
- •Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық университеті
- •Стратегиялық маркетинг
- •Авторлар:
- •Пікір жазғандар:
- •Пәннің тақырыптық жоспары
- •Пәннің мазмұны
- •Практикалық және семинарлық сабақтардың тақырыптары
- •Мөж тақырыптарының үлгілі тізбегі
- •Үсынылатын әдебиеттер тізімі
- •8. Пәннің күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •9. Лекциялық, практикалық (семинар), зертханалық сабақтар жоспары
- •10. Моөж жүргізу жоспары
- •11. Мөж тапсырмаларын орындау және өткізу графигі
- •12. Курстық жұмыстардың тақырыптары (пән бойынша курстық жұмыс қарастырылмаған)
- •13. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •8. Пәннің күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •9. Лекциялық, практикалық (семинар), зертханалық сабақтар жоспары
- •10. Моөж жүргізу жоспары
- •11. Мөж тапсырмаларын орындау және өткізу графигі
- •12. Курстық жұмыстардың тақырыптары (пән бойынша курстық жұмыс қарастырылмаған)
- •13. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •14. Магистранттың оқу бойынша жетістіктерін бақылау сұрақтары
- •14.1 Бірінші аралық бақылауға дайындалуға арналған сұрақтар
- •14.2 Екінші аралық бақылауға дайындалуға арналған сұрақтар
- •15. Магистранттың білімін бағалау жүйесі
- •15.1 Магистранттың рейтингін қою шкаласы*
- •15.2 Қорытынды бағаны есептеу
- •15.3 Магистранттың оқу жетістіктерінің балдық-рейтингтік әріптік жүйе бойынша бағалау және сәйкесінше бағалаудың дәстүрлі шкаласына аудару
- •15.4 Академиялық тәртіп саясаты
- •1. Стратегиялық маркетингтің түсінігі және оның мәні.
- •2. Стратегиялық маркетингтің ерекшеліктері мен оның мазмұны.
- •1. Стратегиялық маркетингтің түсінігі және оның мәні.
- •2. Стратегиялық маркетингтің ерекшеліктері мен оның мазмұны.
- •2. Коммуникациялық ағымдарды ұйымдастыру.
- •2. Сатып алушы шешім қабылдаудың белсенді келбеті ретінде.
- •3. Сатып алушы қажеттіліктерді қанағаттандырудағы жасаушы сияқты.
- •2. Бірінші ретті сұраныс құрылымы.
- •3. Әлеуетті сұраныс эволюциясы (төц моделі).
- •3.1. Төц детерминанттары
- •3.2. Өмірлік циклдің стратегиялық жағдайлары
- •2. Кәсіпорынның маркетингтік мүмкіндіктерін талдау.
- •3. Маркетингтік зерттеудің қазіргі заманғы жағдайы.
- •2. Бәсекелестіктің кеңейтілген тұжырымдамасы.
- •3. Бәсекелестік жағдайды талдау.
- •3.1. Таза немесе аяқталған бәсекелестік
- •3.2. Олигополия
- •3.3. Монополистік немесе аяқталмаған бәсеке
- •3.4. Монополия
- •2. Сегменттеудің кезеңдері және стратегиялары.
- •3. Таңдалатын нарық сегментінде тауарды жайғастырудың стратегиясы.
- •4. Нарықты халықаралық сегменттеу.
- •3. Шешімдерді қабылдау үрдісі.
- •4. Шешімдерді қабылдау мен дайындау технологиясы.
- •5. Шешімдерді қабылдау әдістері.
- •6. Шешімдерді қабылдаудың жекеленген стилі.
- •7. Басқарушылық шешімдердің тиімділігі.
- •1.2. «Тартымдылық-бәсекеге қабілеттік» матрицасы
- •1.3. Қызмет бағыттарын талдау портфелінің ерекшілігі
- •2. Дамудың базалық стратегиясы.
- •2.1. Шығындарды үнемдеу есебінен көшбасшылық стратегиясы
- •2.2. Дифференциация стратегиясы
- •2.3. Мамандандыру стратегиясы
- •2.4. Базалық стратегиямен байланысты тәуекелділіктер
- •3. Өсу стратегиясы.
- •4. Бәсекелестік стратегиясы.
- •4.1 Көшбасшылық стратегиясына кіреді:
- •4.2. «Шақыруды тастау» стратегиясы
- •4.3. «Көшбасшыға ілесу» стратегиясы
- •4.4. Маман стратегиясы
- •5. Халықаралық даму стратегиясы.
- •5.1. Халықаралық даму стратегиясының мақсаты
- •5.2. Халықаралық даму формалары
- •1.2. Фирма үшін жаңалықтың деңгейі
- •1.3. Жаңашылдықтың пайда болуы мен табиғаты.
- •1.4. Жаңашылдықтың интенсивтілігі
- •1.5. Жоғары технологиялық тауарлардың маркетингісі
- •1.6. Инновацияның стратегиялық мүмкіндіктері
- •2. Жаңашылдандыру факторларының тиімділігін талдау.
- •2.1. Жеңістің негізгі факторларының талдауы
- •3. Тауарларды өңдеу үрдісін ұйымдастыру.
- •3.1. Арнайы ұйымдастырудың қажеттілігі
- •3.2. Жаңа тауарлардың басты идеясы
- •3.3. Идеяларды фильтрациялау
- •3.4. Тауар қағидасының өңделуі
- •3.5. «Жасыл» тауар қағидасын өңдеу
- •3.6. Тауар тұжырымдамасын тексеру
- •4. Жаңа тауарды нарыққа енгізу үрдісі.
- •4.1. Жаңа тауардың сатылым болжамы
- •5. Тауар сапасының стратегиясы.
- •5.1. Сатып алушы көзқарасы бойынша сапа деңгейі
- •5.2. Сатып алушыға арналған сапаны құраушылар
- •1.1. Сатып алушының бағаны қабылдауы
- •1.2. Бағалық шешімдер маңыздылығы
- •1.3. Бағалық стратегия мақсаттары
- •2. Шығындар, сұраныс және бәсекелестік тұрғысынан баға.
- •3. Жаңа тауарларға арналған бағалық стратегиялар.
- •1. «Қаймақ қалқып алу» бағалық стратегиясы
- •2. Бағаны енгізу стратегиясы
- •4. Тауарлар гаммасына баға белгілеу.
- •2. Өткізу каналдарының вертикалды құрылымы.
- •3. Нарықты жаулап алу стратегиясы.
- •3.1. Тұтыну тауарларының түрлері
- •3.2. Қызу түрде өткізу (интенсивті)
- •3.3. Таңдалынатын өткізу
- •3.4. Эксклюзивті бөлу және франшиза
- •4. Өткізу каналдарындағы коммуникациялық стратегиялар.
- •4.1. Итермелеу стратегиясы
- •4.2. Тарту стратегиясы
- •5. Өткізу шығындарды талдау.
- •5.1. Сауда үстемесі
- •5.2. Өткізу шығындарын салыстыру
- •2. Логистиканың мәні және қажеттілігі.
- •3. Логистика мен маркетингтің өзара байланысы.
- •4. Логистиканың қағидалары мен тұжырымдамалары.
- •1.1. Коммуникация үрдісі
- •1.2. Жеке және жеке емес коммуникация стратегиялары
- •1.3. Коммуникацияға кететін шығындар
- •1.4. Жаңа коммуникациялық технологиялар
- •2.4. Көпдеңгейлі сату
- •3. Жарнама коммуникациясының үрдісі.
- •3.1. Жарнама каналдары рөлін таңдау
- •3.2. Фирмалық жарнамаға ағымдық талаптар
- •3.3. Жарнама коммуникациясының мақсаты
- •3.4. Имидж жарнамасына шығармашылық көзқарас
- •3.5. Жарнама тиімділік деңгейлері
- •3.6. Жарнамалық қолдауды жоспарлау
- •3.7. Каналдарды таңдау критерилары
- •4. Коммуникациядағы маркетинг бюджетін анықтау.
- •4.1. Жарнамаға реакция функциясының сипаттамасы
- •2. Ғаламдық маркетинг ортасы.
- •3. Шетелдік нарыққа шығу әдістері.
- •2. Стратегиялық жоспарлау.
- •3. Маркетингтік бақылау.
- •3. Магистранттың оқытушымен өздік жұмысын рәсімдеуге қойылатын талаптар
- •3. Мөж тапсырмасын рәсімдеуге қойылатын талаптар
- •Sm 5306 «Стратегиялық маркетинг» пәні бойынша «6м051100-Маркетинг» мамандығы
Практикалық және семинарлық сабақтардың тақырыптары
1. Стратегиялық маркетингтің теоретикалық негіздері мен түжырымдамалары
2. Түтынушылардың мінез-қүлықын талдау
3. Нарықты талдаудың методологиялық негіздері
4. Кэсіпорынның маркетингтік мүмкіндіктерін талдау
5. Бэсекеқабілеттілікті талдау
6. Нарықты стратегиялық сегменттеу жэне тауарды жайғастыру
7. Стратегиялық шешімдерді қабылдау техникасы
8. Маркетинг стратегиясын таңдау
9. Кэсіпорынның тауар саясаты бойынша стратегиялық шешімдер
10.Кәсіпорынның бағалық саясаты бойынша стратегияларды эзірлеу
11. Кэсіпорынның өткізу саясаты бойынша стратегиялық шешімдер
12.Фирманың логистикасы бойынша стратегиялық шешімдер
13.Кэсіпорынның коммуникациялық саясаты бойынша стратегиялар
14.Ғаламдық маркетинг стратегиялары
15.Стратегияны іске асыру жэне бақылау
Мөж тақырыптарының үлгілі тізбегі
1. Корпорациялар мен бөлімдердегі стратегиялық маркетинг
2. Фирманың сыртқы жэне ішкі ортасын талдау нэтижелерін жалпылау тэсілі ретінде қымбаттылықтар тізбегі жүйесі
3. Нарықтың бэсекелестік картасы
4. Іскерлік нарық жэне іскер сатып алушылардың мінез-қүлқы
5. Сегменттердің стратегиялық элуетін талдау
6. Фирманың маркетингтік қызметін үзақ мерзімдік болжау
7. Бэсеке денгейіне байланысты маркетингтік стратегиялар
8. Сатып алушы көзқарасы бойынша сапа
9. Тауардың өмірлік циклі түжырымдамасының түйіні мен сыны
10. Бағаның өзгеруіне ынтагерлік білдіру жэне бағалық өзгерістерге эсерлесу
11. Өткізу арналары бойынша стратегиялық шешімдерді қабылдау тізбектілігі
12. Лоргистикалық жүйедегі инвестициялық проектерді бағалау
13. Маркетингтік коммуникацияларға стратегиялық көзқарас
14. Халықаралық маркетингтік бағдарлама туралы стратегиялық шешімдер
15. Ұйымдастыру өзгерістер жэне олардың дамуына эсер ететін факторлар
Үсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі:
1. Дэц Д. Стратегический маркетинг. - М.: Эксмо-Пресс, 2002. - 640с.
2. Кревенс Д. Стратегический маркетинг. 6-е изд. перевед. с английского. - М.: Вильяме, 2006. - 654с.
3. Ламбен Ж.-Ж. Стратегический маркетинг. Европейская перспектива. Пер. с фр.- СПб.: Наука, 2007. - 589с.
4. Маркова В.Д. Стратегический маркетинг: курс лекций. - М.:ИНФРА, 2005. - 288с.
5. Матанцев А.Н. Стратегия, тактика и практика маркетинга. - М.: изд-во «Финпресс», 2007. - 413с.
6. Фатхутдинов Р.А. Стратегическиймаркетинг.4-е изд. СПб.: Питер, 2007. -352с.
Қосы мша:
1. Дюсембекова Ж.М. Маркетинговые исследования. Уч. пособие.-Алматы, Экономика, 2005.
2. Запесоцкий А.С. Стратегический маркетинг в туризме. Уч. пособие. -СПб, 1999. - 384с.
3. Ибрагимова Р.С. Стратегический маркетинг. Уч. пособие. -Иваново: Ивановский Государственный университет, 1998. - 107с.
4. Костерин А.Г. Практика сегментирования рынка. - СПб: Питер, 2002. - 288 с: ил. - (Серия «Маркетинг для профессионалов»)
5. Маркетинг /Под ред. д.э.н., проф. Мамырова Н.К. - Алматы: Экономика, 1999.
6. Садыханова Г.А. Реклама товаров и услуг. Уч. пособие. - Алматы, Қазақ университеті, 2007. - 174с.
7.Ильясов Д.К., Шеденов У.К., Исагулова Г.Д. Қызмет корсету аясындагы маркетингтің даму ерекшеліктері. Оку құралы. - Алматы, Қазақ университеті, 2007 - 157 б.
8. Соловьева Ю.Н. Стратегический маркетинг и менеджмент в сфере услуг.- СПб: изд-во Санкт-Петербургского университета экономики и финансов, 2002. - 89с.
9. Тулембаева А.Н. Банковский маркетинг. Завоевание рынка. Уч. пособие. 2-е изд. испр.и допол. - Алматы: Триумф «Т», 2007. - 448с.
10.Тулембаева А.Н. Логистика. Учебник. 3-е изд. испр.и допол. - Алматы: Триумф «Т», 2008. - 360с.
11.Нысанбаев С.Н., Кожамкулова Ж.Т., Коммуникациялық кэсіпкерлік негіздері. Оқу құралы. - Алматы, Қазақ университеті, 2004 - 135 б.
12. Қазақстан Республикасының заңдары мен зандық актілері.
Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті
«Экономика және басқару» факультеті
«Маркетинг» кафедрасы
ПӘННІҢ ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
SM 5306 «Стратегиялық маркетинг» пәні бойынша
«6М051100-Маркетинг» мамандығы
-
Бағыты
ғылыми-педагогикалық
бейіндік
Барлық кредит саны
3
1
Курс
2
1
Семестр
3
2
Емтихан (семестр)
3
2
Барлық сағаттар,
соның ішінде:
225
60
Лекциялар (сағаттар)
30
15
Практикалық (семинар) сабақтар (сағаттар)
15
-
МОӨЖ (сағаттар)
45
15
МӨЖ (сағаттар)
90
30
Алматы, 2013 ж.
1. |
Оқытушы туралы мәліметтер |
«Маркетинг» кафедрасының доценті, э.ғ.к. Жүнісбекова Бикеш Балапашевна. Ғылыми-зерттеу қызығушылықтары: стратегиялық маркетингтің дамуы және жетілдіру, сала бойынша маркетинг. Байланыс ақпараттары: «Маркетинг» кафедрасы, 317 каб., ж.т.: 377-13-35.
|
2. |
Пәннің пререквизиттері |
Психология, Маркетинг-менеджмент |
3. |
Пәннің постреквизиттері |
Зерттеу тәжірибесінен өту кезінде, магистрлік диссертациясын жазуында, еңбек қызметінің барысында |
4. |
Пәннің сипаттамасы |
Қазіргі нарықтық экономика тауарларға деген сұраныс пен ұсыныстың сәйкестігін белсенді қамтамасыз ету үрдістерімен, кәсіпорындардың өндіріс тиімділігін арттыру мен өнімдерінің бәсекеқабілеттілігін тұрақты жоғарылату қажеттілігімен сипатталады. Осымен байланысты маркетологтарға қазіргі кездегі маркетинг концепциясын түсіне отырып, оны Қазақстанның кәсіпорындары мен ұйымдарының тәжірибелік қызметінде шығармашылықпен іске асыруларына талап қойылады. |
5. |
Пәнді оқытудың мақсаты |
Магистранттардың жүйелі білімі мен тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру, яғни тұтынушыларды, салалық ортаның нарықтық көрсеткіштерін, кәсіпорынның маркетинтік мүмкіндіктерін, фирманың бәсекеқабілеттілігін стратегиялық зерттеу, нарықты стратегиялық сегменттеу білу, фирманың маркетингтік қызметін стратегиялық жоспарлау. |
6. |
Пәннің негізгі міндеттері
|
- теориялық және практикалық детекретдің негізінде стратегиялық маркетингтің түсініктемелерін терең оқу; - маркетингтік стратегиялардың тиімділігіне әсер ететін факторларды жүйелі және детальды зерттеу; - нарық шарттарына сәйкес маркетингтік шешімдерді қабылдау бойынша тәжірибелік дағдыларға ие болу. Пәнді оқу барысында магистранттар стратегиялық маркетинг аясында келесі білімдерге, дағдыларға және тәжірибелік машықтарға ие болулары керек: - нақты экономикалық жағдайларды шешу мен талдау барысында стратегиялық маркетингтің негізгі түсініктемелері мен қағидаларын пайдалану; - маркетинг стратегияларын әзірлеу үрдісінде маркетингтік зерттеулердің әдістерін пайдалана білу; - фирманың маркетингтік стратегияларының тиімді нысандарын әзірлеу; - стратегиялық шешімдерді қабылдауда жаңа технологияларды пайдалана білу.
|
7. |
Пәннің құзіреттілігі |
- өткізіліп жатқан стратегиялық зерттеулер, тұжырымдамалар, функциялар, стратегиялық маркетинг қағидалары, маркетинг кешені, нарық тартымдылығы, бәсекеге қабілеттілік талдауы контекстіндегі идеяларды дамыту және қолдану үшін негіздің болуы; - ұзақ мерзімге арналған өзгерістердегі нарықтың маркетингтік мүмкіндіктері мен маркетингтік ортасының талдауы, экономикалық пәндер білімдерінің кеңірек (пәнаралық) контекстіндегі таныс емес немесе жаңа ортадағы қиыншылықтарды таба алуы мүмкіндігі; - стратегиялық маркетинг бойынша толық емес немесе шектеулі ақпарат негізінде қорытындылар құрастыруға және білімдерді біріктіру мүмкіндігі; - маркетинг кешенін жоспарлау және болжау, болашақты ескере отырып факторларды талдау, стратегиялық маркетингтік зерттеулер бойынша білімдерге ие бола отырып кәсіби және кәсіби емес аудиторияда (монолог) білімдерді фактілер арқылы (тар сала) нығайту және қорытындылар ұсына білу; - өзіндік бағытталушы оқыту деп аталатын оқытудың білімдері немесе маркетингтік стратегиялар біліміндегі автономиялар және нақты нарықтық жағдайларда оларды қолдана алу. |
Әрбір тақырыптың мазмұны
1. Әр бөлімнің атауы
2. Әрбір тақырыптың аталуы мен мазмұны
Стратегиялық маркетингтің теоретикалық негіздері мен тұжырымдамалары
Стратегиялық маркетингтің түсініктемесі, маңызы мен мазмұны. Стратегиялық маркетингтің мақсаттары, функциялары мен міндеттері. Стратегиялық маркетингтің экономикадағы мен фирманың іс-әрекеттеріндегі ролі.
Маркетингтің екіжақтылығы. Стратегиялық пен операциялық маркетингтің түсініктемелері мен айырмашылықтары. Опрерациялық маркетингтің ерекшелігі. Опрерациялық маркетинг белсенді үрдіс ретінде.
Стратегиялық маркетингтің маңызы мен мазмұны. Стратегиялық маркетингтің ерекшелігі мен құрылымы. Стратегиялық маркетинг аналитикалық процесс ретінде. Стратегиялық маркетингтің категориялары: қажеттіліктер, нарық, нарық тартымдылығы, нарық әлуеті, фирманың өмірлік циклі, фирманың бәсекеге қабілеттілігі, бәсекелестік артықшылықтар.
Стратегиялық маркетингтің объектілері; персонал, тауар, баға, тарату, жылжыту, ұйым, сала, аймақ, ел.
Стартегиялық маркетингтің үдерісі: фирманың миссиясын нақтылау, мақсаттарды анықтау, даму стратегияларын әзірлеу, шаруашылық портфельдің құрылымының теңгерімділігін қамтамасыз ету. Жоғары тиімді бизнестің табиғаты. Мүдделі топтар. Жұмыс үрдістері. Ресурстар. Ұйым және корпорациялық мәдениет. Стратегиялық тиімділік. Корпорациялар мен бөлімдердегі стратегиялық маркетинг.
Тұтынушылардың мінез-құлқын талдау
Қажеттілік стратегиялық маркетингтің бастапқы идеясы. Қажеттіліктің жіктемелік белгілері. Классификация потребностей по Д. Шварцу, М. Мескон, А. Альберт, Ф. Хедоури, Каверин бойынша қажеттіліктерді жіктеу. Қажеттіліктер матрицасы. Қажеттіліктерді матрицалық талдау. Сатып алушылардың мінез құлқына әсер етуші негізгі факторлар. Адамның мінез-құлқының бағдары жүйесіндегі мақсатты тұжырымдау. Тұтынушылардың сатып алушылық мінез-құлқы моделі.
Сатып алудағы мінез-құлықтың кезеңдері. Іскерлік нарық және іске сатып алушылардың мінез-құлқы. Іскерлік сатып алулардың типтері. Іскерлік сатып алу үрдісіне қатысушылар. өндіріс құралдары нарығындағы сатып алу үрдісі.
Тұтынушыларды зерттеу тәсімі. Тұтынушылардың жайғасымын талдау критерийлері. Тұтынушыларды зерттеу бағыттары: талғамдарын зерттеу, көзқарастарын, күтімдерін, қанағаттану/қанағаттанбау денгейін, сатып алу туралы ойларын зерттеу. Өндірістік, өткізу, баға белгілеу және коммуникациялық саясат шегіндегі өндірушінің жауаптық маркетингтік шараларының нұсқалары.
Шешім қабылдаудағы тауарладың мультиатрибуттық моделі. Сатып алулармен қанағаттандырлудың/қанағаттандырылмаудың деңгейін өлшеудің әдістері. Қанағаттандырлу/қанағаттандырылмау матрицасы. Көз-қарастардың өзгеруінің стратегиясы..
Нарықты талдаудың методологиялық негіздері.
Нарық тартымдылығының түсініктері мен критерилері. Нарық тартымдылығына әсер ететін талдау объектілері мен факторлар. Нарық тартымдылығын талдаудың негізгі көрсеткіштері: сұранысты, ұсынысты, потенциалды, үлесті бағалау.
Сұраныс құрылымын талдау. Жалпы нарықтық, біріншілік, селективті сұранысты бағалау. Тұтынушылқ және өндірістік тауарларға деген сұранысты зерттеудің ерекшеліктері. Нарықтағы ұсынысты талдау. Ұсынысты талдаудың әдістері. Нарық потенциалының мәні мен түрлері. Абсолюттік және ағымдық потенциал. Тауарлар бойынша нарықтың потенциалын анықтаудың әртүрлі әдістері. Нарық үлесінің түсінігі. Нарық үлесін есептеудің әдістемесі.
Нарық конъюнктурасын талдаудың мәні. Нарық конъюнктурасын талдаудың көрсеткіштері. Нарық конъюнктурасын зерттеу мен болжаудың әдістері. Нарықты конъюнктуралық шолу. Конъюнктуралық шолудың бөлімдері.
Саланы талдау құрылымы. Саланың негізгі экономикалық көрсеткіштері және қозғаушы күштері. Саланың құрылымдық элементтерінің өзара байланысын талдау. PEST-факторлардың салаға әсер етуін болжау. Саланы факторлар бойынша талдау. Сала тартымдылығын жалпылама матрицалық бағалау. ҚР-ғы кластерлердің құрылуы және дамуы туралы мастер-жоспар әзірлеу. Кластерлік талдаудың негізгі бағыттары.
Кәсіпорынның маркетингтік мүмкіндіктерін талдау
Кәсіпорынынң қызмет ету ортасын талдау. Макроорта факторларын талдау. Макроайналаның компоненттерін зерттеудегі әдістер. Сыртқы ортаның өзгерісінің негізгі бағыттары. Сыртқы ортаны бақылау жүйесі.
Тікелей ортаны талдаудың бағыттары. Микроорта субъектілерін талдау. Ішкі ортаның кесіктері. Құндылықтардың қалыптасу қатары және құндылықтар қатарының жүйесі фирманың сыртқы және ішкі ортасын талдау нәтижелерін жалпылаудың әдісі ретінде. Орта қырын құру.
Ағымдық жағдайды бағалау. Кәсіпорынның ағымдық қызметін жағдайлық талдау. Кәсіпорынның потенциалын талдау, нарықтық қажеттіліктермен салыстыру. Маркетингтік мүмкіндіктерді талдаудың ақпараттық көздері. Кәсіпорын потенциалының негізгі элементтері. Кәсіпорын потенциалын талдаудың бөлімдері.маркетингтік мүмкіндіктерді талдаудың әдістері.
СВОТ-талдау әдістемесі. Мүмкіндіктер матрицасы. Портфелдік талдау. Кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін талдау.
Бәсекеқабілеттілікті талдау
«Бәсеке», «бәсекеқабілеттілік», «бәсекелестік артықшылықтар» түсініктемелері. Фирманың бәсекелестік артықшылығы. Фирманың тактикалық және стратегиялық бәсекелестік артықшылықтарының факторлары. Бәсекелестік артықшылықтар факторларын М.Портер бойынша талдау. Ж.-Ж. Ламбен бойынша сыртқы және ішкі бәсекелестік артықшылықтар. Бәсекелестік артықшылықты сақтап қалудың үш факторы. Таза бәсеке, олигополия, монополиялық бәсеке және монополия нарығындағы бирманың бәсекелестік мінез-құлқы. Бәсекелестік артықшылықтар матрицасы. Жалпы бәсекелестік матрица. Бәсекелестік күштердің моделі. Бәсекелестік артықшылықтардың матрицасы. Бәсекелестер әсер моделі.
Тауарлар, өндіруші ұйымның, елдің, саланың, аймақтың бәсекеге қабілеттілігін өлшеу. Бәсекеқабілеттілікті талдау мен есептеуге қажетті бастапқы деректер. Кәсіпорынның бәсекелестік жағдайын анықтау. Нарықтың бәсекелестік картасы.
Нарықты стратегиялық сегменттеу және тауарды жайғастыру
Сегменттеудің қажеттілігі мен мақсаттары. Сегменттерді стратегиялық жоспарлау. Макро-және микросегменттеу. Базалық нарықтарды анықтауда корпоративтік деңгейдегі макросегменттеу. Бизнес-бағыттарды қалыптастырудағы стратегиялық сегменттеу: экономикалық, технологиялық және стратегиялық өсу.
Тұтынушылық, өнімдік және бәсекелестік көрсеткіштер негізінде микросегменттеу (өнімдік сегменттеу). Сегменттеуге қажетті деректерді анықтау. Сегменттеу модельдерінің жіктемесі. Тұтынушылық пен өндірістік нарықтарды сегменттеуге қажетті өзгермелерді таңдау. Нарықтарды анықтау үшін көпөлшемді статистикалық әдістерді пайдалану. Нарықтарды сегменттеудегі кластерлік және факторлық талдау. Анықталған сегменттерді талдау. Сегменттік бейіндерді салыстыру. Тауарларды нарықтарда жайғастыру. Сегменттер үшін жайғастыру картасы мен қабылдау картасын құру. Сегменттердің стратегиялық әлуетін талдау. Мақсатты нарық және жайғастыру бойынша стратегиялық шешімдер қабылдау.
Стратегиялық шешімдерді қабылдау техникасы
Маркетингтік мақсаттар мен міндеттер жіктемесі. Қысқа және ұзақ мерзімдегі мақсаттар мен міндеттер ағашы. өнеркәсіптік тауарлар маркетингісі мен тұтынушылық тауарлар маркетингісіндегі стратегиялық жоспарлаудың ерекшеліктері. Өндірістің өзгермелі және тұрақты факторлары. Маркетингтік талдау негізінде оңтайлы ресурстар жиынтығын анықтау.
Стратегиялық жоспарлаудың кезеңдері. Жоспарлаудың мақсатының қойылуы. Нарықтағы жағдайды, мүмкіндіктер мен мәселелерді талдау. Нарықтың тартымдылығы мен фирманың нарықтық мүмкіндіктерін талдау. Сезімталдықты талдау. Өсімдік талдау. Ұзақ мерзімдік жоспардағы маркетингтік іс-шаралардың пайдалылығын бағалау. Қаржылық коэффициенттерді талдау. Маркетингтік стратегияларды әзірлеу. Әрекеттер бағдарламасын әзірлеу. Маркетинг бюджетін әзірлеу тәсілі. Схема разработки бюджета маркетинга. Пайда мен шығындарды жоспарлау. Маркетинг жоспарының орындалуын бақылау. Ұзақ мерзімдік маркетингтік шешімдер. Ұзақ мерзімдік болжау.
Маркетигтік стратегия кәсіпорында стратегиялық жоспарлаудың негізі ретінде. Маркетингтік стратегияның қалыптасуының факторлары. Маркетингтік жүйені әзірлеудің жүйесі. Стратегиялық шешімдерді қабылдау.
Маркетинг стратегиясын таңдау
Маркетингтік стратегияларды саралау: жалпы стратегия, жеке салалар мен фирманың іс-әрекеттерінің аялары бойынша стратегия, функционалдық стратегия. Фунционалдық стратегияның түрлері: маркетинг стратегиясы, қаржылық стратегия, инновациялар стратегиясы, өндіріс стратегиясы, ұйымдастырушылық өзгерудің стратегиясы және т..б.
Ғаламдық маркетингтік стратегиялар: нарықты географиялық кеңейту стратегиясы, әртараптандыру стратегиясы, сегменттеу стратегиясы. Корпоративті деңгейдегі мракетингтік стратегиялар. Өсім стратегиялары. И. Ансофф бойынша нарықтық белсенділікті кеңейту стратегиясы. Сыртқы қамтулар бойынша стратегия. Котлер – Портер стратегиялары: сараланбаған, сараланған және шоғырландырылған маркетинг. Портердің стратегиялық моделі. PIMS стратегиясы. БКГ стратегиясы. БКГ жаңа матрицасы. Джи-И-Маккензи стратегиясы.
Нарықтық сұранысқа байланысты маркетингтік стратегиялардың түрлері. Нарық үлесіне байланысты маркетингтік стратегиялар: шабуылдық, қорғаныс және шегіну стратегиялары. Бәсеке денгейіне байланысты маркетингтік стратегиялар: лидер, лидер болуға талпынушы, ізбасушы және нарық тауашасындағы фирма стратегиялары.
Маркетингтің құралдық стратегиясы. Маркетинг кешенін басқару.
Кәсіпорынның тауар саясаты бойынша стратегиялық шешімдер
Жаңа енгізілімдерді негізгі құрастырушылары. Жаңа енгізілімдердің жіктемесі. Жаңа енгізілімдердің жаңалығы дәрежесіне байланысты тәуекелдер түрі. Жаңа енгізілімдердің тарихы мен шығу тегі. Инновациялардың табыстылығы факторлары. Жоғары технологиялық тауарлар маркетингі. Жаңа тауарларды әзірлеу үдерісін ұйымдастыру. Жаңа тауарларды әзірлеу кезеңдері.
Фирма үшін жаңа енгізілімдердің жаналығы дәрежесі. Тауарды стратегиялық сараландыру тәсілдері. Қызметтерді сараландыру. Персоналды сараландыру. Жылжыту мен тарату арналарын сараландыру. Инновациялар бойынша стратегиялық шешімдер.
Жаңа тауарлар мен қызметтер сапасы стратегиясы. Сапа тұтынушылардың көзқарасымен. Тауарлар, қызметтер сапасын құрастырушылар.
Сұраныс/технологиялар өмірлік циклі. Тауардың өмірлік циклі. Тауар категориясының, тауардың алуан-түрлерінің, тауар мен саудалық маркасының өмірлік циклдері. Әлемдік нарықтағы тауарлардың өмірлік циклі. Өміршеңдік кезеңді стратегиялық басқару. Тауардың өмірлік циклінің әр-түрлі кезеңдеріндегі маркетинг стратегиялары. Ассортимент, бренд, орам, сервис, өнімнің бәсекеқабілеттілігі бойынша стратегиялық шешімдер.
Кәсіпорынның бағалық саясаты бойынша стратегияларды әзірлеу
Баға белгілеудің мақсаттары мен міндеттерін қою. Сұранысты анықтау. Шығындарды бағалау. Бәсекелестердің шығындарын, бағаларын және ұсыныстарын талдау. Баға белгілеу әдістерін таңдау. Бағаны түпкілікті қою.
Бағаның бейімделуі. Географиялық қағида бойынша баға белгілеу. Бағаларды жеңілдіктер мен шегерімдер қою. Дискриминациялық бағалар. Тауар-микс шегіндегі баға белгілеу.
Бағаның өзгеруіне ынтагерлік білдіру және бағалық өзгерістерге әсерлесу.
Бәсекелестердің бағаны өзгертуіне жауап.
Маркетинг стратегияларын салыстырғандағы залалсыздықты талдау. Залалсыздықты талдау әдістемесі мен кезеңдері. Залалсыздық нүктесі. Залалсыздық графигі. Залалсыздықты талдаудың шектеулері.
Баға жайлы шешімдер қабылдаудың стратегиялық аспектілері. Ұзақ және қысқа мерзімдегі баға деңгейлері. Женілдіктерді есептеу. Бағаны болжау және нарықтық түзету жасау.
Кәсіпорынның өткізу саясаты бойынша стратегиялық шешімдер
Өткізу арналарының экономикалық ролі мен функциялары. Үлестірім ағымдары және олардың типтері. Өткізу арналары бойынша стратегиялық шешімдерді қабылдау тізбектілігі. Оңтайлы өткізу арнасын таңдау. Оңтайлы өткізу арнасын таңдаудағы желілік кесте мен көліктік есеп. Тауар қозғалысының тиімділігін талдау.
Өткізу арнасының тік құрылымы. Делдалдар типтері: көтере сатушылар, бөлшек сатушылар, агенттер мен брокерлер, қызмет көрсетуші коммерциялық компаниялар. Өткізу арнасын таңдау критерийлері. өткізу желісіндегі бәсекелестік типтері: көлденең, тік, жалпы өткізу арналары арасындағы бәсеке.
Тік маркетингтік жүйелер: біріктірілген, шартты, бақылаулы.
Нарықты қамту стратегиялары: қарқынды өткізу стратегиясы, талғамалы өткізу стратегясы, эксклюзивті тарату стратегиясы және франшиза.
Фирманың логистикасы бойынша стратегиялық шешімдер
Логистикадағы стратегия мен тактика. Логистика аймағындағы стратегияны әзірлеу және оны іске асыру: стратегиялық мақсаттарды және фирманың болашақтағы шаруашылық дамуы бағытың анықтау, фирманың жалпы шаруашылық жоспарын әзірлеу. Материалдық тасқындарды жылжытудың негізгі көрсеткіштері.
Логистикалық жүйедегі инвестициялық проектерді бағалау. Күрделі қаржы жұмсалымдарды бағалау әдістері: «пэй-бэк» өтелімділік әдісі, қайтарымның орта денгейі әдісі, құралдарды дисконттау әдісі, логистикалық проектерді бағалаудағы инфляцияны есепке алу.
Логистикадағы баға белгілеу стратегиялары. Логистиканың атқарымдық аймақтарының басымды қызметтерін бағалау. Материалдық тасқынды жылжытудағы баға белгілеу стратегиялары мен бағаларды негіздеу факторлары. Нарықтың негізгі төрт үлгілерінің сипаттамасы. Бәсеке жағдайында бағаны анықтау. Логистикалық жүйенің кәсіпорындарының мәселелері.
Негізгі логистикалық стратегиялар. Жалпы логистикалық шығындарды минимизациялау. Логистикалық сервистің сапасын жақсарту. Логистикалық инфрақұрылымдағы инвестицияларды минимизациялау. Логистикалық аутсорсинг.
Кәсіпорынның коммуникациялық саясаты бойынша стратегиялар
Фирманың маркетингтік коммуникациясы. Маркетингтік «коммуникациялық кешен»: жарнама, жеке сату, өткізуді ынталандыру, жұртшылықпен байланыс жасау. Коммуникацияның негізгі және қосымша түрлері.
Маркетингтік коммуникациялар стратегиясының мақсаттары мен міндеттері. Мақсатты аудиторияны анықтау. Тауарды қабылдау уақытына байланысты тұтынушылар категориясы: жаңашылдар, қоғамдық көзқарастың лидерлері, көпшілік, дәстүршілер. Тықпалау стратегиясы және лажсыздандыру стратегиясы.
Жарнамалық коммуникацияның үрдісі. Негізгі жарнамалық стратегиялар. Кәсіпорынның тауарларын өткізуді ынталандыру саясаты: мақсаттары, әзірлеу, жүзеге асыру. Өткізуді ынталандыру стратегиялары. Қоғаммен байланыс стратегияларын әзірлеу. Жеке сатуларды жүзеге асыру процесі. Жеке сатулар стратегиялары.
Орам, брендинг, мерчендайзинг коммуникацияның қосымша түрлері. Орам, брендинг, мерчендайзинг бойынша стратегиялық шешімдер.
Ғаламдық маркетинг стратегиялары
Сыртқы нарықтарға шығу туралы стратегиялық шешім қабылдау үдерісі. Шет ел нарығына шығу тәсілі туралы шешім. Жанама экспорт. Тікелей экспорт. Жағдай бойынша экспорт. Белсенді экспорт. Лицензиландыру. Келісім шарт бойынша басқару. Келісім шарт бойынша өндіріс. Франчайзинг, шетелдік нарыққа шығудың әдісі ретінде. Бірлескен кәсіпорындар. Тікелей инвестициялар. Интернационалдандыру.
Әлемдік нарықта фирма қызметін жүзеге асырудың стратегиялары. Көпұлттық стратегия. Ғаламдық стратегиялар.
Халықаралық маркетингтік бағдарлама туралы стратегиялық шешімдер. Халықаралық маркетинг кешенін максималды стандарттау. Сыртқы нарыққа жылжыту және тауардың бейімделу стратегиясы. Тікелей тарату, бейімделу, тауарлар жасаудың түрлі нұсқауларының стратегиясы. Халықаралық коммуникация стратегиясы. Коммуникациялық бейімделу. Екі жақты бейімделу. Халықаралық нарықтағы баға құру. Бірыңғайлау, нарықтық, трансферттік баға стратагиялары.
Сыртқы нарықтағы өткізу саясаты. Маркетингтік қызмет туралы стратегиялық шешімдер қабылдау. Экспорттық бөлім. Халықаралық бөлімшелер. Ғаламдық ұйым.
Стратегияны іске асыру және бақылау
Ұйымдастыру құрылымы мен мәдениет стратегиялық өзгерістердің объектілері. Ұйымдастыру өзгерістері және олардың дамуына әсер ететін факторлар. Өзгерістерге қарсыласу. «Өзгерістерге қарсыласу» матрицасы. Ұйымдастыру өзгерістерді әзірлеу мен іске асыру үдерісі. Өзгерістерді жүзеге асыру стилі. Стратегиялық өзгерістер..
Ұйымдық құрылымдардың түрлері. Ұйымдық құрылымдарды таңдаудың факторлары. Жеке құрылым түрлерінің ерекшеліктері. Ұйымдық құрылымдардың өзгеруі.
Стратегияны бағалау үдерісі мен қағидалары. Стратегиялық бақылау. Ақпаратқа қойылатын талаптар. Көрсеткіштерді анықтау. Көрсеткіштерді өлшеу және бақылау жүйесі. Нәтижелерді салыстыру және бағалау. Түзету жүргізу.
Қазақстан Республикасы ұйымдарындағы стратегиялық маркетинг.