Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Стратегический маркетинг_каз 13-14 (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.88 Mб
Скачать

2.4. Базалық стратегиямен байланысты тәуекелділіктер

3-кескінде көрсетілгендей, әрбір базалық стратегия үшін арнайы тәуекелділіктер тән.

Шығындар бойынша көшбасшылыққа негізделген стратегия тәуекелі

- Алдыңғы тәжірибе мен инвестицияларды мағынасыздандыратын техникалық өзгерістер.

- Нарыққа қайта келген фирмалар және иммикаторларға төмен шығындар кезінде технологияның араласуы.

- Шығындарға артықшылықты көңіл қою салдарынан тауарға өзгерістер енгізу қажеттілігін дер кезінде анықтауға қабілетсіздік.

- Бәсекелестер маркасы немесе дифференцияцианың өзге де нұсқалары тарапынан қауіптіліктердің алдын алуға қажетті, фирманың бағаның әртүрлілігін қолдау бойынша мүмкіндіктерін пайымдайтын шығындар инфляциясы.

Дифференциацияға негізделген стратегия тәуекелділіктері

- Төмен бағалармен бәсекелестерге қатысты бағаның үзілуі үлкен болатыны сонша, тіпті дифференциялық марканы ұстанушылықты сақтауға мүмкіндік бермейді.

- Дифференциация факторының рөлі тауар қалай үйреншікті болуына байланысты төмендейді.

- Дифференциацияны қабылдау еліктеудің әсерінен төмендейді.

Шоғырландыру стратегиясының тәуекелділіктері

- Маманданбаған тауарларға қатысты бағаның үзілуі кезінде бәсекелестер тым көп болып саналады.

- Мақсатты сегмент пен нарық шегінде тауарға талаптардың әртүрлілігі жалпы қысқарады.

- Бәсекелестер мақсатты сегмент ішіндегі неғұрлым тар сегмент негізінен шығады.

3-кескін – Базалық стратегияға тән тәуекелділіктер

Қарастырылған стратегиялар өзінің жүзеге асуы үшін әртүрлі ресурстар мен білімдерді қажет етеді.

- Шығындардағы үнемдеу негізінде көшбасшылық стратегиясы тұрақты инвестицияны, жоғары техникалық құзыреттілікті, стандартталған және жасауда қарапайым, тауарлар, өндіріс және өтімділікті қатаң қадағалауды болжамдайды. Үстемдік етуші рөлді өнімділік алады.

- Дифференциация стратегиясы маркетинг саласында ең алдымен ноу-хаудың болуын болжамдайды. Бастысы нарық эволюциясын көре алу мүмкіндігі болып табылады. Сонымен қатар, НИОКР, өндіріс және маркетингті үйлестіру маңызды, яғни әртүрлі функциялар арасында теңдік сақталуы керек. Топтастыру стратегиясы осындай ерекшеліктерді болжамдайды, алайда мақсатты сегментке қатысты.

3. Өсу стратегиясы.

Көптеген фирмалық стратегиялар өсу мақсатын көздейді: сатудың, нарық үлесінің, кірістер және фирма көлемінің өсуі. Өсу – персонал мен басшылықтың дәлеледемелерін күшейтетін және бастамаларын ынталандыратын фирманың белсенділігіне әсер ететін фактор. Бұл элементтен тәуелсіз бәсекелестіктің шабуылын көрсету үшін мөлшер және өзге де тәжірибе әсерінен үнемдеу есебінен өсімділік қажет болып табылады.

Өсу мақсаты әртүрлі үш деңгейде қалыптасуы мүмкін:

- Базалық нарыққа қатысты өсу; біз мұны интенсивті өсу деп атаймыз;

- Өндірістік сапқа қатысты өсу – «алға» және «артқа» интеграциясы негізгі қызметке қатысты: бұл интегративті өсу;

- Әдеттегі қызмет зонасынан тыс мүмкіндіктерге негізделген өсу.

Әрбір аталған өсу мақсатына мүмкін болатын белгілі шама сәйкес келеді. Оның типологиясы 4-кескінде берілген.

1. Интенсивті өсу: базалық нарық шегінде өсу.

1.1. Ішіне кіру стратегиясы: әрекет етуші нарыққа жіберілетін тауарларды сатуды дамыту.

- Бастапқы сұранысты дамыту.

- Нарық үлесін арттыру.

- Нарықққа иелік ету.

- Нарық жағдайын қорғау.

- Нарықты рационалдау.

- Нарықты ұйымдастыру.

1.2. Нарықты дамыту стратегиясы: жаңа нарыққа жіберілетін сатылымды дамыту.

- Жаңа мақсатты сегментті шығару.

- Өтімділіктің жаңа арналарын меңгеру.

- Жаңа географиялық нарыққа кіру.

1.3. Тауар арқылы дамыту стратегиясы: жаңа немесе жақсы тауарларды ұсына отырып, әрекет етуші нарықтағы сатылымды дамыту.

- Тауардың жаңа сипаттарын қосу.

- Тауар гаммасын кеңейту.

- Тауар линейкасын жаңарту.

- Сапаны жақсарту.

- Тауарлар гаммасын иелену.

- Тауар гаммасын рационалдау.

2. Интегративті стратегия: индустриалды тор тізбегінде өсу.

2.1. «Артқа» интеграция стратегиясы.

2.2. «Алға» интеграция стратегиясы.

2.3. Горизонтальды интеграция стратегиясы.

3. Өсу стратегиясы.

3.1. Шоғырланған диверсификация.

3.2. Таза диверсификация.

4-кескін – Өсу стратегиясының түрлері

3.1 Интенсивті өсу кіреді:

- Нарыққа енгізу стратегиясы;

- Нарықты дамыту стратегиясы;

- Тауар арқылы дамыту стратегиясы.

3.2. Интегративті стратегия кіреді:

- «Артқа» интеграциялы стратегиясы;

- «Алға» интеграциялы стратегиясы;

- Горизонтальды интеграция стратегиясы.

3.3. Диверсификация арқылы өсу стратегиясы кіреді:

- Шоғырландыру диверсификация стратегиясы;

- Таза диверсификация стратегиясы.