Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Стратегический маркетинг_каз 13-14 (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.88 Mб
Скачать

3.2. Жаңа тауарлардың басты идеясы

Функционалды талдау әдісітауар немесе оның сипаттамасын қолдана отырып, жағдайдың жүйелік талдауына бағытталған.

Мәселе талдауы қолданушы мінез-құлқына бақылау жасаудан басталады. Тауарды қолданумен байланысты әрбір анақталған мәселе, жетілу идеясының туындауына әкелуі мүмкін. Мұмндай әдіс қолданушылардың ұйымдастырушылық топтары жиі ауысатын өнеркәсіптік нарықтардың талдауынада қолданылады.

Мінездемені инвентаризациялау әдісі осындай мақсатқа ие, бірақ тауардың өзінің құрамынан шығады. Басты мінездемелердің құрылу барысын қарастырады және жаңа комбинацияны шығару мақсатында олардың жағдайын қарастырады. Осы әдістің төңірегінде жаңа тауарды жылжыту бойынша бірнеше сұрақтар жиынтығы құралған.

Морфологиялық талдау жаңа қызықты комбинацияны анықтау мақсатында негізгі құрылымдық тауар өзгерісін келесі талдау негізінде қарастыру.

Мысал ретінде тазалау құралдарын қарастырайық. Алты басты өлшеуіштер: неге жағылады (щетка, сүлгі, губка, тампон), ингредиенттер (спирт, аммиак, дезинфектант), тазалау объектілері (әйнек, кілем, қол жуғыш, көлік, қабырға), жоятын заттары (май, қан, шаң, бояу), текстура (крем, пудра, тұздар, сұйықтық), қораптау (бөтелке, баллон, пакет).

Өлшеудің попарлық сәйкестілігі, әрбір деңгейде олардың жаңа тауар ретіндегі әлеуетті құндылығымен бағаланады.

Шығармашыл әдіс арқылы идеяларды іздеу

Елестету мен интуицияға негізделген. Әдетте синергия әсеріне байланысты немесе өзара әсер ету арқылы топ адамдары жаңа идеяларды жеке қарастырғанға қарағанда әлдеқайда тиімді жүзеге асырады деп тұжырымдайтын «шығармашылық топтар» көлемінде жүргізіледі.

Ми шабуылы – оңай қолданылатын болғандықтан, ең тиімді әдіс саналады. «Ми шабуылы» сеансы көп идеяларды жинау мақсатында жүргізіледі. Мұнда әртүрлі білімі мен тәжірбиесі бойынша алтыдан тоғыз адамға дейін қатысады. Осборнға сүйенсек, сеансты жүргізудегі негізгі ереже келесідей:

- Басқа келгеннің бәрін айту, фантазияны ұлғайту. Идея болған сайын, нәтижеде сапалы болады: олардың арасынна тиімдісін таңдау оңай болып келеді.

- Кез келген идеяны жоққа шығару мен шектеулерге тыйым салынған; идеяларды бағалау соңынан жүрзіледі.

- Басқалардың идеяларын жүйелі түрде дамыту қажет, оларды комбинациялау арқылы.

Мұндай әдіс көбінесе тиімді болып табылады; бір сағаттың көлемінде мұндай топтарда жүзге жуық идеялар туындайды.

Синектика – «ми шабуылы» қағидаларының негізінде жүргізілетін құрылымдық әдіс. Мұнда қарастырып отырған мәселеге жанама әсер ету негізделген. Қалыптасқан әдеттер, мәселеге деген шынайы көзқарасқа кері әсер етеді деген оймен қалыптасады. Елестетуді ұлғайту үшін басқа бағытқа жылжи отырып «шығармашыл дөңгелекті» құруға негізделген. Өзара байланысты, өлшенетін болса да, мәселе басқаға ауысқанна кейін, жаңа анаглотар мен идеяларды іздеуге кірісу қажет.

Клиенттерді идеялардың көзі ретінде қарастыру

Аталған идеяларды іздеу әдістері орындаудың жеке көзғарасының негізінде жүргізіледі. Өнеркәсіптік белгілері бар нарықта жаңа тауарды шығару идеясы, егерде олар нақты мәселені сезінсе, клиенттерден ақ шығатыны мәлім (2-кестені қараңыз).

2-кесте – Жаңа өнеркәсіп тауарларының идеясын іздеу

Өнеркәсіптік клиенттің қажеттілігі

Өндірушінің мүмкіндіктері

Шектелген

Кең

Сезілетін қажеттіліктер

Клиенттің инициативасфын доминанттайды

Бірлескен инициатива

Латентті қажеттіліктер

Ешқандай инициатива жоқ

Өндірушінің инициативасын доминанттайды