұндай фильтрация үшін жаңа тауар бойынша Комитет тиімді болып саналады. Қарапайым және тиімді әдіс негізгі қағидалары келесідей, «бағалылық торы» болып табылады.

- Келесі функциялардың әрқайсысы бойынша жеңіс факторларының кілттік тізбегі құрылады: маркетинг, қаржы, өндіріс, НИОКР.

- Әрбір факторға немесе факторлар тобына олардың маңыздылығына қарай жауапкершілік жүктеледі.

- Жаңа тауар жөніндегі әрбір идеяға Комитеттің мамандары жаңа тауар бойынша олардың әрқайсысына балл тағайындайды.

- Осы бағалаулардың базасында сапаның индексі анықталады.

Бұл әдіс бір жағынан барлық маңызды факторлардың қарапайым, әрі жүйелі есебін қамтамасыз етеді, ал басқа жағынан фирманың қызығушылықтары мен мүмкіндіктерінен шығады.

Ережеге сәйкес, негізгі критерийлерге келесілер жатады:

1. Жүзеге асыруға кететін шығындар

2. Техникалық жеңіс ықтималдылығы

3. Күтілетін рентабелділік

4. Әлеуетті нарық көлемі

5. Өңдеу мерзімі

6. Нарықтық тенденция

7. Мақсатпен байланыстылық

8. Коммерциялық ноу-хау

9. Технологикалық ноу-хау

10. Күтілетін нарық үлесі

11. Патенттің бар болуы

12. Әлеуетті тәуекел

13. Қажетті инвестициялар

3.4. Тауар қағидасының өңделуі

Бұл кезеңде «идеядан» алдын ала бағалау, яғни тауар қағидасына өту үрдісі жүргізіледі. Тауар қағидасытауардың соңғы физикалық және қабылданатын сипаттамаларын белгілеу және нақты тұтынушылар тобына арналған шығу топтарын анықтау.

Тұтынушы қабылдайтын артықшылық жөнінде айтылып отырғандықтан, мұнда жай ғана техникалық құжат жөнінде айтылмайды. Қағида тауардың түсінігін құрылымдар немесе атрибуттар негізінде нақтылайды. Тауардың осы немесе басқа идеялары әртүрлі қағидаларды туғызатыны мәлім. Қағиданы анықтай отырып, фирма өзінің мақсаттарынан тыс таңдау жасайды.

3.5. «Жасыл» тауар қағидасын өңдеу

Бүгінгі таңда экология бақыланбайтын өзгерістер қатарына жатады, сондықтан да өңдеу кезінен бастап экологиялық аспектіні ескерген жөн. Қағиданы қалыптастыру кезеңі барысында бірнеше нұсқаларды қарастырған жөн. Шикізат пен қораптау шығындарын қысқарту:

- қораптаудың жеңілдету немесе алып тастау;

- мейлінше концентриленген өнімдерді шығару;

- үлкен расфасовканы қолдану;

- көпфункцияналды тауар шығару;

- екінші ретті материалдарды қолдану;

- табиғи ресурстардың тапшылығын қысқарту;

- Энергия үнемдейтін тауарларды өндіру;

- тауардың қоршаған ортаға зиянын азайту;

- тауардың өмір циклін ұлғайту;

- бірнеше рет қолданылатын қорабы бар тауарларды өндіру;

- тауардың ауысуы, бүлінуінің алдын алуды қамтамасыз ету;

- қайта өңдеу үшін қолданылатын тауарлар жиынтығын қамтамасыз ету;

- Көміп тастауға немесе өртеп жіберуге болатын тауарларды өндіру;

- Компоста қайта өңдеуге мүмкін болатын тауарларды өндіру. «Жасыл» тауар қағидасын қолдана отырып, мүмкін жайғастыру мен оның тауардың өмір циклі үшін ғылыми негізделген тағайындамаларына көз жеткізу керек. Аталмыш мәселе көптеген өнімдер мен шикізат материалдарының экологиялық бағалауындағы түсініксіздіктен күрделене түседі.