Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
бастауыш м2дениет.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
635.34 Кб
Скачать

Сабақтың барысы: і Алғашқы ұйымдастыру бөлімі

1.Үй тапсырмасын тексеру

2. Үй тапсырмсын бекіту

ІІ Негізгі бөлім

Сыныпта еркіндік жағдайын туғызу. Оқушыларға жаңа тақырыпты және осы тақырып бойынша зерттеу жүргізетінімізді хабарлау.

Зерттеу кезеңдерімен таныстыру үшін зерттеудің басынан аяғына дейін үш оқушыны белгілеу. Алғашқы сабақтарға қалған оқушылар көрермен немесе көмекшілер ретінде қатысады.

Мұғалім оқушыларға күні бұрын су, оның қасиеттері туралы ақпарат жинауға тапсырады.

  • Балалар, сендер су, оның адам өміріндегі маңызы, суды сақтау үшін не істеуіміз керектігі жөнінде не айта аласыздар?

- Дұрыс, балалар. Ал, енді тақырып бойынша зерттеуімізді неден бастаймыз?

Зерттеуді бастау үшін алдымен ең манызды тәсіл - өз бетімен ойлана білу екенін мұғалім оқушыларға айта отырып, «Ойлану керек!» деген карточка ұсынады.

-Тағы не білуге болады?

-Қайдан білуге болады?

Балалармен бірге сұрақтарға жауап бере отырып, «Ойлану керек!» деген карточканың жанына «Адамдардан сұрау керек», «Кітаптан қарау керек», «Интернеттен қарау керек», «Бақылау жасау», «Эксперимент жүргізу» т.б. карточкаларды тізіп орналастырады.

Оқушылар осы проблема бойынша мен не білемін? -деп ойлана отырып, судың қасиеттері туралы айта бастайды.

  • Балалар, судың қасиеттері туралы айтқандарыңды ұмытып қалмауыңыз үшін дәптерлеріңе жазып қойыңыз.

Зерттеу мақсатын анықтау үшін мұғалім балаларға сұрақ қояды.

  • Балалар, неліктен осы тақырыпты оқимыз. Мақсат не?

  • Дұрыс айтасыздар, судың қасиеттерімен танысу үшін

  • Судың қасиеттерін анықтау үшін

  • Судың қасиеттерін зерттеу үшін

  • Балалар, дәптерлеріңе тақырып мақсатын жазып алыңыздар.

  • Балалар, мақсатқа жету үшін не істеуіміз керек?

  • Судың қандай қасиеттері бар екенін білуіміз керек?

  • Олардың бір-бірінен айырмашылығын білуіміз керек.

  • Балалар, біз қазір судың пішіні бола ма, әлде болмай ма? деген мәселені зерттейік. Ол үшін біз тәжірибе жасамастан бұрын алдын-ала дәлелденбеген, тәжірибемен нақтыланбаған болжам жасап көрейік. Болжам жасау үшін біз егер ..., онда ... сөз тіркесін пайдаланайық. Болжам жасамас бұрын, мен сіздердің алдарыңа стақан, шұңғыл ыдыс, табақша қоямын. Енді ойланыңыздар, судың пішіні бола ма, болмай ма?

  • Қане, кім бастайды?

  • Егер су әрбір ыдыстың пішініне ие болса, онда судың пішіні болмайды.

  • Оны тәжірибе жүзінде дәлелдейік.Ортаға бір оқушы шықсын. Алдымызда тұрған стақанға суды құй. Қандай пішінде болды? Енді стақандағы суды шұңғыл ыдысқа құй. Қандай пішінде болды? Енді оны табақша ыдысқа құй. Не болды?

  • Балалар, тағы бір рет болжамымызды қайталап жіберіңіздерші. Болжам дұрыс па?

  • Дұрыс.

  • Ал, енді судың түсі қандай?

  • Судың түсі ақ болады.

  • Балалар, судың түсін анықтау үшін мен сендердің алдарыңа қызыл, жасыл, сары, ақ қағаздан бірнеше жолақ қояйын. Болжам құрайықшы. Егер ..., онда...

  • Оны тәжірибе жүзінде дәлелдейік. Ортаға бір оқушы шықсын. Алдымызда тұрған стақанға суды құй. Оны қызыл, жасыл, сары, ақ қағаздан қиылған жолақтармен салыстыр. Әсіресе ақ түспен салыстыршы. Не байқадың?

  • Судық түсі ақ па?

  • Жоқ. Судың түсі жоқ. Су-түссіз.

  • Стақандағы суға қасықты сал. Ол көріне ме? Енді қызыл жолақты сал, көріне ме?

  • Қандай қорытынды шығаруға болады?

  • Су –мөлдір.

  • Балалар, судың дәмі бола ма?

  • Су – дәмді, тәтті болады.

  • Жақсы, судың дәмін білу үшін тағы да тәжірибе жасайық. Ол үшін алдарыңа қант, лимон, тұз қойдым. Тәжірибе жасамастан бұрын алдын-ала дәлелденбеген, тәжірибемен нақтыланбаған болжам жасап көрейік. Болжам жасау үшін біз егер ..., онда ... сөз тіркесін пайдаланайық. Енді ойланыңыздар, судың дәмі бар ма, жоқ па?

  • Қане, кім бастайды?

  • Егер су қант сияқты тәтті, тұз сияқты ащы, лимон сияқты қышқыл болмаса, онда судың дәмі болмағаны.

  • Оны тәжірибе жүзінде дәлелдейік.Ортаға бір оқушы шықсын. Алдымызда тұрған стақандағы суды іше ғой. Оны ащы, тәтті, қышқыл деп айтуға бола ма?

  • Болжам дұрыс па?

  • Судың иісі бола ма?

  • Анаң тамақ дайындап жатқан кездесен астың иісін сезесің. Гүлдер мен иіссудың жағымды иісін сезесіз. Қане, гүл мен иіссудың иісі қандай, иіскеп көр? Ал енді суды иіскеп көр. Судың иісі бар ма?

  • Суда иіс жоқ. Су – иіссіз.

  • Ортаға бір оқушы шықсын. Біреуіне су құйылған, екіншісі бос екі стақан ал. Бос стақанға бірінші стақандағы суды құй.

  • Не байқадың?

  • Бір стақаннан екінші стақанға су құйылады.

  • Бұл судың қандай қасиеті болғаны?

  • Су ағады.